Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 13:56, реферат
Қазақстан Республикасындағы нотариат - құқықтар мен фактілерді куәландыруға, сондай-ақ заңда көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі.
Ақша
сомалары мен бағалы
Төлемеу,акцепт
еместік және акцептің күні
қойылмағаны жөнінде вексель
наразылығын нотариус
Сақтауға
қабылданған құжаттар және
Нотариус кеменің жүзу немесе тоқтау кезеңінде орын алған оқиғалар туралы кеме капитанының мәлімдемесін кеме иесінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін дәлелдемелерді қамтамасыз ету мақсатында қабылдайды, бұл мәлімдеме кеме иесіне мүліктік талап қоюға негіз болуы мүмкін.
Теңіз наразылығы туралы мәлімдемеде оқиғаның мән-жайы мен өзіне сеніп тапсырылған мүліктің сақталуын қамтамасыз етіу үшін капитанның қолданған шаралары көрініс табуға тиіс.
Теңіз наразылығы туралы мәлімдемеде баяндалған мән-жайды растап, теңіз саудасын реттейтін заңдарға сәйкес, кеме капитаны нотариусқа қарап шығу үшін кеме журналын және кеме журналына капитан куәландырған үзіндіні мәләмдемемен бірге не портқа кірген немесе, егер оқиға портта орын алса, ол болған кезден бастап жеті күннен кешіктірмей ұсынуға міндетті.
Теңіз саудасын реттейтін заңдарға сәйкес теңіз наразылығы туралы мәлімдеме кеме портқа кірген кезден бастап жиырма төрт сағаттың ішінде беріледі.
Егер теңіз наразылығын мәлімдеудің қажеттігін туғызған оқиға портта болса, наразылық оқиға болған сәттен бастап жиырма төрт сағаттың ішінде мәлімденуге тиіс.
Белгіленген мерзім ішінде наразылықты мәлімдеу мүмкін болмаған жағдайда, оның себептері теңіз наразылығы туралы мәлімдемеде көрсетілуге тиіс.
Нотариус
капитан мәлімдемесінің, кеме журналы
деректерінің, сондай-ақ капитанның өзін
және мүмкіндігінше кеменің
Дәлелдемелерді қамтамасыз ету тәртібі бойынша нотариус азаматтарға сауалдар қояды, құжаттар мен заттарды қарайды, қажет болған жағдайда сараптама тағайындайды.
Дәлелдемелерді
қамтамасыз ету жөнінде іс
жүргізу әрекеттерін жасаған
кезде нотариус Қазақстан
Нотариус
тараптар мен мүдделі адамдарға
дәлелдемелерді қамтамасыз ету уақыты
мен орны туралы хабарлайды, бірақ
олардың келмей қалуы дәлелдемелерді
қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекетті
жасауға кедергі болып
Тараптар
мен мүдделі адамдардың
Куә
немесе сарапшы шақыру бойынша
келмеген жағдайда, нотариус ҚР-ның
заң актілерінде көзделген
Нотариус азамат пен маманды көрінеу жалған айғақ немесе қорытынды бергені және айғақ немесе қорытынды беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін жауап беретіні туралы ескертеді.
Нотариус
ҚР-ның халықаралық шарттарына сәйкес
басқа мемлекеттердің құқық нормаларына
негізінде нотариаттық іс-
Нотариус
ҚР-ның халықаралық
Нотариус
басқа мемлекеттердің құзіретті
органдары лауазымды
Заңдастырылмаған
құжаттар ҚР-ның заңдарында және халықаралық
шарттарында көзделген
Талап - құқық туралы дау шешу үшін бұзылған немесе даулы субъективтік құқықты немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау туралы талап қою арқылы тұлғаның сотқа жүгіну.
Талап – субъективтік құқықты немесе заңмен қорғалатын мүддені сот арқылы қорғау тәсілі.
Талап – азаматтық іс қозғау тәсілі.
Талап элементтері – бұл талаптың құрамалы бөлшектері. Оларға (элементтеріне): мазмұны; нысаны; негіздемесі жатқызылады;
Талаптың мазмұны – талап қоюшымен көрсетілген сот арқылы қорғану түрі, яғни сотқа жүгіну арқылы талап қоюшының өзінің бұзылған немесе даулы құқығын қорғау үшін сұрайтын соттың қызметі. Талаптың мазмұны талап қоюшының сотқа қойылатын талабын бейнелейді және талап арыздың сұрау бөлігінде көзделеді.
Талаптың нысанасы - бұл талап қоюшының соттан шешуді сұрайтын материалдық – құқықтық дау.
Талаптың нысанасына:
- Талап қоюшы мен жауапкер араларында материалдық – құқықтық қатынастың бар немесе жоқтығын туралы дау (мысалы, некені заңсыз деп тану);
- Талап қоюшымен материалдық – құқықтық қатынасынан туындайтын жауапкердің міндеттерін туралы дау (мысалы: мүлік иесі өз мүлкін қайтаруын талап ету, несие беруші – қарызды қайтаруын);
- Тараптар араларындағы құқық қатынасты өзгерту немесе тоқтату туралы дау (мысалы: туылған сәбидің әкесін анықтау, талап қоюшы мен жауапкер арасындағы некені бұзу).
Талаптың негіздемесі -талап қоюшының сотқа өз үндеуінің негіздейтін мән-жайлар.
Талап талаптары субъективтік азаматтық құқықтарына пайда болады. Мысалы: меншік иесі өзінің жоғалған мүлкіне иеленуді қалпына келтіру туралы өзінің меншік құқығы бар екеніне сілтеме жасауы; өнертапқыш өзінің ойлап тапқан өнертабысын талап етуде - өзінің интеллектуалды меншігіне сілтеме жасауы.
Талаптар мына негіздер бойынша жіктеледі:
- материалдық - құқықтық белгілер;
- процессуалдық – құқықтық белгілер.
Талаптардың процесуалдық-құқықтық белгісі бойынша жіктелуі талаптың мазмұны бойынша қалыптасқаның білдіреді, яғни талап қоюшы талабының сот арқылы қорғану түрі бойынша. Талаптардың түрлерге бөлінуінің проссуалдық-құқықтық жіктелуі негізі арқылы талаптардың мазмұны танылады.
Сондықтан осындай жіктелуі негізі бойынша талаптарды үш түрге бөлуге болады:
1. Ұйғару туралы талаптар;
2. Мойындау туралы талаптар;
3.
Өзгертетін (құқық қатынастарын
өзгертуге немесе тоқтатуға
Ұйғару туралы талаптар немесе атқару талаптар дегеніміз бұл жауапкердің белгілі әрекеттер жасау немесе жасамауын соттан талап қоюшының сұрайтын талабы. Талап қоюшының соттан жауапкердің өз міндеттерін орындатуды сұрауы ұйғару талап деп аталады (мысалы: талап қоюшы соттан жауапкермен қарызды төлеуі, пәтерді босату, келтірілген зардапты өтеу). Осындай сотқа қойылған талаптар бойынша сот шешімдері негізінде атқару парақтары беріледі, сондықтан олар тағы атқару талаптары деп аталады.
Мойындау туралы талаптар бойынша талап қоюшы соттан белгілі құқық қатынасының бар немесе жоқтығын бекітуін сұрайды (мысалы, талап қоюшы белгілі бір әдебиет шығармашылығына өзінің авторлық құқығын бекітуін сұрауы).
Өзгертетін талаптар материалдық – құқықтық қатынастарын өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған. Әдетте азаматтық айналымның қатысушылары (жеке және заңды тұлғалар) соттың қатысуысыз өз еркілерімен араларындағы құқық қатынастарын өзгертеді немесе тоқтатады, бірақ кейбір жағдайларда белгілі құқық қатынастары тек соттың бақылауымен ғана өзгертіледі немесе тоқтатылады. Мысалы, неке бұзу туралы (егер ортақ кәмелетке толмаған бала немесе ортақ мүлікті бөлу жөнінде дау болса) талап бойынша.
Материалдық- құқықтық белгісі бойынша талаптар жіктелуі келесі түрлерге бөлінеді: отбасылық, алименттік, тұрғын үй, жер құқықтық қатынастарынан пайда болатын және т.б.
Талап термині екі мағынада қолданылады:
1. Материалдық;
2. Процессуалдық.
Талап қою құқығы – ҚР Конституциясымен (13-баптың 2-бөлігі, 75-бабы) бекітілген сот арқылы қорғану құқығының бір нысаны. Сот жүгіну арқылы құқықтарды қорғау құқығы азаматтық процеске қатысатын азаматтарға және ұйымдарға (ҚР АІЖК 5-бабы), сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға (ҚР АІЖК 45-тарауы) тиесілі.
Талап қою құқығы белгілі шарттармен байланысты. Талап қою құқығының шарттарына нақты заңды деректер жатқызылады, олардың бар не жоқтығы негізінде заң азаматтық іс бойынша талап қою субъективтік құқығының пайда болуын байланыстырады.
Талап қою құқығының шарттары – нақты азаматтық іс бойынша тұлғаның талап қою субъективтік құқығының пайда болуын заң бойынша оның бар не жоқтығымен байланыстыратын мән-жайлар.
Бұл шарттар:
- жалпы;
- арнаулы;
- жаратымды;
- жаратымсыз деп қарастырылады.
Талап қою құқығының жалпы шарттары:
- Талап қоюшы мен жауапкердің азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі, яғни азаматтық процесте тарап болу қабілеттігі (ҚР АІЖК 45-бабы);
- Азаматтық істердің соттарға ведомстволық бағыныстылығы (ҚР АІЖК 24-бабы);
- өз құзыреті шегінде сол мәселе туралы азаматтық іс бойынша қабылданған сот шешімінің жоқтығы;
- тараптардың өзара дауды аралық соттың қарауына беру туралы келісімнің жоқтығы (ҚР АІЖК 25-бабы).
Жоғарыда аталғанның алғашқы екеуі жаратымды, ал қалғаны – жаратымсыз сипаты болады.
Талап қою құқығының арнаулы шарттары дегеніміз - бұл кейбір субъектілер немесе категория істері үшін жалпы шарттармен қатар, заңмен белгіленген шарттар. Мысалы, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғалар өзара дауларын сотқа дейін талап (претензия) қою арқылы реттеу тиіс (ҚР “Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы” (17.01.2002 ж.қабылданған) заңның 232-235 баптары).
Талап
қою құқығының шарттарының
Талап арыз – субъективтік құқық туралы дауды шешу үшін заңмен белгіленген сотқа жүгіну нысаны.
Әр адам өзінің субъективтік құқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін сот арқылы қорғау үшін сотқа талап арыз ұсыну қажет. Талап арыздың мазмұны: кіріспе бөлім; сипаттау бөлімі; дәлелдеу бөлімі; сұрау бөлімі.
Талап арыз сотқа жазбаша нысанда беріледі (ҚР АІЖК 150-бабының 1-бөлігі).
Сот шешімі - істі мәні бойынша шешетін бірінші сатыдағы сот қаулысы (ҚР АІЖК 217-6.1-6.). Соттар қайсы біреулердің еркіне қарамастан тек Конституция мен Республика заңдарына сәйкес, өздеріне Республика атынан берілген билікті жүзеге асырады, іс жүргізу нысанында заңмен белгіленген сот ісін қарауға процесс мүшелерінің барлығының да белсенді түрде қатысу мүмкіндігі қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады және ол бойынша заңды және негізделген шешім шығарады. Әр азаматтық істі мәні бойынша қарағаннан кейін сот шешім шығарумен аяқтайды. Сонымен сот жарыссөздерінен кейін немесе прокурор іс бойынша қорытынды бергеннен кейін сот шешім шығарады. Шешім шығарған кезде сот дәлелдемелерге баға береді, іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлардың анықтағанын және қандай мән-жайлардың анықталмағанын, тараптардың құқықтық қатынастарының қандай екенін, осы іс бойынша қандай заң қолданылуға тиісті екенін және қойылған талаптың қанағаттандырылуға жататынын-жатпайтынын айқындайды (ҚР АІЖК 219-6. 1-6.).