Стратификация

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2011 в 20:40, курсовая работа

Описание работы

«Стратификация» термині латынның stratum - жік, қатпар және facio – істеймін деген сөздерінен шыққан.
Әлеуметтік стратификация дегеніміз қоғам мүшелерінің материалдық байлықты, табысты, артықшылықты, мәртебені, билікті, құқық пен міндеттерді иеленуінің бірдей болмауынан көптеген әлеуметтік топтарға, таптарға бөлінуі.
Әлеуметтік стратификация — әлеуметтанудың орталык, такырыбы. Ол қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоғамдық кұрылымды мәртебелердің жиынтығы арқылы, қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы, және т.б. арқылы құрылады. Қарапайым қоғамда мәртебелер саны аз және енбек бөлінісі деңгейі төмен болады, ал казіргі замандағы қоғамда — мәртебелер көптеп саналады және еңбек бөлінісін ұйымдастыру деңгейі де әлдеқайда жоғары.
Әлеуметтік кұрам әлеуметтік стратификацияға айналады - вертикаль-ды тәртіппен орналаскан әлеуметтік жіктердін, жиынтығы, дәлірек айтканда кедейлердің, ауқаттылардың, байлардың жиынтығы.

Содержание

ЖОСПАР
КІРІСПЕ

Негізгі бөлім

1. Қоғамда әлеуметтік старификацияның жиынтығы


2. Әлеуметтік стратификация теориясы және оның мәні


3. Қоғамдағы жастар арсындағы стратификация мәселесі
4. Әлеуметтік стратификация және қазіргі қоғамдағы сипаты



5. Қазақстандағы әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік мәселесі

Работа содержит 1 файл

Стратификация.doc

— 142.00 Кб (Скачать)
     
 
 
 
 
 
                          ЖОСПАР  
КІРІСПЕ
     
Негізгі бөлім    
 
1. Қоғамда әлеуметтік старификацияның жиынтығы

 

 
2. Әлеуметтік  стратификация теориясы және оның мәні  
     
     
3. Қоғамдағы жастар арсындағы стратификация  мәселесі  
4. Әлеуметтік стратификация және қазіргі қоғамдағы сипаты  
 
     
     
5. Қазақстандағы әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік мәселесі

 

 
     
     
ҚОРЫТЫНДЫ  
   
 
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

   Қазіргі нарықтық экономика жағдайында қазақстанның әлеуметтік құрылымы бұрын-соңды болмаған күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Егемендік ,  тәуелсіздік алған уақыттың ішінде республиканың әлеуметтік құрылымында жаңа  таптар, топтар, жіктер пайда болды. Олар:  бизнесмендер,  кәсіпкерлер,  фермерлер , банкирлер, алуан түрлі жеке фирмалардың,  дүкендердің,  қонақ үйлерінің, мейрамханалардың, т.б. жеке меншік иелері. Тіпті бұдан басқа да өзгерістер бар. Мысалы, бұрынғы Кеңес дәуіріндегі таптар мен әлеуметтік топтардың өздері де біршама өзгеріп кетті. Қоғадағы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық топтар екінші бір топтарға ауысы, өтіп жатыр, демографиялық жағдай, ел-жұрттың миграция мәселелері мен үдерістері де ерекше болып отыр. Жалпы алғанда, негізінде табысқа және экономикалық жағдайға байланысты қоғамда топқа, жікке бөлінушілік күшейе түсуде. Осылардың нәтижесінде Қазақстанда ауқатты, дәулетті орташа, кедей адамдар пайда болды. Қоғам  қоғам мүшелерінің бұлайша жіктелуіне меншік формасының өзгеруі, жалпы нарық қатынастарының орын алуы ықпал етті. Әлеуметтік стратификация - қоғам мүшелерінің материалдық байлықты, табысты, артықшылықты, мәртебені, билікті, құқық пен міндеттерді иеленуінің бірдей болмауынан көптеген әлеуметтік топтарға, таптарға бөлінуі.

     Біз қоғамының әлеуметтік құрылымын  сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары.      
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

      1.Қоғамда әлеуметтік стратификацияның жиынтығы

     «Стратификация»  термині латынның stratum - жік, қатпар және facio – істеймін деген сөздерінен шыққан.

       Әлеуметтік стратификация  дегеніміз  қоғам мүшелерінің материалдық  байлықты, табысты, артықшылықты, мәртебені,  билікті, құқық пен міндеттерді  иеленуінің бірдей болмауынан  көптеген әлеуметтік топтарға, таптарға бөлінуі.

     Әлеуметтік  стратификация — әлеуметтанудың орталык, такырыбы. Ол қоғамның түрліше  әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоғамдық кұрылымды мәртебелердің жиынтығы арқылы, қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы, және т.б. арқылы құрылады. Қарапайым қоғамда мәртебелер саны аз және енбек бөлінісі деңгейі төмен болады, ал казіргі замандағы қоғамда — мәртебелер көптеп саналады және еңбек бөлінісін ұйымдастыру деңгейі де әлдеқайда жоғары.

     Әлеуметтік  кұрам әлеуметтік стратификацияға  айналады - вертикаль-ды тәртіппен орналаскан әлеуметтік жіктердін, жиынтығы, дәлірек айтканда кедейлердің, ауқаттылардың, байлардың жиынтығы.

     Адамдар әрдайым қозғалыста болып, өздерінің  мәртебесін өзгертіп отырады. Қаржы  буржуазиясы жер аристократиясының  орнына келіп, оны алмастырды, казіргі өндірісте біліктілігі шамалы мамандықтарды «ақ жағалылар» деп аталатындардың өкілдері - инженерлер, программистер, роботталған кешендердің операторлары ығыстырып шығарды. Соғыстар мен революциялар қоғамнын әлеуметтік қүрылымын кайта жасап, пирамиданың шынына кейбіреулерді көтерсе, баскаларын төмендетті. Олар казір де жүріп жатыр, партиялық элитаны бизнес-элита келіп алмастырды.

     Өрлеу мен кұлдыраудың арасында белгілі  бір асимметрия бар: бәрінің де көтерілгісі  келеді және ешкімнің әлеуметтік сатыда төмендегісі келмейді.

     Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастыктарға бөлінеді. Олардың бәрі өзара бір-біріне объективті түрде дәнекер болатын әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани байланыстар мен қатынастардан кұралады. Сонымен бірге, олар тек осы байланыстар мен қатынастар шегінде ғана өмір сүреді және қоғамда өздерін көрсете алады. Бұл болса қоғамның тұтастығына, оның біртұтас әлеуметтік организм ретінде өмір сүруіне себепші болады. Мүның мәнін өздерінін теорияларында О, Конт, Г. Спенсер, К. Маркс, М. Вебер, Т. Парсонс және т.б. әлеуметтанушылар ашып берген еді. Қоғамның әлеуметтік қүрылымы — адамдар қауымдастықтарының және әлеуметтік топтарының арасындағы экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани өмір жағдайларының байланыстары мен қатынастарының жиынтығы.

     Қоғамның  әлеуметтік құрылымынын даму негізіне: 1) қоғамның еңбек бөлінісі; 2) өндіріс құрал-жабдықтарына және оның өніміне меншік қа-тынастары жатады. Қоғамдық еңбек бөлінісі - әлеуметтік топтардың, тап-тардың, кәсіби топтардың, сонымен бірге қала мен ауыл адамдарынан, ой еңбегі мен дене еңбегі өкілдерінен тұратын үлкен топтардың пайда болып, одан әрі өмір сүрулеріне себепші болды.

     Өндіріс құрал-жабдықтарына деген жеке меншіктік қатынастар қоғам-нын осы ішкі бөліністеріндегі оның экономикасын және ішінара қалыптаса бастаған құрылымды нығайтады. Қоғамдық еңбек бөлінісі де, меншік катынастары да қоғамның әлеуметтік құрылымы дамуының объективті әлеуметтік-экономикалык алғышарттары болып табылады.

     Қоғам өмірінде әр түрлі қызмет түрлерінің пайда болуына, материалдық өндірістің және рухани мәдениеттің дамуларына еңбек бөлінісінің белгілі дәрежеде елеулі ықпал ететінін кезінде Огюст Конт, Эмиль Дюркгейм, Питрим Сорокин және т.б. дәлелдеген болатын. Тарихи процестегі қоғамдық еңбек бөлінісінін рөлі жөніндегі кең аукымды ілім, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік құрылымының дамуы жөніндегі тұжырымдама ретінде марксизмнің әлеуметтік-экономикалык теорияларында да орын алған еді. Марксизм теориясы жеке меншіктің осы процестегі рөлін де ашып берді.

     Коғамның  әлеуметтік кұрылымының негізгі элементтеріне: қоғамдық еңбек бөлінісі, өндіріс құралдарына деген жеке меншіктік катынастар және қоғамдық өнімді бөлуде соған ортақтасатын әр түрлі таптар жатады. Оларды осылайша түсіндірудің қажеттілігін әр түрлі бағыттың әлеуметтанушылары мойындап отыр:

  • кала мен ауыл адамдары;
  • ой және дене еңбегінің өкілдері;
  • сословие;
  • әлеуметтік-демографиялык топтар (жастар, әйелдер мен еркектер, аға ұрпақ);

     Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор. «Стратта» деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Ал, қоғамға байланысты біздің ана тілімізде қабаттан гөрі «жік» деген ұғымды пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның әр даму сатысына тән түрлі стратталардың болғанын білеміз.

     Қоғамдық  еңбек бөлінісі ой еңбегі мен дене еңбегінің арасындағы айырмашылықтың пайда болуына, соның нәтижесінде қоғамда білімі мен кәсіби деңгейлері жоғары адамдар тобының қалыптасуына ықпал етті.

     Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік иерархияға негізделген  және ол адамдар мен топтардың вертикалды бағытта сатылы орналасуынан көрінеді. Яғни тік сызық бойында бір топтың екінші бір топтан жоғары немесе төмен орналасуы деген сөз.  

          
 

2.  Әлеуметтік стратификацияның теориясы және оның мәні. 

   Әлеуметтік стратификация - қоғам мүшелерінің материалдық байлықты, табысты, артықшылықты, мәртебені, билікті, құқық пен міндеттерді иеленуінің бірдей болмауынан көптеген әлеуметтік топтарға, таптарға бөлінуі.

     Біз қоғамының әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары.    

     Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің  тарихи үш типі белгілі. Олар: а) касталар; ә) сословиелер; б) таптар. Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе ашық және жабық жүйелерге бөлінеді. Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал, мұндай мүмкіндік балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады. Жабық жүйеге Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады. «Каста» - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді. Бұл жүйе 1900-шы жылға дейін сақталып келген. Үнді қоғамында қалытасқан дәстүр бойынша қоғам мүшелері касталарға жіктелген және соған байланысты әлеуметтік статус ата-аналарынан балаларына беріліп, ол өмірлік статусқа айналып отырған. Бұл қоғамда касталардың 4 тобы болған:

  • брахмандар (діни иелері, абыздар), олар халықтың 3%-ын құрайтын;
  • кшатрийлер (әскери адамдар);
  • вайшьтер (саудагерлер), бұл екі топ халықтың 7%-ын құрайтын;
  • шудралар (шаруалар мен қолөнершілер) – 70%-ға жуық;
  • хариджандар – қоғамдағы ең төменгі, ауыр жұмыстарды (ауланы сыпыру, қоқыстарды жинау, тері илеу, шошқа бағу) атқаратын адамдар.

   Қоғамдағы қалыптасқан діни наным мен дәстүр бойынша, жоғары каста мен төменгі каста адамдарының  араласуларына, қарым-қатынастар жасауларына қатаң тыйым салынған. Брахмалық діни наным бойынша, әр адам құдайдың берген тағдырына көніп, өмір бойы сонымен келісімде болуы керек.

   Қазіргі кезде де Үндістанның кейбір аймақтары мен селолық жерлердегі адамдардың мінез-құлықтары және өмір салттарында касталық жүйенің қалдықтары сақталған.

   Сословиелік жүйелер – феодалдық қоғамда  орын алған стратификациялық жіктеу типі. Бұл қоғамдағы адамдар жоғары және төменгі сословиелерге бөлінген. Сословиелік статустар атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған. Жоғары сословиеге дворяндар, дін иелері, ал, төменгі сословиеге – қолөнершілер, шаруалар, көпестер жатқан. Бұл аталған жүйеде бір сословиеден екіншісіне өту шектелгенімен, олардың арасында кейбір жағдайда некенің орын алуы және төменгі сословие адамдарының сіңірген еңбектеріне байланысты билік тарапынан оларға жоғары сословиелік статусты сый ретінде беру сияқты жағдайлар орын алған.

   «Тап» деген ұғым ғылыми айналымға жаңа заманда енді. Әсіресе, XVIII-XIX ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде бұл ұғымның мәні негізделіп, қоғамда таптардың бар екендігін мойындау болды. Бастапқы кезде таптар деген ұғымның саяси мазмұны баса айтылды.  Тек кейін К. Маркс және М. Вебер еңбектерінде қоғамдағы таптық жіктелудің экономикалық себептері мен астарларына терең назар аударыла басталды.

К. Маркс  өз заманында таптар туралы ілімді одан әрі дамытып, өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. Соның нәтижесінде ол әлеуметтік стратияикация теориясына өз үлесін қосты. Ол таптардың пайда болуының экономикалық себептерін ашып көрсетті.бұл себептерге К. Маркс қоғамдық еңбек бөлінісі мен жеке меншіктің шығуын жатқызады. Сонымен қатар К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардың болатынын атап көрсеткен. Негізгі таптар қоғамдағы өмір сүріп тұрған негізгі меншік қатынастарының түрінен туындайды. Сонда: құл иеленушілік қоғамдық-экономикалық формацияның негізі таптары  - құл иеленушілер мен құлдар; феодалдық қоғамда – феодалдар мен шаруалар; капиталистік қоғамда – буржуазия мен жұмысшы табы негізгі таптар болып есептеледі.

     Негізгі емес таптар өткен дуәірден қалған немесе жаңадан қалыптасып келе жатқан қоғамдық-экономикалық формацияның  таптары. Мәселен, капиталистік қоғамда  феодал мен шаруа таптарының сақталуы мүмкін.

К. Маркс  қоғамда негізгі және негізгі  емес таптардан басқа әлеуметтік жіктердің болатынын ескертеді. Әлеуметтік жіктер – таптың белгілерін бойына толық сіңіре қоймаған аралық таптар. Мысалы, жұмысшы ақсүйектерін алсақ, олардың жұмысшылардан артықшылықтары бар, ал, буржуазиядан айырмашылығы – меншік иесі емес. Олай болса бұл тапты өз алдына бір тапқа жатқызу қиынға түседі.

Информация о работе Стратификация