Азаматтық қоғам

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2012 в 19:12, курсовая работа

Описание работы

Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы толып жатқан ой-пікірлер, әр түрлі теориялар бар. Бұл ой-пікірлердің, теориялардың көп болатын себептері қоғамдағы барлық таптардың, ұлттардың топтардың мүдде-мақсатына қатысты болуы. Тағы да бұл мәселе әр түрлі идеологиямен, саяси партиялармен байланысты болуы.
Бұл жерде ескерте кететін бір мәселе Кеңес дәуірінде елімізде марксистік мемлекетгік теория тұрғысынан зерттеп, түсініп келдік.

Работа содержит 1 файл

курсовая.docx

— 60.15 Кб (Скачать)

Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы толып жатқан ой-пікірлер, әр түрлі  теориялар бар. Бұл ой-пікірлердің, теориялардың көп болатын себептері  қоғамдағы барлық таптардың, ұлттардың  топтардың мүдде-мақсатына қатысты  болуы. Тағы да бұл мәселе әр түрлі  идеологиямен, саяси партиялармен байланысты болуы.

Бұл жерде ескерте  кететін бір мәселе Кеңес дәуірінде  елімізде марксистік мемлекетгік теория тұрғысынан зерттеп, түсініп келдік. Ол кезде қоғам мен мемлекетті таптық тұрғыдан зерттеуге тырыстық, басқа теорияны, басқа бағытты  сырып тастап отырдық. Қазір ол теорияларға  көзқарас түзелді, дұрысталды. Тарих  теориялардың бәрінде аздап болса  да шындық және тарихи нақты дәлелдер болады. Сондықтан ол теорияларды  білу, дұрыс жағын алу, пайдалану  өте қажет. Сол деректерді ескере отырып жүргізілген зерттеудің ғылымға, қоғамға пайдасы мол.

Тағы бір ескертетін мәселе «азаматтық қоғам» деген алғашқы  қауымдық қоғамда да, құлиелену формациясында  да, феодалдық формацияда да болған жоқ. Себебі ол қоғамдарда «азаматтық»  деген ұғым болған емес. Бұл ұғым тек буржуазиялық қоғамда өмірге келді. Сондықтан біз теорияны тек  құқықтық мемлекет туралы қарастырамыз.

Құқықтық мемлекет — тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен  бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне қоғамның алдында тұрған осы мүдде-мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Құқыктық мемлекет екі жақты жауапты объективтік  процесс.

Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының  көне заманнан негізгі мақсаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық  пен мемлекеттің өзара қатынасын  инабаттылық, парасаттылық, әділеттілік  жолмен дамуын армандады. Аристотель: Заң үстемдігі болмаса демократия жоқ — деді. Феодалдық дәуірде  Н. Макиавелли, Ж. Боден т.б. саяси  қайраткерлер құқықтық мемлекет орнату төңірегінде көп қиялданып, біраз  пікірлер айтып кетті.

Құқықтық мемлекет орнату концепциясына пікір айтып  өте зор үлес қосқан атақты ғалымдар: Г. Гроцкий, Б. Спиноза, Д. Локк, Ш. Монтескье, Д.Дидро, П. Гольбах, Т. Джефферсон, Вольтер, Гельвеций, Кант, т.б.

Гроцкий — қоғам  тарихында қалыптасқан құқықты  екіге бөлді: табиғи құқық — адамды қоршаған ортаның әсерінен және жеке адамның өзінің ақыл, парасаттылығынан қалыптасатын құқықтар; екіншісі —  мемлекеттің қабылдаған нормативтік  актілер арқылы ешкімге зиян келтірмей  орындауға тиіс. Мемлекет қоғамдық жалпы халықтық шарт арқылы өмірге келді деп түсіндірді.

Монтескье — мемлекет адамдардың саяси және азаматтық  бостандығын, теңдігін қатаң орындауы керек. Сонда ғана құқықтық мемлекет болады.

Локк — Маркс  құқықтың мазмұнын өте дұрыс, ашық түсіндірді. Мемлекет адамдардың құқықтарын қорғау үшін қалыптасты. Құқықтық мемлекеттің  негізгі мазмұны халықтың табиғи бостандығын, теңдігін қорғау.

Кант — құқықтық мемлекеттің философиялық негізін  ғылыми тұрғыдан зерттеді. Мемлекеттік  жұмыстың өзекті мәселесі жеке адамның  қадір-қасиетін, ар-намысын, бостандығын, теңдігін қорғау, адамның қоғамда  үстемдігін калыптастыру деп түсіндірді.

Гегель — қоғамдық ғылымдардың негізгі бағыттарының бірі құқықтық философия. Мемлекет дегеніміз  жан-жақты дамыған құқық деп  түсіндірді. Азаматтық қоғам құқық  арқылы адамдардың мүдде-мақсатын қорғайды. Мемлекет құқықпен моральдың бірлестігін  дамытып халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты жақсартуы.

Маркс — құқық  пен мемлекетті қоғамның таптық құрылысына сәйкес қараған. Таптар жойылса құқық  пен мемлекет те жойылады. Бұл процесс  қоғамда құқықтық мемлекет қалыптасып, бостандық орнаумен аяқталуға тиіс. Бостандық — Маркстің ұғымында, қоғамдағы мемлекеттің үстемдігін жойып, оны қоғамға бағындырып, халықтың мүдде—мақсатын орындайтын органға  айналдыру. Сонда ғана құқықтық мемлекет болады.

Қазіргі заманда  құқықтық мемлекет туралы пікір жан-жақт дамып, дүние жүзінің ғалымдары  бір тұжырымға келіп, ортақ ғылыми көзқарас қалыптасты деуге толық  болады.

Сонымен құқықтық мемлекет туралы теорияны қорыта келіп, оның негізгі мазмұны — халықтың, адамдардың егемендігі, олардың табиғи бостандығы мен құқықтары. Ол мемлекетті қалыптастырудың негізгі күші —  адам, қалың бұқара. Сондықтан мемлекет пен құқық демократияны дамытып, халықты қоғамның барлық саласын  басқаруға қатыстыру қажет. 

 

2. Азаматтық қоғамның  түсінігі және  мазмұны 

 

Азаматтық қоғам  ғылыми тұрғыдан өте аз зерттелген, ол туралы қомақты бірде ғылыми еңбек  жоқ. Оның себебі ғалымдар азаматтық  қоғам мен мемлекеттің мазмұны  ұқсас деп түсініп келді. Расында  ұқсастық бар, бірақ та айырмашылық  басым. Адам қоғамының қалыптасқанына 1,5 млн. жыл өтті, ал мемлекеттің өмірге келгеніне 6 мың жыл ғана болды. Мемлекет қоғамның санқырлы көрінісінің бір  ғана нысаны. Қоғам туралы ой-пікірлер көне дәуірде де болды, ал «азаматтық қоғам» толық мағынада бұл ұғым өмірге тек XVIII ғасырда келді. Басында азаматтық  қоғам деп меншік, отбасы, рынок, мораль салаларындағы қатынастарды түсініп келді. Мемлекет бұл қатынастарға толық бостандық берді. Гегельдің  ойынша, азаматтық қоғам — жеке меншіктің, діннің, отбасының, моральдық  т.б. талаптарын іске асырудың жүйесі. Азаматтық қоғамда әр адам өз мүддесін көздейді, басқаларды көрмейді… Басқаларсыз  ол өз мүддесін іске асыра алмайды -деген  Гегель. К. Маркстің пікірі — бір  саяси жүйені алып мазмұнына қарасаң  ол азаматтық қоғамның санқырлы көрінісінің  бір нысаны болып шығады.

Біз өткен ғасырдағы  ірі ғалымдардың пікірін әдейі  келтіріп отырған себебіміз азаматтық  қоғам мәселесі сол кездегі өмірдің  объективтік даму процесінің алдына қойған талабы дегіміз келеді. Сол  себепті Гегель мен Маркс тағы басқа ғалымдар азаматтық қоғамды  біраз зерттеп құнды теориялық  ғылыми мұра қалдырып кетті. Енді осы  құнды ғылыми мұраға сүйене отырып қазіргі заманның талабына сәйкес азаматтық  қоғамды ғылыми тұрғыдан зерттеуді  жалғастыру керек. Біздің пікіріміз  — азаматтық қоғамның мазмұнының санқырлы көрінісі төмендегідей болуға тиіс:

-   экономикалық   бостандық, әр түрлі меншік, нарықты қатынас;

- адамдардың табиғи  бостандығы мен құқықтарын   қалыптастырып, қорғау;

- заңды, демократиялық  билік;

- ақпаратқа бостандық  беру;

- заңның, соттың  алдында адамдардың теңдігі болу;

- таптық, ұлттық  бірлік, достық, келісім болу;

- адамдардың әлеуметтік  жағдайын, денсаулығын, мәдени, рухани  білімін, санасын көтеру, жақсарту.

Азаматтық қоғамның кұрылымы — Қоғамды өзінің табиғи мүдде-мақсаттарына сәйкес құрушы, реттеп-басқарушы  — адам. Адам — қоғам кұрылымының  негізгі элементі — діңгегі. Адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары, еңбек  ұжымдары, саяси партиялары, мемлекет, олардың ара қатынастары —  азаматтық қоғамның элементтері.

Қазіргі Қазақстанның азаматтық қоғамын бес жүйеге бөлуге болады: әлеуметтік, саяси, экономикалық, рухани-мәдени және ақпараттық жүйелер:

Әлеуметтік жүйе — объективтік тұрғыдан қалыптасқан  адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары т.б., олардың өзара байланысы  бұл жүйеге азаматтық қоғамның ең негізгі ұйымдастырушы жүйе, өзі  үш топқа бөлінеді: бірінші тобы — қоғамның үзіліссіз өмір сүру негізін жасаушы, дамытушы топ: отбасы, бала тәрбиелеу, табиғи өмірді жалғастыру; екінші тобы — адамдардың өзара, бір-бірімен  байланысы, қатынасы; үшінші тобы —  қоғамдық ұйымдардың, таптардың, топтардың, ұлттардың ара қатынастары.

Экономикалық жүйе — қоғамдағы меншіктің түрлері, өндіруші күш пен өндірістік қатынастар, материалдық кірісті әділ бөлуді қалыптастыру. Бұл жүйенің құрылым  элементтері: жеке, муниципалдық, акционерлік, кооперативтік, мемлекеттік, фермерлік  меншіктер мен шаруашылықтар  және қоғамдық кірісті, байлықты әділ бөлу.

Саяси жүйе — мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер және жеке адамдар, депутаттар, т.б., олардың ара қатынастары. Оның ішінде ең күрделісі мемлекеттік  билікті іске асырудағы қатынастар. Қатынастардың даму процесінде субъектілерге  бостандық берілуге тиіс. Күштеу тек  заңдылықты, тәртіпті бұзса ғана қолдануы кажет.

Рухани-мәдени жүйесі — осы бағыттағы мемлекеттік, қоғамдық органдар мен ұйымдар, олардың  ара қатынастары. Бұл жүйенің  негізгі бағыттары: білім, ғылым, мәдениет, рухани сана-сезім, дін, адамдардың денсаулығы.

Ақпараттық жүйе — осы ақпараттық бағыттағы барлық ұйымдар, бірлестіктер, мемлекеттік  органдар, саяси партиялар, олардың  жұмыстары мен ара қатынастары. Бұл бағытта іс-әрекеттерге толық  бостандық берілуі кажет.

Осы көрсетілген  азаматтық қоғамның жүйелерінің  жақсы, сапалы дамуына зор маңызды  үлес қосатын мемлекет пен құкық, қоғамдық ұйымдар мен партиялар  және қоғамдағы демократияның жоғарғы  дәрежеде болуы.

Азаматтық қоғамның белгі — нысандары:

- адамдардың экономикалық, әлеуметтік, саяси бостандығы мен  құқықтарының қамтамасыз етілуі;

- қоғамда бостандықтың, жариялылықтың болуы, ақпараттың  жұмысына азаматтардың қатысуы,  ішкі-сыртқы байланыстарға қатысуға, жүріп-тұруға толық кұқықтарының  болуы;

- азаматтардың  қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер  құрып, өз мүдде-мақсаттарын орындауға,  іске асыруға  және шет елдердің сондай ұйымдарымен байланыс жасауға кұқықтарының болуы;

- жергілікті өзін-өзі  басқаруға толық бостандық болуы,  оның жұмысына мемлекеттің араласпауы, қажет болса тиісті көмегін  көрсетуі; жергілікті өзін-өзі басқаратын  мекеме жергілікті мемлекеттік  органмен тығыз байланыста жұмыс  жасауы;

- азаматтық қоғам  — толық бостандық, демократия  қалыптасқан қоғам болуы қажет,  ол болашақ құқықтық   мемлекеттің талаптарын іске асырып, сол мемлекеттің объективтік тұрғыдан негізі болуға тиісті.

Сонымен азаматтық  коғам және кұқықтық мемлекет екеуі  қатар дамып, өрескел қайшылықтарды  бірлесіп реттеп, қоғамның бейбітшілік, прогрестік жолмен дамуына толық  мүмкіншілік жасаулары кажет. Қазақстан  Республикасының Конституциясында бұл мәселенің негізгі бағыттары  көрсетілген. Оның бірінші бабында  азаматтық қоғамның және құқықтық мемлекеттің  ең негізгі қағидалары былай деп  жарияланған: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен  бостандықтары». 

 

3. Құқықтық мемлекеттің  түсінігі мен мазмұны 

 

Қазіргі заманда  құқықтық мемлекет құру қалыптастыру мәселесі ғаламдық проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының даму тарихында  ешқашан, еш елде құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де жоқ. Болашақта  да барлық елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет болуға мүмкін емес. Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады.

Сондықтан болашақта  құқықтық мемлекет бірнеше дамыған  елдерде қалыптасуы мүмкін. Бірақ  ол мемлекеттердің мазмұнында, әсіресе  нысанында объективтік ерекшеліктері  болады.

Құқықтық мемлекеттің  мазмұнының негізгі талаптары:

1) Құқықтық мемлекет  азаматтық қоғамның объективтік  даму процесіне сәйкес ескіріп,  жаңарып жататын көп қырлы  кұбылыс. Бұл мемлекетте адамның  толық егеменді болуы қажет,  олардың мемлекеттің билік жүргізетін  органдарын кұруға қатысуы заңды  түрде бекітілуі керек.

2) Құқықтық мемлекеттің  экономикалық негізі — өндіргіш  күш пен өндірістік қатынас  және көп меншіктік шаруашылық  арқылы дамуы. Құқықтық  мемлекетте меншіктің басым көпшілігі — өндіруші мен тұтынушылық билігінде болуы қажет. Бұл билік шаруашылықтың жақсы, сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін оларға толық бостандық беруі керек. Сонда ғана қоғамның әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеруге, нытайтуға болады.

3)  Құқықтық   мемлекеттің    әлеуметтік негізі — өзін-өзі басқаратын азаматтық қоғамда адамдардың бостандығын, теңдігін қамтамасыз етіп, олардың жақсы еңбектенуіне, дұрыс жұмыс жасауына мүмкіншілік беру. Қоғамның әлеуметтік жағдайының жақсаруы құқықтық мемлекеттің нығаюы. Бұл екі процесс бір-бірімен тығыз байланысты. Құқықтық мемлекет сонымен бірге әлеуметтік мемлекет.

4)  Құқықтық   мемлекеттің моральдық негізі — гуманизм, әділеттік, бостандық, теңдік, адамдардың қадір-қасиетінің, ар-намысының деңгейі. Осы жоғары дәрежедегі принциптер болса құқықтық мемлекет болады. Өйткені мұндай қоғамда адамдардың рухани сана-сезімі де жоғары дәрежеде болады.

5) Құқықтық мемлекеттің  саяси негізі — халықтың, ұлттық  тәуелсіздігін қалыптастырып қоғамдық  билікті жан-жақты дамытып, адамдардың  бостандығын, теңдігін қорғап, әділеттікті,  демократияны орнату, қарым-қатынастарды  реттеп басқару.

Міне қоғамның осы  негіздеріне сүйене отырып құқықтық мемлекет орнатуға мүмкіншілік қалыптасады.

Құқықтық мемлекеттің  негізгі белгілері:

- мемлекеттік билікті  үш түрге бөлу, олардың ара  қатынасын қатаң сақтау; азаматтық  қоғамның калыптасуы;

- қоғамда жоғары  дәрежеде құқықтық мәдениеттің  қалыптасуы, адамдардың рухани сана-сезімінің   жақсы дамуы;

- мемлекеттік аппараттың, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық  ұйымдардың, жеке адамдардың өмірдегі  қарым-қатынастарда өзара жауаптылығы;

- қоғамның экономикалық, әлеуметтік бағытында әділеттікті,  теңдікті қамтамасыз ету үшін  антимонополиялық  органның қызметін қатаң бақылау;

- қоғамның ішкі  құқық   нормалары мен халықаралық құқықтың өзара қатынасын бақылап, жақсартып отыру;

- қоғамда заңның  үстемділігін орнату, азаматтық  қоғамды қалыптастыру. Адамдар «заңның  құлы» болмайынша құқықтық тәртіпте, демократия да жақсы дамуға  тиіс емес. Бұл туралы өмір  тәжірибесінен қалыптасқан мынадай  өсиет сөз бар:

Информация о работе Азаматтық қоғам