Жастар әлеуметтануы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 20:03, реферат

Описание работы

Адамзат қоғамы түрлі кезеңдерде қоғамның жастар проблемалары ретінде айқындауға болатын ерекше проблемаларды шешу қажеттілігіне тап болды. Осы проблеманың ерекшелігі мен өзектілігі барлық қоғамды біріктіреді, қоғам жастар арқылы биологиялық және сол сияқты рухани жаңғырады.

Қоғамда демографиялық топтың осы санатын айқындаудың әpтүpлi әдістері бар.

Содержание

Кіріспе 2
Жастар — әлеуметтік-демографияльқ топ. Қылмыстық жасалу проблемалары 2
Білім берудің мәні және функциялары. Қазіргi білім беру
жүйесіндегі үрдістер 7
Қорытынды 10
Қолданылған әдебиеттер 13

Работа содержит 1 файл

жастар әлеуметтануы.проблемалары.doc

— 173.00 Кб (Скачать)

      ЖОСПАР 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

 

    Адамзат қоғамы түрлі кезеңдерде қоғамның жастар проблемалары ретінде айқындауға болатын ерекше проблемаларды шешу қажеттілігіне тап болды. Осы проблеманың ерекшелігі мен өзектілігі барлық қоғамды біріктіреді, қоғам жастар арқылы биологиялық және сол сияқты рухани жаңғырады.

    Қоғамда демографиялық топтың осы санатын айқындаудың әpтүpлi әдістері бар. Маркстік теорияның жақтастары жастарды ұқсас антропологиялық ерекшеліктері және психологиялық қасиеті бар жастық топ ретінде ғана қарамау қажеттілікті талап етеді. Бұл жерде жастардың мәні олардың қоғамдық қатынастардың тарихи айқындалған (жастар таптан тыс санат емес) сипатына негізделген әлеуметтік ерекшеліктері мен белгілерінде болады.

    Басқа көзқарастың жақтастары жастар социологаялық мағынада 
ол жас баланың ролін аса көп ойнамайтын және де сонымен катар 
үлкендердің рөлін толық құқықты тасымадаушы болып табылатын 
адамдар өміріндегі мінез-құқық базасы болып табылады деп санайды 
(Г.Шилский). Жастардың барлық проблемалары кедейшілік 
Құрылымды бейтарап аумақтың» (no men's land) мәртебесіндегі 
үздіксіздік құрылады деп санайтын американ социологы 
Г.Сиболд та осы көзқарасты ұстанды.

Жастар  — әлеуметтік-демографияльқ топ. Қылмыстық жасалу проблемалары

 

    Жастардың соцологиялық теориясында «ұрпақ», «жас ерекшелік табы», «жастық шақ», «жастар», «әлеуметтік жасы келгендік» «қарттық» деген ұғымдар жоқ.

    Сөйтіп, зерттеуші И.Конн «ұрпақ» терминінің көп мағыналығына назар аударады және оның төрт мағынасына көрсетеді.

    Демографияда  жобамен бірдей уақытта туған  адамдардың 
жиынтығын ұрпақ деп санайды. 

    Антропологтар мен заңгсрлер жалпы ата-бабадан  шыққан сатылықты ұрпақ деп айтады.

    Тарихшылар  мен социологтар ұрпақты ата-анасы мен олардың балаларының туған аралыққа тең уақыт аралығы деп санай отырып статистикалық түрде 30 жылға тең деп айқындайды. Бүгінгі күні отбасыныц жасару үрдісі, ата-аналар мен балалардың арасындағы жас ерекшеліктің орташа айырмасының қысқаруы байқалуда, ал дамыған елдерде өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы үш емес, төрт ұрпақтың бірмезгілде өмір сүруіне әкеледі.

    Ұрпақ ұғымы кіретін символдық мағына бар. Онда өмірлік тәжірибе қауымдастығыньң, куәлары мен қатысушылары адамдар болған тарихи оқиғалар» туралы естеліктердің кейбір қалыптасқан жалпы әдеттердің, байлардың, дәстүрлердің, өмір заңының, тіпті талғам мен көңіл ауудың да ерекше маңызы бар. Бірақ бұл мағынада ұрпақтар арасындағы буын хронологиялық нақты шекараларда жатқан жоқ, онда әлеуметтік бөлініс, сондай-ақ аса маңызды, құндылықтарды айқындайтын тарихи оқиғаларға қатынас үлкен рөл атқарады. Осы мағынада ұрпақтың саны сапалық айқындалуының, әртүрлі ұрпақтың ұзақтығы әртүрлі болуы мүмкін екендігінің қаншалықты болуында.

    Социологиялық түсінікте жастық шақ қашан басталды? Әртүрлі авторлар, жастарды ерекше әлеуметтік-демографиялық топ ретінде сипаттай отырып бұл ұғымды біржақты қолданады. Мысалы, австриялық социолог Л.Розенмайер жастық кезең 13 жастан басталып 24 жаста аяқталады деп санайды. Ғалым осы кезеңнің ішкі жас ерекшелігін және әлеуметтік дифференциациясьн баса айта отырып, қаңдай да болмасын нақты негіз бермейді.

    13 пен 18 жыл аралығыңдағы жас «жасөспірім шақ» ұғымымен біріктіріледі және біршама дәрежеде жаңа белгілерге жеке әлеуметтік тәртіптің нысандарына әкелетін биопсихологиялық дамумен сипатталады. Бірақ адамды балалық щақтан бөлетін демаркациялық сызық 18 жаста өтеді. Бұл жас көптеген елдерде құқықтық дербестіктің басталуымен сипатталады, яғни ересектермен қалыпты теңестірумен және заңды құқықтарды көрсетумен: еңбек үшін тең ақы төлеу, армияда қызмет ету, некеге отыру, сайлауға қатысу.

    18 және 24 жыл арасындағы жаста жастардың отбасылық, кәсіби және құқықтық мәртебесі бойынша дифференциация неғұрлым нақты болады. Осы кезеңді Л. Розенмайер «жас ересектер» деп айтады.. Егер бірінші кезеңде бұл кейбір кезде біртекті топ болса, онда 18 және 25 жас аралығындағы халық гетерогенді (біртекті емес). Бүл құрдастар тағдырының айырмашылығына байланысты әлеуметтік біртектілік емес және социологтар үшін ерекше мүдде.

    Жастық  шақта әлеуметтік рөлдерді белсенді игеру процесі болады. Олардың саны олар бәсең игерілетін немесе тоқтатылатын белгілі бір «толығу» шегіне жылдам жақындайды.

    Социолог  В.Н. Боряз «толығу» шегі жастық шақ деп түсінуге болатын жас ерекшелік кезеңдерінің шеңберіне жатады деп есептейді. Ал одан әрі — әлеуметтік есею кезеңіне кіру. В.Н. Боряз жастар санатын айқындауға арналған аса кең шекараларды ұсынады, ол осы топқа 14-33 жас аралығындағы адамдарды кіргізеді.

    Көптеген социологтар адам жасы тек «есептегіш», өмір сүрген 
жылдың көрсеткіші ретінде ғана қаралуы мүмкін еместігі туралы 
көзқарасты жақтайды. Оның жеке адамның даму процесінің 
динамикасын зерттеуде елеулі мәні бар. Әлеуметтік құрам, 
қажеттілік пен мүдде, мақсаттар мен өмір сүру жоспарлары, іс- 
әрекеттің нәтижелері мен перспективалар әрбір алдыңғы кезеңде 
дайындалады. Сондықтан зерттеушілер жеке тұлғаны бүкіл өмір 
бойындағы тұтастықта зерттеуді ұсынады. 

    Мәселе, әдетте, адам ең жоғарғы жетістіктерге ересек шағында жететіндігіне қарамастан, осы жетістікке дайындық жастық шақта болатындығында. Сондықтан социологтар кульминацияның Спартаға, ал іс-әрекет спартасының жеке тұлғаны тәрбиелеу тарихына белгілі бір тәуелділігі бар екенін атап айтады.

    Адам  жасының қоғамдық функциялармен  байланыс идеясы ғылымда бірнеше рет атап көрсетілді. Ол адамньң өмір циклін әлеуметтік кезеңдендіру негізінде жатты. Адамның барлық өмір циклін біртұтас етіп байланыстыруға ұмтылыс А. Шопенгауэрдің «Адамның жастары туралы» еңбегінде нақты көрсетілген, онда ғалым өмір жолын екі қатарлы кезеңге бөледі, ал олардың әрқайсының өзіндік ерекшеліктері және белгілері бар.

    Аналогия  үшін ІПопенгауэр мифологиядағы құдайлардың аттарына сүйенді. Алғашқы онжылдықта Меркурий үстемдік жасайды, адам өмір жолымен тез және жеңіл жүреді, бірақ оның көңіл-күйі түрлі ұсақ-түйекке байланысты өзгермелі болады. Осы жылдардағы оқу, ойындар қозғалмалы. 20 жылдары махаббат құдайы Венераның патшалығы басталады, ол оның барлық тіршілігіне үстемдік жасайды. 30 жылдары оны Марс ауыстырады, ол адамға табандылық, батырлық, күш, батылдық, жауынгерлік әкеледі. Ол оны өжет болуға, тәуекелділікке шақырады. Адам 40 жасында Церердің үстемділік күшінде пайдалылыққа бас иеді. Веста оған үй ошағын береді, Паллада білім мен даналық сыйлайды, Юнона сияқты оның үйінде ханым-зайыбы билік жасайды. 50 жасында Юпитер билік көрсетеді, адам өзінің күшінен ләззат алады, ол тәжірибе мен білімге бай, беделге ие, басқаруға икемді. Бірақ 60 жылдары оның өмірінде Сатурн өзінің қорғасындай ауыртпашылығымен, баяулығымен және солғыңдығымен әсер ете бастайды.

    Шопенгауэр  өмірдің бірінші жартысының сипаты бақытқа ұмтылудың қанағаттаңдырылмауымен айқындалатынын, ал екінші жартысына тән ерекшелік — бақытсыздықтан қорықпау екенін айтады. Бұл ретте философ адамның оның жасына қатысты уақытты қабылдауындағы айырманы атап көрсетеді. Жасөспірім шақта сағаттың өтуі қарттық шақтағыдан гөрі ұзағырақ болады. Жастық шақта адам көптеген қауіп пен толқуды бастан кешіреді, оның көңіл-күйі масаттану мен энтузиазмнен бастап жабырқаушылық пен көңілсіздікке дейін өзгеріп отырады. Қарттық шақта азапқа түсумен оның құмарлығы басылады, көңіл-күйі неғұрлым тұрақты және селқос болады, ал егер денсаулығы жақсы сақталса, онда адам аса ауыртпашылыққа тап болмайды, ол қамтамасыз етілгенін, қолайльлықты жақсы көреді, тыныштықты қалайды.

    Шопенгауэр  аса маңызды кезең ретінде жастық шаққа ерекше мән береді. Ғалым бәрі де адамдардың жасөспірім шақтың жылдарын қалай пайдаланатына қатысты екені атап керсетті. Есейген жылдары олар әлемге көбірек әсер ете алады, жетіле түседі, сыртқы әсерге бағьнбайды. Есейген шақ — іс-қимыл жасау және шығармашылық кезеңі, жасөспірім шақ — алғашқы масаттану және бірінші таным уақты. Жасөспірім шақ, жемісті тек жоғары бөлігі беретініне қарамастан, өнімін тек шыңы таным: ағашының түбірі болып қалады.

    Қазіргі қоғам жүз, екі жүз жыл бұрынғыдай жастарға, оның мүдделеріне, құндылықтарына, іс-қимыл тәртібіне киім үлгісіне бір жақты қарамайды. Үлкен ұрпақ жастардың пікіріне, оның өзіне және оның проблемаларына тереңірек қарайды. Ал олар бүгін мүдлем қарапайым емес. Экономикалық бслсенді тұрғындардың халықтың жалпы құрамындағы үлесінің төмендеуі неғұрлым қарқынды белігі — жастар есебінен болады. Бүгін жұмыспен қамту қызметіне өтініш жасайтындардың әрбір екіншісі жастардың өкілі 1(16-29 жас).

    Олардың жартысынан азы ғана жұмыспен қамтылады. Сондықтан жастардың экономикалық іс-әрекеттегі үлесі халық шаруашылығында жұмыс істейтіндердің жалпы санының 24 процентін ғана құрайды. Жұмыссыз жастардың саны 1993 жылдың басында жұмыссыздардың жалпы санының 54 процеңтін құрады. Бүгінгі күні мемлекет тарапынан жағдайды өзгерту үшін үнемі әрекет жасалып отырса да бұл санның аса көп өзгерісі болмады. Осындай шаралардың бірі жастар кәсіпорыңдарын, кооперативтерді, құру, олар үшін салық жеңілдігін жасау көзделген жастардың кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау жөніндегі шаралар болды. Басқа да шараларда жеке тұрғын үй салуға және сатып алуға, жүруге жеңілдікті несиелер, жоғары білім алуға, жас отбасылары үшін арнайы қызмет құруға несиелер беру көзделді. Дегенмен жалпы экономикалық қиындықтар мемлекет мәлімдеген саясатты материалдық қамтамасыз етуге кедергі болды.

    Жастардың әлеуметтік және экономикалық жағдайының 
нашарлауы олардың әлеуметгік өмірдегі қылмыстық ұяларға одан 
әрі тартылуынъң басты себебі болуы мүмкін.

    Проблеманы  зерттеушілер 1990 жылдан бастап қылмысекрлер қатарьның жасарғанын атап керсетеді. Мысалы, бүгінгі күні Ресейде қылмыскерлердің жартысы (54 проценті) — 14 пен 30 жас арасыңдағы жастар, барлық қылмыскерлердің жетіден бір бөлігін 14|18 жастағы кәмелетке толмағандар құрайды. Қазақстанда тиісінше — 50,9 және 6,9 процент75. 1999 жылы ҚР полиция қызметкерлері 148 мыңға жуық кәмелетке толмаған қылмыскерлерді ұстаған, бұл 1998 жылға қарағанда 10 мыңға көп. Жоғары оқу орындарының қылмыс жасаған студенттері 40 проценте жуық, ал мсктеп, лицей және гимназиялардың оқушылары — 23 процентке көбейді.                      Жасөспірімдер жене жастар жасаған қылмыстың айрықша ерекшелігі соңғы жылдары жеке бас мақсатында болып отыр. Ұрлық, автокөлікті айдап кету, тонау, ұрып кету, бұзақылық - бұлар кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстың өзіндік «жиынтығы». Ең қорқыныштысы қылмыс өте аяусыздықпен жасалады. Мұндағы барынша «еңбек» электрондық бұқаралық ақпарат құралдарына тиесілі, олардың арналары бойынша жауыздық пен қатыгездік жаппай ағынмен беріледі. «Ең басты батырдың» жүйелі түрде гүлденуі өмірдің жетістіктеріне күшпен ғана қол жеткізетін жастардың сенімін қалыптастырады.

    Жасөспірімдердің делинквенттік мінез-құлқы «ересек» қылмыстық мінез-құлықтың заңдылықтарына сәйкес келмейді. Жасөспірім істегенін жоққа шығармай, жиі түрде өзінің кішісін мойындайды немесе іс жүзінде жоққа шығармайтын құқықтық, тыйым салуды бұзады. Осыңдай мінез-құлықты түсіңдіру үшін бейтараптық теориясына жүгінеді, оның мәні жасөспірімнің өзіне қатысты жеңілдету жағдайларынын іс-әрекетін санасыз түрде кеңейтуге, өзінің әрекетін ақтауға және тіпті оның тиімділік элементтерін енгізуге ұмтылады. Сұраулар жасөспірімдсрдің көпшілігі өзінің қылмысыньң себебін сыртқы жағдайлардан көретіндігін айтады, құрылғандардың ширегі осыңдай жағдайда кім де болмасын осыған баратындығына сенімді. Келтірліген зиянды қате бағалау да жөн.

    Өзінің мінез-құлқына осылайша қарау біршама дәрежеде заңдық практиканың және құқықтық тәрбиенің ерекшеліктерімен негізделеді, бұл жасөспірім қылмыскерлерде өзіне жаза қолданылмайтыны туралы түсінікті қалыптастыруға жиі әкеп соғады және бұл қылмыстың «жасару» себептерінің бірі болып табылады. Рецидивтер ықтималдығы өсуде. «Жазаңызды өтеп келгеннен кейін қылмыс жасайсыз ба?» деген сұрақтың жауабы да қарапайым: «Жоқ» — деп сұралғандардың тек 45% ғана жауап берді, «Қалай боларын білмеймін» — деп кәмелетке толмаған қылмыскерлердің 32-сі жауап берді.

Білім берудің мәні және функциялары. Қазіргi білім беру 
жүйесіндегі үрдістер

 

    Бүгінгі күні жастардың көп бөлігі білім  алуда (орта, жоғары).

    Осы әлеуметтік институт білім беру социологиясын зерттейді, ол 
социологиялық білімнің білім беру жүйесінің әлеуметтік жүйе 
ретінде қалыптасуыньң және дамуыньң, сондай-ақ оңың қоғаммен 
өзара әрекеттестігінің заңдылықтарын зерттеу мәні болып 
табылатын саласын білдіреді.

    Қазіргі білім берудің қалыптасуының ұзақ тарихы бар. Адамзат қоғамының әр түрлі даму кезендеріңде нақты әлеуметтік-мәдени контекске негізделген білім берудің әр түрлі үлгілері құрылған. Құл иеленушілік қоғам екі үлгімен көрінді: антикалық және римдік. Бұлар әртүрлі үлгілер болды, олар үшін білім берудің элитарлығы жалпы болып табылды, ғылыммен және өнермен айналысу еркін туғандардың артықшылығы болып саналды.

    Антикалық үлгіде ежелгі гректер білімнің практикалық қосымшасын лайықты емес сабақ деп қарастырған кезде әр түрлі өнер мен философиялық оқуға басымдық берілді. Антикалық білім алуда білім алудың еріктілік және еркінділік принциптеріне ерекше мән берілді. 

Информация о работе Жастар әлеуметтануы