Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2012 в 14:28, реферат
Мұнда рыноктық экономикасы қалыптасқан мемлекеттердің әлеуметтік саясатымен қатар рынокқа көшіп жатқан біздің еліміздің әлеуметтік саясатының ерекшеліктерін қарастырамыз.
а) Табыс құрылуының рыноктық механизмі және әлеуметтік саясат.
Табысты рыноктық бөлудің бір ғана әділетті жолы бар, ол өндіріс факторлары иелерінің табыстары сұраныс пен ұсыныс заңының шекті пайдалылық негізінде анықталады.
Жоғарыда аты аталған американ экокомисі П. Хейне мынаны көрсетеді: желкеңді қайығы барлар шынында да бай адамдар, қоқыс салынған жәшікті ақтарғандар жарлы адамдар. Бірақ егер жаңа ереже бойынша желкенді қайықтың иесіне қоқыстағы мүсәпірлер қоры үшін деп жылына 10 мың доллар арнайы салық салынса және әлгі қордан әрбір жарлы адам жылына 2000 доллар көмек алатын болса, онда мынадай жағдай туады: тіркелген желкеңді қайықтар иелерінің саны азаяды, өзін "қоқыстанмын", жарлымын дегеңдердің саны жедел өседі (П. Хейне. Экономикалық ойлау бейнесі. М., 1991, 379-бет).
Табыстағы тенсіздік едәуір дәрежеде қүн заңының (бағалылық заңының) объективті әрекетінен туындағанын ұмытпау керек. Табыс дифференциациясын (әркелкілігін) түгел жоюға тырысу рыноктық механизмді қиратумен тең.
Қайта бөлу процестерінің көлемі әр түрлі елдерде түрліше, бірақ Швецияда оның шеңбері кең. Мысалы, егер бұл елдегі өндіріс факторлары бойынша табысты бөлуді алып, үй шаруашылығының 10 тобына топтастырғанда (53-суреттегі халықтың 20% емес, 10%) онда мынадай қорытынды шығады: үй шаруашылығының жалпы табысы жоғары 10%-тік топта халықтың төменгі 10%-не қарағанда шамамен 100 есе көп болды. Бірақ қолдағы табысты алсақ (салықты төлегеннен кейін) онда үй шаруашылығының жоғары және төменгі топтарының айырмасы едәуір аз көлемде, артығы 100 есе емес, 4 есе болды. Мұндай қайта бөлудің көлемі швед экономистерінің белгілі күмәнін туғызды, жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жалақыдағы айырмашылықтардың азаюы (салықты төлегеннен кейін) еңбек рыногының динамикасын төмендетті.
Сонымен рынок шаруашылығындағы мемлекеттің әлеуметтік саясаты өте нәзік құрал болуға тиіс, бір жағынан, ол әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға және әлеуметтік шиеленісті жұмсартуға көмектессе, екінші жағынан кәсіпкерлік пен жоғары тиімді еңбекті ынталандыруға салқынын тигізбеуі қажет.