Мүгедектер

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 17:12, реферат

Описание работы

Адамзаттың қолынан құрып бара жатқан экологияның және дәрігерлердің білместігінің әсерінен дүниеге кемтар, мүгедек балалардың келуі жиілеп кетті.Мемлекеттің байлығы – дені сау ұрпақ.Дүние жүзінде 5 жылдың ішінде 500 миллион адамның құлағы естімейтіндігі анықталған екен.Алайда тағдырдан таршылық көрген, мүмкіндігі шектеулі жандардың бүгінгі өмірі қандай? Қазақстан қоқыс алаңымен мүгедектердің орталығы болып жатқандай.

Работа содержит 1 файл

Айжан жоба.doc

— 201.50 Кб (Скачать)

     1-сурет.  Мүгедектің топ бойынша құрылымы

Еңбекке жарамды адамдар арасындағы мүгедектiктің көбеюiне әлеуметтiк және экономикалық факторлар, жұмыссыздық, медициналық қызметтер құнының жоғары болуы әсер етедi.Соңғы екi жыл iшiнде балалар арасындағы мүгедектiк 16 пайызға өсiп кеттi. Республикада 16 жасқа дейiнгi 49,8 мың мүгедек бала және бала кезiнен 58,8 мың мүгедек тұрады. Балалардың мүгедектiкке ұшырауына итермелейтiн факторлардың iшiнде мыналарды бөлiп көрсетуге болады: биологиялық - ата-анасының созылмалы, туа бiткен және генетикалық ауруларының жоғары деңгейде болуы, перинаталдық кезеңнің патологиясы; медициналық-ұйымдастырушылық - ауруды кеш анықтау, ауруды анықтаудан бастап мүгедектiк белгiленiп, оңалтудың басталуына дейiнгi кезеңнің  ұзақтығы; әлеуметтiк-орта - экологиялық жағдайдың нашарлауы, әлеуметтiк жағдайы нашар отбасылар. Мүгедектiктiң өсе түсуi жағдайында мүгедек балалардың және олардың отбасыларының әлеуметтік проблемалары өткiр сезіліп отыр. Ауру сәби дүниеге келген күннен бастап отбасы оның тауқыметiн тартуға мәжбүр болады. Жағдайды өзгерту және мүгедек балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсету үшiн халықты әлеуметтiк қорғау денсаулық сақтау, бiлiм беру, мәдениет, ақпарат органдарының ынтымақтастығы мен күш-жiгерiн бiрiктiру қажет.[9]

     Мүгедек балаларды оқыту мен тәрбиелеу  үшiн арнайы жағдайлар қажет. Республикада көзi нашар көретiн балаларға арналған 8 мектеп бар, оларда көзi нашар көретiн 1240 бала оқиды және 2706 баланы қамтитын есту 
қабiлетi нашар балаларға арналған 19 мектеп бар. Бұл оқу орындары 
аудиторияларды сымсыз сыныптармен арнайы жабдықтауды қажет етедi. 2001 жылы алғаш рет Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi есту қабiлетi нашар балалар оқитын 9 мектепке 18 сымсыз сыныптар жиынтығын сатып алды, бұл арнаулы мектеп-интернаттарда оқитын есту қабiлетi нашар балалар үшiн тым мардымсыз. Жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқуға мүмкiндiгi жоқ мүгедек балалардың психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы бойынша тәрбие мен бiлiмдi үйлерiнде алуына болады. Қазiргi кезде 2270 мүгедек бала үйiнде оқытылуда. Оларды оқытуға жұмсалатын шығындарды өтеу үшiн оларға 3711 теңге мөлшерiнде жәрдемақы төленедi. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бiтiрген I және II топтағы мүгедектердiң, олардың денсаулық жағдайын ескергенде, өздерiнің отбасы тұратын жерде жұмысқа тұруға мүмкiндiгi бола бермейдi. Мүгедектердiң еңбегiн дәстүрлi пайдаланатын көптеген кәсіпорындар жабылып қалды немесе өндiрiсiн тоқтатты. Мүгедектер үшiн жаңа жұмыс орындары құрыла бермейдi. Кәсiпорын әкiмшiлерi еңбек рыногында еңбекке жарамды адамдар тарапынан ұсыныстар көп түсетiндiктен, түрлi сылтауларды желеу етiп, жұмыс iстейтiн мүгедектердi қысқартады. Бос орындар мүгедектерге тым сирек берiледi. Мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн пайдаланылуы мүмкiн болатын жұмыс орындарының есебi жүйелi жүргiзiлмейдi. Осыған байланысты, ұйымның қағидаттары, инвестициялау көздерi туралы мәлiметтердi қоса алғанда, мүгедектер үшiн жұмыс орындарын есепке алуды ұйымдастыру түрiнде (бар болуы, сақталуы, өзгеруi, жаңаларын құру) жұмыс орындары банкiн құру қажет. Өздерінің өнiмдерiне мемлекеттiк сатып алудың тоқтатылуынан, мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң арнаулы кәсіпорындарының жағдайы қиындап кеттi. Өткiзу рыногында халық тұтынатын тауарлардың қаптап кетуiнен бұл кәсіпорындар бәсекелестiкке жарамай қалды. Мүгедектердi әлеуметтiк қолдау шаралары Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына, "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтік жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы 60 Заңына, "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуiрдегi 60 Заңына, басқа да заңнамалық кесiмдерге сәйкес жүзеге асырылады. Мүгедектерге әлеуметтiк көмек жәрдемақы түрiнде, протез-ортопедиялық бұйымдармен және аяқ киiммен, арнаулы қарпі бар баспа өнімдерiмен, дыбыс күшейту аппаратурасымен және сигнализаторлармен, компенсаторлық техникалық құралдармен қамтамасыз ету түрiнде берiледi. Қазақстан Республикасының барлық мүгедектерi мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк жәрдемақы алады. Жалпы аурудан, еңбек жарақатынан, кәсiби аурудан, бала жасынан мүгедектерге жәрдемақы мынадай мөлшерлерде төлендi (2006 жылы.): I топтағы мүгедектерге - 6 айлық есептiк көрсеткiш, II топтағы мүгедектерге - 4 айлық есептiк көрсеткiш, III топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға - 3 айлық есептiк көрсеткiш, ал бұл 2001 жылдың 1 қаңтарында тиiсiнше 4650 теңгенi, 3100 теңгенi және 2325 теңгенi құрады. Әскери қызметiн өтеу кезiнде алған жаралану, контузия алу, мертiгу, ауруға ұшырау салдарынан мүгедек болған мерзiмдi әскери қызметшілер қатарындағы мүгедектерге, азаматтық немесе әскери нысандағы ядролық объектiлердегi апат салдарын жою кезінде немесе ядролық объектілердегi апатты жағдайлар салдарынан мүгедек болған адамдарға, экологиялық төтенше жағдайлар салдарынан, оның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар өткiзу кезiндегi радиацияның әсер етуi себебiнен және/немесе осылардың салдарынан болған мүгедектерге себеп-салдары анықталған жағдайда: I топтағы мүгедектерге - 8 айлық есептiк көрсеткiш, II топтағы мүгедектерге - 6 айлық есептiк көрсеткiш және III топтағы мүгедектерге 5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жәрдемақы төленедi, ал бұл 2001 жылдың 1 қаңтарында тиiсiнше 6200 теңге, 4650 теңге, 3875 теңге болды. Әскери қызметiн өтеу кезiнде алған жаралану, контузия алу, мертiгу, ауруға ұшырау салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер қатарындағы (мерзiмдi әскери қызметшiлерден басқа) мүгедектерге, қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде iшкi iстер органдары қызметкерлерi қатарындағы мүгедектерге: I топтағы мүгедектерге - 15 айлық есептiк көрсеткiш, II топтағы мүгедектерге - 10 айлық есептiк көрсеткiш және III топтағы мүгедектерге 7 айлық есептiк көрсеткіш мөлшерiнде жәрдемақы төленедi, ал бұл 2001 жылдың 1 қаңтарында тиiсiнше 11625 теңге, 7750 теңге, 5425 теңге болды. 1999 жылғы 1 сәуiрден бастап жалпы аурудан, еңбек жарақатынан, кәсiби аурудан болған I және II топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға, Ұлы Отан соғысы мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға жәрдемақылардың өзге түрлерiне қарамастан, коммуналдық қызметтерге, отын және тұрғын үйдi ұстау шығындарын төлеуге арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы төленіп келедi. I және II топтардағы мүгедектерге берiлетiн арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы мөлшерi 1,4 айлық есептік көрсеткiштi немесе 1085 теңгенi, III топтағы мүгедектерге - 0,6 айлық есептiк көрсеткiштi немесе 465 теңгенi және 16 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға 0,9 айлық есептiк көрсеткішті немесе 697 теңгенi құрайды. Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысы мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға 5,7 айлық есептiк көрсеткiш немесе 4389 теңге мөлшерiнде арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы төленедi.Жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдар тиiстi бюджеттердiң қаражаты есебiнен өз құзыретi шегiнде: тұтыну бағасы индексiнiң өсуiне қарай мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларға қосымша ақы; бөгде адамның көмегiне мұқтаж жалғызіліктi мүгедектердi күту үшiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларға қосымша үстеме ақы; санаторлық-курорттық емдеу жеңiлдiктерiн белгiлейдi. [8]

     Жергіліктi өкiлдi және атқарушы органдар жергіліктi бюджет қаражаты есебiнен мүгедектердің ерекше талаптарын қанағаттандыруға және олардың тұрмыс деңгейiн арттыруға бағытталған басқа да шешiмдердi қабылдайды. Республикада қарттар мен мүгедектерге арналған 15604 орынды 70 интернат үйi жұмыс iстейдi, олардың ішінде 7042 орынды 25 интернат үйi психикалық-неврологиялық ауруларға, 2721 орынды 17 интернат үйi мүгедек балаларға арналған. Жалғызiлiктi қарттар мен мүгедектердi әлеуметтiк қолдау үшiн үйлерге барып көмек көрсететiн 309 әлеуметтiк көмек бөлiмшесi жұмыс iстейдi, олар 31632 жалғызіліктi қарт азаматқа, оның iшiнде 8471 мүгедекке қызмет көрсетедi. 28 мыңнан астам азамат протез-ортопедиялық көмекке, 60 мыңнан астам құлағы нашар еститiн мүгедек - сурдотехникаға, 19 мыңнан астам көзi нашар көретiн мүгедек тифлоқұралдарға мұқтаж. 2000 жылы 12017 мүгедек аяқ-қол буындарын протездеумен, 5797 мүгедек протез-ортопедиялық аяқ киiмдермен, 3180 мүгедек есту аппараттарымен, 5100 мүгедек тифлоқұралдармен қамтамасыз етiлдi. Мүгедектердi протез-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз етудің практикасын талдау бұйымдар сапасының төмендiгiн ғана емес, бiрқатар ұйымдастырушылық проблемаларын да көрсетiп отыр. Қазақстанда протездеу мен протез жасау проблемаларына зерттеу жүргiзетiн бiр де бiр ғылыми-зерттеу институты жоқ. Протездеу сапасын бағалау тек клиникалық деректер негiзiнде ғана жүргiзiледi және негiзiнен екi факторға: мүгедектiң барабар сезiнуiне және протез жасаушының сауатты әрекетiне тәуелдi. Халықты емдеу, емдеу-алдын алу және осы заманғы талаптарға сай келетiн протез-ортопедия құралдарымен мейлiнше толығырақ қамтамасыз ету, республикалық мемлекеттiк протез-ортопедия кәсiпорындарын басқарудың құрылымын оңтайландыру, протез салу мен протез жасауда зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстарын жүргiзу, қол және аяқ буындары протездерiне қажеттi түйiндер мен бөлшектер өндiрiсi бойынша импорт алмастырушы жаңа конструкциялар мен әзiрлемелердi енгiзу мақсатында жұмыс iстеп тұрған протез-ортопедиялық кәсiпорындарын қайта құру көзделуде. 2000 жылы жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен Ұлы Отан соғысының 459 мүгедегi автокөлiкпен қамтамасыз етiліп, 910 мүгедек кресло-қораптар алды. "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтiк қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының мүгедектерге техникалық немесе өзге де құралдар беруге қатысты бөлiгi толық көлемiнде орындалмай келедi. Оңалтудың техникалық құралдары жоғалтқан қарекеттерiн түзеуге немесе орнын толтыруға, оның iшiнде өзiне өзi қызмет көрсетуге арналған бейiмдеу құралдарынан тұрады (тамақ ішу үшiн - асханалық аспаптарды кигiзiп бекiтуге арналған белбеушелер, крандар, газ және электроплиткаларына арналған тұтқалар, арнайы асханалық аспаптар және зағип адамдар үшiн икемдеу құралдары); санитарлық-гигиеналық процедураларды орындау үшiн тұрмыстық бейiмдеу құралдарынан (тiс мәуесегiн, сабынды, жөкенi, тарақты, электр ұстарасын кигiзiп, бекiтетiн белбеушелер, тiс пастасын қысып шығаруға, су крандарын, душты ашуға, киiмдердi, шұлық-ұйықтарды, аяқкиiмдi киіп, шешуге бейiмдеу құралдары); жылдамырақ және ақырын жүруге арналған құралдардан (қолмен басқарылатын автомобиль, бөлме iшiнде жүретiн, серуендейтiн кресло-қораптар, екi аяғы жоқ мүгедектер үшiн шағын қораптар, балдақтар, таяқтар); мүгедектердің естуiн түзеу және коммуникациялық қолдау құралдарынан (Брайло бойынша хат жазуға арналған машинкалар, оқуға арналған дүрбiлер, "сөйлей бiлетiн кiтап" үшiн арнайы магнитофондар, домофондар; тербеткіш қоңыраулы сағаттар, арнайы диктофондар, жылжымалы жолдары бар немесе дыбысы күшейтiлген телефон аппараттары) тұрады. "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтiк қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының мүгедектердің тұрғын үйлерге және өзге де әлеуметтік инфрақұрылым объектiлерiне көтерiлуiн қамтамасыз етудi көздейтiн 26 бабы да жүзеге асырылмай отыр. Бұл бiрiншi кезекте, ғимараттардың есiгi мен көшелердің жерасты өткелдерiне қойылатын пандустарға қатысты. Тұтастай алғанда "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының баптарының көпшiлiгi орындалмай отыр, бiрқатар баптар құрғақ сөз күйiнде қалуда, заң баптарының шарттарын орындамағаны үшiн берiлетiн жазалар анықталмаған.Мүгедектердiң демалысы мен спортпен айналысуын ұйымдастыру бойынша оларды нақты кепілдіктермен қамтамасыз ету жөнiндегi проблемаларды шешудi, аталған бағытта мүгедектермен жұмыс iстейтiн кадрларды даярлаудың тәртiбi мен шарттарын анықтауды нормативтiк тәртіпте жүргiзген жөн. Мүгедектер мен олардың отбасы мүшелерiн өздерiнің жеке проблемаларын шешуге олардың өздерiн тiкелей тарту жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеу және бекiту мүгедектердi әлеуметтік оңалту жоспарының маңызды бағыттарының бiрiнен саналады, онда жоғалтқан қарекеттерiн қалпына келтiру және орнын толтыру үшiн базалық даярлық, өзiн өзi күту, өзiне өзi қызмет көрсету бойынша консультациялар беру көздеген дұрыс. [8]

     2.2.Қазіргі  кездегі мүгедектерге  әлеуметтік қызмет  көрсету үрдістері

     Еліміздегі  мүгедектер мен мүмкіндігі шектелген адамдар мемлекет тарапынан арнайы көмекті қажет етеді, себебі олардың физикалық, психикалық, интеллектуалдық  мүмкіндіктері  олардың қоғамда дұрыс өмір сүруіне кедергі жасайды. Осы мәселелерге байланысты Қазақстанда мүгедектерді оңалту мәселесі қолға алынды.400 мыңнан астам мүгедекті мемлекет әлеуметтік қамсыздандыруға алып отыр. Бұл ретте әрбір үшінші мүгедек еңбекке жарамды жаста, мүгедек балалар 40 мыңнан асады, олардың көпшілігінің кемістігі туа біткен. Алғаш рет мүгедектікке ұшырау деңгейі азайғанымен, әлі де жоғары күйінде қалып отыр.[6]

     1998 жылдың бірінші қаңтарына дейін  қолданылып келген зейнетақы  заңдарына сәйкес жалпы ауруы  салдарынан мүгедектігіне байланысты  зейнетақы жалақысы ескеріле  отырып, мүгедектік басталған   уақыттағы еңбек өтілі болғанда; еңбек  жарақатынан немесе кәсіби ауруына байланысты зейнетақы – еңбек өтіліне қарамастан, бірақ  жалақысы ескеріле отырып тағайындалатын еді. 1998 жылдан бастап «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылуы жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүгедектігі бойынша жәрдемақылардың мөлшері еселенген айлық есептік көрсеткішке (одан әрі-АЕК) сәйкес белгіленеді, ал олардың өсуі оны индекстеу есебінен жүргізіледі.Қазақстанда 388,7 мың мүгедектердің барлық категориялары, соның ішінде  211 мыңы әйелдер, 49,1 мыңы 16 жасқа дейінгі балалар, 58,8 мың бала күнінен мүгедектерді құрайды. Соңғы жылдары мүгедектердің санының өсуі тенденциясы байқалады, алғашқы мүгедектік төмендеген. Бұл ерте мүгедек реабилитациялау төменгі деңгейде екенін көрсетеді. Сонымен бірге бірінші рет мүгедек көрсеткіш ішінде еңбекке қабілетті жастағы мүгедектер үлесі тұрақты түрде өсіп келеді. 2005 жылы бұл сан 86 %-ды құрады, 2002 жылмен салыстырғанда 4,9%-ға өскен (2-кестеде көрсетілген).

     2-кесте.  Бірінші рет мүгедектік көрсеткіштері

Көрсеткіштер жылдар
2003 2004 2005 2006
Бірінші рет мүгедек болып танылғандардың жалпы саны, мың адам 46,1 40,8 42,8 42,8
1000 адамға шаққандағы мүгедектер саны 3,5 3,1 3,3 3,3
Алғашқы мүгедектік топтар бойынша, мың адам

- І топ  мүгедектер саны

- ІІ  топ мүгедектер саны

-ІІІ  топ мүгедектер саны

 
 
5,9

33,1

16,1

 
 
4,9

27,5

17,3

 
 
4,8

25,3

16,0

 
 
4,6

23,8

12,4

Алғашқы мүгедектік жынысы бойынша бөлу, мың адам

әйелдер

ерлер

 
22,5

32,6

 
20,5

29,1

 
18,9

27,2

 
-

-

Ескертпе: Статистикалық жинақ 2006

     Берілген  сандар мүгедектер санының ары қарай  өсуі халықтың дені сау өсімінің әлеуметтік қауіпті төмендеуге, елдің еңбек  ресурстарының өсуіне әкеліп соғуы мүмкін.Мүгедектің еңбекке жарамды халық ішінде дамуы әлеуметтік-экономикалық, медициналық-демографиялық және экологиялық факторлар өсуіне әсер етеді, еңбекті қорғаудың төмен деңгейі, сонымен бірге медициналық қызметтің жоғары құны мен төмен сапасы өз үлесін тигізуде.[4] 

Сурет 2 - Мүгедектіктің негізгі себептері

     Мүгедектің негізгі себептері – 18,6 %-ы қанайналым органдарының ауруына байланысты, екінші жаман сапалы пайда болулар – 14,1%, үшіншіден психикалық шалдығулар 12,1%, төртінші әртүрлі жарақаттар – 11,9%-ды құрайды, мамандық жарақаттары мен еңбек салдарынан сырқауға ұшырау мүгедектіктің ел бойынша 1,3%-себебі болып табылады.  [5]

     Қазақстандағы мүгедектердің жалпы санынан 13%-ын 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар құрайды.

     Республикада  қазіргі 49,1 мың мүгедек-балалар тұрады, олар 16 жасқа дейінгілер және 58,8 мыңы жастайынан мүгедектер.

     Мүгедектіктіктің  балалардың арасында күрт өсуі елдегі экологиялық жағдайдың төмендеуіне  байланысты, яғни өндірістік қоқыстардың ана мен бала денсаулығына әсері, сонымен бірге  медициналық қанағаттарлықсыз бақылау болып отыр.

     Президенттің  тапсырмасына сәйкес 2005 жылы жәрдемақылардың  едәуір арттырылуы жүргізілді:

     І топтағы мүгедектерге -3АЕК (2895 теңгеге);

     ІІ  топтағы мүгедектерге -2,5 АЕК-ке (2412,5 теңгеге);

     ІІІ топтағы мүгедектерге -2 АЕК-ке (1930 теңгеге ); 16 жасқа дейінгі мүгедектерге 3 АЕК-ке (2895 теңгеге). Нәтижесінде 2005 жылы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың  орташа мөлшері 6700 теңгеге дейін  немесе 50%-ға арттырылды. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 15 АЕК дейін арттырылды және 30 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетілді. Қазақстандағы категориялары бойынша мүгедектерге берілетін мемелекеттік жәрдемақылардың көлемін 3-кестеден көруге болады. [

     3-кесте Мүгедектерге берілетін мемелекеттік жәрдемақылардың көлемі

Мүгедектік  категориялары Топ 2007 жылдағы  мөлшері 2008 жылдағы  мөлшері Өсуі (теңге)
Күнкөріс  деңгей теңгемен Күнкөріс деңгей теңгемен
Жалпы сырқаттан,сонымен бірге әскери қызметкерлер, ішкі істер органдарындағылардың төтенше жағдайдан қызметін атқаруғу байланысты мүгедек болғандар 1 1,36 12051 1,36 14301 2250
           
2 1,06 9393 1,06 11146 1753
3 0,74 6558 0,74 7782 1224
16 жасқа дейінгі мүгедек балалар   1,00 8861 1,0 10515 1654
Жедел әскери қызмет өтушілер ішінен мүгедектер, ядролық объектілерде қатерді жою кезінде мүгедек болған тұлғалар,төтенше экологиялық жағдайларда мүгедек болғандар 1 1,61 14267 1,61 16930 2663
2 1,30 11520 1,30 13670 2150
3 1,00 8861 1,00 10515 1654
Жастайынан  мүгедектер 1 1,36 12051 1,36 14301 2250
2 1,11 9836 1,11 11672 1836
3 0,87 771 0,87 9149 1439
Әскери  қызметкерлер ішінен мүгедектер жаралану, контузия, сырқат алу әсерінен мүгедек болу және ішкі істер органдарында қызмет бабында мүгедек болғандар 1 2,09 18520 2,09 21977 3457
2 1,49 13203 1,49 15668 2465
3 1,00 8861 1,00 10515 1654
Ескертпе: Статистикалық жинақ 2007

     Мемлекеттік жәрдемақылардан бөлек мүгедектер жергілікті өкілеттіліктер мен атқарушы органдардан жергілікті бюджет есебінен қосымша алуы мүмкін: мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша тұтынушылар бағасын индексі өсуіне сәйкес; жалғыз басты мүгедектерге басқа біреудің көмегін қажет ететіндерге қосымшалар; демалыс емделу органдарда емделуге жеңілдіктер.Мүгедектердің 8%-ы ғана жұмыс істейтіндер екенін ескерсек (4.-кесте) қалған жұмысқа қабілетсіздер мен жұмыссыздар қазіргі күнгі жеткілікті түрде ауыр жағдайда екен.

     4-кесте.  Қазақстандағы топтары бойынша  мүгедектер мен жұмыс істейтін мүгедектердің үлесі

  Барлығы І-топ ІІ-топ ІІІ-топ
Бірінші рет мүгедек болып танылғандар,адам 4820 4581 23842 12397
Алғашқы мүгедектігі жұмыс істейтіндер  үлесі % 21,2 14,5 21,3 23,7
Қайта мүгедек болып танылғандар 130771 6552 76860 47359
Қайта мүгедек болып танылғандар ішінде жұмыс істейтіндер үлесі % 3,7 06 09 8,6
Жалпы мүгедектер санындағы жұмыс істейтіндер  үлесі % 7,9 6,3 5,8 11,7
Ескертпе: Статистикалық жинақ 2007

Қазақстандағы мүгедектер тап болатын проблемалардың ішінде, келесі негізгі топтарға бөлуге болады: жұмыспен қамтылудағы қиындықтар, мүгедектерді қамту сферасындағы дискриминациялау; білім алудағы шектеулер және әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандырудағы шектеулер; мүгедектерді реабилитациялауда денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын төмендегі мен жеткіліксіз көлемі; мүгедектерді тұрғын үйлерге қол жеткізе алмады; елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысудың әлсіздігі. 
 

Информация о работе Мүгедектер