Ағзаны шынықтыру Оның қарапайым күтімі мен жаттығуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 12:56, реферат

Описание работы

Күн сайын таңертең дене шынықтырумен айналысып, түрлі жаттығулар жасау, суда жүзу, серуендеу, белгілі бір мерзімде жүгіру, ұйқыға жатар алдында далада жүріп таза ауа жұтып қайту – ерте кәртаймаудың, жиі-жиі ауырып қала бермеудің кепілі.

Работа содержит 1 файл

ағзаны шыныктыру.docx

— 41.47 Кб (Скачать)

     Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым  Министрлігі

     Алматы  Технологиялық Университеті 
 
 
 
 
 

     ЭжБФ 
 

     СӨЖ

Ағзаны  шынықтыру Оның қарапайым  күтімі мен жаттығуы

 
 
 
 
 
 
 
 
 

Орындаган: Тыныбай А.М. РДиГБ11-13

                             Тексерген: Айнура Айтмухамбетовна

 
 
 
 
 
 

Алматы, 2011

Ағзаны  шынықтыру Оның қарапайым  күтімі мен жаттығуы

Күн сайын таңертең дене шынықтырумен айналысып, түрлі жаттығулар жасау, суда жүзу, серуендеу, белгілі бір мерзімде жүгіру, ұйқыға жатар алдында далада жүріп таза ауа жұтып қайту – ерте кәртаймаудың, жиі-жиі ауырып қала бермеудің кепілі. Дәрігер мамандар, халық емшілері бұл жөнінде мынандай ақыл-кеңестер береді:

1. Сырт бейнені күту. Мойын 
 
Бет терісінен гөрі мойын терісі нәзік, әрі құрғақ, оған қыртыс ерте түсіп, тез тозады. Оның алдын алу үшін үнемі басты, иықты тік, түзу ұстау қажет. Жастықсыз жатқан дұрыс. Олай жасай алмағанда аласа жастыққа жатып үйрену қажет. Бетке крем жаққанда, маска жасағанда мойынға да күтім жасалғаны жөн. 
 
Мойын терісіне өсімдік майынан майлы компресс жасайды. Ол үшін жұмсақ шүберекті жылы өсімдік майына малып алып сығады да компресс қағазына қойып, мойынды бинтпен орап 14-20 минут ұстайды. Мойынды жуған соң 1 стақан суға 1 ас қасық сірке суы немесе лимон шырыны, 1 ас қасық арақ, 1 ас қасық тұз қосылған ерітіндіге малынған мақтамен бетті және мойынды жайлап сүртеді. Сосын иек асты мен мойынның екі жанын жиі-жиі шапалақтайды. Бұғақ үшін екі қабаттап оралған сүлгіні жоғарыдағы ерітіндіге немесе суға малып алып, мойынды сүлгінің екі ұшынан тартып ұстап, жайлап қана ұрады. 

Тым тозып кеткен мойын терісіне аптасына 1-2 рет мынандай компресс жасайды: пісірілген картоптан қоймалжың жасап, оған бір жұмыртқаның сары уызын, 1 шай  қасық бал, 1 шай қасық сұйық  майды қосады. Оны мойынға жағып, бинтпен бостау етіп орап қояды. Мойын  «құс терісі» тәріздес болса, оны  аптасына екі рет ылғалданған  ұсақ тұзбен сүртеді. Оның алдында мойынға  сұйық май жағады. Теріні тұзбен қызарғанша ысып, сосын сүтке аздап  су қосып мойынға компресс жасайды, салқын сумен жуып, крем жағады.  
 
Қабақ 
Шай, ақжелкен, аскөк, түймедағы, жалбыз тұнбасынан жасалған компрестердің сергітіп, тыныштандыратыны белгілі. Сүтпен де компресс жасайды. Ол үшін жаңа сауылған сүтке мақтаны малып алып, 4-5 минут қабаққа қояды. Майлы компресс жасаса да пайдалы. Ол үшін 4-6 рет қабатталған дәкені жылытылған сұйық майға малып алып, қабаққа жабыстырады, үстіне құрғақ мақта қойып, сүлгімен жауып, 10-15 минут ұстайды. Сосын салқын сумен жуады, дәкеге оралған бір түйір мұзбен қабақты сүртеді. 
 
Кірпік пен қас 
Қас пен кірпіктің өсуі мен нығаюы үшін күнде түкті щетканы жылытылған костор майына малып алып, массаж жасайды. Оған (50 г. майға 3-5 тамшы) А, Д, Е витаминдерін қосуға да болады. Қасқа кеңсіріктен самайға қарай, щеткамен немесе қолдың ортаңғы саусағымен массаж жасаған дұрыс. Костор майын көзге тамызып алмай, кірпікке абайлап жағу қажет. Қас пен кірпікті ром мен костор майы қосылған қоймалжың (3 шай қасыққа 1 шәй қасық ром) жақсы қатайтады.  
 
Ерін 
Ерінді бір қалыпты сақтау үшін жұмсақ тіс щеткасымен немесе қайнатылған салқын суға малынған мақтамен күнде 30 секундтай ерінге массаж жасаған жөн. Содан соң майлылығы жоғары крем жақса жақсы болады. Ерінге бал, қияр немесе сәбіз шырынын да жағады. Ал, ауа райы салқын, әрі желді күндері май жағуды ұмытпау керек. Жуынар алдында ерінге жағылған бояуды міндетті түрде сүрту қажет. 
Егер ерін жарылып қанаса, онда бояу жағуды тоқтата тұрады. Күндіз түсі ақ ерін бояуын, ал кешке календула майы мен цинк майын тең мөлшерде араластырып жаққан оңды. Тілімделіп кеткен ерінді жұмсарту үшін мына рецепт қолайлы:  
 
Кез-келген раушан гүлі жапырағына 1 ас қасық мал майын қосып, оны ерінге жағады. 1 шай қасық ірімшікке шамалы кілегей қосып, ерінге маска жасап, 10 минуттан кейін оны мақтамен сүртеді. Ірімшікті сәбіз шырынымен де араластыруға болады.  
 
2. Жалаңаяқ жүру Адамның далада жалаңаяқ жүруі – денсаулығы үшін өте пайдалы. Мұны Ежелгі Мысыр, Грекия, Рим халқы ерте кезден білген. Тіпті, ежелгі данагөйлер (философтар) жалаңаяқ жүруді ақыл-ой қабілетін нығайтудың тиімді жолы деп санаған көрінеді. Қазіргі физиолог ғалымдар мұны қуаттап, адамдардың табанында өте күшті рефлексогенді нүктелердің орналас-қанын айтады. Олар-дың түсіндіруінше, бұл – сезімтал жүйке ұштары шоғырланған аймақ. Адам аяғының табанындағы 1 шаршы сантиметрде мұндай рецепторлардың саны дененің өзге аумағындағы рецептор-лардың санынан біршама көбірек. Ал жалаңаяқ жүрген кезде адам табанындағы әлгі нүктелердің белсенділігі арта түседі. Қазіргі медицина ғылымының дәлелде-уінше, жалаңаяқ жүрудің мынандай шипасы бар:  
1. Жүйке бұлшық етін, тотығу үдерістерін белсенді етеді. 
2. Артериялық қысым-ды қалыпқа келтіреді.  
3. Стенокардия, гипертония және басқа да аурулардың алдын алуда пайдасы зор. 
4. Жүрек – қан тамыры аурулары мен бірге жүйке, психикалық аурулардың алдын алуда да шипасы мол. 
5. Адам қимылда-ғанында оның бойында электр заряды жиналса, жалаңаяқ жүргенінде оның бәрі жерге тартылады.  
6. Жыл мезгілінің барлық кезеңінде жала-ңаяқ жүруге мүмкіндік беретін аймақтарда жалаңаяқ жүретіндер аяқ сүйектері, буын ауруларымен сирек сыр-қаттанады.  
Жалаңаяқ жүруге үйрену Табанын зақымдап алған адамның жалаңаяқ жүруіне болмайды. Өйткені жарақатқа жұқпа түсуі мүмкін.  
Бұрын жалаңаяқ жүріп көрмегендер емдік мақсатта оны былай бастайды: 
1. Еңбірінші, үй ішіндегі кілемде, ағаш еденде жалаңаяқ жүре бастайды.  
2. Сосын тегіс емес, кедір-бұдырлы, салқын жерлермен жалаңаяқ жүріп дағдыланады.  
3. Бұл жаттығуды қаладағылар әуелі үйде, сосын дәлізде, бетон басқыштарда, сосын мұзда жүріп үйренеді. 
4. Алғашқы күндері 15-30 минут қана жалаңаяқ жүру қажет. Жаттығу уақытын кейін біртіндеп ұзартады.  
5. Қыста қар үстінде жалаңаяқ 1-2 минуттай жүгірсе жетеді. 
6. Аяқты шынықтыру үшін оны күн сайын салқын су мен ыстық суға кезек-кезек батырады. Осындай контрасты ванна аяқты шынықтырады. 
7. Қар, мұз, ыстық құм, тастар, шлактар табанды күшті тітіркендіреді. Мұнан кейін жұмсақ шөптің немесе жұмсақ заттардың үстімен жүру қажет. Ол ағзаға жағымды әсер етеді. 
8. Жалаңаяқ жүру гигиеналық ережелерді талап етеді. Олар: әрбір жалаңаяқ серуендеген соң аяқты бөлме температурасындағы сабынды сумен мұқият жуу, жатарда табанға қоректік кремдерді жағу. 
9. Жалаңаяқ жүргенде табанда жарақат пайда болған жоқ па, оны күн сайын тексеріп тұру керек.  
10. Буын ауруы бар адамдар жалаңаяқ жүруге үйренер алдында өзінің емдеуші дәрігерінен ақыл-кеңес алуға тиісті.  
3. Фейс – аэробика жасау Адам бетін, мойынын, бұғағын түрлі сырқаттан қорғау, әжім түсірмеу үшін фейс-аэробика жасап тұруы қажет. Оның кең тараған түрлері мынандай: 
1. Қас-қабақты керу Алға қарап отырып, басты қозғамай көз жанарын жоғары көтеріп, төмен түсіреді. Басты қозғамай оң жаққа, сосын сол жаққа қарайды. Сол кезде көз жанарын біресе жоғары, біресе төмен қаратады. Көз маңайына әжім жоламас үшін қас-қабақты күн сайын осылай қозғап тұру керек.  
 
2. Жымиып күлу Ауызды жауып, алдыға қарап тіп-тік отырады. Осы күйде «екі езуі екі құлаққа жеткенше» жымиып күледі. Еріндердің арасы ашылмауға тиісті. 5 секунд осы қалыпта тұрады да күлкіні тиып, ерінді сүйісуге оңтайлағандай жиырып, «шүршите» алға шығарады. Осы жатығуды әр жолы 10 рет жасайды. Бұл ерін мен иек маңына, жалпы бетке әжім жолатпайды. 
 
3. Ұртты үрлеу Ұрттың терісі ерте сыр береді. Ұртты біресе 10 секунд ішке сорып, біресе 10 секунд сыртқа үрлейді. Оны 10 рет қайталап, күніне бір рет жаттығу жасайды. Сонда ұртқа ғана емес, ауыз-мұрын маңайына да әжім түспейді. 
 
4. Маңдайды керу Әбден кейігендей қатты қабақ түйеді де енді бір-біріне түйісуге шақ қалған қасты кірпікпен екі араға кергіш қойғандай шалқайта кері серпиді. Мұны күніне бірнеше рет қайталайды. Ол маңдай мен екі қастың арасын әжімнен қорғайды. 
 
5. Шалқайып төбеге қарау Тіп-тік отырып басты шалқайтады да тура тас төбеге қарайды. Ауызды ашпай, тістерді беттестіріп, астыңғы жақ пен үстіңгі жақты бейне ас шайнап отырғандай қимылдатады. Осы жаттығуды бір жолы 20 рет қайталайды. Сонда мойынды да, бұғақты да әжімнен сақтауға болады.  
 
4. Моншаға түсу Адам ағзасын шың-даудың ең тиімді тәсілі – моншаға түсу. Моншаның адам ағзасын шынықтыруда, сергітуде мынандай пайдасы бар:  
 
1. Ыстық моншада денедегі микробтар жойылады. Моншаға көп адам түссе де, сөреде микробтар болмайды. Оларды жоятын ыстық бу, ыстық су.  
 
2. Монша ыстығы денеде болатын көптеген физиологиялық реакцияларды үдетіп, қан тамырлары кеңейеді, тері қызады, буырқанып тер ағады. 
 
3. Термен бірге денедегі қажетсіз заттар, қалдықтар сыртқа шығады. Соның әсерінен бүйректің қызметі, денедегі су мен тұз алмасуы жақсарады. 
 
4. Моншадан кейін адам еркін тыныстайды. Ыстық, ылғалды ауа кеңсірік, кеңірдек, мұрын қуысының ішінен өтіп, оның, өкпенің зат алмасуын жақсартады. Моншадан шыққан соң өкпенің оттегіні қабылдауы үш есеге өседі.  
 
5. Монша шаршағанды басады. Моншадағы ыстық бу мен судың әсерінен денеден термен бірге адам бойындағы, әсіресе, бұлшық еттегі жиналған сүт қышқылы сыртқа шығады, адам жеңілдеп қалады. 
6. Монша артық салмақтан арылтады.  
7. Тұмау тигенде, баспамен ауырғанда, ми шайқалғанда, қан қысымы көтерілгенінде, шиқан шыққанда, қуық қабынғанда, аяқ-қол жарақаттанғанда (қатты ісіп, қанталағанда) моншаға баруға болмайды.  
8. Моншаға тамаққа тойып алып бармайды. Онда жүрекке салмақ түседі. Ашқарынға да моншаға бармай, моншаға түсер алдында жеңіл –желпі тамақтанып алады.  
 
9. Фин моншасына түсер алдында жеміс-жидек, көкөністер жейді.  
10. Моншаға арақ-шарап ішіп бармайды, моншада алькоголді ішімдіктерді ішпейді.  
11. Моншада, одан шыққан соң шай, минералды су ішкен дұрыс.  
12. Моншаға алғаш келген адам ыстық будан жүгіріп шығып, салқын суға немесе қарға көмілсе, қан тамырлары шынықпаған адамда қанның жүрмей қалуы мүмкін. 
Монша буын қабылдарда Мамандардың айтуынша, оның мынандай талаптары бар: 
1. Буға кірер алдында денеге жұмсақ тиетін сыпыртқы дайындалады. 
2. Сыпыртқыны бірден ыстық суға салмай, оны алдымен жылы, сосын ыстық суға малады. Сонда оның жапырақтары жайылып, жұпар иісі аңқиды. 
3. Сыпыртқыны пайдаланар алдында денені ыстық буға үйретіп алады.  
4. Қыста аязға тоңып келіп, бірден ыстық буға кіріп кетсе, тер шықпайды, жүрек қағады. Сол себепті, тоңып келген аяқты жылы суға малады, 10-15 минут отырады, себелдің (душтың) астында жақсылап жуынады, басты суламайды. Осылай жасаса, тері түтікшелері ашылады. 
5. Ыстық сөрелерде түрегеліп тұрғаннан жатқан дұрыс. Солай жасаса ғана дене түгел қызады, тер моншақтап ағады.  
6. Дене балқып, ыстыққа әбден үйренген соң барып жібітілген сыпыртқыны алып, сөреге шығады.  
7. Сыпыртқы бұқты-рылған сумен шашты жуса, ол жібектей құлпырады, қайызғақты кетіреді.  
8. Моншаға қалың березент қолғап ала барады. Сыпыртқымен денені соққанда сондай қолғап киіп алса, қол күймейді. Қолғаппен денедегі терді де сүртіп отырады. Оны кейін жуып, кептіреді. 
9. Қолға ұсталған сыпыртқы берекесіз қозғалмауға тиісті. 
Сыпыртқымен соқ-қылау 
1. Адамды сөреде етпетінен жатқызып, сыпыртқымен өкшесінен бастап санын, бөксесін сипай отырып, басқа жеткенше жайлап соққылап шығады. Сосын оны керісінше жасайды (басынан өкшесіне дейін), басты сыпыртқымен соққыламайды. Бұл тәсілді 4-5 рет қайта-лайды. 
2. Сосын сыпыртқыны жоғары көтеріп, қызды-рып алады да, жылдам иықтың үстіне, белге, бөксеге нықтап басады. Сосын денені сыпыртқымен тағы да сипап шығады. Шыққан терді сүртеді. 
3. Екінші әдіс: қайың жапырағын желпуіш тәрізді жазып жібереді, жоғарыдан төмен, төменнен жоғары қарай денені жеңіл түрде шабындыру. Мұны шапшаң, серпінді, үдемелі түрде жасайды.  
4. Сосын сыпыртқыны жоғары көтеріп қыздырады. Оны белге, бөксеге басады, екінші сыпыртқымен оның үстіне салмақ түсіре «Жасыл компресс» жасайды. Бұл құяң ауруының созылмалы түрінде қоң еттерге суық тигенде пайдалы. 5. Үшінші тәсіл: жөкемен теріні ысқы-лағандай, сыпыртқыны екі қолмен ұстап алып, жоғары-төмен денеге батыра ысқылайды. Сосын шалқалап жатып, осы тәсілді қайталап жасады. Тек жүрек тұсына салқын суға батырылған жөкені салып қою қажет. 
6. Қайтадан адамды етпетінен жатқызып, денені қаттырақ сабап өтеді. Сосын екі сыпыртқыны белге салып, екеуін екі жаққа, желкеге және өкшеге қарай жылжытады. Сыпыртқымен жасалатын тәсілдің бәрі «монша массажы». 
5. Күнге күю 
Тіке түскен күн сәулесінен, оның шағылып түскен сынық сәулелерінің әсерінен тері қоңырқай тартады. Көлеңкеде отырып аздап күнге күюге болады. Терінің қоңырқай тартуы адам ағзасына ультракүлгін сәулелердің жақсы тарап, жағымды әсер еткендігінің белгісі. Дене медициналық талапқа сай күнге күйгенде жүрек қан-тамырлары мен жүйке жүйесінің жұмысы жақсарады, зат алмасуы реттеледі, асқа тәбет артады, ағзада Д дәрумені көбейеді. 
Күнге дененің біртіндеп күйгені дұрыс. Бірінші күні тікелей түскен күн сәулесінің астында 10-15 минут қана болады. Күн астында күю уақыты 1-1,5 сағаттан аспауға тиісті. Күнге күюге қолайлы уақыт оңтүстікте-таңертеңгі сағат 11-12-ге дейін. Тамақтан соң 1 сағаттан кейін ғана күнге қыздырынады. Күнге күю жасы келген адамдарға, 2 жасқа дейінгі балаларға, созылмалы жүрек ауруы бар адамдарға, жүйке қантамыры ауруынан зардап шегушілерге пайдалы емес.

Шынықтырудың  ұрпақ денсаулығына берері мол

«Адам денесінің жетілуі-денсаулығы: егер дені сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау  болмаса, онда денді  сауықтыру керек. » 
Әбу-Насыр әл-Фараби
 
Дені сау ұрпақ тәрбиелеп өсіру әрбір ата-ананың міндеті.Сондықтан, кез келген ата-ана сәбидің дене саулығына – дұрыс-өсіп дамуына, психикалық саулығына- ақыл-ойының дұрыс жетілуіне назар аударып, қадағалап отыру керек. Адамның денсаулығы бала күнінен қалыптасады . Денсаулықты қаншалықты сақтап, шынықтырса , ол соншалықты мықты болады. 
Баланың денсаулығын қалыптастыратын бірнеше факторлар бар.Солардың ішіндегі бала денсаулығын қалыптастыруға жол ашатын негізгі шаралардың бірі – бала ағзасын шынықтыру. 
Шынығу дегеніміз ағзаның қоршаған орта факторларына, әсіресе, метерологиялық факторларға қарсы тұру мүмкіндігін арттыратын ем шаралар (процедуралар) жүйесін айтамыз.Сонымен, табиғаттың өзінің табиғи факторларын қолдана отыра ( ауа, су, күн ), ағзаның қорғаныс қабілетін арттыруға, патогенді микроорганизмдерге қарсы тұру қабілетін күшейтуге, және ағзаның функционалды жағдайының жоғарлауына жол ашады: жүрек-қантамыр, тыныс алу жүйесінің қызметі жақсарып, терморегуляция үрдісі жетіліп, бұлшықет тонусы, негізгі алмасу күшейе түседі . 
Шынықтырудың мынадай түрлері бар: су, ауа, және күн сәулесімен шынықтыру. Баланы шынықтырудың қай түрі болмасын, оның ең негізгі қажет бірнеше ұстанымдарын естен шығармауыңыз тиіс.  
1. баланың көңіл-күйінің дұрыстығы, яғни шынығуды бала өз еркімен қалауы қажет (баланы күштеуге болмайды, ондай іс-әрекет бала денсаулығына кері әсер бермесе, пайдасы болмайды);

2.баланың  жеке бас ерекшелігін ескеру қажет (баланың жасына, денсаулығына көңіл бөлу керек, әсіресе созылмалы аурулары бар балаларды шынықтыруға болмайды);  
3.кез келген шынықтыру шарасын бірте-бірте бастау керек, және шынықтыру факторының күшін аздап күшейтіп отыру керек; 
4. шынығудың жүйелілігі, яғни, шынықтыруды бастаған жағдайда оны үзіліссіз жалғастырып отыру қажет; 
5. шынығу құралдары мен формаларының әртүрлілігі ;  
6.жалпы және жергілікті шараларды үйлестіру. 
Шынығуды спортпен айналысқанда,дене жаттығуларын жүргізгенде біріге отырып жасалуы тиіс.Мәселен таңертеңгі гимнастика, су процедураларымен жалғасса, спорт ойындары мен дене жаттығулары таза ауада өтсе, туристік іс сапар, шаңғы тебу, жаяу жүру әр түрлі метеорологиялық жағдайда жүргізілсе,  
нұр үстіне нұр болар еді. 
Енді шынықтыру түрлері мен ережелеріне тоқталатын болсақ: 
А)Ауамен шынықтыру. 
Ауа қабылдау- жалаңаш денемен ауада болу.Бірден суық ауадан бастауға болмайды, алғашқы сеанстар ,құрғақ желсіз далада, ағаш көлеңкесінде болғаны дұрыс. 
Ә)Күн сәулесін қабылдау 
Ультракүлгін сәулесі басқа табиғи факторлармен салыстырғанда ағзаға аса күшті әсер ететін фактор болып табылады. Таңғы емшара сағат 9-бен 11- аралықтарында жүргізген дұрыс.Күн сәулесін қабылдауды біртіндеп, ұзақтығы 3-5 минуттан, 30 минутқа дейін жеткізу керек. Бала күн сәлесін қабылдағаннан кейін көлеңкеде аздап тынығу керек, және әр бір 6 күн сайын бір күн үзіліс жасап тұруы қажет. 
Б)Сумен шынықтыру 
Сумен шынықтыруды біртіндеп ысқылай сүртінуден бастап, су құюға көшу керек. 
Ысқылай сүртіну – ең алдымен сумен бас- 
ты мойынды , қолды, арқаны ысқылап сүртіп, орамалмен құрғатып, денені қызарғанша ыс- 
қылау керек. Бұдан кейін өкшеге, тізеге, жамбасқа ауысады. Емшараның қалыпты ұзақтығы дене сүртінуді қосқанда 3-4 минуттан аспауы керек. 
Су құю – алғашқы су құю кезінде судың температурасы +34 0 С болуы тиіс, ол біртіндеп +18-160 С-қа дейін төмендейді. Емшараның ұзақтығы дене сүртінуді қосқанда 3-4 минут. 
Душ- екпінді су процедурасы. Шынығу үшін орташа күшпен аққан душты пайдаланады.Емшара денені орамалмен сүртінумен аяқталу керек. 
Ашық су көздерінде шомылу, балаларды шынықтырудың ең тиімді әдісі болып табылады. Таңертең және кешкі уақытта шомылған жөн . Шомылуды бастаған уақытта ауа мен су температурасы +20 0 С-тан кем болмаған уақытта бастаған жөн. Бастапқыда тәулігіне 1 рет, келе-келе 2-3 рет, ал шомылудың аралық уақыты 3-4 сағаттан болғаны дұрыс. 
Қорытынды: Бала ағзасын шынықтыру арқылы суық тиетін аурулардың алдын алуға, бала ағзасының қорғаныс қабілетін жоғарлатуға, және сыртқы ортаның кез-келген температурасына шыдамдылығын арттырып, денсаулығын күшейтуге болады.  
Шынықтырудың әдістері мен тәсілдерін таңдағанда, міндетті түрде медицина қызметкерімен кеңесіп, баланың жасы мен денсаулық жағдайын ескеру қажеттігін ұмытпаңыз.

 
 

Қолданылған әдебиеттер

1. http://www.info-tses.kz

2. http://www.zhardem.kz

Информация о работе Ағзаны шынықтыру Оның қарапайым күтімі мен жаттығуы