Мүгедектер

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 17:12, реферат

Описание работы

Адамзаттың қолынан құрып бара жатқан экологияның және дәрігерлердің білместігінің әсерінен дүниеге кемтар, мүгедек балалардың келуі жиілеп кетті.Мемлекеттің байлығы – дені сау ұрпақ.Дүние жүзінде 5 жылдың ішінде 500 миллион адамның құлағы естімейтіндігі анықталған екен.Алайда тағдырдан таршылық көрген, мүмкіндігі шектеулі жандардың бүгінгі өмірі қандай? Қазақстан қоқыс алаңымен мүгедектердің орталығы болып жатқандай.

Работа содержит 1 файл

Айжан жоба.doc

— 201.50 Кб (Скачать)

            Кіріспе

     Адамзаттың  қолынан құрып бара жатқан экологияның  және дәрігерлердің білместігінің  әсерінен дүниеге кемтар, мүгедек  балалардың келуі жиілеп кетті.Мемлекеттің  байлығы – дені сау ұрпақ.Дүние жүзінде 5 жылдың ішінде 500 миллион адамның құлағы естімейтіндігі анықталған екен.Алайда тағдырдан таршылық көрген, мүмкіндігі шектеулі жандардың бүгінгі өмірі қандай? Қазақстан қоқыс алаңымен мүгедектердің орталығы болып жатқандай.

     Мүгедек...Не деген ауыр сөз десеңізші.Өкінішке орай, соңғы жылдары «пәленшенің баласының екі көзі соқыр екен, мылқау, саңырау болып туылыпты» деген сөздерді жиі еститін болдық.Жарық дүниенің есігін мүгедек күйінде ашқан сәбилердің келешек тағдыры қалай қалыптасатынын ойлаудың өзі жанды ауыртады.[1]

     Тақырыптың  өзектілігі: Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында әлеуметтік проблемалардың ең өзекті мәселесі – мүмкіндігі шектеулі жандар проблемасы.Сондықтан да ғылыми жұмыстың негізгі тақырыбы болып: мүмкіндігі шектеулі азаматтар, қоғамдағы олардың рөлі, дұрыс әлеуметтенуі,жалпы мүгедектердің жағдайын барша қауымға түсіндіру болып отыр.

     Тақырыптың мақсаты: Республикадығы мүмкіндігі шектеулі азаматтар проблемасын шешу жолдарын табу; Қоғамның мүгедектерге деген көзқарасын өзгерту;Жетілдіру мәселесін қарау.Жобаның негізгі обьектісі – мүгедектер деп қарастырып отырмыз.

    Міндеті: 1.Қоғамдығы мүгедектер рөлін анықтау, қазіргі уақыттағы мүгедектердің тұлғалық дамуындағы маңыздылығын түсіндіру;

    2.Мүгедектер да басқа сау адамдар сияқты өмір сүре алатындығын дәлелдеу.

     Жобаның құрылымы және көлемі: жоба 28- беттен, кіріспе, 3-тараудан, қорытынды,пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және 4 кесте, 2 суреттен тұрады.

         1 Мүмкіндігі шектеулі азаматтар ұғымына сипаттама

         1.1 Мүмкіндігі шектеулі азаматтар түсінігі

     Әр  елде, әр заманда мүмкіндігі шектеулі азаматтар болған ғой. Кей елдер оларды қоғам көзіне шыққан сүйелдей көрсе, кейбірі қоғамның қарапайым мүшесіндей қарап, қамқорлығын аямайды.Біздің мемлекет осылардың алғашқы тобына жатады.Неге дейсіз ғой? Өйткені біздің қоғамның санасы көздері нашар көретін, құлақтары кем еститін, тірек-қозғалу аппаратының функциялары бұзылған жандарды өзімен бірдей адам деп есептемейді. Олар оқи алмайды, жұмыс істеуге жарамсыз. Оларға аяушылықпен қарап, мүсәпір санайды. Біздің ойымызға «олар да біз секілді жаратқанның құлы ғой, олардың да біз секілді олардың да өмір сүруге құқығы бар ғой» деген ой кіріп те шықпайды.

     Бүгінде олардың негізгі проблемалары –  жоғарғы білім алу және жұмыссыздық.Қазақстанда  мүмкіндігі шектеулі  500 000-ға жуық адам бар екен.Соның 40 мыңы Алматы қаласында тұрады.Бұл адамдардың көбінің жоғарғы білімі жоқ, жұмыссыз үйде отыр. Бизнес пен өнердің орталығы саналатын Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандардың білім алып, жұмыс істеуіне ешқандай жағдай жасалмаған соң, басқа қалалар мен аймақтар туралы сөз қозғамай-ақ қоялық.Мысалы, Алматыдағы жоғарғы оқу орындарынан арбада отырған немесе құлағы естімейтін студенттерді көргеніңіз бар ма? Жоқ.Тек көздері нашар көретін бірен-саран студенттер ҚазҰУ, ҚазҰП Университетінде білім алуда. Басқа мүмкіндігі шектеулі жастардың оқып жүргенін байқамадық. Бұл олардың білімге деген ұмтылысы, оқуға деген талпынысы жоқ деген сөз емес. Олардың арасында небір дарынды, небір таланттылар жеткілікті. Он екі мүшесі  шаң қаптырып кететін дарындалар бар. Сонда ойлайсың да, мектепті бітірген жастың оқуға қақысы бар да, арнайы мектепті бітірген жастардың оқуға қақысы жоқ па? Барлық Қазақстан азаматтарының құқы  бірдей емес пе еді?!

     Мүгедектер  санының ұдайы өсуі, бір жағынан  олардың физикалық, психикалық, интеллектуалдық  қабілеттілігіне тәуелсіз олардың  әрбіреуіне көңіл бөлудің артуынан, екінші жағынан демократиялық азаматтық қоғамға тән. Мұның бәрі әлеуметтік-реабилитациялық қызметтің маңыздылығын алдын-ала анықтайды.

     Мүгедектердің құқығы туралы Декларациямен келісе отырып (БҰҰ, 1975ж.), мүгедек – бұл  туа біткен немесе жүре пайда болған оның физикалық және ақыл-ой мүмкіндіктерінің жетіспеушілігіне қарай қалыпты жеке және әлеуметтік өмір сүрудің қажеттілігін толықтай немесе жарым-жартылай өз бетімен қамтамасыз ете алмайтын кез-келген тұлға.

     1989 жылы БҰҰ Заң күшіне енген балалардың құқығы туралы Конвенцияның тақырыбын қабылдады. Мұнда толыққанды және лайықты өмір сүруінде, дамуында ауытқулары бар балалардың құқығы бекітілген.[10]

     БҰҰ, сондай-ақ ақыл-ойы кем тұлғалардың  құқығы туралы Декларация қабылдады. Мұнда медициналық қызмет көрсетуге, білім алуға, еңбекке қабілеттілігін қайтадан қалпына келтіруге құқықтары бекітілген. Өзінің мүмкіндігіне қарай қандайда бір пайдалы іспен еңбек ету немесе қажырлану құқығы басым айтылған. Мұнымен материалдық қамтамасыз етілуі және қанағаттанарлық өмір сүру деңгейі байланысты.Балалардың мүгедектігі олардың тіршілік әрекетін елеулі түрде шектейді, олардың дамуы мен өсуінің бұзылу салдары әлеуметтік бейімделмеуге әкеп соғады.2005жылы «2006, 2008 жылдарға арналған мүгедектерді қатарға қосу бағдарламасы» қабылданған болатын.Осы бағдарлама аясында жұмыс істейтін және оқитын бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адам өзіне көмекші алу құқығына ие болды. Бірақ он бес мың тенгеге кім көмекші бола қояды дейсіз? Көмекші болған адам  ерте келген адам ерте келіп, оны жұмысқа апаруы, жұмыстан алып келуі керек. Оның жүріп, тұруына көмектесуі қажет. Осындай тиын тебенге кім өмір  сүре алады? Егер адам көзі көрмейтін, немесе жүре алмайтын болса, онда ол құжаттарды қайдан, қалай жинайды? Жасаған жақсылықты да жөнімен жасаған абзал ғой.

     Еліміздегі  тірек -қозғалу аппаратының функциясы бұзылған жандардың халі тіптен мүшкіл. Оларға оқып, жұмыс істемек түгілі, жүріп тұруға жағдай жасалмаған. Еліміздегі ең ірі қала Алматыда санаулы орындардан басқа жерлерде халықаралық стандарттарға сай пантус жоқ. Арнайы пантустар тек әуежайда, «Рамстор» сауда үйінде, «мегаорталықтарда» ғана бар. Қаланың айтулы ошақтары мен айтулы орындарында бірде бір пантус кездеспейді. Тіпті қаладағы ең үлкен өнер ордасы Республика сарайының өзінде мүгедектер арбасы жүретін жол жоқ. Сонда арбада отырған ақыл, есі сау, көкірек көзі ояу азаматтардың түрлі өнер мерекелерін көруге ,театрға барып қойылым тамашалауға құқы жоқ па? Ал басқа жерлерде салынған пантустар мен тіректер орысша айтқанда, «для галочки» жасалған дүниелер. Сондай пантустардың бірі Бостандық аудандық әкімдігі ғимаратының кіре берісінде жасалған.Ол өте тік, белгіленген өлшемдерге салынбаған. Мұндай пантуспен арбадағы жан түгілі, он екі мүшесі сау адам жүре алмайды.Мүмкіндігі шектеулі адамдардың оқуға түсерде осындай кедергілерге кездессе, жұмысқа тұрарда кездесетін қиыншылықтар  бастан асады. Мысалы, былтырғы жылы мүмкіндігі шектеулі он екі жас жоғарғы оқу орнын бітірген.Олар қалай есікті қағып, талай табалдырықты тоздырса да, жұмысқа тұра алмады.Сол бұрынғы студент, бүгінгі жас мамандар жылға жуық жұмыссыз жүрді.Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау шараларының бiрi - ағзаның бұзылған немесе жоғалған қарекетiн, өзiне өзi қызмет ету, кәсiби қызметтiң әр түрiне қабiлетiн қалпына келтiруге және орнын толтыруға бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтiк-экономикалық iс-шаралар кешенiнен тұратын, сондай-ақ мүгедектердің толыққанды өмiр сүруiне мүмкiндiк беретiн әрi олардың құқықтары мен қабiлет мүмкiндiктерiн iске асыруын қамтамасыз ететiн оңалту болып табылабды.2006 жылы «Мүмкіндігі шектеулі жандар туралы» Заңға негізделген өзгертулерге сәйкес, егер жұмыс берушінің қол астындағы жұмысшылары 33  адамнан асса, соның 3 пайызын мүмкіндігі шектеулі адамдар құрауы керек делінген.ал іс жүзінде аталған заң жүзеге аспай отыр.Қалталы азаматтар мен атқамінер ағаларымыз қоларбада отырған және құлағы нашар еститін, көзі нашар көретін жандар қарамағында істесе, фирманың имиджіне зиян келеді деп қарайды-мыс.Жұмыс іздеп келген адам қанша білімді, қанша зейінді болса да, оның денесінде кемістігінен бастарын ала қашады.Ал тірек-қозғалу аппаратының функциялары бұзылған адамдар жұмыс істейтін болса, құрығанда отыратын арбаларын өздері сатып алатын жағдайға келер еді.Ал қоларба үш немесе алты жыл сайын ауыстырылуы керек.Ал шетелдерге «мүгедек» деп ақыл есінде кемістігі бар жандарды айтады.Бізде денесінде кемістігі бар болса, ол мүгедек, ол ешнәрсеге жарамсыз. Бұл түсінікті өзгерту керек. Сондықтан жұмыс берушілердің құлағына алтын сырға, мүмкіндігі шектеулі жанның да Қазақстан азаматы екенін, оның құқығы басқа адамдармен тең екенін естен шығармаған жөн. [2] 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     2 Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жай-күйі және олардың негізгі проблемаларын талдау.

     2.1 Қазақстандағы мүгедектерді қолдау саясаты

     Мүгедектердi әлеуметтiк қолдау мен қорғауға, олардың экономикалық, саяси және басқа да құқықтары мен бостандықтарын iске асыруда тең мүмкiндiктермен  қамтамасыз етiлуiне Қазақстан Республикасының  Конституциясында, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларында кепiлдiк берiлген.Мүгедектердi оңалту бағдарламасы Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 60 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру іс-шаралар жоспарына сәйкес әзiрлендi және елдiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайы ескерiлiп жасалды. Мүгедектік пен мүгедектерді әлеуметтік қорғау проблемасының көкейкестілігі оның ауқымына байланысты. БҰҰ сарапшыларының деректері бойынша мүгедектердің жалпыәлемдік саны 600,0 млн. адамды немесе халықтың 10 % құрайды. Олардың ішінде 385 миллионы еңбек етуге қабілетті жастағы адамдар болып табылады. Соңғы 30-ыншы жылдардың ішінде әлемде мүгедектерге қатысты саясатты қалыптастырудың, әртүрлі елдер үкіметтерінің осы әлеуметтік топтың проблемаларын шешу тәсілдерін әзірлеуге қолдау көрсетуінің және мемлекеттік және қоғамдық институттарға мүгедектерге арналған саясатты айқындауда көмек көрсетудің тұрақты үрдістері мен тетіктерінің қалыптасты.

     Мүгедектердің жағдайын жақсарту Қазақстанда да әлеуметтік саясаттың басымдықты бағыттарының бірі болып табылады. Экономикалық өсу анағұрлым белсенді әлеуметтік саясат жүргізуге алғышарттар жасады. Мүгедектерді оңалтудың 2002–2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде медициналық-әлеуметтік сараптама қызметін қайта құру қамтамасыз етілді, стационарлық әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің желісі ұлғайды, мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың көлемін көбейіп, сапасын арттырылды, мүгедектердің инфрақұрылымға қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар көзделді. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, мүгедектерді оңалту пробелмаларын тиімді шешу мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне қабылданатын бағдарламалар шеңберіндегі белсенді қолдауын талап етеді. Осыған байланысты, жақын арадағы болашақта мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оңалту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындау үшін жаңа бағдарлама әзірленді. [3]

     Республикада  барлығы түрлi санаттардағы 386,2 мың  мүгедек, соның 
iшінде 211 мың мүгедек әйел, 49,8 мың 16 жасқа толмаған мүгедек бала, 
бала кезiнен 58,8 мың мүгедек және басқа да мүгедектер тұрады. Бұл 
цифрлар, мүгедектiктiң бұдан әрi осылайша көбеюi денi сау халықтың 
өсiмiнің азаю қаупiн туғызып, республиканың еңбек ресурстарының саны мен сапасының құлдырауына соқтыруы мүмкiн деген тұжырымға келтiредi.[ 7]

1-кесте.  Алғашқы мүгедектіктің 10 000 адамға шаққандағы серпінді көрсеткіші

Көрсеткіштер жылдар
2004 2005 2006
Алғаш рет мүгедек деп танылғандар (барлығы) 46 727 44658 42825
Оның  ішінде:

балалар арасында

ересектер арасында

 
7734
 
7081
 
7017
38993 37577 35808
Алғашқы мүгедектіктің серпінді көрсеткіші (мүгедектердің барлық санаттары үшін) 31,2 29,9 28,4
Оның  ішінде:

балалар арасында

ересектер арасында

 
17,4
 
16,5
 
15,0
36,9 35,0 34,4
Ескертпе: Статистикалық жинақ 2004 жыл

Алғаш рет мүгедектiкке ұшырау құрылымында  бiрiншi орында қан 
айналымы органдары сырқатынан мүгедектiк - 18,6 пайыз, екiншi орында 
зиянды iсiктерден мүгедектiк - 14,1 пайыз, үшiншi орында психиканың 
бұзылуынан 12,1 пайыз және төртiншi орында - барлық орын алған 
жарақаттардан 11,9 пайыз.2000-2006 жж. мүгедектер арасында 2 топ мүгедектердің үлесі басым болды -60%, 1 топ - 11%, 3 топ -29%. 2006 жылы барлығы 151191 дадам қайта күәландырылды, бұл ретте ішінара оңалту көрсеткіші 8,7%-ды құрады, мүгедектік тобыныңауырлау көрсеткіші-7,0%, толығымен оңалту көрсеткіші – 5,0% болды. Мүгедектердің жас құрылымында еңбек етуге жаоамды жастағы адамдар басым (мүгедектердің жалпы санының шамамен 70%-ы).

Информация о работе Мүгедектер