Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:16, реферат
Жалпы, атқарушы билік мемлекеттік биліктің бір тармағы болып табылады. Атқарушы билік – бұл заң күшіндегі реттеу өкілеттілігін, сыртқы саяси өкілдіктердің өкілеттіліктерін, әртүрлі бақылау түлерін жүзеге асыру бойынша өкілеттіліктерді қоса алғандағы мемлекеттік істерді басқару бойынша өкілеттіліктердің жиынтығы.
Атқарушы биліктің мақсаттары:
Мемлекеттік басқарудың атқарушы билік органдарының ұғымы мен әкімшілік-құқықтық мәртебесі
Жалпы, атқарушы билік мемлекеттік биліктің бір тармағы болып табылады. Атқарушы билік – бұл заң күшіндегі реттеу өкілеттілігін, сыртқы саяси өкілдіктердің өкілеттіліктерін, әртүрлі бақылау түлерін жүзеге асыру бойынша өкілеттіліктерді қоса алғандағы мемлекеттік істерді басқару бойынша өкілеттіліктердің жиынтығы.
Атқарушы биліктің мақсаттары:
1) азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің аман-есен өмір сүруіне септігін тигізетін жағдайлар жасау;
3) азаматтардың немесе ұйымдардың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру үшін, адамдардың саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өмірлерінің еркіндігіне жағдай жасау.
Атқарушы биліктің негізгі белгілері:
1) жан-жақтылығы –адамдар ұжымдары қызмет еткен жерлердің барлығында болуы және үздіксіздігі;
2) мәжбүрлеушілігі – күшке сүйенеді, ықпал ету шараларын жеке дербес жүзеге асыру мүмкіншілігі;
3) құралдылығы – құқықтық, ақпараттық, техникалық ұйымдық қорларының болуы;
4) ұйымдастырушылық сипатта болуы.
Атқарушы билікті ұйымдастыру қағидалары:
1) халықтық билік қағидасы-бұл халық биліктің бірден-бір көзі болып табылады және атқарушы билік органдары арқылы және тікелей нормативті актілерді қабылдау арқылы жүзеге асырады. Атқарушы билік органдарының қызметіне заң шығарушы, сот биліктері және халық бақылау жасайды. Осы мақсатта тұрғындар алдында атқарушы билік органдарының лауазымды тұлғалары есеп берушілік тәртібі белгіленген.
2) заңдылық қағидасы – бұл барлық мемлекеттік басқару органдары және олардың лауазымды тұлғалары өз қызметінде ҚР Конституциясын және басқа заңдарды қатаң сақтауы қажет дегенді білдіреді.
3) биліктің бөлінуі қағидасы – бұл биліктің үш тармағының (заң шығарушы, атқарушы, сот билігі тармақтары) болатындығын және олардың жеке дербестігін көрсетеді. Мемлекеттік биліктің әр тармағы белгіленген шекте өз функцияларын жүзеге асырады.
4) жариялылық қағидасы – бұл ҚР Конституциясында нормативті-құқықтық актілер ресми жарияланады деп белгіленген. Адамның құқықтары, бостандықтары және міндеттеріне қатысты мемлекеттік басқару органдарының НҚА халыққа жарияланбаған болса, онда олар қолданылмайды, яғни мемлекеттік басқару органдарының қызметі жария түрде жүзеге асырылады.
5) Адам құқығы мен бостандығының мемлекет мүддесі алдында басымдылығы қағидасы. Адам құқығы мен бостандығының мемлекет мүддесі алдында басым болады, өйткені адам құқықтары мен бостандықтары, өмірі мен денсауығы мемлекетіміздің жоғарғы құндылықтары болып табылады, сондықтан барлық мемлекеттік органдар, соның ішінде атқарушы билік органдары азаматтар алдында жауапты болады.
6) Орталықтандыру (централизация) және децентрализация қағидасы. Централизация қағидасы – бұл мемлекеттік функциялардың көп бөлігі орталық атқару органдарының қарамағына кіруі. Централизация атқарушы биліктің бірыңғай жүйесінен туындайды. Децентрализация қағидасы – бұл бұл жоғары органдардың қол сұқпауынсыз, мемлекеттік функцияларды жеке, дербес жүзеге асыруды қандайда бір органның қарамағына беруді және өкілеттілікті бекітуді білдіреді. Децентрализацияның ерекше бір түрі – атқарушы билік органдарының өз өкілеттіліктерінің бір бөлігін бағынышты органдардың өкілеттілігіне делегирлеу.
Атқарушы билік органдары - бұл қоғам мен мемлекеттің әкімшілік-саяси, әлеуметтік -мәдени, шаруашылық және сала аралық аумақтық міндеттерді жүзеге асыру үшін атқарушы-бұйырушы өкілеттілік берілген және құрылымы болатын әлеуметтік құрылым немесе ұйым.
Атқарушы билік органдарыныңөз құрылымы, құзырығы бар мемлекеттік аппараттың бір бөлігі болып табылатын ұйым және заңнамаға сәйкес құрылады. Мемлекеттің тапсырмасы бойынша қызмет етуге қатысуға құқық берілген, атқарушы-бұйырушы қызмет ету тәртібінде шаруашылық, әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-саяси сфераларға күнделікті жетекшілік етуге, сала аралық басқарумен шұғылдануға арналған.
Атқарушы билік органдарының әкімшілік -құқықтық мәртебесі мына белгілер бойынша анықталады:
1) оперативті дербестілік берілген;
2) жоғарғы органдар құрады;
3) төменгі атқарушы билік органдарының жоғарғы атқарушы билік органдарына есеп беруі және бақылауда болуы;
4) атқарушы билік органдарының қызметі заң күшіндегі сипатта болады.
5) нормативті-құқықтық актілерді шығаруы, мысалы, қаулы, өкімдер.
Атқарушы билік органдарының негізгі белгілері:
1) атқарушы-бұйырушы қызметті жүзеге асыру;
2) мемлекеттік-биліктік өкілеттілікке ие;
3) белгіленген құзыреті бар;
4) ішкі ұйымдық құралымы, яғни тұрақты шаттары болады;
5) бюджетті орындау мәселелері бойынша белгіленген өкімді органдардың бақылауында болуы.
Атқарушы билік органдарының классификациясы
Атқарушы билік органдары әртүрлі негіздер бойынша классификацияланады.
1) құзырлығының көлемі мен сипаты бойынша:
а) жалпы құзырлы органдар - көптеген сфералардың қызметтеріне басшылық жасайтын органдар, мысалы, ҚР Үкіметі, жергілікті атқару органдары;
б) салалық құзырлықтағы органдар - басқарудың жеке сфераларын және салаларына басшылық ететін органдар, мысалы, министрліктер;
в) ішкі салалық құзырлықтағы органдар - сала шегінде тапсырылған жұмыс учаскелерінің шегінде басшлық ететін органдар, мысалы, министрліктердің теорриториялық органдары
г) сала аралық құзырлықтағы органдар - бұл барлық немесе көптеген басқару салалары мен сфералары үшін арнайы функцияларды атқаратын органдар.
2) ұйымдық-құқықтық нысандарына байланысты:
а) министрліктер; б) мемлекеттік комитеттер; бас басқармалар; агенттіктер; департаменттер; бөлімдер;
3) ведомство қарамағындағы сұрақтарды шешу тәртібі бойынша:
а) алқалық-осы органның құзырлығындағы барлық сұрақтар бойынша шешім қабылдау басымдылығы ұйымдастырылған және заңды түрде біріктірілген тұлғалардың топтарына берілген органдар, мысалы, үкімет. Алқалы органдарда шешім олардың мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.
б) дара басшылық органдар - бұл осы органның құзырлығына берілген барлық сұрақтар бойынша шешуші билік органды басқаратын жетекшіде болатын органдар, мысалы агенттіктер.
4) қызметінің аумақтық масштабына байланысты:
а) орталық атқару органдары, мысалы, ҚР министрліктері;
б) жергілікті, мысалы, әкімшіліктер;
в) аумақаралық;
4) құрылу тәртібі бойынша:
а) ҚР Президенті құратын органдар, мысалы, агенттіктер;
б) жоғарғы атқарушы билік органдары құратын.
5) қаржыландырылуына байланысты:
а) мемлекеттік бюджеттік;
б) шаруашылық есебінен.
Атқарушы билік органдарының жүйесі
ҚР атқарушы билік органдарының жүйесі мына схема бойынша құрылады:
Жоғарғы атқаушы билік органдары (ҚР Үкіметі) - Үкіметтің құрамына кіретін орталық атқару органдары (ҚР министрліктері, ведомстволары) - Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы билік органдары - жергілікті атқарушы билік органдары (облыстық, қалалық, аудандық әкімшіліктер).
Үкімет - ҚР Конституциясына сәйкес Қазақстанда атқарушы билікті жүзеге асырады, атқарушы билік оргадарының жүйесін басқарады және олардың қызметтеріне басшылық етеді. ҚР Үкіметі өз қызметінде ҚР Президенті алдында жауапты, ол ҚР Парламентіне есеп береді. Үкіметті ҚР Президенті құрады. ҚР Үкіметінің құрамы мынадай мүшелерден тұрады: Премьер - министр (Кәрім Мәсімов), оның орынбасарлары (Аслан Мусин), министрлер және өзге де лауазымды тұлғалар. Премьер -министрді (2007 жылдан бастап Даниал Ахметовтың орнына Кәрім Мәсәмов тағайындалды) ҚР Президенті Парламенттің келісімімен тағайындайды. Үкіметтің құрылымы және құрамы туралы ұсынысты ҚР Премьер - министрі тағайындалғаннан кейін 10 күннің ішінде ҚР Президентіне ұсынады. Үкіметтің қызмет ету тәртібі 1995 жылдың 18 желтоқсанында қабылданған "Үкімет туралы" ҚР конституциялық заңымен анықталады. ҚР Үкіметі өз құзырылығындағы сұрақтар бойынша ҚР барлық территориясында міндетті күші бар қаулылар шығарады. ҚР Үкіметінің өкілеттіліктері:
1) әлеуметтік - экономикалық саясаттың, қауіпсіздіктің негізгі бағыттарын әзірлеу;
2) қоғамдық тәртіті, қорғану қабілеттілігін қамтамасыз ету;
3) орталық және жергілікті атқарушы органдарды басқарады;
4) республикалық бюджетті дайындап Парламентке ұсынады, оның орындалуын қамтамасыз етеді және осы туралы есеп береді.
5) мәжіліске заң жбаларын ұсынады және оның орындалуы қамтамасыз етеді;
6) сыртқы саясатты жүргізу бойынша шараларды даярлайды.
ҚР Үкіметінің құрамы (2007 жылдың 01 ақпаны бойынша):
1) Сыртқы істер министрлігі - Марат Тажин
2) Қорғаныс министрлігі - Даниал Ахметов
3) Ішкі Істер министрлігі - Бауыржан Мухаметжанов
4) Қаржы министрлігі - Наталья Коржова
5) Әділет министрлігі - Зағипа Балиева
6) Ауыл шаруашылық министрлігі -
7) Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі - Ермұхамбет Ертісбаев
8) Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі - Гүлжан Қарагусова
9) Білім және ғылым министрлігі - Жанұзақ Түймебаев
10) Сауда және индустрия министрлігі - Оразбах Жанұзақов
11) Көлік және коммуникация министрлігі-
12) Энергетика және минералды ресурстар министрлігі-
13) Денсаулық сақтау министрлігі - Анатолий Дерновой
14) Қоршаған ортаны қорғау министрлігі -
15) Төтенше жағдайлар бойынша министрлік - Виктор Храпунов
16) Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі -
17) Мемлекеттің материалдық қорлары бойынша Агенттік
18) Статистика бойынша Агенттік
19) Көші-қон және деморафия бойынша Агенттік
20) Туризм және спорт бойынша Агенттік
21) Мемлекеттік сатып алу бойынша Агенттік
22) Кедендік бақылау бойынша Агенттік
23) Ақпараттандыру және және байланыс бойынша Агенттік
ҚР Министрлігі - мемлекеттік саясатты жүргізетін және белгіленген қызмет аясында басшылық ететін орталық атқару органы. Министрліктерді ҚР Президенті құрады, қайта құрады және таратады. Оның басшысын - министрді ҚР Президенті тағайындайды және босатады. Министрліктердің құқықтық мәртебесі қандайда болмасын сфераны реттейтін әртүрлі заңдарда, заң күшіндегі актілерде, мысалы, Министрліктер туралы Жағдайда бекітіледі. Министрлердің орынбасарлары, премьер - министрдің ұсынысы бойынша үкіметпен тағайындалады, сонымен қатар министрліктердің кеңес берушілік-үйлестіруші және кеңесуші бөлімдер де ашылады, олар министрдің бұйрығын іске асыру үшін шешім қабылдауға көмектеседі. Министрліктің құрамында департаменттер, бас басқармалар, комитеттер құрылады. Министрліктердің, ереже бойынша, екі жақты сәйкес бағыныштылықта болатын, министрлііке вертикаль бойынша, жергілікті әкімшіліктерге - горизонталь бойынша бағынатын аумақтық бөлімдері болады, мысалы, білім беру бөлімдері және т.б.
Министрліктерге өздеріне тапсырылған басқару салаларын, ғылыми-техникалық прогресті одан әрі дамытуға, мемлекеттің осы салаларындағы барлық өнімдерінің түрлеріне сұраныстарын анағұрлым толық қанағаттандыруға жағдайы үшін жауапкершіліктер артылады. Министрліктер өздеріне тапсырылған салаға басшылық жасайды, өздеріне берілген құқықтар шегінде барлық сұрақтарды шешуге өкілетті, өз қызметінде сала аралық мәселелерді шешуде әне әзірлеуде басқа министрліктер мен ведомстволармен байланыс жасап және іскерлік ынтымақтастықты жүзеге асыруға арналған.
Министрліктер өз құзырлықтарының шегінде заңдардың және мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғарғы органдарының шешімдерінің негізінде және солардың орындалуы үшін актілер шығарады, олар бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер түрінде болады.
Министрліктерге әртүрлі өкілеттіліктер берілген, мысалы, қандайда бір қызметпен айналысуға рұқсат береді (лицензия), әртүрлі объектілерді тіркейді, қадағалау және бақылау функцияларын жүзеге асырады (қаржылық бақылау), шаруашылық қызмет, құқық қолданушылық қызмет және т.б.
ҚР Агенттігі - ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқару органы болып табылады. Премьер-министрдің ұсынысы бойынша ҚР Президенті құрады, қайта құрады және таратылады. Агенттік тиісті саланы басқарады, сала аралық және өзге де басаруды, арнайы және рұқсат берушілік функция атқарады.Агенттіктің құрылымын оның жетекші төрағасы бекітеді және ереже бойынша департамент пен басқармалардан тұрады. Агенттіктің актісі - агенттік төрағасының бұйрықтары болып табылады.
Ведомство - бұл жекелеген сала аралық, басқарушылық немесе министрліктің шегінде арнайы салалық функцияларды атқаратын орган. Көбінесе рұқсат берушілік, бақылаушы және қадағаулаушы функцияларды атқарады. Ведомстволарды екі негізгі топқа бөлуге болады:
а) үкімет жанынан құрылған - ұны ҚР Президенті құрады, қайта құрады және таратады;
б) министрліктер құрамында құрылатын және әрекет ететін - бұны ҚР Президенті де және Үкіметі де құрады, мысалы, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесінің Комитеті.
ҚР Президенті - жеке дара ең жоғарғы мемлекеттік орган болып табылады. ҚР Конституциясына сәйкес ҚР Президенті Қазақстан Республикасының ел басы болып табылады және адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылады, мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілейтін, Қазақстанды ел ішінде, сондай-ақ халықаралық қатынастарда білдіретін ең жоғарғы лауазымды тұлға болып табылады. ҚР Конституциясында белгіленген тәртіпте ҚР егемендігін, оның тәуелсіздігін және мемлекеттік біртұтастығын қорғау бойынша шаралар қабылдайды. Мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді қызмет етуін, билік органдарының халық алдында жауаптылығын қамтамасыз етеді. ҚР Президенті конституциялық заңға сәйкес рспубликаның кәмелеттік жасқа толған азаматтарымен жалпы, тең және тура сайлау негізінде құпия дауыс беру жолымен 7 жылға сайланады. ҚР Президенті болып 35 жасқа толған республикада туған, мемлекеттік тілді жетік меңгерген, Қазақстанда ең кемінде 15 жыл тұрған азамат бола алады. Бірақта азамат екі реттен артық сайлана алмайды. ҚР Президенті ауырған жағдайда ұзақ уақыт еңбекке жарамсыз болған кезде лауазымынан өзінің міндеттерін атқарудан босатылуы мүмкін. Жаңа ҚР Президентін кезектен тыс сайлауы ҚР Президентінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатылған сәтінен бастап екі ай мерзімінде өткізілуі тиіс.