Сексеуілдің түрлері, оны пайдалану жағдайы және сипаттама беру

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 12:43, реферат

Описание работы

Сексеуіл- түрік сөзі , қазақшаға аударғанда «аттың құйрығы » деген мағына береді Ауа райы ыстық, құрғақ болғанда жапырақтары түсіп, төмен қарай иілген бұтақтары шыныменде аттың құйрығына не жалына ұқсайды. Алоэның грекше «халоксилон» атауы «тұздыағаш» деген мағына береді. Оларәбден қурағанда топыраққа өте көп мөлшерде тұз бөлінеді, сондықтан Сексеуілдің діңінің астына көптеген өсімдіктер тіршілікете алмайды.

Работа содержит 1 файл

Айбол.docx

— 43.59 Кб (Скачать)

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Тұғыры биік Қазақ жері ұланғайыр. Өлкеде орманды, далалы, таулы, шөлді, шөлейтті және тағы басқа да табиғи жағдайлар әр түрлі болып келетін аймақтар бар.Міне, сондықтан да Қазақстан өсімдіктер дүниесі бай және олар алуан түрлі деуге болады. Нақты мысал ретінде өзімнің көне көз атамнан күнделікті тұрмыста көріп жүрген сексеуіл туралы білетінімді айтқым келеді.

1. Сексеуіл сілтісінен (яғни күлінен ) ертеде сабынның жоқ кезінде сабын жасаған. Біздің үйде әжем жасаған сабын болатын еді (Сахар-ақ сабын). Қазір әкеле алмай қалдым. Сіздерге келесіде әкеліп көрсетемін деп уәде беремін.

2. Сексеуіл сілтісі мал ауыратын қотыр ауруына ем. Әсіресе майда малға (қой , ешкі, қозы,лақ) Сілтіні теріге сіңіріп сылайды. 4 -5рет жаққанда қотыры түсіп қалады.Мен атамның емдегенін көзіммен көріп атама көмектескенмін.

3. Сексеуіл сілтісі ата көкелеріміз ататын насыбайға да қосылады.

4. Сексеуіл сілтісін үйдегі азын аулақ жерге жүйектеп егетін көкөніс қарығына күзден бастап сеуіп қояды.көктемде топыраққа араластырып кетпендеп, тырмалап көкөністі егеді. Ол жерге арам шөп шықпайды, шықса да аз мөлшерде шығады. Мол өнім береді.

5. Сексеуілдің қызуы көмірмен бірдей тіпті одан артық деуге де болады үй жылытуда.

6. Сексеуіл шоғын ертеде аталарымыз ұста көрігіне, төрт түлік малды таңбалауға (арнаулы темірді қыздыруға) пайдаланған.

7. Қазір көше бойында, базарларда, тіпті сый қонаққа дайындайтын шащликті сексеуіл шоғына қақтаған

8. Сексеуіл шоғына піскен таба нан өте дәмді болады.

Сан ғасырлық тарихы бар қазақ жерін қай саласына қарай ойыса айтсақта мүмкіндігіміз мол. Елімізден 6000-ға жуық өсімдіктер түрлерін кездестіруге болады. Тіпті бірінші орында тұр десекте болады. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішінде мол қасиеті мен маңыздылығымен ерекшеленетін бұта тектес өсімдік сексеуілдің ерекше қасиетін зерттеудің маңыздылығы айтпасада түсінікті деп ойлаймын.Мал бағумен ықылым заманнан айналасқан қазақ халқы өсімдіктердің емдік, дәрілік қасиетін ертеден білген. Сондықтанда осы жүзеге асыру мақсатында сексеуілдің халықтық педагогикасында алатын орны ерекше.

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

«Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары» Б.Мұханов, Т.Мұсақұл, Н.Суворов, Алматы 1966 ж, 46-47 б.б.

 

«Қазақстанның дәрілік өсімдіктері» Ә.Іскендіров, Алматы «Қазақстан» 1982 ж

 

«Жабайы өсімдіктері сыры» Қ.Ж.Сыбанбеков, Алматы Қайнар, 1986 ж, 24 бет

 

«Табиғат және адам» С.Ысқақов, «Қазақстан», «Алматы», 1967ж


Информация о работе Сексеуілдің түрлері, оны пайдалану жағдайы және сипаттама беру