Мемлекеттік билік жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2012 в 20:18, курсовая работа

Описание работы

Қай елді алсақ та оның мемлекеттік билік жүйесінде белгілі бір ерекшелігі болады.Сонымен қатар Қазақстан Республикасы да мемлекеттік билік жүйесінде бірқатар ерекшеліктері бар. Алдымен Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.
Яғни, елді президент басқарады және мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы- халық болып табылады.

Содержание

1.Кіріспе
2.Мемлекеттік билік ұғымы және оны Қазақстан Республикасындағы ұйымдастырудың қағидалары
3.Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының жүйесі
4Қорытынды
5Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

rgr 1.docx

— 49.46 Кб (Скачать)

Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

«Алматы энергетика және байланыс университеті»

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

 

 

 

 

 

Семестрлік жұмыс

пәні: « Құқық негіздері»

тақырыбы: «Мемлекеттік билік жүйесі»

 

 

 

Мамандығы 5В0704 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамсыздандыру

Орындаған Сандыкбаева М.Е.  Тобы  БВТк-09-01

Сынақ кітапшасының № 093465

Жетекші аға оқытушы  Турунтаева А.А.

_______________________________ «_______»___________2012ж.

 

 

 

 

Алматы 2012

Жоспар

1.Кіріспе

2.Мемлекеттік билік ұғымы және оны Қазақстан Республикасындағы  ұйымдастырудың қағидалары

3.Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының жүйесі

4Қорытынды

5Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қай елді алсақ та оның мемлекеттік билік жүйесінде  белгілі бір ерекшелігі болады.Сонымен  қатар Қазақстан Республикасы да мемлекеттік билік жүйесінде бірқатар ерекшеліктері бар. Алдымен Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.

Яғни, елді президент басқарады  және мемлекеттік биліктің бірден –  бір бастауы- халық  болып табылады. Мемлекетімізде билік біртұтас, ол конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлініп , олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықтан қорғайтын биліктің ерекше ұйымы болып табылады.

Мемлекеттік механизм деген  – мемлекеттік органдардың мемлекеттік  билікті жүзеге асыру әдістері мен  құралдарының жүйесі. Яғни, мемлекеттік  механизм ұғымына – мемлекеттік  билік, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік  билікті жүзеге асыру құралдары  мен әдістері ұғымдары кіреді. Мемлекеттік  орган – мемлекеттік аппараттың бір буыны. Ол – мемлекет атынан белгілі бір мемлекеттік функцияны  жүзеге асыруға бағытталады. Мемлекет механизмі түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде мемлекеттік  аппарат түсінігі де кеңінен пайдаланылып келеді. Биліктің бірден-бір бастауы  – халық болғандықтан мемлекеттік  органдар халықтың еркін, мүддесін ескеру қажет. Халық еркі сайлаулар, референдум, мемлекеттік қызметке орналасу теңдігі, т.б. жолдармен ескеріледі. Сондықтан, мемлекеттік органдар өз қызметінде демократиялық қағидаларды басшылыққа алуы тиіс. Адам және азамат құқықтары  мен бостандықтарының жоғарылығы, демократизм, биліктің бөлінуі, заңдылық, жариялылық, кәсібилік, сайланбалылық және тағайындамалық жүйенің бірлігі, т.б. қағидалар.

Мемлекеттік органдарды ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидалары, сөз  талас қағида саны бойынша да жүргізіліп жатыр. Тербеліс амплитудасы мұнда  өте үлкен. Ю.М.Козлов еңбектерінде тек үш қағиданы-федерализм, заңдылық, орталықтандыру және орталықсыздандыру айтса, Б.П.Елисеев он екісін айтты: федерализм, жүйелілік (төмен тұрған органдардың жоғары тұрған билікке бағынуы); орталықтандыру, орталықсыздандыру; өкілеттіліктері мен қызметтерін дифференциациялау және белгілеу; кәсібилік пен құзыреттілік; заңдылық; жариялылық; қызметтер мен белгіленген өкілеттіктерді бір бөліктің (жүйенің) оның басқа бөлігіне (ішкі жүйеге) беру жолымен бөліп беруі; заңшығарушы, атқарушы және сот билігінің өзара іс әрекет және келісіп қызмет атқару; азаматтардың билік органдарын құруда (сайлауда) қатысу; бақылау .

 

 

 

Мемлекеттің негізгі мәселесі билік болғандықтан, мемлекетімізде билік теориясы үлкен орын алады. Билік саясаттың саяси институттар  мен барлық саяси әлемнің мінін  түсініп-білуге көмектеседі. 
Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун (1332-1406) адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі - ол билік үшін күреседі деген екен. 
          Ағылшын философы, қоғам қайраткері Бертран Рассель (1872-1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деген. 
          Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс (1902-1979) экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деп тұжырымдаған. 
         Билік туралы мынандай тұжырымдамалар бар: Телеологиялық, бихевиористік, инструменталистік, структуралистік, конфликтілік. 
Сонымен билік деп біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады. 
          Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде билік қоғамдық сипатта болды. Мұнда қауым болып тайпаларды басқарды. Құл иеленушілік құрылыста құл иеленушілер және құлдар пайда болып, теңсіздік туды. Бір таптың екінші бір тапты бағындыру қажеттілігі туды. Осылай билік аппараты дүниеге келді, адамдарды еркінен тыс, ықтиярсыз еркіне көндірген мекемелер пайда болды. 
          "Билік" сөзі әр мағынада қолданылады. Оны ықпал ету бағытына объектісіне байланысты былай бөлуге болады: 
Ата-аналар билігі,Мемлекеттік билік,Экономикалық билік.Саяси билік, 
Әлеуметтік билік.Құқықтық билік.Әскери билік.Рухани билік, т.с.с. 
Бірақ биліктің толық мағынасы мемлекеттік-саяси салада ғана айқындалады. Сондықтан саяси билік биліктің ең негізгі түріне жатады. Жоғарыда аталған өлшемдер негізінде мемлекеттік билік органдарының мынадай үш негізгі түрі ерекшеленеді: Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан,Республикасы Парламенті және Қазақстан Республикасы соттарының жүйесі. Осы органдардың бәрі жинақтала келе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүйесін құрайды. 
       Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президенті — халык пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін камтамасыз етеді (40-бап). 
Қазақстан Республикасынан тысқары жерде туған, 40 жасқа толмаған мемлекеттік тілді еркін меңгермеген, әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл үнемі тұрмаған адам Президент болып сайлана алмайтынын атап көрсету қажет. Бұл лауазымды иеленуге қойылған өзге кедергілерге қатарынан екі реттен артық мерзімге сайлана алмайтындығы жатады. Президенттің мемлекеттік тілді еркін меңгеруі әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұруы және тумысынан сол елдің азаматы болуға тиіс. 
Президент өкілді органның депутаты болып қоса сайлана алмайды, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Республика Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партиядағы қызметін тоқтата тұрады. Ол ешкім тиіспеу құқығына ие. 
 Қазақстан Республикасының Парламенті—Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан — Сенаттан және Мәжілістен тұрады. 
Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі Палатасы — Мәжіліс жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құкығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғары Палатасы — Сенат жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады (51-бап). 
 Қазақстан Республикасының Үкіметі — атқарушы биліктің маңызды тармағы болып табылады, аткарушы органдардын жүйесін басқарады және олардын, қызметіне басшылық жасайды. Оны Казақстан Республикасының Президенті құрады. 
           Сот билігін — сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстык және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді (75-бап). 
           Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен Занға ғана бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі сотіың қызметіне кандайда болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Судьяның қызметі депутаттык мандатпен, окытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылык кызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлікпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кенесінің құрамына кірумен сыйыспайды. 
 Мемлекеттік биліктің бірынғай жүйесінде Қазақстан Республикасы Президентінің орны айрықша. Мемлекет басшысы ретінде нак Президент билік тармақтарынын әркайсысының кызметіне белсене араласады.Президент деген ұғым конституциялық құқылык мағынада мемлекет басшысы дегенді білдіреді. Бұл кызмет сол үшін әлемдік тәжірибеде тағайындалған (АҚШ, Франция). 
         Президент кызметі түнғыш рет Қазақстанда 1990 жылғы 24 сәуірде Жоғарғы Кеңес қабылдаған Заңмен тағайындалды, онда алғашқы Президентті Жоғарғы Кеңес алты жыл мерзімге сайлайды деп белгіленді. Н. Ә. Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды. Кейін 1991 жылғы 16 қазанда Президент сайлауы туралы Заң қабылданып, мұнда Президентті республика халкының жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құкығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлауы көзделді. Осы Заңның негізінде Республика Президентінің сайлауы өткізіліп, онда Н. Ә. Назарбаев тағы да сайланды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес одан ант кабылдады және осы сәттен бастап ол қызметіне кірісті деп есептеледі әрі сол күн оның Қазақстан Республикасы Президентінін қызметінде болу мерзімін есептеудің басы болып табылады Соңынан, 1998 жылғы 7 қазандағы Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Президенттік мерзім 7 жылға дейін ұзартылды. 
          Демек, Президент мемлекеттік биліктің шыңы. Атқарушы билікті тікелей жүзеге асырмаса да ол еліміздің билік құрамындағы ең ірі тұлға. Олай дейтініміз атқарушы билікті жүзеге асырушы Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты және ол өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін кызметтен босатуға хақылы. Сонымен бірге Конституциянын 40-бабының 3-тармағына сәйкес Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағьшың келісіп жұмыс істеуін және үкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Сөйтіп, ол—халық пен мемлекеттің билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының адам және азамат кұкықтары мен бостандықтарынын нышаны әрі кепілі (40-баптың 2-тармағы). Бұл жорамалымыздың дұрыстығына Президенттің атқарушы өкілеттілігі айғақ. 
          Президент атқарушы билік саласында: 
Парламенттің келісімімен Республика Премьер-министрін қызметке тағайындайды; оны кызметінен босатады; Премьер-министрдің ұсынуьшен Республика Үкіметінін кұрылымын белгілейді; оның мүшелеріы кызметке тағайындайды және қызметтен босатады; Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады, кайта құрады; Үкімет мүшелерінін антын қабылдайды; Үкіметтің аса маңызды мәселелер бойынша отырыстарында төрағалық етеді; Үкіметке Зан жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметінің және облысташ, республикалык маңызы бар қалалары мен астанасы әкімдерінің актілерінің күшін жояды не толық немесе ішінара тоқтата тұрады; Республика Премьер-министрінің ұсынуымен Республиканың мемлекеттік бюджеті есебінен ұсталатын барлык органдардың кызметкерлеріне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудін бірьщғай жүйесін бекітеді; Республика Президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін токтатуға шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға қақылы. Премьер-министрді кызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Сонымен қатар Президент Үкіметгің орнынан түсуі туралы шешімді Үкіметтің өз мәлімдемесі бойынша да, сондай-ақ Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда да қабылдайды. 
         Республика Парламентінің кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутатгарының Қазакстан халкына беретін антьш қабылдайды; Парламент Палаталарының кезектен тыс бірлескен отырыстарын шақырады; 
         Парламент Сенаты үсынған заңға он бес жұмыс күні ішінде қол кояды, занды халыққа жария етеді не занды немесе оның жекелеген баптарьш қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады; 
Парламенттің келісімімен Қазақстан Республикасы Үлттық Банкінің Төрағасын қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады; 
Парламент Сенатыныц келісімімен Республиканың Бас Прокурорын және Үлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындайдьі, оларды қызметтен босатады. 
          Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқара отырып, Президент Қарулы Күштердің жоғарғы қолбасшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; жоғары әскери атақтар мен езге де атақтарды береді; Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді; ішінара немесе жалпы жұмылдыру жариялап, бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды; Қауіпсіздік Кеңесін құрады. 
        Президенттің басты міндеті — ел ішінде және халыкаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ету. Әңгіме бұл жағдайда Президент елді халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде, егеменді де тәуелсіз мемлекет ретінде танытады деген сөз. Президент бұл салада келіссөздер жүргізіп, Казақстан Республикасының халықаралық қатынастарына, бекіту грамоталарына қол қояды, елде тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялык, және өзге де өкілдіктері өкілдерінің сенім және кері шақырьш алу грамоталарын қабылдайды. 
Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тен және төте сайлау кұқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды Бұл сияқты мөліметтерді Қазакстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 қыркүйектегі конституциялык заң күші бар «Қазакстан Республикасындағы Сайлау туралы» Жарлығынан, 1998 жылғы 7 қазандағы Конституцияға өзгерістер мен толыктырулар енгізу туралы Заңынан алуға болады. Демек, Президентті сайлау жалпы сайлау сияқты Республиканың Орталык сайлау комиссиясының басшылығымен жүргізіліп, өткізіледі. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентінен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есеіггелінеді. Егер кандидаттардың бірде бірі керсетілген дауыс санын ала алмаса, кдйтадан дауысқа салынады, оған кеп дауыс алған екі кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көбісінің дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі (Конституцияның 41-бабының 5-тармағы). 
        Президентке ешкімнін, тиісуіне болмайды, яғни оны қандай да бір жауапкершілік түріне тартуға, ұстауға, қамауға, тінтуге және т.с.с. болмайды. 
      Республиканың Президенті өзінің міндеттерін аткару кезіндегі қылмыстық іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді. Айып тағу және оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутатгарының кемінде үштен бірінін бастамасы бойынша депутаттардың жалпы санынын көпшілігімен қабылдануы мүмкін. Тағылған айыпты тексеруді Сенат ұйымдастырады. Бүл мәселе бойынша түіжілікті шешім айып тағудың негізділігі туралы Жоғарғы Сот қорытындысы және белгіленген конституциялық рәміздердің сакталғаны туралы Конституциялық Кеңестін қорытындысы болған жағдавда әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде терттен үшінін көшпілік дауысымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысында кабылданады. Республика Президентіне мемлекетке опасыздык жасады деп тағылған айьштың қабылданбауы оның кай кезеңінде де осы мәселенің қаралуына себепші болған. Мәжіліс депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуына әкеліп соғады. Президент науқастығына байланысты өз міндеттерін жүзеге асыруға кабілетсіздігі дендеген жағдайда қызметінен мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Бұл ретте Парламент әр Палата депутаттарының тең санынан және медицинаның тиісті салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзімінен бұрын босату туралы шешім Парламент Палаталарының бірлескен отырысында комиссияның қорытындысы мен белгіленген конституциялық рәсімдердің сакталғаны туралы Конституциялық Кеңес корытындысы негізінде әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінін көпшілігімен кабылданады. 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Парламент — Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. 
         Сенат әр облыстан, республикалык, маңызы бар каладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстьщ, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасьшың барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырыстарьшда сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттьщ жеті депутатын Сенат өкілеттігі мерзімше Республиканың Президенті тағайындайды. Сенат депутатгары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Қазақстан Республикасының кемінде бес жыл азаматы болған, жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасынын, аумағында кемінде ұш жыл тұрақты тұрған азаматы алты жыл өкілеттік мерзімге Сенат депутаты бола алады. 
        Сенаттың ерекше қарауына: Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Республика Жоғарғы Сотының Төрағасын, Алқалар төрағаларын және Жоғарғы Соттын судьяларын сайлау және қызметтен босату, олардың антын қабылдау; Республика Президентінің Республиканың Бас Прокурорын және Үлттық Қауіпсіздік комитетінін Төрағасын тағайьшдауына келісім беру және Қазақстан Республикасы Конституциясының 55-бабында көзделген басқа да мәселелер жатады. 
Мәжіліс— Парламенттің төменгі палатасы. Ол жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат Республиканын әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырьш құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты аумактык сайлау округтері бойынша сайланады. Он депутат бара-бар өкілдік жүйесі бойышпа және біртұтас Жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде саиланады. Мәжіліс депутаттарын сайлау жалпыға бірдей тең және төте сайлау құқығы негізіңде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Республиканың жасы жиырма беске толған азаматы бес жыл екілеттік мерзімге Мәжіліс депутаты бола алады. 
        Парламент Палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, ал содан соң Сенатта өз кезегімен қарау арқылы: зандар қабылдайды; республикалық бюджетгі және оның атқарылуы туралы есептерді, бюджетке енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талқылаиды, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды; Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының мәселелерін шешу тәртібін белгілейді; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілер шығарады және Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабында көзделген басқа да өзгерістерді жүзеге асырады. 
       Мәжілістің ерекше қарауына: заңдардың жобаларын қарауға кабылдау және қарау; Республика Парламенті кабылдаған заңдарға Қазақстан Республикасы Президентінің қарсылықтары бойынша ұсыныстар әзірлеу; және т.б. (Қазақстан Республикасы Конституциясьшың 56-бабы) жатады. 
       Палаталардың бірлескен отырысында Парламент 
1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді; Конституциялық заңдар кабылдайды, оларға өзгертулер мен толыктырулар енгізеді; 
2) Республикалық бюджетті және Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бакылау жөніндегі есеп комитетінін бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізеді; 
3) Республика Президентінің қарсылығын туғызған зандар немесе заңның баптары бойышпа ол қарсьтлық жіберген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын білдіреді. Егер Парламент әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен бұрын кабылданған шешімді қуаттайтын болса, Президент жеті күн ішінде заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығы еңсерілмесе, заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі; 
4) Президентке оның бастамасы бойынша әр палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хакылы; 
5) Президенттін. Республика Премьер-Министрін, Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындауына келісім береді; 
6) Премьер-Министрдің Үкімет бағдарламасы туралы баяндамасын тындап, бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды, бағдарламаны кайтадан кабылдамаи тастау әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің даусымен жүзеге асырыла алады және бұл Үкіметке сенімсіздік кәрсетілгенін білдіреді. Ондай көпшілік дауыстың болмауы Үкімет бағдарламасының мақұлданғанын білдіреді; 
7) Әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екінің көпшілік даусымен, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша немесе Конституцияда белгіленген жағдайларда Үкіметке сенімсіздік білдіреді. 
Парламент бұдан басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады (Конституцияның 53-бабы). 
Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазакстан Республикасының Заңдары, Парламенттің Қаулылары, Сенат пен Мәжілістін, Қаулылары түрінде Заң актілерін қабылдайды. 
Зандар, аса маңызды қоғамдық қатынастарға реттейтш, мынадай мәселелер бойынша шығарылуы тиіс: 
1) жеке және занды түлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтардын құқыктары мен бостандыктарына, жеке және заңды тұлғалардын міндеттері мен жауапкершілігіне; 
2) меншік режиміне және өзге де мүліктік құқықтарға; 
3) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне; 
4) салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге; 
5) республикалык бюджетке; 
6) сот қүрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне; 
7) білім беруге, денсаулык сақтауға және әлеуметтік камсыздандыруға; 
8) көсіпорындар мен олардың мүлкін жекешелендіруге; 
9) айналадағы ортаны қорғауға; 
10) Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысына; 
11) мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілеуге катысты. 
         Өзге қатынастардың барлығы заңға тәуелді актілермен реттеледі. 
Республиканың мұндай заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді. Парламент пен оның Палаталарының Заң актілері, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады, ал конституциялық заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік дауысымен қабылданады. 
        Қазақстан Республикасының Президенті мынадаи жағдайларда: Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер-Министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде, Парламенттің Палаталары арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік әкіметтін басқа тармақтары арасындағы еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанда Парламентті тарата алады. Бірақ, Парламентті төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңінде, Президент өкілеттілігінін. сонғы алты айында, сондайақ осының алдындағы таратудан кейінгі бір жыл ішінде таратуға болмайды. 
        Парламенттің ағымдағы қызметі тұрақты комитеттерде атқарылады, олардың саны әр Палатада жетеуден аспауы тиіс. Палаталардың бірлескен кызметіне катысты мәселелерді шешу үшін Сенат пен Мәжіліс тепетең негізде бірлескен комиссиялар құруға қақылы. Заңның Палата отырыстарында талкылануы окылым деп аталады. Заң жобасы Мәжілістің тұрақты комитетінде алдын ала қаралып, комитет ол бойынша қорытынды бергеннен кейін Мәжілістің жалпы отырысында талқыланады. Әдетте, талқылау екі оқылымда өтеді. Конституцияға өзгерістер мен тольщтырулар енгізу және конституциялық заңдар қабылдау немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша кемінде екі оқылым өткізу міндетті. 
        Қаралған заң жобасы бойынша Сенаттың Президент сияқты қарсылық білдіру құқығы бар. Тұтас алғанда, Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданбаған жоба Мәжіліске қайтарылады. Егер Мәжіліс депутаттары жалпы санының үштен екісінін көшпілік дауысымен жобаны қаитадан мақұлдаса, ол Сенатқа қайта талқылауға және дауысқа салуға беріледі. Қайта қабылданбаған заң жобасын сол сессия барысында кайтадан енгізуге болмайды.

ҚР атқарушы билік органдарының жүйесі мына схема бойынша  құрылады:Жоғарғы атқаушы билік органдары (ҚР Үкіметі) - Үкіметтің құрамына кіретін орталық  атқару органдары (ҚР министрліктері, ведомстволары) - Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы билік органдары - жергілікті атқарушы билік органдары (облыстық, қалалық, аудандық әкімшіліктер).        

Үкімет - ҚР Конституциясына сәйкес Қазақстанда атқарушы билікті жүзеге асырады, атқарушы  билік оргадарының жүйесін басқарады және олардың қызметтеріне басшылық етеді. ҚР Үкіметі өз қызметінде ҚР Президенті алдында жауапты, ол ҚР Парламентіне есеп береді. Үкіметті ҚР Президенті құрады. ҚР Үкіметінің құрамы мынадай мүшелерден тұрады: Премьер - министр, оның орынбасарлары, министрлер және өзге де лауазымды тұлғалар. Премьер -министрді ҚР Президенті Парламенттің келісімімен тағайындайды. Үкіметтің құрылымы және құрамы  туралы ұсынысты  ҚР Премьер - министрі тағайындалғаннан кейін 10 күннің ішінде ҚР Президентіне ұсынады.  Үкіметтің қызмет ету тәртібі 1995 жылдың 18 желтоқсанында қабылданған "Үкімет туралы"  ҚР конституциялық заңымен анықталады. ҚР Үкіметі өз құзырылығындағы сұрақтар бойынша  ҚР барлық территориясында міндетті күші бар қаулылар шығарады. ҚР Үкіметінің өкілеттіліктері:

1) әлеуметтік - экономикалық  саясаттың, қауіпсіздіктің негізгі  бағыттарын әзірлеу;

2) қоғамдық тәртіті, қорғану  қабілеттілігін  қамтамасыз ету;

3) орталық және жергілікті  атқарушы органдарды басқарады;

4) республикалық бюджетті  дайындап Парламентке ұсынады,  оның орындалуын қамтамасыз етеді  және осы туралы есеп береді.

5) мәжіліске заң жбаларын  ұсынады және оның орындалуы  қамтамасыз етеді;

6) сыртқы саясатты жүргізу  бойынша шараларды даярлайды.       

 ҚР Үкіметінің құрамы (2007 жылдың 01 ақпаны бойынша):

1) Сыртқы істер министрлігі  - Марат Тажин

2) Қорғаныс  министрлігі - Даниал Ахметов

3) Ішкі Істер министрлігі  - Бауыржан Мухаметжанов

4) Қаржы министрлігі - Наталья Коржова

5) Әділет министрлігі  - Зағипа Балиева

6) Ауыл шаруашылық министрлігі  -

7) Мәдениет, ақпарат және  қоғамдық келісім министрлігі  - Ермұхамбет Ертісбаев

8) Еңбек және әлеуметтік  қорғау министрлігі - Гүлжан Қарагусова

9) Білім және ғылым  министрлігі - Жанұзақ Түймебаев

10) Сауда және  индустрия министрлігі - Оразбах  Жанұзақов

11) Көлік және коммуникация  министрлігі-

12) Энергетика және минералды  ресурстар министрлігі-

13) Денсаулық сақтау министрлігі  - Анатолий Дерновой

14) Қоршаған ортаны қорғау  министрлігі -

15) Төтенше жағдайлар бойынша  министрлік - Виктор Храпунов

16) Экономика және бюджеттік  жоспарлау  министрлігі -

17) Мемлекеттің материалдық  қорлары бойынша  Агенттік

18) Статистика бойынша  Агенттік

19) Көші-қон  және деморафия бойынша Агенттік

20) Туризм және спорт  бойынша Агенттік

21) Мемлекеттік сатып алу  бойынша Агенттік

22) Кедендік бақылау бойынша  Агенттік

23) Ақпараттандыру және  және байланыс бойынша Агенттік         

ҚР Министрлігі - мемлекеттік саясатты жүргізетін  және белгіленген қызмет аясында басшылық ететін орталық атқару органы. Министрліктерді  ҚР Президенті құрады, қайта құрады және таратады. Оның басшысын - министрді ҚР Президенті тағайындайды және босатады. Министрліктердің құқықтық мәртебесі қандайда болмасын сфераны реттейтін әртүрлі заңдарда, заң күшіндегі актілерде, мысалы, Министрліктер туралы Жағдайда бекітіледі.  Министрлердің орынбасарлары, премьер - министрдің ұсынысы бойынша үкіметпен тағайындалады, сонымен қатар министрліктердің кеңес берушілік-үйлестіруші және кеңесуші бөлімдер де ашылады, олар министрдің бұйрығын  іске асыру үшін  шешім қабылдауға көмектеседі.  Министрліктің құрамында  департаменттер, бас  басқармалар, комитеттер құрылады. Министрліктердің, ереже бойынша, екі жақты сәйкес бағыныштылықта болатын, министрлііке вертикаль бойынша, жергілікті әкімшіліктерге - горизонталь бойынша бағынатын аумақтық бөлімдері болады, мысалы, білім беру  бөлімдері және т.б.          

 Министрліктерге  өздеріне тапсырылған басқару салаларын, ғылыми-техникалық прогресті одан әрі дамытуға, мемлекеттің осы салаларындағы барлық өнімдерінің түрлеріне сұраныстарын  анағұрлым толық қанағаттандыруға жағдайы үшін жауапкершіліктер артылады. Министрліктер өздеріне тапсырылған салаға басшылық  жасайды, өздеріне  берілген құқықтар шегінде барлық сұрақтарды шешуге өкілетті, өз қызметінде сала аралық мәселелерді шешуде  әне әзірлеуде  басқа министрліктер мен ведомстволармен  байланыс жасап және іскерлік ынтымақтастықты жүзеге  асыруға арналған.         

 Министрліктер өз құзырлықтарының  шегінде  заңдардың және мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғарғы органдарының шешімдерінің негізінде және солардың орындалуы үшін актілер шығарады,  олар  бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер түрінде болады.       

Информация о работе Мемлекеттік билік жүйесі