Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2012 в 14:28, реферат
Мұнда рыноктық экономикасы қалыптасқан мемлекеттердің әлеуметтік саясатымен қатар рынокқа көшіп жатқан біздің еліміздің әлеуметтік саясатының ерекшеліктерін қарастырамыз.
а) Табыс құрылуының рыноктық механизмі және әлеуметтік саясат.
Табысты рыноктық бөлудің бір ғана әділетті жолы бар, ол өндіріс факторлары иелерінің табыстары сұраныс пен ұсыныс заңының шекті пайдалылық негізінде анықталады.
Мұнда рыноктық экономикасы қалыптасқан мемлекеттердің әлеуметтік саясатымен қатар рынокқа көшіп жатқан біздің еліміздің әлеуметтік саясатының ерекшеліктерін қарастырамыз.
а) Табыс құрылуының рыноктық механизмі және әлеуметтік саясат.
Табысты рыноктық бөлудің бір ғана әділетті жолы бар, ол өндіріс факторлары иелерінің табыстары сұраныс пен ұсыныс заңының шекті пайдалылық негізінде анықталады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, мысалы, жоғары маманданған еңбек иелерінің егер оған сұранысы болмаса, табыстары төмен болуы әбден мүмкін. Ал астық бағасының динамикасын дәл болжап көрсете білген брокердің табысының жоғары болуы да әділетті. Рыноктық механизм әл-ауқаттың дәрежесіне кепілдеме бере алмайды. Дегенмен, XX ғасырда Батыстың өнеркәсібі дамыған елдерінде мемлекеттен адамдар үшін әл-ауқат стандартын талап ететін тұжырымдамалар мен доктриналар кеңінен тарай бастады. Әсіресе теория мен тәжірибеде "берекелі мемлекет" (welfare State) деген ұғым, яғни ауқымды әлеуметтік шараларды, ең алдымен, әлеуметтік қамсыздандыру шараларын жүзеге асыратын мемлекет деген ұғым қалыптасты. Рыноктық экономикасы қалыптасқан елдерде табысты бөлу тек рыноктық күштердің еркін ойынының нәтижесінде ғана емес, түрлі табыстар ағындарын мемлекеттік реттеу, қайта бөлу негізіңде де бөлінетінін байқадық.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты — оның қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің бір бағыты. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні қоғамдағы әділеттілік қатынастарды қолдау немесе қоғамдағы әлеуметтік таптардың арасындағы қатынастарды реттеу, қоғам мүшелерінің тұрмыс дәрежесін, әл-ауқатын көтерудің жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандырудың әлеуметтік кепілдіктерін жасау. Мемлекеттің қоғамдық өндірісті реттеу мақсатында жүргізетін шаралардың құрамды бөлігі ретінде мемлекеттің әлеуметтік саясаты елдегі бүкіл экономикалық ахуалмен тығыз байланысты болады.
б) Халықтың табыстары және оның құрылу көздері.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты тізбегіндегі басты буын халық табысын құру саясаты. "Табыс" деген түсінік экономикалық жұмыс нәтижесінің көрсеткіші. Экономикалық әдебиетте "Табыс" дегеңді жаңадан жасалған құнның мөлшерін анықтауға қолданып, өндірілген құнның оны өндіруге жұмсалған шығындардан артық болуы, әр таптың, әлеуметтік топтың немесе жекелеген адамның өндірілген өнімдегі үлесі, оны иемденуі мағынасында түсінеді.
Қоғам мүшелерінің табыс дәрежесі, деңгейі олардың әл-ауқатының басты көрсеткіші, өйткені ол жеке адамның материалдық және рухани өмірін анықтап, демалуына, білім алуына, денсаулығын сақтауға, күнделікті тұтыну қажеттілігін өтеуге мүмкіндік береді, Халық табысының мөлшеріне тікелей әсер ететін факторлардың ішінде, жалақының көлемінен басқа бөлшек сауда бағасының динамикасы, тұтыну рыногын тауарлармен толтыру және т. б. бар.
Халық табысының деңгейі мен динамикасын сараптау үшін номиналды қолдағы және нақтылы кірістерінің көрсеткіштері қолданылады.
Номиналды табыс (ИІ)— жекелеген адамдардың белгілі уақытта алған ақшасының саны.
Қолдағы табыс (ДІ)— жеке тұтынуға және жеке жинақтауға болатын табыс. Қолдағы бар табыс номиналды табыстан салық пен міндетті төлемдер сомасына кем болады.
Нақтылы табыс (ВІ)— белгілі бір уақытта қолдағы бар табысқа сатып алған қызмет пен тауарлардың саны, ол баға деңгейінің өзгеруімен түзетіліп отырады.
Халықтың нақтылы ақшалай табыстарының құрылуының бірнеше қайнар көздері бар, олардың негізгілері: факторлық табыстар, қоғамдық тұтыну қорларынан берілетін төлемдер мен жеңілдіктер; финанс жүйесі арқылы келетін (банктерден, жинақ кассаларынан, сақтандыру мекеме-лерінен және т. б.) және басқа түсімдер. Жалақы, кәсіпорындардағы, кооперативтердегі жалақы тектес табыстар; өз шаруашылығының табыстары және басқалар. Еңбек факторына ақы төлеудің теңденциясын талдау, бұл табыс түрінің болашақта да жалпы ақша табыстарының көлемін құруда жетекші рөл атқаратынын көрсетеді.
Халық табысынын құрылуына айтарлықтай әсер ететін жай қоғамдық тұтыну қорынан (ҚТК) берілетін төлемдер мен жеңілдіктер немесе мемлекеттік көмектің бағдарламасы. Осылардан зейнеткерлерді қамсыздандыруға, уақытша жұмысқа жарамсыздарды қолдауға әр түрлі жәрдем ақыға (балаларды күтуге, дәрігерлік қамту, табысы аз отбасыларының балаларына, жұмыссыздарға жәрдем беру) қаржы бөлінеді.
Халық табысында трансферттік төлемдер мен жалақы үлестерінің арақатынасы жеке адамның экономикалық мүдделілігі мен еңбекке ықыласын қалыптастыруда ерекше рөл атқарады. Жалпы табыстар сомасындағы жалақының басым болуы кәсіпкерлік, жаңашылдық, іскерлік сияқты жақсы қасиеттерді қалыптастырады. Қоғамдық тұтыну қорынан берілетін төлемдерді күшейту (немесе мемлекеттің көмек бағдарламасын) өндірістік қызметке қатысу деңгейін төмеңдетіп, біреуге арқа сүйеушілік, масылдық психологияны тәрбиелейді.
Қаржы — несие жүйесі арқылы алатын халықтың ақшалай табыстары мынадай түрде көрінеді:
— мемлекеттік сақтандыру төлемдері;
— жеке тұрғын үй құрылысы үшін, жас отбасыларына шаруашылық заттарын алуға, баубақша серіктестіктеріне және т. б. техника, инвентарь сатып алуға берілетін қарыз;
— жинақ кассаларындағы салымдарға жыл аяғыңда қосылатын проценттер;
— акция құндарының өсуінен, облигация мен заемдардан түсетін табыстар;
— лотерея ұтыстары;
— тауарларды несиеге сатып алудан құралатын уақытша бос қаржылар;
— әр түрлі қайтарымдар (компенсация).
Басқаша ақша түсімдеріне комиссиондық және сату дүкендерінен, ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудан түскен кірістер жатады. Халықтың номиналды табысына атап өткеніміздей олардың таза табыстарымен қатар міңдетті төлемдері де жатады. Төлемдер мен алымдарды жинақтай отырып, мемлекет өзінің ресурстарын құрайды, әлеуметтік саясатты жүзеге асырады, ақша қаржыларын қайта бөледі, табысы аз азаматтарға көмек көрсетеді. Табысы аз азаматтардың мүддесін қорғау мақсатында және әл-ауқат дәрежесін белгілі деңгейден төмендетпеу үшін мемлекет табыстың ең төменгі табалдырығын анықтап, одан салық алмайды. Сонымен қатар жоғары табысқа үдемелі салық ставкасын тағайындайды. Экономикалық теория салықтың екі тобын көрсетеді: тікелей және жанама. Тікелей салықтар негізінен табыс салықтары, жанама салықтар көбіне тұтыну салықтары ретінде көрінеді. Тікелей салықтар тек жалақыдан және басқа факторлық табыстардан алынып, мемлекет қазынасына түседі. Жанама салықтар (акциздер) тауар бағасыңда "жасырылады", бірақ жекелеген елдерде оны дүкенде тауар сатып алғаңда ашық мәлімдеу тәжірибесі қолданылып жүр.
Сонымен халыққа салық салу — табысты бөлудің дербес тұтқасы, әлеуметтік саясаттың бір бағыты. Халықтан алынатын салық пен төлемдердің көлемі табыстың өсуімен көбейіп отырады. Салық түсімдерінің ішінде шешуші ролді табыс салығы алады, сонымен қатар жеке табыстан, мұрагерліктен, ауыл шаруашылығынан, отбасы шағын азаматтардан, сатудан және т. б. салық алынады.
в). Табыстар теңсіздігі. Әлеуметтік қорғау жүйесі және оның дамуы.
Үкімет бағдарламасы бойынша берілетін және "жұмыспен тапқан табыстар" құрылуының жалпы принциптеріне қарамастан табыстар теңсіздігін тудыратын жағдайлар сақталады, демек халықтың әр түрлі топтарының өмір сүру декгейлері де түрліше болады. Табыстарды бөлудегі теңсіздікті өлшеуге бола ма? Экономикалық теорияда Лоренцтің сынық сызығы (53-сурет) халықтың әр түрлі тобының қоғамдағы жиынтық табысты бөлудегі теңсіздіктің көрсеткіші ретінде қолданылып жүр. Көлбеу сызықта проценттік топтар, тік сызықта осы топтардың алатып проценттік табыстары жатыр. Егер табысты бөлуде абсолюттік теңдік сақталса, халықтың 20 проценті қоғамның жиынтық табысының 20 процентін, халықтың 40% тиісінше табыстың 40, халықтың 80%-і табыстық 80%-тін және т. б. алар еді. Демек, ОЕ сызығы табыс бөлудегі абсолюттік теңдікті керсетеді.
Абсолюттік теңсіздік халықтың 20%, 40%, 60%-і және т. б. ешқандай табыс алмайтындығын, тек бір ғана ОҒ сызығындағы адамның барлық 100 процент табысты алатындығын білдіреді. ОҒЕ сынық сызығы — абсолюттік теңсіздік сызығы.
Күнделікті нақты табыстың бөлінуі — ОАВСДЕ сызығымен көрсетілген. Бұл сызық кеп ауытқыса немесе Лоренцтің қисығы ОЕ сызығымен ұлғайса, онда табыс балудегі теңсіздіктің көбейгені. Егер біз торланған аумақты ОҒЕ үшбұрышының аумағына бөлсек, табыс бөлудегі теңсіздік деңгейін білдіретін көрсеткішті аламыз. Табысты бөлудегі теңсіздік рыноктық экономика қалыптасқан елдерде де, біздің елімізде де бар. Ресей экономикалық әдебиетінде бұл қайшылықты шешудің алғашқы шаралары ретінде әр түрлі жұмысшылар мен ұжымдардың жалақы деңгейін, олардың еңбек шығындарына сәйкестендіру керектігін көп жазуда. Сонымен қатар еңбек ақы төлеуде теңгермешілікті жоюдың маңызы зор. Еліміздің тұтыну рыногының бірыңғайлылығын қамтамасыз ету керек, яғни қорлардың бұл белігін тұтынушылар барлық еңбекшілер емес, тек осыны тұтынуға тиістілер.
Мысалы, дәрігерлік көмекті жұрттың барлығы емес, тек ауыратын адамдар ғана сұрайды, мектеп мекемелерінің қызметі тек мектеп жасыңдағы балалары барларға ғана керек. Басқаша айтқаңда, қоғамдык тұтыну қорлары еңбекке байланысты емес табыстар айырмашылығын жұмсартуға тиіс. Сонымен қатар олар еқбек қабілетін қалылтастыру, жоғары білім алу мен мәдениетті қолдау, денсаулықты сақтау, зейнеткерлерді қамсыздандыру сияқты маңызды қажеттіліктерді қанағаттандырулары тиіс. Бірақ бөлудің бұл түрі бүкіл қоғам және оның жеке мүшелерінің мүддесін қамтығандықтан, денсаулық, білім, тұрғын үй және т. б. саладағы саясат мемлекеттің назарыңда болуға тиіс.
Елдің экономикалық даму деңгейі тұтынудың көлемі мен дәрежесін анықтайды. Әлеуметтік қорғау жүйесі тек халықтың табыссыз топтары мен өндіріске қатыспағандарды (оқушылар, зейнеткерлер, мүгедектер) ғана қамтымайды, ол сонымен қатар қоғамдық өндіріске қатысушыларды да, ең алдымен жалданып істейтіндерді де қорғайды. Мұны еңбекті заңдастырудан (жұмыс аптасының ұзақтығы, демалыстың мерзімі, еңбекті қорғау және т. б.) және оған ақы төлеуден (жалақының төменгі ставкасын тағайындау) жұмысшыларды жұмысқа алу мен босату жөніндегі ережелерден көреміз.
Кедейшілік сияқты өткір әлеуметтік проблемаларды шешу — мемлекет жұмысының басты бір бағыты. Бұл әл-ауқатты өмірді қамтамасыз ете алмағанымен экономикалық тұтқалар арқылы ең төменгі тіршілік деңгейін жасап, тұрмысы нашар адамдардың санын азайтуға көмектеседі. Кедейленген топты азайту — рыноктық экономикаға көшкен мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі міндеті. Тұтынудың әр түрлі деңгейінің еңбек пен жұмысшы күші факторларымен байланыстылығын атап өту керек. Ондай факторлар: отбасының көлемі, ондағы жұмыс істейтіндер мен масылдардың арақатынасы, денсаулық жайы, географиялық, табиғат жағдайлары және т. б. Мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлу қызметінің негізгі мақсаты — осы айырмашылықтарды азайтып, қоғамның барлық мүшелерімің өмір сүруіне қолайлы материалдық негіз жасау. Мұндай мақсатты жүзеге асырудын түрлеріне қызмет пен өнімдерді трансферттік төлемдер арқылы бөлу немесе табысты тұрақтандырудың мемлекеттік бағдарламасы жатады.
Біздің елімізде қоғамдық тұтыну қорлары экономикалық категория ретінде бүкіл қоғам мен еңбек ұжымдарының, оның мүшелерінің арасыңдағы өмір сүру қорының бөлінуі жөніндегі қатынасты білдіреді. Олар белгілі дәрежеде бұрынғы немесе қазіргі еңбекті есепке ала отырып бөлінеді.
Қоғамдық тұтыну қорларының бір бөлігі мемлекеттік бюджет арқылы құралып, орталықтан бөлінеді. Оның басқа бөлігі кәсіпорыңдардың, кооперативтердің пайдасынан және қоғамдық ұйымдардың есебінен жиналады. (Бұрынғы мемлекеттік социализм елдерінде ҚТҚ 70 процентке дейін мемлекеттік бюджеттен, тек 25—30%-і ғана кәсіпорындар пайдасынан құралатын). Мемлекеттік көмек бағдарламасы бойынша қоғамның жаңа мүшелерін тәрбиелеу, қарттарды және еңбекке жарамсыздарды қолдау, білім алу, денсаулық сақтау қажеттіліктері өтеледі.
Қоғамдық тұтыну қорларын бөлу үш бағытта жүреді.
Бірінші бағыт халыққа берілетін төлемдер. Олардың көлемі еңбекшілердің бұрынғы және қазіргі жалақысына байланысты. Бұлар алдымен алеуметтік қамсыздандыруға, ауырған кездегі төлемдерге, ақылы демалысқа, мүгедектігі мен қартайғандығына байланысты зейнетақы, жұмыссыздыққа байланысты көмек және т. б. қатысты. Стипендияға да осы тұрғыдан қараған жөн. Өйткені стипенидия ынталаңдыру сипатында болғандықтан жұмсалған еңбекпен өлшенеді.
Қоғамдық тұтыну қорды бөлудегі екінші бағыт — адамның еңбегіне байланысты түрлі төлемдер. Мұндай төлемдерге көп балалы ата-аналарға, жалғыз басты аналарға, арнайы емдеуге берілетін көмектер, мемлекеттің мектепке дейінгі балалар мекемелерін, мектеп-интернатты қаржыландыруға жұмсайтын дотациялар жатады. Жетім балалар, белгілі жағдайда көп балалы, табысы аз отбасылардын балалары да толық мемлекеттік қамқорлықта болады.
Қоғамдық тұтыну қорлардан берілетін төлемдердін үшінші бағытының ерекшелігі — жеңілдіктер халыққа өндірістік емес сала мекемелері арқылы натуралды-заттай түрінде беріледі. ҚТҚ-ның бұл бөлігі "қосымша" табыстар, олар отбасы бюджетіне түспейді, оны өз қалауынша пайдалануға болмайды, Мұндай табыстар жеке дара еңбектін мөлшерімен бөлінбей, қоғамның нақтылы тарихи жағдайымен және мүддесімен анықталады. Қоғамдық қорлардың бұл бөлігін тұтынушылар барлық еңбекшілер емес, тек осыны тұтынуға тиіс қоғам мүшелері және сол қажеттіктің шеңберіңде ғана болады. Табысты бөлудегі теңсіздіктер мен мемлекеттің алеуметтік саясаты 70-жылдардың соңы мен 80-жылдардың басыңда мемлекеттік реттеудегі жаңа кейнсиандық қозғалыс ("Рейгономика", "тетчеризм") тұсыңда тағы да қызу теориялық таластар туғызды. Проблеманың мәні мынада: қайта бөлу процестеріне мемлекеттік араласудың шегі бар ма? Трансферттік төлемдер көлемі өскенде жалпы экономикалық қызметтің тиімділігі төмендемей ме? Үдемелі салық ставкасының өсуі кәсіпкерлікке деген ынтаны жоймай ма? Әлеуметтік бағдарламалардың көбеюі әлеуметтік масылдар тобын өсірмей ме?