Мемлекеттік билік жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2012 в 20:18, курсовая работа

Описание работы

Қай елді алсақ та оның мемлекеттік билік жүйесінде белгілі бір ерекшелігі болады.Сонымен қатар Қазақстан Республикасы да мемлекеттік билік жүйесінде бірқатар ерекшеліктері бар. Алдымен Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.
Яғни, елді президент басқарады және мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы- халық болып табылады.

Содержание

1.Кіріспе
2.Мемлекеттік билік ұғымы және оны Қазақстан Республикасындағы ұйымдастырудың қағидалары
3.Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының жүйесі
4Қорытынды
5Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

rgr 1.docx

— 49.46 Кб (Скачать)

 Министрліктерге әртүрлі  өкілеттіліктер берілген, мысалы, қандайда  бір қызметпен айналысуға рұқсат береді (лицензия), әртүрлі объектілерді тіркейді, қадағалау және бақылау функцияларын  жүзеге асырады (қаржылық бақылау), шаруашылық қызмет, құқық  қолданушылық қызмет және т.б.        

ҚР Агенттігі - ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқару органы болып табылады.  Премьер-министрдің  ұсынысы бойынша  ҚР Президенті құрады, қайта құрады және таратылады. Агенттік тиісті саланы басқарады, сала аралық және өзге де  басаруды, арнайы және рұқсат берушілік функция атқарады.Агенттіктің құрылымын оның жетекші төрағасы бекітеді және ереже бойынша департамент пен басқармалардан тұрады. Агенттіктің актісі - агенттік төрағасының бұйрықтары болып табылады.         

Ведомство -  бұл жекелеген сала аралық, басқарушылық немесе министрліктің шегінде арнайы салалық  функцияларды  атқаратын орган. Көбінесе рұқсат берушілік, бақылаушы және қадағаулаушы функцияларды  атқарады. Ведомстволарды екі негізгі топқа бөлуге болады: 

а) үкімет жанынан құрылған - ұны ҚР Президенті құрады, қайта  құрады және таратады;

б) министрліктер құрамында  құрылатын және әрекет ететін - бұны ҚР Президенті де және Үкіметі де құрады, мысалы, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесінің Комитеті.          

 Жергілікті атқару органдары. ҚР әкімшілік - территориялық құрымына сәйкес атқарушы билік  әкімдермен басқарылатын оның органдарымен жүзеге асырылады.            

Әкім - сәйкес әкімшілік - территориялық бірліктің  жергілікті атқару органын  басқаратын лауазымды тұлға және  Президент пен  Үкіметтің өкілі болып табылады.            

 Облыс әкімдері және  республикалық маңызы бар қалалардың  әкімдерін  Премьер-миистрдің ұсынысы бойынша  Президент тағайындайды. Өзге әкімшілік - территориялық  бірліктің әкімдерін ҚР Президенті белгілеген тәртіпте  лауазымға тағайындалады немесе сайланады, ҚР Президенті қалауы бойынша  әкімдер лауазымынан босатылады.            

 Барлық әкімшілік - аумақтық бірліктердің әкімдері  мемлекеттік - өктемді сипаттағы өкілеттіліктер беріледі, сәйкес  аумақта: облыс, аудан, қала көлемінде міндетті күші бар шешім қабылдайды.           

 Әкімдердің қызметінің  негізгі  бағыттарына мыналар жатады:

- маслихаттардың бекітуіне  сәйкес әкімшілік - территориялық бірлікті  дамытудың экономикалық және әлеуметтік   

 бағдарламаларының  жобаларын дайындап  ұсынады және  олардың орындалуларын қамтамасыз етеді;

- маслихатқа бюджеттің  жобасын  бекітуді ұсынады және оның орындалуын қамтамасыз етеді;

- коммуналдық меншікті  басқарады;

- жергілікті әкімшіліктің  құрылымдық бөлімдерінің  басшыларын лауазымға тағайындайды және босатады;

-жоғарғы атқарушы органдар  делегирлеген өкілеттіліктеріне  сәйкес коммуналдық меншікті  басқару бойынша   

ұйымдардың қызметін үйлестіру;

-ҚР жер  туралы заңнамасына сәйкес  жер қатынастарын реттейді;

- ссуда, займ және басқа  да  ұзақ мерзімді міндеттемелер туралы  шешімдер қабылдайды.       

 Әкімдердің  жанынан кеңес берушілік орган - коллегия құрылады, оның құрамын әкім бекітеді. Әкімдердің қызметінің ұйымдық, құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін аппарат құрылады.           

 Әкімшіліктің құзырлығындағы  сұрақтар бойынша  әкім шешімдер мен  өкімдер шығарады.          

 Жергілікті  атқарушы органдардың  қызметтері  мынадай қағидаларға сүйеніп  жүзеге асырылады:

- Президентке, үкіметке  және жоғарғы әкімшілік басшыларына  есеп беруі;

- оның қарамағындағы  мәселелер бойынша  сәйкес өкілді органдардық бақылауында болуы;

- заңдылық;

- дара басшылық;

- азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін  қамтамасыз ету;

- өз құзырылығы шегіндегі  дербестігі мен тәуелсіздігі;

- өз қызметі үшін және  қабылдаған шешімдері үшін  жауаптылығы.

Қазақстан Республикасының  сот жүйесін Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының  Конститутциясына және осы Конститутциялық  заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды. 
Жергілікті соттарға мыналар жатады: 
1) облыстық және оларға теңестірілген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот-Қазақстан Республикасы Әскерлерінің Әскери соты және басқалар ); 
2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық , ауданаралық , мамандандырылған сот-гарнизонның әскери соты және басқалар ): 
Қазақстан Республикасының сот жүйесінің бірлігі: 
1) Конститутцияда , осы Конститутциялық заңда, іс жүргізу және өзге де заңдарда белгіленген, барлық соттар мен судьялар үшін ортақ және бірыңғай сот төрелігі мен принциптерімен; 
2) сот билігін барлық соттар үшін сот ісін жүргізудің заңдарға белгіленген бірыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен; 
3) Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқықты қолданумен; 
4) заңдарда судьялардың бірыңғай мәртебесін баянды етумен; 
5) заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындаудың міндеттілігімен; 
6) барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебінен қаржыландырумен қамтамасыз етіледі. 
         Қазақстан Республикасындағы соттар қызметінің тәртібін және судьялардың мәртебесін белгілейтін заңдар Қазақстан Республикасындағы сот құрылысы мен судьялар мәртебесі , сондай-ақ сот төрелігін іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Конститутциясымен , осы Конститутциялық заңмен жне басқа да заң актілерімен белгіленеді. 
Қазақстан Республикасының Президенті бірнеше әкімшілік- аумақтық бірліктерде бір аудандық сот немесе бір әкімшілік –аумақтық бірлікте бірнеше аудандық сот құруы мүмкін.Аудандық соттар үшін судьялардың жалпы санын уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Әрбір аудандық сот үшін судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негізінде уәкілетті орган белгілейді.Аудандық сот Конституцияда және осы Конституциялық заңлы белгіленген тәртіппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады. 
        Егер аудандық сотта штат бойынша бір судья (бірқұрамды сот) көзделсе,ол осы соттың төрағасы өкілеттігін атқарады. 
Аудандық сотта кеңсе құрылады, оның штат санын сот төрағасымен келісе отырып, облыс соттарының әкімшісі белгілейді. 
Аудандық соттың өкілеттілігі 
1. Аудандық сот бірінші инстанциядағы сот болып табылады. 
2.Аудандық сот: 
1) өзінің қарауына жатқызылған сот істерін және материалдарын қарайды. 
2) сот статистикасын жүргізеді; 
3) заңда көзделген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады

Аудандық соттың төрағасы 
1.Аудандық соттың төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін атқарумен қатар: 
1) сот судьяларының сот істерін қарауын ұйымдастырады; 
2) соттың кеңесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады; 
3) азаматтарды қабылдауды жүргізеді; 
4) судья лауазымына кандидаттардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастырады; 
5) сот статистикасын жүргізу мен талдауды ұйымдастырады; 
6) өкімдер шығарады; 
7) заңда көзделген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады; 
2. Аудандық соттың төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда осы сот төрағасының өкімі бойснша төраға міндеттерін атқару осы сот судьяларының біріне жүктеледі. 
Бірқұрамды сот төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның міндетін атқару аумақтық уәкілетті орган басшысының ұсынысы бойынша облыстық сот төрағасының өкімімен басқа соттың судьяларының біріне жүктеледі.

Облыстық соттың жалпы  отырысы 
1.Облыстық сот қажетіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет жалпы отырыстар өткізеді, оларда: 
1) алқа құрамының санын белгілейді және қадағалау алқасының құрамына судьялар сайлайды; 
2) сот жұмысының жоспарын талқылайды; 
3) алқалар төрағасының хабарламаларын тыңдайды; 
4) сот практикасын талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды; 
5) уәкілетті органға белгілі бір адамды облыс соттарының әкімшісі қызметіне тағайындауға келісімін береді; 
6) облыс соттары әкімшісінің қызметі туралы есбін тыңдайды; 
7) аудандық сот төрағасы қызметінің бос орнына кандидатураларды қарайды және оның нәтижелері бойынша тиісті қорытындылар жасайды; 
8) уәкілетті органға облыс соттары әкімшісін қызметтен босату туралы ұсыныс енгізеді; 
9) судья қызметіне кандидаттардың тағылымдамадан өту қорытындыларын қарайды және Әділет біліктілік алқасына тиісті қорытынды береді; 
10) заңда көзделген басқада өкілеттіктерді жүзеге асырады; 
2. Жалпы отырыс облыстық сот судьяларды жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болады. 
3. Облыстық соттың жалпы отырысының жұиыс тәртібі ол бекіткен регламентпен анықталады. 
1. Облыстық және оларға теңестірілген соттарды (бұдан әрі – облыстық соттар) уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Респуьликасының Президенті құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. 
2 . Облыстық соттар судьяларының жалпы санын уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Облыстық сот төрағасы 
1.Облыстық соттың төрағасы судья болып табылады және судьяның міндеттерін атқарумен қатар: 
судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады; 
қадағалау алқасын басқарады, алқаларда сот істерін қараған кезде төрағалық етуге құқылы; 
қажет болған жағдайларда бір алқаның (қадағалау алқасынан басқа) судьяларын басқа алқаның құрамында іс қарау үшін тартады; 
облыстық соттың жалпы отырысын шақырады және оған төрағалық етеді; 
алқа төрағасы уақытша орнында болмаған кезде оның міндетін атқаруды аоқа судьяларының біріне жіктейді; 
облыстық соттың алқа төрағалары мен судьяларына, аудандық соттардың төрағалары мен судьяларына қатысты тәртіптік іс қозғайды; 
соттың жалпы отырысының ұсынысы негізінде Әділет біліктілік алқасына судья қызметіне кандидаттың тағылымдамадан өту нәтижелері туралы қорытынды жібереді; 
сот статистикасын жүргізуді, сот тәжірибесін зерделеуді ұйымдастырады; 
өкімдер шығарады; 
соттың кеңсесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады; 
азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;

Жоғарғы Соттың өкілеттігі 
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы юрисдикция соттарының қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге істер бойынша жоғары сот органдары болып табылады , заңда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелері бойынша түсіндірмелер береді. 
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты: 
өзінің қарауына жатқызылған сот істері мен материалдарын қарайды; 
сот практикасын зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттар... ының сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды; 
сот практикасында заңдарды қолдану мәселелері бойынша түсіндірмелер беретін нормативтік қаулылар қабылдайды; 
заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. 
Жоғарғы Соттың құрылымы мен құрамы 
Жоғарғы Сот Төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады.Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазақстанның тәуелсіздік жылдары  қалыптасқан жаңа  саяси жүйесі эволюциялық процестер, экономикалық реформалар мен дағдарыстар, қоғамдық-саяси санадағы күрт өзгерістер, жылдар бойы қалыптасқан идеалдар мен саяси құндылықтардың, бағдарлар мен сенімдердің күрт өзгеруі жағдайында өтті. Оның даму болашағы кең демократиялық өрісте болады деп есептейміз.

Саяси жүйе қызметін жетілдірудегі  алдағы саяси кезеңдегі ең басты  проблема, біздің ойымызша, – құрамындағы  орталық және жергілікті өкілді органдардың ролін нығайтып, билік тармақтары арасындағы шынайы,   тежемелік, әрі тепе-теңдік механизмді жетілдіру. Бұл ретте біз Қазақстандағы саяси транзиттің және саяси жүйенің даму перспективаларына өз зерттеулерінде сындарлы талдау жасаған М. Әшімбаевтың «биліктің үш тармағы арасындағы өзара қатынастардың келесі кезеңі, сірә, өкілді биліктің күшеюімен сипатталатын болады. Басқа сөзбен айтқанда ел Парламенті орта мерзімдік перспективада үлкен  өкілетті және функционалдық толық салмаққа ие болады деп күту керек» [5, 28 б.] деген болжамы дұрыс және қоғамымыз дамуының терең мүдделеріне сай келеді деп есептейміз. 

Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік  басқару орргандар  жүйесі : Сот жүйесі, Атқарушы билік  және Заң шығарушы билік болып  табылады.

Қазақстан Республикасында Сот  жүйесінің  мәнін анықтайтын негізгі  актілер – ҚР Конституциясы және «Қазақстан Республикасының сот  жүйесі және судьялардың мәртебесі  туралы»  конституциялық заң.

Заң шығарушы орган – Конституция бойынша елдегі заң шығарушы билікті жүзеге асырудың негізгі міндеті жүктелген мемлекеттік өкілетті орган жүйесі.

Атқарушы билік органдары – қоғам маен мемлекеттің әкімшілік-саяси, әлеуметтік-мәдени,шаруашылық және қызметтің салааралық аяларындағы міндеттерді шешу мақсатында атқарушы және әкімдік қызметті жүзеге асыратын біртұтас құрылымдық жағынан қалыптасқан дербес әлеуметтік құрылым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық /А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. 
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б.   
  3. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
  4. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2011. — 344 бет.

Информация о работе Мемлекеттік билік жүйесі