Атқарушы билік органдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:16, реферат

Описание работы

Жалпы, атқарушы билік мемлекеттік биліктің бір тармағы болып табылады. Атқарушы билік – бұл заң күшіндегі реттеу өкілеттілігін, сыртқы саяси өкілдіктердің өкілеттіліктерін, әртүрлі бақылау түлерін жүзеге асыру бойынша өкілеттіліктерді қоса алғандағы мемлекеттік істерді басқару бойынша өкілеттіліктердің жиынтығы.
Атқарушы биліктің мақсаттары:

Работа содержит 1 файл

аткарушы билик органдары.doc

— 82.00 Кб (Скачать)

        ҚР Конституциясы, 1995  жылғы 26 желтоқсандағы "ҚР Президенті туралы"  конституциялық заңында  құқықтық, ұйымдық, әлеуметтік кепілдіктер белгіленген.

        Президенттің  қызмет етуінің құқықтық кепілдіктері оның мынаған өкілеттілігінен көрінеді:

- халық пен мемлекет атынан қатысуы;

-халық пен мемлекеттік биліктің  бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының кепілі болуына;

- мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының  келісімді қызмет етуін қамтамасыз етуі.

-  ҚР егемендігін, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етеді;
- халықаралық қатынастарда және  ішкі саяси өмірде ҚР атынан қатысады;

- мемлекеттік билік пен басқару органдары мен институттарын құрады;

-ҚР бүкіл территоиясында міндетті күші бар   жарлықтар мен өкімдер шығарады;

        ҚР Президентінің  қызмет етуінің ұйымдық кепілдіктеріне мыналар жатады:

- Парламентке кезекті және кезектен тыс  сайлауды белгілейді;

- атқарушы және өзге де билік тармақтарының ұйымдық жүйесіне ықпал етеді;

- Конституцияда қарастырылған  жағдайда және тәртіпте Парламент пен Үкіметтің өкілеттіліктерін  мерзімінен бұрын   

  тоқтатуға құқылы;

- аса маңызды сұрақтар бойынша Үкіметтің отырыстарында  төрағалық етеді;

-Президенттің әкімшілігін  құрады.

        Әлеуметтік кепілдіктері мыналарды қамтамасыз етеді:

- Президентті және оның отбасы мүшелерінің ар-намысын мен абыройын қорғау, мемлекет есебінен қызмет көрсетуді және  қорғауды  қамтамасыз ету;

- сайлау институттары арқылы халықпен, белсенді сайлау құқығы бар азаматтармен, реферндум және жыл сайын халыққа жолдау жіберу арқылы тікелей,  үнемі байланыс  жасайды.

         ҚР Президентінің жауаптылығы  оның  әкімшілік - құқықтық мәртебесі ретінде өзінің ерекшеліктері болады. ҚР Президенті  ҚР Конституциясының 47 бабына сәйкес өзінің міндеттерін атқару кезінде  жасаған әрекеттері үшін жауапты, мемлекетке опасыздық  жасаған жағдайда ғана  Парламент орынан алып тастауы мүмкін.

           Жергілікті атқару органдары. ҚР әкімшілік - территориялық құрымына сәйкес атқарушы билік  әкімдермен басқарылатын оның органдарымен жүзеге асырылады.

            Әкім - сәйкес әкімшілік - территориялық бірліктің  жергілікті атқару органын  басқаратын лауазымды тұлға және  Президент пен  Үкіметтің өкілі болып табылады.

             Облыс әкімдері және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін  Премьер-миистрдің ұсынысы бойынша  Президент тағайындайды. Өзге әкімшілік - территориялық  бірліктің әкімдерін ҚР Президенті белгілеген тәртіпте  лауазымға тағайындалады немесе сайланады, ҚР Президенті қалауы бойынша  әкімдер лауазымынан босатылады.

            Барлық әкімшілік - аумақтық бірліктердің әкімдері  мемлекеттік - өктемді сипаттағы өкілеттіліктер беріледі, сәйкес  аумақта: облыс, аудан, қала көлемінде міндетті күші бар шешім қабылдайды.

            Әкімдердің қызметінің негізгі  бағыттарына мыналар жатады:

- маслихаттардың бекітуіне  сәйкес әкімшілік - территориялық бірлікті  дамытудың экономикалық және әлеуметтік 

  бағдарламаларының  жобаларын дайындап  ұсынады және  олардың орындалуларын қамтамасыз етеді;

- маслихатқа бюджеттің жобасын  бекітуді ұсынады және оның орындалуын қамтамасыз етеді;

- коммуналдық меншікті басқарады;

- жергілікті әкімшіліктің құрылымдық бөлімдерінің  басшыларын лауазымға тағайындайды және босатады;

-жоғарғы атқарушы органдар делегирлеген өкілеттіліктеріне сәйкес коммуналдық меншікті  басқару бойынша  

 ұйымдардың қызметін үйлестіру;

-ҚР жер  туралы заңнамасына сәйкес  жер қатынастарын реттейді;

- ссуда, займ және басқа да  ұзақ мерзімді міндеттемелер туралы  шешімдер қабылдайды.

        Әкімдердің  жанынан кеңес берушілік орган - коллегия құрылады, оның құрамын әкім бекітеді. Әкімдердің қызметінің ұйымдық, құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін аппарат құрылады.

           Әкімшіліктің құзырлығындағы  сұрақтар бойынша  әкім шешімдер мен  өкімдер шығарады.

           Жергілікті  атқарушы органдардың  қызметтері  мынадай қағидаларға сүйеніп  жүзеге асырылады:

- Президентке, үкіметке және жоғарғы әкімшілік басшыларына есеп беруі;

- оның қарамағындағы  мәселелер бойынша  сәйкес өкілді органдардық бақылауында болуы;

- заңдылық;

- дара басшылық;

- азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету;

- өз құзырылығы шегіндегі дербестігі мен тәуелсіздігі;

- өз қызметі үшін және қабылдаған шешімдері үшін  жауаптылығы.

 



Информация о работе Атқарушы билік органдары