Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 18:03, реферат
Орта ғасыр мәдениеті
Европалық орта ғасыр мәдениеті шарықтауы мен құлдырауы бар он екі ғасырлық қиын жолды қамтиды. Ол - негізгі типологиялық белгілерден тұратын жалпы әлемдік мәдени процесс бөлігі. Нағыз мәдениет ретінде ол оны жасаған халықтардың көптеген жалпы және ерекше белгілерінен тұратын терең жеке бейнеге ие. Орта ғасырдың рухани мәдениеті үшін Абсолютке жетуге тырысу, универсализмге ұмтылу, символизм және аллегориялық, танымның діни құрылымын тудыру, беделге ие болуға, форма тұрақтылығына ұмтылу, индивидтің оны қоршаған әлеуметтік ортаме
X-XV ғ.ғ. әлемге танымал
араб халық ертегісі «Мың бір
түн» жазылды. Оның негізін
парсы, үнді, грек ертегілерінің
қайта өңделген сюжеттері
Парсы ақыны, математик, философ
Омар Хайямның (1040-1123 ж.ж.) шығармашылығы
көпшілікке белгілі. Философиялық төрт
жол өлең – рубаилар оны танымал
етті, оның әрқайсысы тұлға еркіндігіне,
антиклерикальды еркін ойға, гедондық
мотивтерге толы кішкене поэма. Поэзияның
әрі қарай дамуы парсы-тәжік
ақыны Низами, Джами (1414-1492 ж.ж.) және
өзбек әдебиетінің негізін
Жаңа заман мәдениет. Итальян қайта өрлеуі.
«Жаңа заман мәдениеті» ұғымы XIV ғасырдан қазіргі уақытқа дейінгі тарихи кезеңді қамтиды.
«Қайта өрлеу» (Ренессанс)
термині XVI ғ. бейнелеу өнеріне қатысты
қолданыла бастады. Ренессанс антика
ғылымдары мен өнерлерінің
Итальян Қайта Өрлеуі іштей кезең-кезеңге бөлінеді: түпкі ренессанс (XIII-VIV ғ.ғ.), ерте Қайта Өрлеу (XV ғ.), кемелденген немесе жоғары (1550-1530 ж.ж.), кейінгі (XVI ғ. ортасы).
Түпкі ренессанстың жалпы сипаттамасы.
Түпкі ренессанстың өтпелі кезеңін
түсіну үшін ең тамаша материал – Данте
Алигьери (1265-1321 ж.ж.) шығармашылығы. Оны
Орта ғасырдың соңғы ақыны және жаңа
дәуірдің алғашқы ақыны деп атайды.
Данте 1300 жылды адамзат тарихының
ортасы деп санаған және сондықтан
әлемнің жалпы және қорытынды
сипатын беруге тырысты. Мұны ол «Ғажайып
комедияда» (1307-1321 ж.ж.) тамаша бейнелеген.
Поэманың антикамен байланысы «
Франческо Петрарканы (1304-1374 ж.ж.) Европадағы бірінші гуманист және әдебиетші деп санайды. Петраркидің барлық өмірі - өз мүддесі мен өзін-өзі ғана ойлайтын жеке адамның өмірі. Бұл жағынан ол әдебиеттегі бірінші индивидуалист. Петрарка өзінің сүйіктісі Лаураға арналған сонеталарымен белгілі.
Осы кезеңде лирикалық поэзия гүлденеді. Джованни Бокаччо (1313-1375 ж.ж.) бұл жағынан ерекше орын алады. Ол өз шығармашылығында жаңа адамгершілік принциптерін айқындайды. Әдебиет ісімен айналыспас бұрын ол алты жыл құқықты зерттеген, бірақ ол негізінен классикалық мифологиямен шұғылданды. Бокаччоның көркем шығармасы «Декамеронда» (1350-1353 ж.ж.) өзінің биік шыңына жетті. Адамзат табиғатының барлық байлығы антикадан кейін алғашқы рет ақсүйектік және тұрмыстық жағынан көрінеді. «Декамерон» махаббат оқиғаларының көптігімен таң қалдырады. Енді әйелжандылық кінәланбайды, ғашықтардың тапқырлығы дәріптеледі.
Бокаччо ғашықтық ісінде сословиелік шектеулерге қарсы болған: дворяндар қызметшілерімен, ақсүйектер атшыларымен құмарлық жолындағы бөгеттерді табысты жеңе біледі.
Орта ғасыр кезінде флорентиялық Джотто ди Бонде, қысқаша Джотто өнері белгілі болды. Джоттоның әлем өнерінің алдындағы басты еңбегі ол өзінің шығармашылығында орта ғасырлық тұрақтылықтан ауытқып, эллинистік әлемді кеңістіктік қабылдауды жаңғыртты. Джотто өнерінің жаңа реалистік тұжырымдамасы екі басты көркем принципке негізделеді: үш өлшемді кеңістікті перспективті беру принципіне және жарық көлеңкесінің көмегімен пластикалық фигураны көлемді түсіндіру принципіне.
Ерте Қайта Өрлеудің жалпы сипаттамасы.
Италиядағы Ерте Қайта Өрлеудің сипаттамасына көше отырып, келесіні атап көрсету қажет. XV ғ. басында Италияда жас буржуазиялық тап өзінің басты белгілеріне ие болды. Ол дәуірдің басты әрекет етуші тобы болды. Ол өмірде өзінің нақты орнын алып, нық тұрды, өзіне сенді, байып, дүниеге басқа көзқараспен қарады. Италия қалалары кішкентай болды, ал қоғамдық өмір қызуы, саяси әуестік иірімі күшті болды. Осы отта инициативті, энергиясы мол адамдар шынықты.
Адам санасындағы бұл
жылжуды Қайта Өрлеудің маңызды
қайраткерлерінің бірі, Мирандола республикасының
билеушісі, тарихта Пико делла Мирандола
есімімен белгілі болған Пико (1462-1494
ж.ж.) байқады. Ол «Адамның қасиеті туралы»
трактатын жазды, онда адамның белсенділігі,
адамның өзін-өзі жаратуы
Европа мәдениетінің тарихы Ерте Қайта Өрлеуге ізгіліктің пайда болуымен міндетті. Ол қайта өрлеу мәдениетінің философиялық-практикалық типі ретінде болады. «Гуманизм» (ізгілік) терминін (оның латын формасы – studia humanitatis) Ерте Қайта Өрлеудің «жаңа адамдары» антика философы мен шешені Цицеронды өздерінше түсініп, енгізген. Термин адамның алуан табиғатының толықтығы мен бөлінбейтіндігін білдірді. Ерекше мәдени орта –гуманистер тобы тез қалыптасты. Олардың құрамы бастапқы кезде өте алуан болды: шенеуніктер мен тақсырлар, профессор мен көшірмешілер, дипломаттар мен дін басылары. Бұл европаның зиялы қауымының дүниеге келуі болды. Гуманистердің оқу сабақтарының ең салмақты нәтижелері адамзат даралығын теориялық дәлелдеу, адамның ішкі әлемін ашу және айрықша концепцияны жасау болды.
Неоплатонизм Қайта Өрлеу философиясы болды. Онда идеялар әлемі адамзаттың барлық тұлғасын анықтап, ұғындырады және ұйымдастырады деген ой басты орын алды. Қайта Өрлеу дәуірінде идеялар әлемі туралы ілім Әлемдік Ақыл мен Әлемдік Жан туралы ілімдер формасында болады.
1470-1480 ж.ж. Лоренцо Медичидің
бастауымен Платондық академия
деген атпен де белгілі
Ренессанстың даралығы гуманизмнің әсерінен секулярланған – шіркеу ықпалынан босатылған болды. Алайда қайта өрлеушілерді атеисттер деп айта алмаймыз. Атеизм қайта өрлеу идеясы болған жоқ, бірақ шіркеуге қарсылық нағыз қайта өрлеу идеясы болды. Қайта өрлеу дәуірінің адамы рухани болып қалғысы келді.
Бейнелеу өнерінде Ерте Қайта Өрлеу бастаушылары суретші Мазаччо (1401-1428 ж.ж.), мүсінші Донателло (1386-1466 ж.ж.) және сәулетші Брунелески болып саналады. Олардың бәрі Флоренцияда өмір сүрді.
Мазаччо Джоттоның ұмытылып бара жатқан дәстүрін қолдап, кескіндемемен үш өлшемді кеңістікті бейнелеу ісін соңына жеткізді. Өнер танушылар Мазаччоның үш өлшемділік негізінде қадірлі және өзіне сенімді адамды, немесе лирикалық, ал кейде назды адамды бейнелеуін бірінші орынға қояды. Осыдан оның кескіндемесі скульптуралық әсер тудырады. Осы көлемділік үшін антика бейнелері қажет.
Өнерде европа пластикасының көптеген проблемалары – дөңгелек мүсінді, монументті, ат монументін жүз жыл алға шешіп тастаған мүсінші Донато ди Никколо ди Бетто Барди болды, ол тарихта Донателло деген есіммен белгілі (1386-1466 ж.ж.). Шебердің көптеген жұмыстарының ішінен оның қола Давидін атап көрсеткен жөн.
Брунелескидің Флорентия республикасы соборының үстіндегі алып сегіз қырлы күмбезімен атағы шықты (1420-1436 ж.ж.). Ол адамдардың бірігу символы ретінде қабылданды, өйткені онда «барлық тоскан халқы жинала алатындай» салынды.
Ерте Қайта Өрлеу –
эксперимент жүргізуші
Ерте Қайта Өрлеу кескіндемесі сол кезеңдегі итальяндық нәзік сезімді, сезімді әсемдік пен грацияны бейнеледі. Осы құбылысты көркем ұғынудың керемет үлгілерін Сандро Ботичелли (1444-1510 ж.ж.) берді. Оның шығармашылығында гуманистердің жан мен дененің теңесуі туралы түсініктері жүзеге асырылды.
Жоғары Қайта Өрлеудің жалпы сипаттамасы.
Түпкі ренессанс Италияда 150 жылға, Ерте Қайта Өрлеу 100 жылға, Жоғары 30 жылға созылды. Итальян Қайта Өрлеуінің алтын ғасыры, итальян өнерінің ең жоғары кезеңі Италиядағы қиын кезеңмен, итальян қалаларының тәуелсіздік үшін күресі кезеңімен сәйкес келеді.
Коперниктің, Галилейдің, Кеплердің
ұлы жаңалықтары адамның
Ренессанс құндылықтарының дағдарысы байқалуының қызықты формасы утопизм болды. Идеалды қоғамды құру алыс және белгісіз уақытқа жазылған, бұл авторлардың идеалды адамды шұғыл жасау мүмкіндігі утопиясына сенбеуін растайды. Томмазо Кампанеллланың Күн идеалды Мемлекетінде (1568-1639 ж.ж.) автордың Қайта Өрлеудің гуманистік құрылысынан бас тарта отырып, адамдардың барлық өмірін қатаң белгілеудің ұсақ бөлшектеріне дейін таң қалдырады.
Жоғары Қайта Өрлеу
өнері өмірдің тамаша жақтарының
гармониялық синтезіне ұмтылу, жалпы
бейне үшін жекеліктен, шамалы нақтылықтардан
бас тартады. Бұл - Жоғары Қайта Өрлеудің
Ертеден басты
Осы кезеңнің европа мәдениеті үшін мәнін түсіну үшін үш есімді атау жеткілікті: Леонардо да Винчи, Рафаэль, Микельанджело, олардың шығармашылығы итальян қайта өрлеуінің басты құндылықтары – зерде, үйлесім, қуатты бейнелейді.
Леонардо да Винчи “Үңгірдегі Мадонна” картинасында толысқан шебер ретінде көрінеді. “Кеш құпиясы” оның шығармашылығының шыңы болып саналады. Леонардоның қылқаламынан шыққан Мона Лиза портретінде классикалық, яғни қайта өрлеу белгілері – кескін айқындылығы, сызықтардың көзге көрінетін иілімділігі, физиономия тұрғысынан көңіл-күйдің мүсіндік құлпыруы және жартылай қиял түріндегі пейзажы бар қарама-қайшы және белгісіз болашаққа шақыратын портреттің үйлесімі айқын көрінеді.
Рафаэль сұлулық табиғаттың тазарған және жетілген формасы түрінде болады деп сенген. Ол адам көзіне көрінеді, суретшінің міндеті оны көрсете білу болып табылады. Рафаэльдің “Сикстин мадоннасы” өзіне тарту қасиетінің тереңдігімен ерекшеленеді. “Афина мектебінде” гуманист, антика мәдениетін тамаша білгір ретінде көрінеді.
Микельанджелоның батырлық титанизмінің жалғыз фигурасы – бұл Давид (1501-1504 ж.ж.). Оның атақты “Қорқынышты сот” фрескесінде Микельанджело жердегі барлық пайдасыз істерді, тәннің бұзылуын, адамның тағдыр алындағы шарасыздығын көрсетеді.
Жоғары Ренессанс
Тициан сюжеттің эмоционалдық
мазмұнына көңіл аударумен
Айтылғандардан қорытынды
шығара отырып, Қайта Өрлеу жаңа
европалық мәдениетті қалыптастырудың
ұзақ, күрделі және қарама-қайшы
процесі ретінде көрсетіледі. Оның
кейінгі орта ғасырдың әлеуметтік және
рухани өмірінің терең алғышарттары
болды, ол өз кезеңінің көптеген нақты
экономикалық, саяси, идеологиялық факторларымен
негізделеді. Бұл процесс ескі орта
ғасырлық әлеммен күресте және ымыраға
келуде болды. Соңында оның дамуы
“шіркеудің рухани диктатурасын”
бұзып, гуманистік дүниетанымды бекітті,
идеология мен мәдениеттің
Итальян Ренессансының өз
бастауы, өз жетілуі, өз соңы бар. Ренессанс
дағдарысы оның идеялық бағдарламасының,
оның рухани идеалдарының әлеуметтік
шындықпен қақтығысуынан туған.
Барлық Ренессанс жаңа заманның адамзат
тұлғасының индивидуализмінің бірінші
формасының жеткіліксіздігін және аяқталмауын
ұғынудан туады. Екі стихия Ренессанстың
рухани өмірін және өнерін көрсетеді.
Бір жағынан, Қайта Өрлеу ойшылдары
мен суретшілері адамзат
Дерекөзі: Аманжолова М.К., Беркінбекова А.М., Әбілқасов Ғ.М. Мәдениеттану (барлық мамандықтардың студенттеріне арналған). Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2004. 117 б.