Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2011 в 20:40, курсовая работа
«Стратификация» термині латынның stratum - жік, қатпар және facio – істеймін деген сөздерінен шыққан.
Әлеуметтік стратификация дегеніміз қоғам мүшелерінің материалдық байлықты, табысты, артықшылықты, мәртебені, билікті, құқық пен міндеттерді иеленуінің бірдей болмауынан көптеген әлеуметтік топтарға, таптарға бөлінуі.
Әлеуметтік стратификация — әлеуметтанудың орталык, такырыбы. Ол қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоғамдық кұрылымды мәртебелердің жиынтығы арқылы, қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы, және т.б. арқылы құрылады. Қарапайым қоғамда мәртебелер саны аз және енбек бөлінісі деңгейі төмен болады, ал казіргі замандағы қоғамда — мәртебелер көптеп саналады және еңбек бөлінісін ұйымдастыру деңгейі де әлдеқайда жоғары.
Әлеуметтік кұрам әлеуметтік стратификацияға айналады - вертикаль-ды тәртіппен орналаскан әлеуметтік жіктердін, жиынтығы, дәлірек айтканда кедейлердің, ауқаттылардың, байлардың жиынтығы.
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
Негізгі бөлім
1. Қоғамда әлеуметтік старификацияның жиынтығы
2. Әлеуметтік стратификация теориясы және оның мәні
3. Қоғамдағы жастар арсындағы стратификация мәселесі
4. Әлеуметтік стратификация және қазіргі қоғамдағы сипаты
5. Қазақстандағы әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік мәселесі
Жұмысшы
табының қазіргі кездегі
Төменгі тап – құрамы жағынан сан алуан. Оларға арнайы мамандықтары жоқ жұмысшылар, жұмыссыздар және люмпендер (қайыршылар, босқындар, қылмыскерлер) жатады. Бұлардың көпшілігінің құрақты табыс көздері болмағандықтан, олар абсолюттік кедейшілік жағдайда өмір мүреді.
Сонымен,
әлеуметтік стратификация кез келген
қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғам
мүшелерінің арасындағы жаппай теңдік
орнататын эгалитарлық (француз тілінде
– теңдік) қоғам орнату мүмкін емес екендігін
әлемдік даму тәжірибесі дәлелдеп отыр.
Кесте-1.
Жастар әлеуметтенуінің
ерекшелігі
|
5. Қазақстандағы әлеуметтік
стратификация және
әлеуметтік мобильділік
мәселесі
Көпшілікке мәлім, нарықтық экономика меншіктің алуан түрлігігін қажет етеді. Ал,осы жағдай Қазақстанның әлеуметтік құрылымына зор әсер етті, өйткені меншік нысананың алуан түрлілігі жалпы экономиканың одан әрі бөлшектелуін күшейтті, яғни қоғамдық меншікті жекешелендіру процесі басталды. Осыларға сәйкес меншіктің жаңа типтері қалыптасуда. Олар: жек, корпоративтік, акционерлік, ұжымдық, жартылай жеке, жартылай мемлекеттік, т.б. Орта, кішігірім мекемелерге, сауда үйлеріне, мейрамханаларға, дүкендерге, әр түрлі акционерлік қоғамдарға қожалық ететін иелер пайда болды.
Республикада меншік иелері табы әлі қалыптасу үстінде болғандықтан, оның көлемін санмен көрсету әзірге қиын.
Сонымен, Қазақстан ірі орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын бизнесмендер тобы қалыптасып келеді.
Кәсіпкерлік – бұл заңды әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Кәсіпкерлік немесе бизнес қоғамның ілгерлеп дамуына елеулі ықпалын тигізеді. Сондықтан еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік тұрақтануында ірі, орта және шағын бизнестің рөлі зор.
Академик
К.А. Сағадиевтің пікірі бойынша, Қазақстан
Республикасындағы
1- топқа: номенклатуралық бизнес жатады, яғни бизнесмендердің бұл тобы өздерінің жоғары билікпен байланыстарын пайдаланып, мемлекеттік, несиелер алудың арқасында байлыққа, меншікке ие болған;
2-
топқа табиғатынан бизнеске
3-топқа
кәсіби бизнестің өкілдері
4-топқа жаппай бизнес жатады. Бұл топтағы адамдар қолда бар кез келген мүмкіндікті бизнес жасауға пайдаланады. Бұл топтағы адмдардың капиталының болмауы бизнесте көптеген қиындықтарды тудырып отыр. Соған байланысты олардың табыстарының өлемі де айтарлықтай емес.
Республика меншік иелері табынан басқа да таптар мен әлеуметтік топтар бар. Жалпы алғанда, қазіргі Қазақстан қоғамында бір таптың, топтың, жіктің екінші бір тапқа, топқа, жікке ауысуы жиі болып отыр. Әрине, мұндай ауысу процесі Кеңес Одағы кезінде де болған. Біздің Қазақстан елінде бұл құбылыстың тік және көлденең сызықтары арқылы даму түрлері біршама айтарлықтай болып отыр. Бұларға қосымша әрбір таптың, топтың іштей бір-біріне өту, ауысу жиі кездеседі. Мысалы, республикада бұдан 4-5 жыл бұрын орташа табысы бар немесе кедей адамдар қазіргі уақытта бай коммерсанттарға, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, банкирлерге айналды, көбі өз алдына мекме, мейменхана, дүкендердің, т.б. қожайындары болды. Бірақ, бұлардың кейбіреулері қайтадан кедйшілікке ұшырап, қарыздар болып, төмен түсті. Өмірде мұндай жоғары көтерілу немесе төмен түсіп кету жиі болып тұрады. Мұндай құбылыстардың болып тұруы республика экономикасының тұрақсыздығынан болады.
Әлеуметтік мобильдік басқа да көрсеткіштерде кездеседі. Мысалы, жұмысшы немесе кеңсе қызметкері өздерінің мамандығының өсуіне және жаңа мамандық алуына байланысты екінші бір жоғары топқа өтуге тырысады. Қазақстанда бір әлеуметтік жағдайдан вертикальды жоғары бағытта екінші әлеуметтік жағдайға ауысу қарқыны төмен. Өйткені біздің өндіріс орындарымыз дағдарыста, олардың көпшілігі көптеген жағдайларға байланысты жұмыс істемей, тоқтап тұр. Осылардың нәтижесінде жұмысшылар мен қызметкерлер жұмыс орындарынан, мамандықтарынан, т.б. айырылып отыр.
Әлеуметтік мобильдік өкімет мекемелерінде де орын алады. Бұлар саясаттың өзгеруіне, парламенттің, үкіметтің, жергілікті басқару ұйымдарының жиі ауысуына, саяси реформалар мен басқарудың жаңа оңтайлы түрлерін іздестірумен, т.б. тікелей байланысты. Соның нәтижесінде біреулер бүгін министр немесе депутат болса, ертең жәй қызмет атқаруға мәжбүр болады немесе жұмыссыздар қатарына қосылады. Бұл процесс дамыған Еуропа елдерінде 2-5%-дан артпайды. Ал, ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда бұлар 15-25 %-ға дейін көтерілген.
Қалалардағы тұрмыстық қызмет көрсету саласында жұмыс, қызмет істеушілердің саны көбеюде. Кейбір дамыған елдерде бұл салада 50%-дан астам жұмысқа қабілеті бар адамдар істейді. Бұл құбылыстың да алуан түрлі себептері бар. Олардың бастылары: көптеген өндіріс орындары ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін, әсіресе, автоматтандыру, кибернетиканы кеңінен қолданып, көптеген жұмыс қолын өндірістен босатты, олар жұмыссыз қалды. Сондықтан олар тұрмыстық, қызмет көрсету саласында еңбек етіп жүр. Меніңше, ХХІ ғасырда дүние жүзіндегі халықтың басым көпшілігі осы салада жұмыс істеуге мәжбүр болатын түрі бар.
Қазақстанда да халықты осы салада жұмыс істеуге ықпал ететін кейбір жағдайлар төбе көрсете бастады. Әрине, біздің елде де тұрмыстық қызмет көрсететін мекемелердің (қонақ үйі, ресторан, дүкен, сән, сауда үйлері, денсаулық сақтау кешендері, казино, туризм, санаторий, т.б.) көлемі ұдайы өсуде.
Дүние
жүзінің дамыған елдерінде
Ғылыми әдебиетте қоғамның страталарға жіктелуінің басқа да өлше,мдері кездеседі. Ғалымдардың көпшілігі стратификациялық құрылымның негізі адамдар арасында болатын табиғи және әлеуметтік теңсіздік екеніндігін мойындайды. Осы теңсіздік деген өлшем қоғам адамдарының біреулерінің басқалардан жоғары, екінші біреулерінің төмен орналасуына ықпал етеді. Табиғи теңсіздік адамдардың табиғи жаратылыстарына байланысты (жыныс, жас мөлшері, темперамент, терісінің түсі, бойы, ақыл-ойының деңгейі) ерекшеліктерінен туындайды. Мәселен, ақыл – парасатымен, күш – қайратымен ерекшеленетін адамдар көпшілікке ықпал етіп, оларды өзіне бағынышты етуге ұмтылады.
1997-1998-жылдары
жүргізілген әлеуметтік
Бүгінгі таңда жастардың құндылықты бағдарлануын зерттеген Абдраймова Г.С. мынадай мәселелерді анықтады. Жастардың жеке өмірге бағдарлануында құндылықтар жүйесінде – ақша, материалдық сәттілік бірінші орында тұрғандығы білінген. Дегенмен, жастардың 56 % өздерінің еңбегімен материалдық игілілікке жетуге болады деген тоқтамға келген. Ал 27 % жастар еңбектен гөрі, статусты «ақшалы» мамандықтарды материалдық игілікке бастар жол ретінде көрсетеді. Сонымен қатар, мансап жасау, жұмыстағы сәттілік секілді бүгінгі жастардың бойында индивидуалистік қасиеттер басым. Дегенмен, отбасы бақытын жастардың 52 % өмірдің маңызы деп түсінеді. Бұл көбіне 18-19 жас аралығындағылардан гөрі, 25 пен 29 жастағылар үшін көбірек маңызды. Ал отбасы құру мәселесінде көпшілік жастар ата-анасына қаржылай тәуелсіздік жағдайы, жеке көлемді табыс болуы керек екендігін атап көрсеткен. Ал жас отбасы ата-анасынан бөлек тұрғаны дұрыс деп есептейді (тек 7 пайызы ғана ата-анамен тұруға келіскен). «Сізге бақыт үшін не керек?» деген сұраққа 39 % жеткілікті деңгейде қаражат, 35 % махаббат, 18 % сенімді дос, ал 8 % аман-есендік деп белгілеген. Ал бос уақытты тиімді пайдалану мәселесінде жас ерекшелікте айырмашылықтар пайда болды. Ересектерінде бос уақыт аз болса, жастарында көп болып шықты. Бос уақытты пайдалану мәселесінде «ештеңе жасамау» көрсеткіші жоғары болып отыр.
Ал
«Қаншалықты Сіз театр, концерт,
музыкалық үйірме. т.б. жиі барасыз?»
деген сұраққа оң жауап бергендердің
де үлес салмағы аз. Ал жастардың мінез-құлық
қалпытасытыруы мен өмірді қабылдауында
теледидар ерекше орын алады. Мәселен,
тек 11 % жастар жарнамаға назар аудармаушылықпен
қарайды, 15-20 % жастарға барлық ролик, клиптер
қызық. Профессор Абдрайымованың пікірінше,
бүгінгі қазіргі замнағы жастар алдыңғы
буынға қарағанда өте күрделі кезеңде
өсіп жетіліп келеді. Сондықтан жастарға
бағытталған мемелкеттік саясат біріншіден,
қоғамдық өмірдің маңызды салаларын: денсаулық,
білім беру және тәрбие салаларын қамтуы
керек. Бұл бағытта мемлекеттік жастар
саясат жүйелі жұмыстар атқаруы керек.
Қорытынды
Жастар - жасына қарай сипаттамалары жиынтығының, әлеуметтiк жағдайлар ерекшелiктерiнің негiзiнде бөлiнетiн және қоғамдық құрылыспен, мәдениетпен, әлеуметтендiру заңдылықтарымен, осы қоғамды тәрбиелеумен айқындалатын, сол немесе басқа да әлеуметтiк-психологиялық қасиеттермен ескерiлген әлеуметтiк-демографиялық топ; қазiргi заманғы жастардың жасына қарай 14-тен 25 жасқа дейiнгiлердi қоса алғанда Қазақстанда 14-29 жастағы жастар үлесi 2009 жылғы 1 қаңтарда халықтың құрылымында 29,2% құрады, бұл 4 358 925 адамды құрайды, оның iшiнде экономикалық жағынан белсендi халық 2406775 адам болып табылады.
«Стратификация» термині латынның stratum - жік, қатпар және facio – істеймін деген сөздерінен шыққан.
Әлеуметтік стратификация - қоғам мүшелерінің материалдық байлықты, табысты, артықшылықты, мәртебені, билікті, құқық пен міндеттерді иеленуінің бірдей болмауынан көптеген әлеуметтік топтарға, таптарға бөлінуі.
Біз қоғамының әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары.
Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастыктарға бөлінеді. Олардың бәрі өзара бір-біріне объективті түрде дәнекер болатын әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани байланыстар мен қатынастардан кұралады. Сонымен бірге, олар тек осы байланыстар мен қатынастар шегінде ғана өмір сүреді және қоғамда өздерін көрсете алады. Бұл болса қоғамның тұтастығына, оның біртұтас әлеуметтік организм ретінде өмір сүруіне себепші болады. Мүның мәнін өздерінін теорияларында О, Конт, Г. Спенсер, К. Маркс, М. Вебер, Т. Парсонс және т.б. әлеуметтанушылар ашып берген еді. Қоғамның әлеуметтік қүрылымы — адамдар қауымдастықтарының және әлеуметтік топтарының арасындағы экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани өмір жағдайларының байланыстары мен қатынастарының жиынтығы.