Саясаттану ғылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 18:14, реферат

Описание работы

Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі.

Работа содержит 1 файл

Саясаттану ғылымы.docx

— 39.23 Кб (Скачать)

XX ғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы зор рөл атқарды. Ол саяси зерттеудің белсенділігін арттыру жолында казір де жемісті еңбек етуде.

Бүгінгі таңда АҚШ-тың, Шығыс елдерінің барлық жоғары оқу орындарында саясаттану жеке пән ретінде барлық факультеттерде міндетті түрде оқытылады, әлемнін ең ірі университеттері оған мамандар дайындайды. Мысалы, АҚШ-та саясаттанудың мамандандырылған 26 саласы бойынша білім береді. Шетелдерде, әсіресе, бұл ғылымның қолданбалы түрі кең өріс алған. Оны бітірген маман саясатшылар маңызды саяси шешімдердің жобаларын сараптауға, партиялар немесе басқа бірлестіктердің сайлау алдындағы бағдарламаларын талдауға, үкіметтік дағдарыстар мен халықаралық қатынастардағы шиеленіс жағдайларының себебін ашуға кеңінен пайдаланады.

Бұрынғы Кеңес елінде бұл ғылымды партияға, халыққа қарсы, буржуазиялық ғылым деп айдар тағып, оқытлаған болатын. Себебі, Кеңес өкіметі, шын мәнінде, саяси сауалы адамдарды даярлауға мүдделі болмады. Ондай жағдайда тоталитарлық жүйе 70 жылдаи артық дәуренін құра алмаған да болар еді.

Бірақ бұдан ол кезде саяси ғылымға еш көңіл бөлінбеген екен деген ой тумауға тиіс. Саясат мәселелері қаралып, зерттеліп жатты. Алайда, олар ғылыми коммунизм, тарихи материализм, Коммунистік партия тарихы сияқты коммунистік  идеологияға негізделген пәндердін шеңберінен шықпайтын және ең алдымен қандай әлеуметтік-саяси процестер социализм мен коммунизмі әкелуі мүмкін, соның жолдарын іздейтін.

Саясаттануға деген көзқарас 80 жылдардын екінші жартысында бұрынғы Кеңес Одағындағы түбегейлі реформаларға қоғамнын демократиялануына, тоталитарлық жүйенің күйреуі не байланысты өзгерді. 1989 жылдан Жоғары Аттестациялау Комиссиясында саясаттанудан эксперттік кеңес жұмыс істей бастады. 1990 жылы КСРО-ның ғылым және техника бойынша мемлекеттік комитеті "Саяси ғылымдар" деген атпен саяси ғылым қызметкерлерінің тізімін ресми түрде бекітті. 1989-1990 оқу жылдарында Балтық бойы елдеріңде, 1990 жылдан бастап ТМД-ның басқа елдерінде саясаттану оқытыла бастады. Қазір Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында дерлік бұл ғылым жеке пән ретінде өтілуде. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университеті және Абай атындағы Алматы Мемлекеттік педагогикалық университетт бұл салада арнаулы мамандар даярлайды.

Саяси билік пен қоғамның саяси жүйесі – саясаттанудың негізгі зерттеу объектісі мен пәніне жатады. Осылар арқылы қоғамның саяси өмірін анықтауға болады. Сондықтан саясаттану қоғам өмірінің өте  қажетті қызмет саласы туралы  білімді, түсінікті қалыптастырады.. Оған жүктелген міндет әрі күрделі, әрі маңызды,.

Дегенмен, ғылыми әдебиеттерде ортақ қорытындыға келіп, оны пән ретінде мойындаған пікір әлі толық тиянақталған жоқ. Сондықтан бұл пән туралы түсініктер алуан түрлі бір біріне сай келмейтін зерттеулер, бағыттар, саяси мектептер баршылық.

1-ден . Саясаттануды  пән ретінде анықтағанда оның тікелей мемлекетпен немесе саяси билікпен, қоғамдық немесе саяси партиялар мен ұйымдар проблемаларымен байланыстыра қарайтын шектеулі шеңбердегі көзқарастарды атау қажет.

2-ден. Бұл пәнге саяси мәселелер мен саясат туралы білімді ғана жатқызып қоймай, онымен  мәндес келетін табиғаты жақын кейбір қоғамдық ғылымдардың мәселелерін де жатқызуға болады.

Осыдан «саясаттану  пәні» нені зерттейді деген заңды сұрақ өзінен-өзі туындайды. Оған жауап қайтару ұшін ең алдымен «саясаттану» деген сөздің түпкі мағынасын ашу қажет.

«Саясат» яғни «Политика» деген сөз – гректің «Politike» деген сөзінен аударғанда мемлекетті басқару өнері деген мағынаны білдіреді. Ал «Logos» деген сөз – ғылым, ілім деген мағынада қолданылады. Сондықтан саясаттану - саяси ғылым, немесе саясат туралы ілім деген түсінік дейміз.

Саясаттану өз ерекшеліктерімен сипатталатын дербес бір пән. Оны басқалармен араластырмай-ақ жеке дара оқып үйренуге болады. Мысалы, бұл ғылымда саяси билік пен оның мәні, саяси жүйе, жекелей және топтық түрде билік жүргізу, көсемдік пен демократия, биліктің шексіз феномені сияқты, күштеу мен зорлық, авторитарлық модель түріндегі билік пен құқықтық құндылықтар және т.б. осындай мәселелер қарастырылады.

Саясаттануда түрлі сипаттағы елдердің  қоғамдық-саяси жүйесін даму ерекшеліктерін, олардың бір-біріне қабысып икемделуін, қоғамдардағы дау-жаңжалдар мен дағдарыстарды реттеу жолдарын зерттейтін ғылым деп та атауға болады. Саяси оқиғаларды талдап таразылап, шындықты объективті тұрғыда ұғындырып, осы арқылы дағдарыстарды қалыпқа келтіру бұл ғылымның басты мақсаты деп санауға болады.

Сонымен саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттер, жеке адамның саяси – құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәселдері, саяси өзгерістердің тұрлері, саяси мәлениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні. Қазіргі дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы және қазіргі жүйелерді, адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекеттіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол бір жағынан жиналған, деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардан өзара ұқсастығы бойынша болжам жасайды.

Информация о работе Саясаттану ғылымы