Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару заңнамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 15:36, лекция

Описание работы

Құқықтың жалпы теориясында қандайда болмасын заңдылықтар саласын кең және тар мағынада түсіну жолға қойылған. Заңдылықтар саласын тар мағынада түсіну деп белгілі бір жағдайға қатысты қоғамдық қатынастарды реттейтін мемлекеттің заңдар жиынтығын тануға болады. Осыған орай, қылмыстық-атқару заңнамалары деп жазаны атқаруға (өтеуге) қатысты және сотталушыларға түзеу ықпалының шараларын қолдану барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдар жүйесін айтуға болады.

Работа содержит 1 файл

УИП-2 лек.каз..doc

— 110.00 Кб (Скачать)

Қылмыстық-атқару заңдылығына  енгізілген жаңалықтардың бірі сотталғандардың ар-ождан бостандығын қамтамсыз ету туралы ереженің енгізілуі болды. Бүгінде ҚР ҚАК 12-бабы осы құқықты нақтылай түсіп, діни ғұрыптар мен рәсімдерді орындауға, табыну заттары мен діни әдебиеттерді пайдалануға еркіндік берді. Осы мақсатта мекеме әкімшіліктері жеке орын да бөліп берді. Осы құқықты жүзеге асырудың міндеті шарты еріктілік болып танылды. Осы құқықтың жүзеге асырылуы ішкі тәртіпті бұзбауға, сондай-ақ жазасын өтеуші басқа адамдардың құқықтарына нұқсан келтірмеуі тиіс болды.

Дінге сенуші сотталғандар мен қамауда ұсталушылар, сондай-ақ түзеу мекемесіне немесе тергеулік оқшаулағышқа діни шақырылған діни қызметшілер заң талаптары мен ұстау режимінің тәртібін сақтауға міндетті. Ғұрыптар мен рәсімдер егер олардың мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін болса, онда оны өткізуге бас бостандығынан айыру орнының әкімшілгі тыйым салады. 

Қамау немесе бас бостандығынан айыпу түріндегі  жазасын өтеп жүрген адамдар діни ғұрыптарды жасауға тек қана өздерінің  бос уақыттарында немесе әкімшіліктің қарауымен арнайы белгіленген уақытта ғана құқылы. Сонымен бірге бұл нормативтік акт мекеме әкімшілігіне құдайға сыйыну, ғұрыптар мен рәсімдер жасау үшін діни қызметшілер шақыруды, ол үшін белгілі бір уақыт, орын және басқа да жағдайлар белгілеуді міндеттейді.

Ар-ождан бостандығының конституциялық құқығын жүзеге асыру тәртібін анықтай отырып, ҚР Әділет министрлігі түзеу мекемелері немесе тергеулік оқшаулағыш әкімшілігінің міндеттерін белгілеп, онда діни қызметкерлерінің сотталғандармен діни шарларды өткізу жөнінде толық ақпараттар бере білген.

Қазақстан Республикасының  Конституциясында сонымен бірге  әділ сот жүргізу мәселесіне де баса көңіл аударылған (77-бап). Онда күдіктінің немесе сотталушының кінәсіздік презумпциясы қағидасы бекітіліп былай делінген: «Адамның кінәлі екендігі  заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі». Осылайша, Қазақстан Республикасының Негізгі заңы адамның кінәлі немесе кінәсіз емес екендігі жөніндегі сот әділдігі мәселесін еліміздің Конституциясы мен заңдары негізінде сот шешетіндігін белгілейді.

Кінәсіздік  презумпциясының бастауы сонау  Екартерина-ІІ патшалық еткен заманнан басталады. 1767 жылы реформалық саясат жүргізе отырып, ол «жақсы» заң  шығаруға ұмтылып, жаңа заңдар жинағының  мәтінін жасауға тапсырма болған, арнайы комиссияға арналған «Өсиетті» өз қолымен жазып, қол қойған. Нақ осы «Өсиетте» алғаш рет күдіктіге, сотталушыға қатысты адамгершілікпен қарау қажеттігі, азаптауға жол бермеу жөнінде ой айтылды және кінәсіздік презумпциясы қағидасы жария етілді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабында жария  етілген сот әділдігінің бірқатар қағидалары сот қызметінің бірыңғай қағидалары ғана емес, сондай-ақ тергеу мен анықтау жүргізуге негіз  болатын ереже болып табылады. Әсіресе, әркімінің жеке басының бостандығына құқығы туралы айтылған Конституцияның 16-бабының мазмұнын келтіре кетейік: «Заңда көзделген ретттерде ған және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығы беріледі. Прокурордың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ғана ұстауға болады. Бұл конституциялық ереже, ал қылмыс жасағаннан кейінгі қамауда ұстау мерзімін ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі анықтайды.  РКФСР ҚІЖК қабылдағанға дейін қамауды ұстаудың мерзімі үш айдан аспайтын, алайда 1958 жылы РКФСР Бас прокурорына бұл мерзімді тоғыз айға дейін ұзартуға рұқсат етілді. Бірақ бұл да аздық көрсетіп, алдын ала қрытындылау бір жылға дейін созылды. Мұнымен қоймай, 1989 жылдың 28-қарашасында КСРО Жоғарғы Кеңесі кінәсіздік презумпциясын «күшейтуді» шешіп, 9 тоғыз айдан 18 айға дейін ұзартты.

Дәл осы күні КСРО Жоғарғы Кеңесі адамның конституциялық құқығы – сотта қорғану құқығының  жүзеге асырылуы бас бостандығынан  айырылуымен өтелетін болып белгіледі. Яғни, айыпталушы мен оның қорғаушысының іс материалдарымен қатысқанға дейінгі бұлтартпау шарасы ретіндегі қамауға алынған мерзімі жалпы сотталған мерзімге қосылмайтын болды. Ресейде 1917 жылға дейін, одан кейін КСРО-дағы 1989 жылдың 28-қарашадағы заңында дейін ешкім де мұндай «қамшымен жазылған» заңды естіп көрмеген еді. Мұндай шешім, «Ешкім де еріксіз тұтқындауға немесе қамауға алынуға тиісті емес. Ешкім де заңда белгіленген негізсіз бостандығынан айырылуға тиіс емес» (9-бабы) деп айтылған Азаматтық және саяст құқықтар туралы Халықаралық пактімен кереғар болды.

Қылмыстық-атқару құқығының қайнар-көзі ретінде Қазақстан  Республикасының Конституциясы туралы айтатын болсақ, жасаған қылмысы үшін сотталғандар жазасын өтеу кезінде Негізгі заңға байланысты сотталғандығына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып қала береді. Кезінде К. Маркс мемлекет азаматтаны қылмыскер жасаған сайын, «адамды мемлекеттің бөлшегі, куәгерді соттың құлақ асатын адамы, жауынгерді қоғам мүшесі, қоғамдық қызмет атқарушы, жанұя басын тіршілік ету тапсырылған және ең соңында бастысы – мемлекет азаматы деп қарауы тиіс» деп айтқан болатын7.

Қазақстан Республикасының  Конституциясы ІІ-тарауы (Адам және азамат) мемлекет азаматтарының құқықтық жағдайын реттейді. Алайда заңдық фактілерге байланысты мұндай азаматтарды жасаған қылмысы үшін соттау мен жазасын өтеуінің құқықтық жағдайы елеулі түрде өзгеруде. ҚР ҚАК 8-бабының (Сотталғандардың құқықтық жағдайының негіздері) 2-бөлігі «сотталғандар жазаның нақты түрін атқарудың тәртібі мен жағдайларын негізге ала отырып, Республика Конституциясында, Қылмыстық, Қылмыстық-атқару кодекстерінде және өзге де заңдарында белгіленген шектеулермен Қазақстан Республикасы азаматтарынң құқықтары болады және солардың міндеттерін атқарады» деп белгілеген. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабы әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауы, өзінің және отбасының құпиясы, ар-намысы мен абыройының қорғалу құқығын белгілейді. Әркімнің хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу мен телеграф хабарларының құпиясын сақтау құқығын сақтайды. Мұндай құқықтарды шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.

Мәселен, хат  жазысу, сөйлесу құпияларын бұзуға жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде жол берілуі мүмкін ( ҚР «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңды қараңыз), ал бас бостандығынан айыру орындарда мұндай құқықтар туралы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде, Түзеу мекемелерінің ішкі тәртібі туралы Ережелерінде айтылып, сотталғандардың жат-хабар жөнелтуінің ерекше тәртібі белгіленген. Түзеу мекемелерінің ішкі тәртібі туралы Ережелерінің 31-параграфы бойынша сотталғандардың жазған хаттарының конверті пошта жәшігіне аузы желімденбей салынып немесе әкімшілік өкілдеріне берілетін болса, ҚР ҚАК 86-бабы бойынша салынатын хаттары цензурадан өткізіледі, ал 85-бабының 4-бөлігі бойынша посылкалар, сәлемдемелер мен бандерольдер тексеруден өткізіліп жіберіледі.

Қылмыстық-атқару құқығының нормаларына сәйкес, бас  бостандығынан айыру орындарында  жазасын өтеп жүрген кезде сотталғандарды қадағалау, яғни олардың орналасқан жерлерінде (тұрғын-жатын орындарында, айыптық және тәртіптік оқшаулағыштарда, карцерлерде, камералық үлгідегі орындарда) олардың тәртібін сыртынан қарау мен бақылау және барлық сотталғандардың заңмен белгіленген жазаны өтеу тәртібін мүлтіксіз сақтауларын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүргізіледі. Заң қадағалау шараларын жүргізуге қатысты сотталғандарды сыртынан қарауды ғана қарастырмайды, сонымен бірге тұрғын және өндірістік орындарға тексеру жүргізуді, айдауылмен немесе онсыз жүретін сотталғандарға тінту жүргізуді және әшкерелеу мен алу мақсатында олардың жеке мүліктерін қарау, қылмыс жасауының алдын алу сияқты мәселелрді де қарастырады. Сөйтіп, жазасын өтеу жағдайындағы тұлғаның өміріне, өзінің және отбасының құпиясына қол сұқпаушылық сияқты конституциялық құқығын сақтаудың өзіндік ерекшелігі болады, ал оларды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейді. 

Қылмыстық жазаны атқару жөніндегі заңды нұсқауды жүзеге асыру кезінде оған қатысы бар әрбір қызметкер Қазақстан Республикасының Конституциясындағы ешкімнің өміріне қол сұғылмайтыны, азапталмайтыны, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайтындығы туралы нұсқауын есте сақтауы керек. Конституциялық норманың мұндай ережелері ҚР Қылмыстық кодексінің 38-бабының (Жаза ұғымы және оның мақсаттары) 2-бөлігінде жаза тән азабын немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді деп көрсетілген. Заң талаптарын бұзушы сотталғандар мен өзге адамдарға қатысты иманжүзділік сонау Ұлы Петрдің патшалық еткен заманында да орын алған болатын еді. Ал оған керісінше, императрица Екатерина-ІІ-нің патшалық еткен тұсында азаптауды қолдану айтуға сөз жетпейдінде дәрежеге жетіп, тіпті оның тиісті әдіс-тәсілдері мен процессуальдық жолдары да ойластырылған болатын еді. Ол өзінің патшалық еткен алғашқы жылдарында кінәліні азаптаудың тәртібін белгілеген Құпия іздестіру істері кеңсесінің құжатын құптады да. Осы құжатқа сәйкес, жауыздық жасаған адамға арнайы қапас орын белгіленді. Жан-жағы ағаш-талмен безендіріліп көмкерілген қапастың ар жағында адамның шаштары тік тұрарлықтай небір азап-қорлық жасалып жатты. Ондай қапастағы азаптауға судьялар мен азапталушының азуынан шыққан сөздерді тізіп жазып отыратын хатшылар ғана қатысты. Қапастың ішінде адамды төрт тағандап керіп қоятын арнай керме орнатылған. Азапқа ұшыраған кінәлі адам тіпті болмай бара жатса, адапның жанын шығаратында азаптайды көретін болды. Оның бірі – азапталушының саусағын темір қысқышпен қысып, қинап жауап алу болса, екінші түрі төбе шашын ұстарамен тақырлап қырып тастап, адамды тікесінен тік байлап қойып, төбесіне мұздай су тамшылатып қоятын болған. Дегенмен, құқық бұзушылармен мұндай қатыгездікпен күрес жүргізу бәрібір қылмыстылықтың тамырына балта шаба алмады.

Бүгінде біздің еліміздің Конституциясы кез  келген адамды зорлық-зомбылықтан қорғай біледі. Мұндай конституциялық талаптардың ережелері жазасын өтеп жүрген сотталғандар мен тергелу үсітіндегі азаматттардың тұлғасына қатысты. Дегенмен, қылмыстық-атқару заңнамалары заң талаптарын бұзушы сотталғандарға арнай құралдарды қолдану мүмкіндігін қарастарады. Мәселен, Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп Ережелерінің 48-1-параграфы мұндай құралдар жаппай тәртіпсіздікті, белгіленген тәртіпке топ болып бағынбау мен оны бұзу әрекеттеріне, мекеме қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге еркін жалдамалы құрамға шабуыл жасау әрекетіне тойтарыс беру үшін, белсенді түрде қарсылық көрсеткен құқық бұзушыларды ұстау үшін қолданылады. Яғни, жазасын өтеп жүрген сотталғандарға күш көрсету тек қана белгілі бір заңдарға сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, жуасытушы арнаулы көйлек кигізу, буырқанып ашуланған адамды ақылға көндіріп немесе басқа да қимыл-әрекеттермен баса алмаған жағдайда ғана қолданылады. Жуасытушы көйлекті қолдану төрт адаммен жүзеге асырылады, олардың үшеуі тулаған адамды ұстап тұрып, ал біреуі көйлекті кигізетін болады. Көйлекті кигізгеннен кейін адамның екі қолын артына қайырып, көйлектің ұзын жеңдерін алдыңғы жаққа әкеліп бір-бірімен байлайды да, одан кейін аяқтарын бір-біріне қосып байлап, адам төсекке тек қана шалқасынан жатқызады. Мұндай көйлектегі адам дәрігердің байқауымен екі сағаттан артық жатпауы керек.

Заңмен белгіленген  жағдайда сотталғандар мен өзге де құқық бұзушы адамдарға қару да қолданылуы мүмкін. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арнайы құралдар мен қаруларды, сондай-ақ күш қолдануы бірқатар заңдармен және нормативтік актілермен реттеледі (Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21-желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» заңдық күші бар Жарлығы).

Мемлекеттің қылмыстық жазаны атқарушы түзеу  мекемелері мен органдары қызметінің негізіне заңдылық қағидасы алынған. Осы мекемелер мен органдардың барлық лауазымды қызметкерлеріне оны сақтау жөнінде қатаң жауапкершілік жүктелген. Осы органдар мен мекемелердің қызметіндегі заңдылықты қамтамасыз етудің құқықтық кепілдіктері бар, сондай-ақ олардың міндеттерінің орындалуының жай-күйіне арнаулы мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар бақылау жүргізеді. Мұндай арнаулы мемлекеттік органдардың заңдылықты қамтамасыз етуінің әдістері: прокурорлық қадағалау, соттық бақылау, қала мен аудан әкімшіліктері аппаратының қоғамдық органдарының бақылауы, ведомстволық бақылау, сондай-ақ сотталғандардың берген арыз-шағымдары мен өтініштері болып табылады.

Жалпы, қылмыстық-атақару  заңдылығының негізгі қайнар-көзі Қазақстан  Республикасының Конституциясы  екенін айта отырып, Конституция азаматтардың көптеген міндеттер мен құқықтар жүйесін белгілеп, оларды негізді және конституциялық деп анықтайды. Өздерінің мазмұндары мен сипаттарына қарай олар өмір мен қызмет саласындағы, сондай-ақ қылмыстық жазаны атқару мен өтеуге байланысты түрлі құқықтық қатынастарды реттейді. Қазақстан Республикасының Конституциясы ең басты ержелерінің бірі онымен бекітілген барлық азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі қағидасы (14-бап). Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды. Бұл ережелер Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінен де орын орын алып, режимнің түрлеріне байланысты белгілі бір түзеу колониясында жазасын өтеп жүрген сотталған адамдардың да құқық ауқымын анықтайды. Алайда, бас бостандығынан айыру орнынан қысқа мерзімді босату сияқты құқық жазасын өтеу кезінде өзін жақсы жағынан көрсете білген сотталғандарға ғана беріледі. ҚР ҚАК 93-бабының 3-бөлігі, аса қауіпті қайталап қылмыс жасаған сотталғандарға; өлімге кесу түріндегі жазасы кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдарға; өмір бойы бас бостандығынан айыруға соттал ғандарға; СПИД-пен ауыратындарға және ВИЧ жұқтырғандарға; есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын; психикасының бұзылуынан зардап шегуші деп танылғандарға; алкоголизмнен; уытқұмарлықтан; нашақорлықтан, ашық түрдегі туберкулезден, соз ауруынан емделуді аяқтамағандарға жол жүруге рұқсат берілмейді деп, мұндай құқықтың кімдерге берілетіндігін көрсеткен. Мұндай қысқа мерзімді жол жүру өте ерекше жеке жағдайларда ғана рұқсат етіледі.

Осы кейінгі  айтылғанға сенетін болсақ, түзеу  мекемесінің шегінен тысқары қысқа мерзімді жол жүру құқығы бас бостандығынан айыру орнындағы сотталғандардың бәріне де беріледі екен. Заң шығарушы мұндай құқықтың кімдерге берілетіндігін жасалған қылмыстық қағамдық қауіптілік дәрежесін және сотталған адамның сипатына қарай шешетіндігін байқауға болады. Мұндай қысқа мерзімді жол жүруге арналған рұқсатты сотталушының жеке басы мен мінез-құлқын анықтайтын құжаттарға сәйкес, түзеу мекемесінің бастығы береді.

 

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер

 

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

2. Қазақстан  Республикасының Қылмыстық-атқару  кодексі.

3. Қазақстан  Республикасының Қылмыстық кодексі.

4. Постановление Пленума  Верховного суда СССР «О судебной  практике условно-досрочного освобождения  осужденных...» от 19 декабря 1971.

5. Приказ МЮ РК №  154 от 11 декабря 2001 г. «Об утверждении  инструкции по организации надзора и охраны за лицами отбывающими наказание».

6. Приказ МЮ РК №  148 от 11 декабря 2001 г. «Об утверждении  в действие Правил внутреннего  распорядка ИУ».

7. Комментарий к Уголовному  праву и Уголовно-исполнительному  праву Республики Казахстан с изменениями и дополнениями от 21 декабря 2002.

8. Қазақстан  – 2030. Барлық қазақстандықтардың  гүлденуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының  өсуі: Ел Президенттің Қазақстан  халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан.  – 1997. 11-қазан

9. Уголовно-исполнительное  право Республики Казахстан. – Алматы, 1997.

10. Уголовно-исполнительное  право. – М., 1996.

11. Уголовно-исполнительное  право России. – М., 1997.

12. Токубаев З. С. Некоторые организационно-правовые вопросы совершенствования пенитенциарной системы РК (Актуальные проблемы теории и практики применения права в свете первоочередных мер по борьбе с преступностью и укрепления правопорядка в РК на 1993-95 гг.). – Қарағанды, 1998.

13. Шинкаренко А. Д. Конституция РК – источник уголовно-исполнительного права // Теоретические проблемы права: Сборник научных трудов. – Караганда, 1996.

14. Гиблое М. Казнить нельзя, помиловать // Аргументы и факты. 1975. № 7.

15. Калеева Т. Отмена смертной казни: индульгенция на убийство? Милосердие? Целесообразность? // Казахстанская правда. 1995. 19 июля.

16. Михлин А. С. Смертная казнь: вчера, сегодня, завтра. – М., 1997. 139-бет.

17. Калеева Т. Это горькое слово «неволя» // Казахстанская правда. 1995. 24-тамыз.

Информация о работе Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару заңнамасы