Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 12:43, реферат
Сексеуіл- түрік сөзі , қазақшаға аударғанда «аттың құйрығы » деген мағына береді Ауа райы ыстық, құрғақ болғанда жапырақтары түсіп, төмен қарай иілген бұтақтары шыныменде аттың құйрығына не жалына ұқсайды. Алоэның грекше «халоксилон» атауы «тұздыағаш» деген мағына береді. Оларәбден қурағанда топыраққа өте көп мөлшерде тұз бөлінеді, сондықтан Сексеуілдің діңінің астына көптеген өсімдіктер тіршілікете алмайды.
Сексеуіл- түрік сөзі , қазақшаға аударғанда «аттың құйрығы » деген мағына береді Ауа райы ыстық, құрғақ болғанда жапырақтары түсіп, төмен қарай иілген бұтақтары шыныменде аттың құйрығына не жалына ұқсайды. Алоэның грекше «халоксилон» атауы «тұздыағаш» деген мағына береді. Оларәбден қурағанда топыраққа өте көп мөлшерде тұз бөлінеді, сондықтан Сексеуілдің діңінің астына көптеген өсімдіктер тіршілікете алмайды. Жеті қатжер астынан кен іздеушілер еліміздің заңдары бойынша ормен қорының меншігіндегі аумақта бұрғылау ісін орындауға кірісер алдында сол тұстағы құнарлы топырақ қыртысын залалсыз орынға ішінара белгіленген алқапта,сынған бақтақтарын, қурағандарының санитарлық мақсатта ғана кесуге рұқсат етіледі. Бірақ, кейбір үйлердіңауласында тау-тауболып үйілген сексеуіл дөңкелері оған місе тұтушылықтың, қанағатшылдықтың жоқ екендігін айқын аңғартып тұр.Сексеуіл егістік қорғау ормен алқабын отырғызуда, құмға, әсіресе топырағы тұзданған құмдарға отырғызуға пайдаланылады. Сексеуіл ормандарын мемлекет өз қорғауына алды. Сексеуіл тұқымын кейде самолетпен шашады. «Қаланы құм баспасын десеңіз, далаға сексеуіл егіңіз!» деген сөз бар емес пе? Бүгін де кең-байтақ қазақ жерінің 60 пайызы шөлді аймаққа айналып, топырақтың құнарлылығы төмендеп, тұзданып барады. Сәйкесінше,мал және өсімдік шаруашылығындағы өнімділік азайды. Қоршаған ортаға орасан зор залал келіп, халықтың денсаулығынашарлап кетті.Сондықтан орман-тоғайларды қорғап, өсімдік пен ағашқорын көбейтіп, жасыл белдеулер жасау, табаны құрғап, миллиондаған тонна тұз бен құмы, шаңы мен тозаңы көкке көтеріліп жатқан Арал өңірін көгертуге барынша күш жұмсау қажет. «Балапанды күзде санайды» демекші, шығымдылығы 60 пайызды құраса, мақсатымызға жеткенбіз. Ауа-райы жауын-шашынды болса, сексеуілдің өсуіне қолайлы болар еді. Ең бастысы, тамырланып кетсе, әрі қарай көкке мойнын соза береді. Сексеуіл алқабының ауқымын ұлғайтуға қатысты қажетті жағдайлардың бірі ауа райының қолайлылығына тікелей байланысты екенін білдік. Бұл оны қолдан өндіру. Яғни, піскен дәнін жинап, Алматыдағы арнайы зертханадан сұрыптаудан өткізіп, осы мезгілде айдалған жерге тұқымын себу. Мұның да өзіне тән ерекшелігі, қиындығы бар. Көктемде жердің бетіне қылтиып қана өскен балапан сексеуіл жылдың осы мезгілінде суықтық 7 градустан аспаса және жаз аптабынан аман қалса, одан әрі ызғарға көндігіп,бой алып өсіп кетеді.Өнгені күзде 25 пайыз деп есептелінсе, әрі қарай күтімге алынады.Бұдан төмен болса есептен шығарылады.
Сексеуіл егістік қорғау ормен алқабын отырғызуда, құмға, әсіресе топырағы тұзданған құмдарға отырғызуға пайдаланылады.Жалпы, әлем елдерінде сексеуілдің онға тарта түрі болса, біздің елімізде оның ақ, қара және «зайсандық» деп аталатын үш түрі ғана кездеседі. Ал біздің облысымызда сексеуілдің ақ және қара түрлері кездессе, зайсандық сексеуіл тек Шығыс Қазақстан облысының Зайсан аумағында ғана өседі. Сексеуіл құмды шөлдің қорғаны болып табылады. Олай дейтініміз құмды бекітіп ұстап тұрады.Сексеуілдің жас өскіндері түйеге, қойға жақсы азық. Оның себебі жас бұтақ жапырақтың қызметін атқаратын болғандықтан құрамында малға қажетті барлық органикалық заттар болады және көп суы бар. Бұл малға бір жағынан азық болса, екіншіден сусын.Сексеуіл шөлдің тірі қазба байлығы болып табылады. Оның себебі отқа жаққандағы қызуы жағынан нағыз қазба байлық тас көмірден кем түспейді.Сексеуіл күлінен сақар (тыңайтқыш) өндіріледі .
Сексеуілдер қоршаған ортаның тепе-теңдігін сақтап тұруда ерекше орны бар. Дүлей соққан желден құм көштерін тоқтатады.Сексеуілдерді қорғаныш ететін жан-жануарлар мен жәндіктер қаншама. Әсіресе түз тағылары киіктерге сексеуілдер арасы өсіп өнулеріне өте қолайлы.Қазақстанда қолданылуы мен жойылуы. Қазірге дейін жұрт сексеуілдерді отқа тамызық ретінде пайдаланатын. Нарықтық қатынастың алғашқы жылдары бұл жағдай күрт өзгерді. Көмірдің жетіспеушілігі мен қымбаттаушылығы елді мекендерде тұратындарға ауыр тиіп, сексеуілді таза отын ретінде қолдана бастады.Бұрын ауыл іргесінде өсетін сексеуілдерді қазір елу, алпыс шақырым қашықтықтардан ғана көре аламыз. Қалаларда кәуап орындары көптеп ашылып, сексеуілге деген сұраныс барынша артқанда, жұрт алатынды шығарды. Соның салдарынан сексеуіл алқаптары бұрынғы көлемдерінен мүлдем кішірейіп кеткен. Тіптен тұқымы құрып кету алдында тұр десек асылық айтқандық болмас. Бұл қоршаған ортаға үлкен зиянын тигізуде. Жалаңаш қалған өлкелерден құмдар көшіп, аңдары басқа жаққа ауып жатыр. 2007 жылды тілге тиек етсек, тек Қызылорда облысында 450 заңсыз сексеуіл кесушілер ұсталған. 2011 ж. қазанның 14. Қызылорда облысында Арал теңізінің кеуіп қалған терең түбіне сексеуіл отырғызу жұмыстары басталды, осы арқылы ауаға тұзды шаң қалдықтарының таралуын төмендету көзделіп отыр. Аймақтық бағдарлама бойынша, облыстық бюджеттен қаржыландырылған сексеуіл отырғызу көлемі осы жылы 2 600 гектарды құрамақ. Қандай бір ағзаның сусыз тіршілік ете алмайтыны белгілі. Ал құмды, шөл жерде судын аз екендігі өзінен – өзі түсінікті. Осыған орай сексеуіл су «аулауға да » бейімделіп алған, осы жас сексеуілдің өсуін бақылаудан айқын байқауға болады. Көктемде сексеуілдің тұқымы өне бастасымен –ақ жер асты суы ысттықтың әсерінен тереңге «қаша »бастайды. Тұқымнан шыққан тамыр тез өсіп суды қуалағандай тереңге тез ұзартып өсе береді. Осы жылдамдық пен сексеуіл тамыры бірінші жылы үш метрге дейін ұзарады. Бұдан кейінгі жылдары сексеуіл тамыры 20-30 метрге дейін ұзарып өседі. Дегенмен, осы қаулының өмірге келуіне Алматы қаласының (1,5 млн халқы бар) жанындағы Балқаш өңіріндегі және Тараз қаласының (1.млн-ға жақын халқы бар) жанындағы Мойынқұм өңіріндегі сексеуіл қорының күртазайып кетуісебеп болды деп ойлаймыз.Себебі, қала халқы сексеуілді құрып кету қаупі төнді. Бұл дер кезінде қолданылған оң шара болды.Біздің аймақтағы 6,2 млн. Гектар орман қорына 2001 жылы « Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» есеп жүргізді.Облыс көлемінде 397,5 мың гектар жерде 2 млн. Текше метр пісіп жетілген және толық қартайған, шіріп құлаған сексеуіл қоры 10 жыл бойына пайдаланылмады. 700 мың тұрғыны бар біздің облыс халқы жылына 40 мың текше метр отын пайдаланылады дегеннің өзінде, 50 жылға жететін отындық сексеуіл қоры бар. Орман шаруашылығын ғылыми негізде жүргізу ережесібойынша мұндай көлемде пісіп жетілген, қартайған-шіріген сексеуілдікті одан әрі ұстап тұру, жалпы орман шаруашлығына кері әсерін тигізеді. Ол жерде тамыры арқылы және тұқыммен өсіп – жетілген өскіндердің көбеюі шектеледі. Темірді қыздыру, басқа металдарды балқыту үшін ұсталар қызу-қуатымен сексеуіл шоғын пайдаланды.Шөлейтті, құмды далада табиғи өсетін қатты ағаш тұқымдасқа жататын сексеуілдің жалпы ақ, қара, Зайсан деп аталатын үш түрі бар. Қармақшыда оның алдыңғы екеуі өседі. Ағы құмды төбелерде, қарасы тегіс жазықтарда өседі. Оларға баяу бой көтерер кірпияздық тән. Жиырма бес жылда 1,5-2метрге дейін өседі. Олар осы кезде ғана пісіп жетіледі.
Ақ сексеуіл – бойы 1,5-тен 2,5 метрге дейін жететін тал-шілік. Негізінен құмдауыт әрі сортаңдау жерлерде өседі. Құрғақшылыққа бейім. Жапырақтары өте кішкене. Бұтақтарында ұсақ, жұмыр, шырынды, күңгірт.Органикалық заттар өркендерде ғана бар. Көктемнің бас кезінде өркендерінде ұсақ – ұсақ жасыл түсті гүлдер шығады да, тұқымы күзде піседі. Тұқымы жалпақтау келеді де, оның бозғылт немесе қызғылт түсті үлпілдектері болады, сол арқылы бір жерден екінші жерге ұшып кетеді. Сексеуілдің өркенін ауызға салып шайнаса, оның дәмі сортаң-кермек татиды. Сексеуілдің жас бұтақтары мен тұқымын түйе жыл сайын күзде және қыста жейді. Оның тамыры 10-11 метр тереңдікке дейін кетеді. Сирек те болса ара-арасында бұтақтарының биіктігі 5 метрге дейін өсетіндері бар.
Қара сексеуіл аққа қарағанда жуандау әрі ірі келеді. Оның өсу биіктігі көбіне 10-12 метрге дейін жетеді. Ал тамыры 11 метрден де тереңдікке кетеді. Сұрғылт қоңыр түсті діңінің диаметрі 35см. Оның ұшында жоғары қарай тік өскен әжептәуір шырынды жас бұталары бар. Жетілмеген жапырақтары сүйел тәрізді. Топырақтың тұздылығына төзімді. Тұқымдары және түбірінен шыққан сидам шыбықтары арқылы көбейе алады. Ағашының көлденеңінен сынуы өте қиын, оның есесіне ұзынынан жақсы ажырайды. Бұлар шоғырланып өседі. Алыстан қарасаң қалың жынысты орман тәрізді. Өз ұрығы есебінен табиғи түрде өсуге бейім. Біздің елімізден басқа Орта Азияның шөлді, құмды, сортаң жерлерінде көп кездеседі. Сондай-ақ, тақыр жерлерде де өсуге бейім. Қара сексеуілдің де жас әрі жұмсақ бұтақтарын, жапырақтарын түйелер мен ұсақ малдар сүйісініп жейді.
Биология ғылымында «энтомология» сөзі бунақдене деген мағына береді.Сондықтан сексеуілдің ең бірінші жауы Сүген қоңызы болып табылады. Оның личинкалары температура көп өзгермейтін сексеуіл тамыр мойынның айналасын бұрандалап тесіп кіріп алады да жыл сайын көбейе береді. Оның тескен «туннелъдеріне» шөл саңырауқұлағы-перия орны теуіп, ағашты жей береді. Біртіндеп сексеуілдің ара да балта да сындыра алмайтын темірдей ағашы борпылдап жұмсарады енді күшті жел соққан кезде әлі де көп жыл жасауға шамасы бар сексеуіл ағашы құлап қалады.
Сексеуіл өсімдігінің маммалогиялық жауларына жер асты құм тышқандары жер астына сексеуілдің тамырын түк қалдырмай жеп қояды. Құмтышқан жерасты жұмысымен қанағаттанып қана қоймай сексеуілдің гүлі мен жемісін де жеп қояды. Жемісі жер бетінінен 2-3 метр биік орналасқанына қарамастан тышқан оған өрмелеп шығып, бұтағын бағбандарша кесіп түсіреді. Кейде бір жылдық жемісті түгелдей құртып жібереді. Құмтышқандар суы мол шырынды жас бұтақтарды да қиып түсіреді де, сусынын қандырады. Кесілген бұтақтың орнына бұрынғыдан да шырынды бұтақ өседі, тышқан оны кесіп сусындайды. Осылай көп қайталанған соң ақыры сексеуілдің күші таусылады да кеуіп қалады.Ал сексеуілдің үшінші антропогендік жауларына адамдар жатқызылады екен. Жуырда Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары үйлестіру кеңесінің отырысында кеңес төрағасы Қайрат Мәми сексеуілдің барлық түрлерін Қазақстанның Қызыл кітабына енгізуді ұсынған болатын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31-мамырдағы №441 қаулысына сәйкес сексеуілді кесуге 10 жылға дейін мораторий жарияланғаны белгілі. Сондай-ақ елімізде сексеуіл өсіруді жылдан-жылға көбейту де қолға алынуда. Өткен жылы сексеуіл тұқымы 6000 гектар жерге себілген болса, биыл 6500 гектар жерге себілген. Айта кетерлік жайт, басқа ауыл шаруашылық өнімдерін техникаландыру мәселесі дұрыс жолға қойылғанымен сексеуіл тұқымын жинау да, себу де аса қиын. Мұның барлығы қолмен атқарылады. Жуырда сексеуіл өсірудің өзбекстандық технологиясын қолданып көргенмен, ол да жетілмеген технология болып шыққанға ұқсайды. Ал елімізде сексеуілді кесуге 10 жылға мораторий жарияланғанымен, толысып, өсіп жетілгендерін, яғни 25 жылдан ары қарайғы сексеуілдерді арнайы рұқсатпен кесуге болады. Қазір сексеуілдің 1 текше метрінің сатылу бағасы 1200-1800 теңге көлемінде. Ал заңсыз кесілген сексеуілдің 1 текше метрі үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бұл 6490 теңге болады екен. Яғни сатылу бағасынан 5 есе көп.Бірақ құқық қорғау органдары табиғатты қорғау мәселесін дұрыс көтеріп жатқанымен оны заңға сүйеніп те, заңсыз да кесу тоқталар емес. Мысалы, өткен жылы Біріккен Араб Әмірліктерінен дуадақ аулауға келген араб шейхтарына сексеуілден 315 текше метр отын дайындап берілген болса, биыл оларға деп 400 текше метр сексеуіл ағаштары кесіліп отыр. Яғни отын дайындау өткен жылғыға қарағанда 85 текше метрге артқан. Биылғы жылы отынды шейхтарға Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау мемлекеттік мекемесі дайындап беріп отырған көрінеді.Бұған қарап елімізде сексеуіл өсіруді арттыру шетелдік қонақтардың көңілінен шығу үшін қолға алынып жатқан жоқ па екен деп те ойлап қаласыз. Оңтүстіктің аязы қысып тұрған шақта қызуы қатты отын – сексеуілге ауыл тұрғындары жаудай тиюде. Арнайы қозғалатын аймақтағы отын атаулыны жүк көліктерімен де,арба мен де тасып түгесуге кіріскендей. Тіпті оған осы аймақты қорғауы тиіс қызметкерлердің өзі де бел шешіп, білек сыбанып кірісіп кетіпті. Табиғатқа қорған болуы тиістілердің өздері сексеуілдің жойылу қаупі алдында тұрғанын ойламайды. Сексеуіл тұқымын қорғап қалу мәселесіне байланысты РеспубликаҮкіметінің 2002 жылғы «Қазақстан Республикасындағы алқаптарда сексеуілді қорғау шаралары туралы»қаулысы қабылданғанға дейін сексеуіл кесудің белгілі бір мөлшерде лимиті болған. Сол лимит бойынша сол жылға дейін 1630текше метр жердің сексеуілдері кесіп алынды. Өкініштісі сол кесуге тыйым салынған қаулыдан кейін, сол жылдың өзінен-ақ облыс көлемінде сексеуілдің санитарлық кесу көлемі 8701 текше метрге өсіп кетті. Негізінен санитарлық кесуге ауырған және отыз жалдын асып шіри бастағандары қорғау басқармасы тарапынан сарапшылар тобы құрылып, сексеуілді алқаптарды аралап, кесу лимитін нақты анықтауы қажет.
Сексеуілдің ұлғаюы, экологиялық жағдайды жақсартуға, құм көшкінін тоқтатуға, мал жайылымын жақсартуға,микроклиматты оңалтуға, адамға, жан-жануарға пайдалы. Сондықтан сексеуілді «Қызыл кітапқа» енгізу жөніндегі ұсынысты толық мақұлдауға болады. Орман шарушылығын жүйелі түрде, ғылыми негізде жүргізу үшін жоғарыда айтылғанжайттар толық ескеріліп, жүйелі түрде арнайы мамандардың бақылауымен санитарлық кесу жүргізіп отыру қажет. Бұл орманды таза сақтау үшін арнайы жүргізіп отырмаса болмайтын шара. Әрі халық қажетті отынмен қамтамасыз етіледі. Арал теңізінің құрғаған ұлтанындағы табиғи өсіп тұрған өсімдіктер мен бұталар, сонымен қатар адам қолымен егілген сексеуіл және басқа өсімдіктер толық «Қызыл кітапқа» енгізілуі тиіс. Себебі ондағы әрбір өсіп тұрған өсімдік экологияны жақсартуға жұмыс істеп тұр. [6] Сексеуілді отап, құртып жоюдан арыға аса алмайтын пенделер арамызда аз емес көрінеді. Нақты кезеңде Қармақшы ауданында 546000 гектар аймақта тоғайлы сексеуілді алқап бар. Әрине бұның өзі аз көрінеді. Жаппай жаңа шаруашылықтар ашыла бастаған 1964 жылдан бастап 2001 жыл аралығында осы өңірдің өзінде 11 мың гектар жердің сексеуілі құртылған деген қорытынды келтірілген: құртылуының себебі сол кезеңдерде құрылыстар салу мал қораларымен қыстауларды орналастыру кезінде табиғатпен санасқан ешкім болмағаны көрініп тұр. Бүгінгі таңға дейін сексеуілдің орны үңірейіп тұрса да, сексеуілді ұрлап сататын қарақшылар азаймаса күннен – күнге көбею үстінде.
Сексеуіл тұқымнан өніп биіктей бастасымен оның көлеңкесіне күннен қашқан қияқтар мен астық тұқымдастары қоныстана бастайды. Олардан қорғаланған сексеуіл жерден сорып алған тұздардың артығын денесінен шығарып, жерге шашады. Жылдан жылға жиналған тұз қалыңдап, топырақ беті тұздан тұратын қалыңдығы саусақтың қалыңдығындай қабыршаққа айналады. Бұл кезде күннен қашқан астық тұқымдастар мен қияқтар сексеуіл түбінен қолмен сыпырғандай жоғалып, әлі де сексеуіл көлеңкесі түсетін тұзды қабыршақты шетіне жағалай орын ауыстырады.Бір гектар сексеуіл орманынан 2 тоннадан 50 тоннаға дейін отын алынады. Ал 1 текше метр сексеуілдің беретін жылуы 1,7 текше метр қайың отынына тең.Сексеуілден лимон, қымыз қышқылдары, сода, С витамин, түрлі бояу т.б. заттар алынады. Халық аңыздарында сексеуілдің қасиетін даралап пір тұтады. Мысалы: бір деректе «Ол бір түйемен Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи әулиеге он түйеге артарлықтай сексеуіл жеткізеді [8]. Шаршап бір сексеуілдің көлеңкесіне демалайын деп қисайдым, көзім ілініп кеткен екен».Сан ғасырлық тарихы бар қазақ жерін қай саласына қарай ойыса айтсақта мүмкіндігіміз мол. Елімізден 6000- ға жуық өсімдіктер түрлерін кездестіруге болады. Тіпті бірінші орында тұр десекте болады.Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішінде мол қасиеті мен маңыздылығымен ерекшеленетін бұта тектес өсімдік сексеуілдің ерекше қасиетін зерттеудің маңыздылығы айтпасада түсінікті деп ойлаймын. Мал бағумен ықылым заманнан айналасқан қазақ халқы өсімдіктердің емдік, дәрілік қасиетін ертеден білген. Сондықтанда осы жүзеге асыру мақсатында сексеуілдің халықтық педагогикасында алатын орны ерекше.
Информация о работе Сексеуілдің түрлері, оны пайдалану жағдайы және сипаттама беру