Қазақстан Республикасындағы нотариат

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 13:56, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасындағы нотариат - құқықтар мен фактілерді куәландыруға, сондай-ақ заңда көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі.

Работа содержит 1 файл

Практикум по составлениягражданс прав документов.docx

— 81.83 Кб (Скачать)

   Нотариаттық куәландырылған мәміленің мәтіні анық және түсінікті жазылуға немесе басылуға, мәміленің мазмұнына қатысты  сандар мен мерзімдер ен болмағанда бір рет сөздермен, ал заңды тұлғалардың  атаулары қысқартусыз, олрдың тұрған жері көрсетіле отырып жазылуға тиіс.Азаматтардың тектері, атттары мен әкесінің аттары, олрдың тұратын мекен-жайлары толық  жазылуға тиіс.   

     Өшіріп тасталған, қосылып жазылған, сызылған сөздері немесе басқа  да келісілген түзетулері бар  мәмілелердің мәтінін куәландыруға  немесе құжаттарды, сондай-ақ қарындашпен  жазылған құжаттарды куәландыруға  болмайды.  

     Көлемі бір парақтан асатын  құжатта парақтар тігілген, бауланған  және мөрмен бекітілген болуға  тиіс.   

     Куәландырушы жазбалар мәмілелерді  куәландыру және нотариаттық  куәландырылған құжаттардың дубликаттарын  беру, құжаттардың көшірмелері мен  олардан жасалған жасалған үзінділердің  дұрыстығын, құжаттардағы қойылған  қолдардың түпнұсқалығын, құжаттардың  бір тілден екінші тілге аударылуының  дұрыстығын растау кезінде, тиісті  құжаттарда құжаттардың көрсетілген  уақытын куәландыру кезінде жасалады.   

     Мұраға алу құқығын, меншік  құқығын, азаматтың тірі екендігі  және белгілі бір орында болуы  фактілерін, жеке және заңды тұлғалардың  өтінішін басқа және жеке заңды  тұлғаларға беруді куәландыру, құжаттарды  сақтауға қабылдауды растау үшін  тиісті куәліктер беріледі.  

     Мұраға сенімгерлік басқарушы  тағайындалған кезде нотариус  тиісті қаулы шығарады.  

    Нотарис заңдармен міндетті нотариаттық  куәландыру белгіленген мәмілелерді  куәландырады. Тараптардың тілегі бойынша  нотариус басқс мәмілелерді де куәландыра алады.

    Нотариус  пен нотариаттық  іс-әрекет жасаушы лауазымды адамдар тараптарға, олар табыс еткен мәміле жобасының мазмұны мен мағынасын түсіндіруге және оның мазмұны тараптардың шын ниеттеріне сәйкес келетінін және заң талаптарына қайшы келмейтіні тексеруге міндетті.

    Нотариус  пен нотариаттық іс-әрекеттер  жасаушы лауазымды адамдар бір  немесе бірнеше адамның атынан бір  немесе бірнеше адамдардың атына  сенімхаттарды куәландырады.

    Қайта сенім білдіру тәртібімен берілетін  сенімхат қайта сенім білдіру  құқығы сөз болған негізгі сенімхатты табыс ету бойынша нотариаттық  куәландырылуға тиіс.Қайта сенім  білдіру тәртібімен берілген сенімхаттың  мазмұнында негізгі сенімхат бойынша  берілген құқықтан артық құқық болмауға тиіс.Қайта сенім білдіру тәртібімен берілген сенімхаттың қолданылу  мерзімі оның берілуіне негіз  болған сенімхаттың қолданылу мерзімінен аспауы керек.

    Тіркелуге жататын мүлікті иеліктен алу  және кепілге салу туралы шарттар  иеліктен алынатын немесе кепілге салынатын  мүлікке деген меншік құқықтарын растайтын құжаттарды құжаттарды көрсеткен  жағдайда куәландырылуы мүмкін.

    Тіркелуге жататын жылжымайтын мүлікті  иеліктен алу мен кепілге салу шартын куәландыру сол мүлік тұрған жерде жасалады.  

    Нотариус  пен нотариаттық іс-әрекеттер  жасаушы басқа да лауазымды адамдар  Қазақстан Республикасыеың заң  талаптарына сәйкес іс-әрекетке қабілетті  азаматтар жасаған және олардың  өздері нотариусқа табыс еткен өсиеттерді куәландырады.Өсиеттерді өкілдер арқылы куәландыруға жол берілмейді.

    Өсиеттерді  куәландырған кезде өсиет қалдырушыдан өсиетке қалдырылатын мүлікке оның меншік құқығын растайтын дәлелдемелер тапсыру талап етілмейді.

    Нотариус  пен нотариаттық іс-әрекеттер  жасаушы басқа да лауазымды адамдар  өсиеттің күшін жою туралы хабарлама  алған, сол сияқты бұрын жасалған өсиеттің күшін жоятын немесе өзгертетін жаңа өсиет алған жағдайда, өсиеттің нотариуста сақталған данасы мен  нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізіліміне бұл туралы белгі соғады.  Сол өсиеттің күшін жою немесе өзгерту туралы хабарламаны нотариат куәландыруға тиіс.  

     Мұраға  құқық туралы куәлік Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарының нормаларына  сәйкес мұраны қабылдаған мұрагерлерге  беріледі.

     Мұраға  құқық туралы куәлік барлық мұрагерлерге, олардың қалауларына қарай, бірге  немесе әрқайсысына жеке-жеке беріледі.

     Нотариус  қорғаншылықта немесе қамқоршылықта  жүрген, кәмелетке толмаған немесе іс-әрекетке қабілетсіз мұрагердің атына  мұраға құқық туралы куәлік берілгені  жөнінде оның мүліктік мүддесін қорғау үшін мұрагердің тұрған жеріндегі қорғаншылық  және қамқоршылық органдарына хабарлайды.  

       Мұраға құқық бойынша мүлік  мемлекетке өткен жағдайда мұраға  құқық туралы куәлік уәкілетті  мемлекеттік органға беріледі.

     Мұрагерлік  құқық бойынша мемлекеттік меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және сату жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды уәкілетті мемлекеттік  орган жүргізеді.

     Мұрагерлік  құқық бойынша мемлекеттік меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және сату тәртібін ҚР-ның  Үкіметі белгілейді.

     Нотариус  заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік берген кезде тиісті айғақтарды талап ету арқылы мұра қалдырушының қайтыс болу фактісін, мұраның ашылған  уақыты мен жерін,  мұраға құқық туралы куәліктің берілуі жөнінде өтініш беруші адамдарды заң бойынша мұраны иелену үшін негіз болып табылатын қатынастардың болуын, мұралық мүліктің құрамы мен тұрған орнын тексереді.

     Егер  заң бойынша бір немесе бірнеше  мұрагердің мұраны иеленуге тарту үшін негіз болып табылатын айғақтарды табыс етуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, олар мұраны қабылдаған және мұнда айғақтарды табыс еткен  басқа мұрагерлердің бәрінің  келісімімен мұраға құқық туралы куәлікке енгізілуі мүмкін.

     Нотариус  өсиет бойынша  мұраға құқық туралы куәлік берген кезде тиісті айғақтарды талап ету арқылы мұра қалдырушының қайтыс болу фактісін, өсиеттің бар-жоғын, мұраның ашылған уақыты мен орнын, мұралық мүліктің құрамын және тұрған орнын тексереді.

     Нотариус  сонымен бірге мұрадағы міндетті үлеске құқығы бар адамдар тобын  анықтайды.

     Мұрагерлердің жазбаша өтініші бойынша мұра ашылған жердегі нотариус мұраға құқық туралы куәлік береді.

     Мұраға  құқық беру туралы куәлік Қазақстан  Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген мерзімде жүргізіледі.

    Нотариус  бірлескен меншік құқыындағы мүлкі  бар адамдардың бірлескен жазбаша  өтініші бойынша ортақ мүліктегі  үлесін алуға тілек білдірген  адамға немесе адамдарға осындай  үлеске меншік құқығы туралы куәлік береді.

    Ортақ меншіетегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік осы мүлік орналасқан жерде  беріледі.

     Ерлі-зайыптылардың  бірі қайтыс болған жағдайда, нотариус мұра ашылған жерде көзі тірі жұбайының  жазбаша өтініші бойынша мұраны қабылдаған мұрагерлерді хабардар ете  отырып, ерлі-зайыптылардың ортақ  мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік береді.               

 Ерлі-зайыптылардың  ортақ мүлкіндегі үлеске меншік  құқығы туралы куәлік көзі  тірі жұбайына олардың некеде  тұрған кезінде жинаған ортақ  мүлкінің жартысына, егер неке  келісім-шартында өзгеше белгіленбесе, берілуі мүмкін.               

 Ерлі-зайыптылардың  ортақ мүлкіндегі өлген жұбайының  үлесіне меншік құқығы туралы  куәлік өлген жұбайдың мұрагерлеріне  олардың өтініші бойынша берілуі  мүмкін.

    Нотариус  немесе нотариаттық іс-әрекеттер  жасауға уәкілетті лауазымды  адам заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтар  берген құжаттардың көшірмелері  мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын, бұл құжаттар және олардың  мазмұны заңдарға қайшы келмеген әрі заңдық маңызы болған жағдайда куәландырады.

    Үзінді  алынған құжатта бір-бірімен байланысы  жоқ бірнеше жекелеген мәселенің  шешімі болғанда ғана, одан алынған  үзіндінің дұрыстығы куәландырылуы  мүмкін. Үзінді құжаттың белгілі бір  мәселе жөніндегі бөлігінің толық  мәтінін қайтаруға тиіс. 

    Нотариус  азамат ұсынған құжат көшірмесінің дұрыстығын, азаматтың құжатқа қойған қолының түпнұсқалығын нотариус немесе  заңмен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды адам растаған жағдайда ғана куәландырады.

    Нотариус  құжаттың көшірмесінен алынған көшірменің дұрыстығын, осы көшірме нотариаттық  тәртіппен куәландырылған немесе түпнұсқаны құжат жасаған заңды тұлға  берген жағдайда куәландырады.Соңғы  жағдайда құжаттың көшірмесі сол  заңды тұлғаның бланкісінде жасалып, мөрмен бекітілуі және құжаттың түпнұсқасы заңды тұлғада екендігі туралы белгісі  болуға тиіс.

    Нотариус  мазмұны жағынан заң актілеріне қайшы келмейтін және мәмілені баяндауды  білдірмейтін құжаттағы қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады.

    Нотариус  қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыра отырып, құжатта жазылған фактілерді куәландырмайды, белгілі бір адамның  қол қойғанын ғана растайды.

    Егер  нотариус тиісті тілдерді білетін болса, бір тілден екінші тілге аударылған аударманың дұрыстығын куәландырады.

    Егер  нотариус тиісті тілдерді білмейтін  болса, аударманы аудармашы жасап, қорғау қолының түпнұсқалығын нотариус куәландырады.

    Нотариус  азаматтың тірі екндігі туралы фактісін куәландырады.

Кәмелетке толмаған азаматтың тірі екндігі туралы фактісін куәландыру оның заңды өкілдерінің (ата-аналарының, асырап алушыларының, қорғаншыларының, қамқоршыларының), сондай-ақ кәмелетке толмаған азаматты қорғаншылыққа  алған мекемелер мен ұйымдардың өтініші бойынша жүргізіледі. Мүдделі  адамдарға  фактіні растап куәлік беріледі.

Нотариус азаматтың  өтініші бойынша оның белгілі  бір жерде болу фактісін куәландырады.  

    Кәмелетке толмаған азаматтың белгілі бір  жерде болу туралы фактісін куәландыру оның заңды өкілдерінің (ата-аналарының, асырап алушыларының, қорғаншыларының, қамқоршыларының), сондай-ақ кәмелетке  толмаған азаматты қорғаншылыққа алған  мекемелер мен ұйымдардың өтініші  бойынша жүргізіледі. Мүдделі адамдарға  фактіні растап куәлік беріледі.

Нотариус өзіне  құжаттың көрсетілген уақытын куәландырады.Бұл  туралы куәландыру жазбасы құжатқа  оны көрсеткен адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып жазылады.

    Нотариус  жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін  басқа жеке және заңды тұлғаларға беруді жеке қолхатпен немесе кері хабарламлы почта арқылы жүзеге асырады.Өтініштер  телефаксты, компьютерлік желілерді  және өзге де техникалық құралдарды пайдалана  отырып та берілуі мүмкін.

    Өтініштерді беру үшін техникалық құралдарды пайдалануға  байланысты шығыстарды нотариаттық  іс-әрекеттерді жасауды өтінген  адам төлейді.

Өтініш беруші адамның сұрауы бойынша, оған өтініштің  берілгені туралы куәлік беріледі.

     Нотариус  заңдарда көзделген жағдайларда  борышкерден несие берушіге беру үшін ақша сомалары мен бағалы қағаздарды депозитке қабылдайды.               

 Нотариус  ақша сомалары мен бағалы қағаздардың  түскендігі туралы несие берушіге  хабарлайды және оның талап  етуі бойынша оған тиесілі  ақша сомалары мен бағалы қағаздарды  береді.               

 Төлемеу,акцепт  еместік және акцептің күні  қойылмағаны жөнінде вексель  наразылығын нотариус Қазақстан  Республикасының аударым және  жай вексель туралы заңдарына  сәйкес жүргізіледі.

     Нотариус  тізімдеу бойынша құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға қабылдайды.Тізімнің бір данасы нотариуста қалдырылып, екінші данасы құжаттарды сақтауға тапсырған  адамға беріледі.

     Егер  құжаттар және бағалы қағаздар тиісті түрде буылып-түйілсе, тапсырушы  адамның өтінішімен нотариус тізімдеусіз  де қабылдай алады (буып-түю нотариустың  мөрімен расталады, нотарис пен  құжаттарды өткізген адам қол қояды).Мұндай жағдайларда буып-түюдің сақталуына  нотариус жауап береді.

     Құжаттарды  және бағалы қағаздарды сақтауға тапсырған  адамға куәлік беріледі.

Сақтауға  қабылданған құжаттар және бағалы қағаздар оларды сақтауға тапсырған адамға немесе заңды түрде уәкілетті адамға куәлікті және олардың тізімін көрсеткенде  не соттың шешімі бойынша қайтарылып беріледі.        

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы нотариат