Саясаттану ғылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 18:14, реферат

Описание работы

Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі.

Работа содержит 1 файл

Саясаттану ғылымы.docx

— 39.23 Кб (Скачать)

Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуінің түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.

Саясаттағы рационалдық және иррационалдық секілді факторларды да сараптайтын саясаттану. Ол, сондай-ақ, қазіргі таңда жетістіктерге жету үшін қандай мақсаттарға сүйену қажет, іс қимыл сәйкестігі қалай орындалады, «мүмкін еместіктің» себеп салдары неде, басқа қандай саяси ойда-амалдар керек және қоғамның басты саяси құндылықтары неде деген сұрақтарға да жауап қайтарады.

Саясаттану құбылыстарға баға бергенде, ұйғарым жасағанда идеологиядан, идеялардан тыс тұрады және асыра сілтеуден алуақ болады. Қайта мұндай нәрселердің саяси процестерге, саяси институттарға тигізетін кері ықпалдарын зертейді.

Мемлекеттердің бәрінде өзге ғылымдарға қарағанда саясаттанудың ұлттық ерекшеліктерге бір табаң жақындығы бар. Себебі оның бақылау байламдары, жасаған қортындылары, алға тартатын ұсыныстары сол мемлекеттің өзіне ғана тән болып келеді. Ал оның басқа мемлекеттерде қолданылуы логикалық сараптау, әлеуметтік эксперименттер, интуиция арқылы тексеріледі. Сондықтан әрбір елде плюралистік түрдегі өзінің саясаттану мектебі болуы мүмкін.

Жеке ғылым ретінде саясаттанудың өзіне тән белгілері болады. Ол - пәндік кескін мен зерттеу объектісі ғана емес, сондай-ақ пәннің өзіндік, сипатын бейнелейтін және оның зерттелуіне айқындай алатын ұғымдары, категориялары мен танымдық заңдары, әдістері, құрылымы.

Адамзат тарихында  саясат негізгі роль атқарады. Себебі кез келген адам бір мемлекеттің шеңберінде өмір сүрген жағдайда сол елдің саясатынан тыс болатын адам жоқ.  Сондықтан, саясат қазіргі адамның қажеттілігі, талап – тілегі болады деген пікірмен келісеміз. Ол адамның тұрған жерінен, жұмысшылардың алғашқы ұжымынан басталып, мемлекетте, мемлекеттер арасындағы саяси қатынастарда саяси тұрғыдан басшылық етумен аяқталады.

Қазіргі саяси ғылымда саясаттың табиғаттын түсіну өте күрделі ұғым болып отыр.Саясаттың қоғамдық құбылыс ретінде пайда болуымен мәні жөнінде ғалымдар арасында әртүрлі көзқарастар бар. Соның бірнеше бағыттарын  көрсеткен жөн:

-          Теологиялық бағыт – мұнда саясаттың пайда болуы, құдайдың құдыретімен түсіндіріледі.

-          Географиялық бағыт- Жан Боден, Ш. Монтескье: Саясат геогроафиялық себептерден пайда болды, бұл құбылыс қоршаған ортаның ерекшеліктеріне байланысты түсіндіріледі.

-          Биологиялық бағыт - Н. Макиавелли, Т. Гоббс зерттеулері бойынша саясаттың көзі адамдардың биологиялық алғышарттарымен байланысты түсіндіруге бағыт береді.Бұл бағытты жақтаушылар саясатты ортақ игілік көпшіліктің мүддесі үшін жеке адамның өзімшілдік мінезін тізгіндеу мақсатында пайда болған дейді.

-          Психологиялық бағыт – адамның психологиялық қасиеттерінің саясат құбылысының түсініктеріне, сезімдеріне, данышпандығына  байланысты дейді.

-          Конфликтік бағыт- Шмидтің пікірінше: саясаттың табиғаттың әртүрлі топтың мүдделеріндегі қайшылықтарға сілтеме жасап, тұтастығын сақтау үшін шиеленусуді реттеу керектігімен түсіндіреді.

Саясаттың сонау ертеде пайда болғанынан бастап, қазіргі күнге дейін оның түсінігі жөнінде бірнеше көзқарастар мен  аңықтамалар кездеседі.

Мысалы зерттеушілердің бір тобы саясатты – адамдардың өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған, саяси билікті басып алуға, қолында ұстап тұруға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекттің, ұлттың, үлкен әлеуметтік топтың, не жеке адамның қызметі деп түсіндіреді.

Ал, екіншілер, саясат - ол мемлекеттің басқарушылық істеріне қатысу, оның қызметінің мақсаты мен мазмұнын анықтау дегенді білдіреді.

Үшіншілер, саясатты – ол басшылар мен бағынушылар арасындағы қарым қатынастардың бір түрі.

Информация о работе Саясаттану ғылымы