Мәдениеттану пәні. Мәдениет ұғымы және оның мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 13:40, задача

Описание работы

Мәдениеттанулық ұстанды, алдыңғы тақырыпта атап өткендей интегративтік, пән аралықтық, мәдениетті бірегей жүйе және құбылыстардың ерекше сыныбы ретінде зерттеуге талпыныс ерекшелейді.
Мәдениеттану пайда болғанға дейін адамдар қылықтары, олардың мінездері, салттары мен дәстүрлері биологиялық, психологиялық немесе социологиялық себептермен, яғни әлде олардың психикалық ерекшеліктері мен, әлде әлеуметтік процестердің ерекшеліктері мен түсіндіріліп келеді.

Работа содержит 1 файл

Өзіндік жұмыс1.docx

— 46.82 Кб (Скачать)

          Эстетикалық мәдениетті қалыптастыруда  қазақ халқының салт-дәстүрлерінің (баланы  тәрбиелеу (қыз,  ұл),  үйлену тойы, отбасылық той- жиыңдар, маусымдық мерекелер, діни мерекелер, ырым-жоралғылар) рөлі ерекше  болды.  Қазақ халқында ертеден келе жатқан «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пiшер» немесе «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген өсиет-нақыл сөздерi ел арасына кең тараған. Бұдан баланың өскен ортасының тәрбиелiк мәніне ерекше назар аударылғанын байқаймыз. Осыған орай, ер баланы тәрбиелеуде әкенiң, қыз баланы тәрбиелеуде шешенiң рөлi жоғары болған. Бұған “Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пiшер” деген мақал дәлел болмақ. Әрбір ата-ана балаларына үлгi-өнеге ретiнде өздерiнiң бар бiлгендерiн үйретiп отырған. Олардың нендей iске қабiлеттiлiгiн, қандай өнерге бейiмдiлiгiн аңғарып, мүмкіндігінше олардың бойындағы табиғи дарындылығын ашуға талпынған. Бұндай өміршең дәстүр бүгінде өз жалғасын табуда.

Бала тәрбиесiне бүкiл  ауылдың үлкен-жасы бiрдей араласқан. Олар жастардың мiнез-құлықтарында кездесетін кемшiлiктерге байланысты ақыл-кеңес  беруден жолықпаған. Үлкендi сыйлау - қазақ халқының жазылмаған заңына айналған. Бұл дәстүр бойынша жастар рухани-эстетикалық, моральдық-этикалық мәдениет элементтерін: үлкеннiң алдын кесiп өтпеу, сыпайы болу, үлкенмен сөз жарыстырумау, үлкендерге бiрiншi болып орын беру, олардың отырған бөлмесiне рұқсатсыз кiрмеу, сөздерiн жөн-жосықсыз бөлмеу, сөз қайтармау, дөрекi сөйлемеу, тiптi үлкендердiң алдында қатты күлмеу және т.б. меңгерген. Үлкендерге деген мұндай мәдени көзқарасты  адамгершiлiк-эстетикалық тұрғыда жалпыадамзаттық өлшем деп қабылдаса да болады.


Информация о работе Мәдениеттану пәні. Мәдениет ұғымы және оның мәні