Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2013 в 18:25, реферат
1) 1990-1993 жылдар арасында Республика тарихында аса маңызды саяси сипаты бар құбылыстар орын алды. КСРО-ның тарап, оның негізінде ТМД құрылуы Қазакстан мемлекеті дамуының келесі бір белесі еді. Егемендік алу жағдайында қалыптасқан саяси ахуалдан туындаған жаңа нормативтік құжат кабылдау кажеттігі өзекті мәселелердің бірі болды.
Қазақстанның тәуелсіздігін жариялағанына тарихи өлшеммен онша көп уақыт өте қоймаса да, жаңа мемлекеттің конституциялық дамуының кейбір қорытындыларын шығаруға айтарлықтай негіз бар. Мемлекеттілікті құрудың бастаулары туралы әңгіме болатындықтан бұл мемлекеттану ғылымы үшін және мемлекеттік құрылыс практикасы үшін барлық уақытта да көкейкесті проблема.
Осы конституциялық занда тәуелсіздік бірінші рет жарияланды, онда тәуелсіз мемлекетке тән элементтер: біртұтас азаматтық, аумақтық дербестік, мемлекеттік органдардың дербес жүйесі, тәуелсіз мемлекет мәртебесіне сәйкес дербес экономикалық жүйе, жеке Қарулы Күштің болуы орнықтырылды. Сөйтіп, Қазақстан әлемдік қауымдастыққа дербес мемлекет ретінде енді.Конституциялық заңның қалыптасуының екінші кезеңдегі бір ерекшелігі, мемлекеттік тәуелсіздік туралы заңға кайшы келмегендіктен, Қазақ КСР-ы Конституциясының нормалары, КСРО мен Қазақ КСР-ының зандары одан әрі қолданылды.Осы кезенде Қазақ КСР-ының 1978 жылғы Конституциясына елеулі өзгерістер енгізген бірқатар зандар қабылданды. Айталық, 1991 жылдың 20 желтоқсанында қабылданған “Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы” конституциялық заң КСРО азаматгығын, сондай-ақ қос азаматтық институтын таныған жоқ. Ол Қазақстан азаматтығын алудың жаңа негізін белгіледі жөне азаматтық туралы заңның конституциялық мәртебесі Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясымен танылды. Бұл мән-жайды атап көрсеткен жөн, өйткені 1995 жылғы Конституция азаматтық туралы заңды енді консти- туциялық зандардың қатарына жатқызбайды.
Мемлекеттік органдар жүйесіне 1992 жылғы 5 маусымдағы “Конституциялық сот туралы” Заң елеулі өзгерістер енгізді. Бұл органның тағдыры өте күрделі болды. Конституциялық сотты 1993 жылғы Конституция танығанымен, екі жылдан сәл ғана астам уақыт өмір сүріп, 1995 жылғы Конституция қабылданғанға дейін-ақ тарих қойнауына кетті.
Демек, бірінші және екінші кезеңде Қазақстан Республикасының конституциялық зандары социалистік конституцияға — тәуелді мемлекеттік ұйымдардың Конституциясына өзгерістер мен толыктырулар енгізу жолымен дамыды. Бұлар заң шығарушылардың қамтылмасты қамтимын деген нәтижесіз талпынысы еді. 1992 жылдын маусымына дейін Қазақ КСР Конституциясынын 51-бабына өзгерістер енгізілді. Одақтық Конституцияға негізделген, мықтап идеяландырылған Конституцияны ешқандай өзгеріс пен толықтыру жақсарта да, лайықтандыра да алмас еді. Әрине, заң шығарушылар мұны түсінді, сондықтан 1991 жылдың өзінде жаңа Конституцияның жобасын әзірлеу жөнінде Конституциялық комиссия және жұмыс тобы құрыл-ды.
4) Қазақстан Республикасы конституциялық зандары қалыптасуының үшінші кезеңі Жоғарғы Кеңестің 1993 жылғы қаңтарда жаңа Конституцияны қабылдаудан басталады. Бұл Қазақстанның мемлекеттік және қоғамдық құрылысын мүлдем жаңаша белгілеген тарихи құқықтық акт болды. Әрине, Конституция Қазақстанның мемлекеттік егемендігі жарияланған кезден бастап шығарылған конституциялық зандардың көптеген қүқықтық нормаларын, принциптері мен идеяларын қабылдады. Халықтық егемендік, мемлекеттің тәуелсіздігі, билік бөлісу принципі, қазақ тілін мемлекеттік тіл деп тану, Президентті мемлекеттің және атқарушы биліктің біртұтас жүйесінің басшысы ретінде тану, сот органдарын — Жоғарғы, Конституция- лық және Жоғары Төрелік сотты, прокуратураны тану осының қатарына жатады.
Конституция 1978 жылғы Конституцияның кейбір қағидаларын қабылдады, айталық, Жоғарғы Кеңес бір палаталы өкілетті және заң шығарушы орган болып қалды, бірақ енді бүкіл билікті иеленген орган ретінде танылған жоқ. Оның өкілеттік тізбесі конституциялық тұрғыдан белгіленді. Бірақ СОКП үстемдігі, біртұтас саяси партияның басшылығымен жұмыс істеу кезіндегі Жоғарғы Кеңестен ерекшелігі 1993 жылғы Конституция бойынша Жоғарғы Кеңес заң тұрғысынан да, нақты істе де өзінің қызметін конституциялық құзыреті шеңберінде дербес жүргізе алатын болды. Жергілікті Кеңестер өкілетті органдар ретінде сақталды. Азаматтардың көптеген құқықтары мен бостандықтары негізінде Қазақ КСР-ының 1978 жылғы Конституциясында жарияланған құқықтық қағидалар мен идеялар сақталды. Ол — барлық азаматтардың тең құқылығы, саяси құқық, еңбек ету құқығы, білім алу құқығы, денсаулықты сақтау құқығы және басқалары. Азаматтардың тәуелсіз мемлекет кезеңіндегі негізгі жауапкершілігінің кеңестік кезендегі осындай жауапкершілігінен ешкандай ерекшелігі жоқ.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясына бірқатар жаңа қағидалар енгізілді. Айталық, Қазақстан Республикасы “өзін-өзі таныған қазақ ұлтынын мемлекеттілік нысаны ретінде” жарияланды. Кіріспеде “қазақ мемлекеттілік” формуласы қолданылды. Бұл тек қазақ ұлтының өзін-өзі саяси танығандығын білдірді. Басқаша айтқанда, мемлекеттік егемендік тек ұлттық егемендіктің жүзеге асуы ретінде танылды. Сонымен бірге Конституция “ Казақстан халқы Республикадағы мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы болып табылатындығын” орнықтырды. Тиісінше, Казақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы мемлекеттік егемендік негізіне ұлттық емес, халықтық егемендікті қабылдады. Бұл қайшылықты диалектикалық қайшылық деуге бола қоймас. Ол, менің пікірімше, 1993 жылғы Конституция қабылданар қарсаңда ойдағыдай шешімін таппаған көзқарастардың екі саяси-құқықтық жүйесінің әлі де жалғасып келе жатқан текетіресінің керінісі.
Конституцияда ”зиялы және біртұтас мемлекет” деген ұғым бірінші рет қолданылды. Мемлекеттік зиялылық сипаты діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінуінен көрінеді. Конституция мемлекеттің қандай да болсын бір дінге немесе атеизмге артықшылық бермейтіндігін жариялады. Саяси партияларды діни негізде құруға жол берілмеді. Діни бірлестіктер саяси мақсаттар мен міндеттерді көздемеуі тиіс. Ақыр соңында, мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың қызметіне заңсыз араласуға жол берілмеді. Мемлекеттік құрылым нысаны жағынан Казақстан Республикасы біртұтас мемлекет болып табылады, демек, оның аумағында саяси да, сондай-ақ мәдени автономиялар құруға да мүмкіндік берілмейді. Бұл тарихи тұрғыдан белгіленген және саяси-құқықтық жағынан өзін ақтады.
Конституциядағы заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарының "тежемелік және тепе-тендік жүйесін пайдалану арқылы олардың өзара қарым-қатынас жасайтыны” туралы қағиданы да жаңа қағида деп есептеуге болады. Мұның қатарына Конституция Президенттің тыйым салуға қатысты институттарын, Президенттің тыйым салуын ескеруді, Президенттің қызметтен кетірілуін, Министрлер Кабинетінің тұтас және оның әр мүшесінің жеке-жеке қызметтен кетірілуін, Жоғарғы Кеңестің ұсынысы бойынша Президенттің Министрлер Кабинетінің мүшесін лауазымынан алуды жатқызды. Бұдан көрінгендей, тежемелік және тепе-теңдік құралдарының жиынтығы билікті бөлу принципін толық жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтіндей онша қомақты емес.
Конституция оның нормаларын тікелей қолдану туралы қағиданы орнықтырды. Конституция нормаларын тікелей қолданудың бірсыпыра қырлары бар. Ол, біріншіден, Парламенттен, Президенттен және Үкіметтен бастап жергілікті мемлекеттік органдарға дейінгі мемлекеттік органдардың заң шығарушылық. қызметіне ықпал ету. Мұндай ықпал заң шығарушылық өкілеттігін анықтау жолымен сияқты, сондай-ақ мемлекеттік органдардың нормативтік актілерінің конституциялық нормаларға сәйкестік талабын белгілеу жолымен де жүзеге асырылады. Екіншіден, Конституцияның тікелей қолданылуы оның нормаларының мемлекеттік органдар, ұйымдар арқылы тікелей жүзеге асырылуын білдіреді. Конституцияда тура “Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келетін заңды қолдануға соттың құқы жоқ” (104-бап) деп жазылған. Үшіншіден, Азаматтар Конституцияға сүйеніп, өз құқықтары мен бостандықтарын пайдалануға және қорғауға құқылы. Тиісінше, Конституция адамдардың құқықтық санасын тікелей қалыптастырып, өмір салтына және қоғамдағы көңіл күйге осылайша ықпал етеді. Төртіншіден, Конституцияның тікелей қолданылуы институттық қайта құрылулардан көрінеді. Ол, атап айтқанда, Парламент, жергілікті өкілетті органдар сайлауларының, Президент сайлауының және басқа сайлаулардың Конституцияда қаралған мерзімде өткізілуі тиістігін білдіреді.
1993 жылғы Конституция Жоғарғы Кеңестің заң шығару өкілеттігін беру институтын қарастырған жоқ. Алайда, Президентке тек жәй зандық күші бар Жарлықтар шығарумен бірге, конституциялық зандар шығару өкілеттігін бергендігіне қарамастан, республиканың Жоғарғы Кеңесі Президентке уақыт-ша заң шығару өкілеттігін берді.Оны Конституциялық Сот өз қаулысында таныды. Сондықтан Жоғарғы Кеңес 1993 жылғы 10 желтоқсандағы заңымен 1993 жылғы Конституцияға заң шығару өкілеттігін беру туралы елеулі өзгеріс енгізді деуге бо лады.
5) Конституциялық заңның қалыптасуының төртінші кезеңі 1995 жылы қабылданған Конституциямен байланысты. Бұл кезең одан әрі жалғасуда. Осы Конституцияның бірқатар елеулі жаңа қырларына тоқталайын. Онда КСРО-ның да, Казақ КСР- ының да не Конституциялары, не заңдары еске алынбайды. Конституция күшіне енген кезеңге дейін қолданылып келген Қазақстан Республикасы заңдарының Конституцияға қайшы келмейтін бөліктерінің одан әрі қолданылатыны туралы айтылды. Бұл өте үлкен мәселе, өйткені Қазақ КСР-ының көптеген кодекстері әлі жаңартылған жоқ.Оларды конституциялық нормаларға сәйкес келтіру — заң шығарушы органдардың міндеті. Президенттік басқару жүйесі орнықтырылды. Менің пікірімше, атқарушылық билікке жақын тұрғанымен Президент енді биліктің бірде-бір тармағына жатпайды. Қалыптасып үлгерген қоспалаталы Парламент орнықгырылды. Конституциялық Сот сот органы болып табылмайтын Конституицялық Кеңеспен алмастырылды. Жоғарғы Соттың шеңберінде біртұтас жүйе орнықты. Құқық қорғау органдарын қайта құру қарастырылып, ол жүзеге асырылды. Осындай қайта құрулардың нәтижесінде мемлекеттік биліктің Президенттік басқару жүйесіне тән жоғары және жергілікті органдарын қайта құрулар негізінен аяқталды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛЬ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫ
Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАНДАРДЬІҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕНДЕРІ
Орындаған: Нұрсәлімова С.Т.
Тексерген: Дәркенбаев А.И.
Алматы 2013
Жоспары:
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Информация о работе Қазақстан Республикасының қалыптасу кезеңдері