Мәдениеттану пәні. Мәдениет ұғымы және оның мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 13:40, задача

Описание работы

Мәдениеттанулық ұстанды, алдыңғы тақырыпта атап өткендей интегративтік, пән аралықтық, мәдениетті бірегей жүйе және құбылыстардың ерекше сыныбы ретінде зерттеуге талпыныс ерекшелейді.
Мәдениеттану пайда болғанға дейін адамдар қылықтары, олардың мінездері, салттары мен дәстүрлері биологиялық, психологиялық немесе социологиялық себептермен, яғни әлде олардың психикалық ерекшеліктері мен, әлде әлеуметтік процестердің ерекшеліктері мен түсіндіріліп келеді.

Работа содержит 1 файл

Өзіндік жұмыс1.docx

— 46.82 Кб (Скачать)

Өзіндік жұмыс  № 1 
Мәдениеттану пәні. Мәдениет ұғымы және оның мәні. 
 
1. Мәдениеттанулық талдаудың жалпы және айрықша әдістері.

Мәдениеттанулық ұстанды, алдыңғы  тақырыпта атап өткендей интегративтік, пән аралықтық, мәдениетті бірегей жүйе және құбылыстардың ерекше сыныбы ретінде зерттеуге талпыныс ерекшелейді.  
Мәдениеттану пайда болғанға дейін адамдар қылықтары, олардың мінездері, салттары мен дәстүрлері биологиялық, психологиялық немесе социологиялық себептермен, яғни әлде олардың психикалық ерекшеліктері мен, әлде әлеуметтік процестердің ерекшеліктері мен түсіндіріліп келеді. Бұл ұсыныстарда мәдениет адамнан туынды ретінде қарастырылады. Мәдениеттанулық түсіндірме, этнографиялық, антропологиялық далалық зерттеулердің шегінде алынған білімдер мен байқалуға сүйенеді, және адамдардың іс- әрекеті сыртқы (Л. Уайт бойынша экстрасаматикалық) мәдени дәстүрмен анықталады дегеннен серпін алады. 
Егер, өз кезегінде; мынандай сұрақ қойсақ: мәдениеттің өзін не анықтайды, онда мәдениеттануда мәдениет өзі өзі, оның элементерінің қасиеттерінің, үлгілерінің, нормаларының және т.б. ішкі арақатынас процесінде анықтайды деген тезис, қабылданған. Бұл өзара арақатынас бір мезгілде горизонталы (кеңістікте) бойыншада, вертикалы (уақытта) бойынша да жүзеге асады.  
Бірақ бұл, мәдениеттану заттардың табиғи тәртібі әлемі дегенді- топографиялық ауа – райылық, басқа да табиғи факторларды (мысалы, Л.Гумелов бойнша, ландшафты), - мәдениеттін пайда болуы мен қалыптасуы процессінде ( жасанды тәртіптер әлемі) биологиялық және психологиялық факторларды емдейді дегенді білдірмейді. Түр ретіндегі адам ерекшеліктері, оның тәндік құрылымының, қоршаған ортамен өзара байланысуы биологиялық процестердің өзіндік бітімдері – осының бәрі мәдениет қатысуына әсер етті. Солай, қандай табиғи ортада адамдық популяцияның болуына қарай, соған тәуелді ол икемделудің арнаулы тәсілдерін орнықтырды және түрлі технологияларды іске асырды.  
Морфогенездің бастапқы кезеңінде (мәдениеттің туындауы мен қалыптасуы ) мәдениеттің бұл типіне тән, орнықты әдептер мен салттар немесе кодталған нормалардың, ережелердің, заңдардың жинағы түрінде көрінетін негізгі әмбебапты белгілердің пайда болумен аяқталады. 
Мәдени динамиканың келесі кезеңдерінде, қалай эволюциялық өзгерістер – пайда болған мәдени формалардың және жүйелердің трансформатиясы мен модернизациясы болсын, солай қоғамда жаңа функцияларды орындайтын және жаңа мағаналар мен бейнелерге ие болатын, қашан бар мәдени элементер жаңа жүелер пайда болатын, инновациалық өзгерістер болсын, жүзеге аса бастайды.  
Сонымен, мәдени жүелер, әрине, табиғи факторлардың әсерімен, олармен тығыз байланыста, бірақ сонда да тек олармен анықталмай қалыптасады. 
 
Мәдениет анықтамаларын қалай жүйелендіруге болады? 
 
Мәдениет анықтамаларын жіктей отырып, уақыттық немесе уақыттық емес, жалпыламайтын немесе айқындайтын ұстындарда талдауды ұсынған, Л.Уайт әдістемесіне көңіл аударайық. Сонымен, мыналарды көрсетіуге болады: 
 
- уақыттық уақыттық емес 
- тарихи айқындайтын дескриптивтік суреттеуші 
этнографиялық 
- эволюциялық жалпылайтын функционалды – құрылымдық 
 
Бұл әдістеме шектерінде тоұғырнама таңдаудан мәдениеттің анықтамасы да тәуелді болады. Ол белгілі бір тарихи кезеңнің мәдени сипаттамаларын бөле алады (анықтаушы уақыттың ұстын), эволюциялық түсіндірмелер бере алады (жалпылаушы эволюциялық) әлеуметтік-мәдени жүйелердің құрылымы мен функцияларын зерттей алады (функциолналдық-құрылымдық) немесе қарапайым суреттеумен шектеледі (дескриптивтік-суреттемелік)1.  
Мәдениет анықтамаларының ең толық сипаттмасы (егер қол жеткізіле алатын ғылыми және оқу әдебиетін еске ұстасақ) Л.Иониннің 2 аталған еңбегінде келтірілген. Белгілі американ антропологары А.Кребер мен К.Клакхопның «Мәдениет. Ілімдер мен анықтамаларға сыны талдау» атты, әлі орыс тілінде аударылған кітабына сүйене отырып, ол мәдениет анықтамаларының негізгі алты типін белгілейді: 
- оларда мәдениет ұғымын қамтитынның бәрі аталып өтетін, сипаттамалық анықтамалар; 
- оларда әлеуметтік мұраланулар, дәстүрлерге басты назар аударылатын тарихи анықтамалар;  
- құндылықтар мен нормалардың ролі алға шығатын, нормативтік анықтамалар;  
- қоршаған ортаға икемделуге, үйретуге көңіл аударатын, психологиялық анықтамалар;  
- мәдениет құрылымын алға шығаратын, құрылымдық анықтамалар; оларда мәдениет пайда болуы тұғырынан анықталатын, генетикалық анықтамалар. 

Мәдениеттанулық әдебиетте  мәдениеттің төмендегідей негізгі  сипаттамаларын тауып алуға болады:  
1. Мәдениет – адамдардың ортақ өмірінің мазмұндық бітімін. 
2. Мәдениет – мұраланбайтын биологиялық ақпарат, бұл адамдар жасаған жасанды құбылыстар әлемі.  
3. Мәдениет өзіне нәрселер әлемін, заттар әлемін қосып алады, ол әдетте, материалды мәдениет деп аталады. 
4. Мәдениет адамдық қатынастардың үлгілерін: қабылдау, сезу, ойлау, іс - әрекет тәсілдерін өзінде ұстап тұрады, олар рәміздік формада беріледі. 
5. Мәдениет шеңберінде технологиялар: әлеуметтік өзара қарым – қатынастардың, материалды объектілердің, рәміздер туындылары мен трансляцияларының және т.б. түрлері қалыптасады. 
 
Мәдениет мағаналары мәселесіне мәдениеттану ұғымының өзі біздің көңілімізді аударады, табиғат әлемі материалында туындай отырып, мәдениет әлемі, оны табиғи әлем білмейтін –мағынаны, жаңа сапаны қабылдайды. Мағына мәселесі, дұрысырақ айтқанда, мәдениет мағаналары қазіргі мәдениеттанулық білімдегі шешуші мәселелердің біріне жатады. Бұл мәдениет әлеміндегі кез келген нәрсенің өзімен-өзі көрініс табуында емес, ал мәдениетінің мағаналық кеңістгінде өмір сүретіндігінен, дамитындығынан, бинарлық код шектерінде суреттемелігінен шығады, оның негізінде «мен- басқа»деген, антропологиялық орныққан оппозиция жатыр. Мағыналар үш өзара тәуелді процестерді:генерацияны (өндіріс), функционалдануды және түсіндірмені тану процесінде ашылады. 
Бүкіл мәдениет, ода мағына құрастыру процесстері жүріп жататын, бірақ сол мезгілде бұл процестердің нәтижелері немесе өнімдері бірге болатын және өзара әрекет ететін, кеңістік ретінде қарастырыла алады. Кез келген артефакт ( яғни, жасанды құрастырылған объект: материалды зат, қылық үлгісі, көркем бейне т.т.), олар мәдениетінң сол немесе басқа семиотикалық кодтарына білдірілген, мағыналар көрсеткіштері ие болады. Яғни, бастапқы сезім мәденимағынада кодталады, таңбалық формаға ие болады. 
Әрине, ғылыми ұстындар мәдениеттің адамдық индивидуалдандырған өлшемдерінен тыс, объективтік зерттеуді талап етеді. Бірақ мәдениет – бұл тек мұражай немесе архив емес, мәдениетпен адам- біртұтас дүние: мәдениет адамдарда баршылық етеді, олардың әрекеттерінде, сезімдерінде тұрады, ал адамдар, өзкезегінде мәдениетте өмір сүреді ( В. Розин) Мәдениетте және мәдениет арқылы адам өзінде потенциалды енгізілгенді жүзеге асыруға қабілетті.  
Н.Бердияев мәдениет мағынасын шексіздіктің уақытпен күресі деп анықтады. Мәдениет, әйтсе де оны нақты жеңуге күші жетпесе де, өліммен күреседі. Міне сондықтан мәдениет заңдылығы мәңгі ету, үздіксіздік, сабақтастық болып табылады.

 

 

2. Мәдениет туралы  түрлі ғылыми көзқарастар.

Мәдениеттке деген көзқарас сол немесе басқа ұстындар белгілі бір мәдениеттанулық мектептердің шектерінде қалыптасты, ал олар, кез келген ғылыми мектептер сияқты, төлтума, мәдениеттің жан – жақты зерттелген ілімін құрған, әйтседе олардың тиімді идеялары өздерінің қолдаушыларын кейде таба алмаған, атақты зерттеушілердің төңрегінде пайда болды. Жаңа идеялармен ілімдер, әдетте, ғылымның «тектік тиесілігімен» байланысты және қандай ғылыми бағытта мәдениет зерттеліп жатқанынан көп шамада тәуелді. Бұл мәдениеттің қандай көрсеткіштері, мәндік сипаттамалы объект ретінде алынатын анықтайды.  
Нақтылы мәдениеттанулық мектептерді зертеу – мамандарының ісі. Сондықтан біз оларды жалпыланған түрде береміз және қазіргі мәдениеттанулық білімнің шынайы интегративтік сипатын есте ұстаймыз.  
Мәдениеттанулық білімдердің тұтас қабаты антропологиялық ғылымдар жүйесінде қалыптасты. Бұл әбден табиғи және түсінікті, себебі антропология – адамның табиғи және жасалды қошаған ортада өмір сүріуін зерттейтін ғалым. Қазіргі уақытта антропология, биологиялық (немесе табиғаттанулық), әлеуметтік, философиялық,теологиялық психологиялық, тарихи антропология сияқты, көп екінші бөлігінде, өз көңілін салттарды, дәстүрлерді, рәсімді және т.б. зерттеулерге бұрған, яғни адамдар іс- әрекетінсуреттейтін және жалын жалпылайтын, мәдениантропология қалыптасты.Атап айтқанда Тайлордың еңбектері («Алғашқы қауымдық мәдениет», «Адам менөркениетті зерттеулерге кіріспе. Антропология» мәдениетінің антропологиялық түсіндірмесі үшін түп негізгі болып есептеледі.Алайда бұл, барлық мәдениетті зерттеулер бұл шеңбермен шектеледі, дегенді білдірмейді. Табиғи ғылымдардың көптеген өкілдерімәдениетті зерттеуге аса зор үлес қосты. Солай, Д.Боас (1858- 1942), Германияда білім алған, американ антропологі, оның бастапқы ғылыми мүдделері математика саласымен шектелген, мәдениетті зерттеуге табиғи – ғылыми  
74-75 бет жоқ  
Методтарды - әсіресе далалық зерттеулерде нені қолданылатын, өлшеу мен статистиканы енгізеді. Бұл бағытта Кребер, М.Мид; Л.Уайт сияқты зерттеушілер үлкен табысқа жетті.  
Антропологияның басқа өкілі, Б.Малиновский (1884-1942), поляк тектегі ағылшын этнографі және социологі, функционалдық мектептің негізін қолдаушы, қайда мәдениет, оның бүкіл бөліктері бір- бірімен тығыз байланысты, тұтас, интегративті, үйлесімді жүйе ретінде қарастырылатын, қисынды ілімдер қалыптастырды. Мәдениетке осындай ұстынды қалыптастыруға, Б.Малиновскийдің физика және математикамен Краковтағы Ягеллон университетінде, психология және экономикамен Лейпцинг пен Лондонда айналысуы үлкен ықпал етті.  
Қазіргі мәдениетті зерттеулерде, тарихи – философиялық бағыттың шектерінде жинақталған, білімдердің маңызы зор болды. Олар Капт, Гегель, Гумбольдтан бастау алады, бірақ бұл мектептің көрнекті өкілдері ретінде О.Шпенглердің, А.Татнбидтің, К.Ясперстің, Н.Я.Даниловскидің есімдерінатап өткен жөн. Оларды біз «Әлеуметтік – мәдени динамика» тақырыбында толығырақ қарастыратын, мәдениеттің макротарихи ілімдері осында өрістеді.  
ХХ ғасырдың бірінші бөлігінде батыстық мәдени антропология шеңберінде мәдени- тарихи мектеп пен француздық «Анналар мектебі» қалыптасты. 
Мәдени- тарихи мектеп өз әдіснамасында неміс мәдени антропологиясының бастаушысы В. Дильтейдің (1833-1911) «рух туралы ғалымдар» пәнінің бір –бірімен принципиалды сәйкессіздігі туралы тезисіне сүенеді. Мәдени динамика мен өзгермелікті зертеу үшін өте жасампаз болған, «өмір философиясы категориясын В.Дильтей ұсынды. (Неокантшылдықта мәдениет өзгермейтін «құндылықтар әлемі ретінде көрініс табады, онымен В.Дильтей мүлдем келіспейді) . Мәдениеттанулық білім үшін келесі маңызды идеяға, В.Дильтейдің «Түсіну -түсіндіру» дихотомиясы жатады: түсіну шындықты интуктивтік, игеру, ал түсіндіру – дискурсивті –логикалық амал ретіндеқарастырылады.  
Мәдени – тарихи мектепте, мәдени динамиканы инновациялардықабылдап алу және тарату арқылы мәдениеттердің өзара әсерінің нәтижесі ретінде қарастыратын, диффузионизм бағыты дамиды. Этнограф Ф.Гребнермен, сол немесе басқа мәдениетте пайда болатын, суға тасталған тастың толқыны сияқты таралатын, түрлі тектегі мәдени формалардың, «мәдениеттер айналымдары» теориясы соларға сәйкес тұжырымдалды.  
Франциздық «Анналар мектебі» (Ле Фебр, М.Блок, қазір олардың ізбасары Бродель және т.б.) адамзаттың әлеуметтік – мәдени тарихын зерттеудің жүйелік –модельдік, типологиялық, проссмәдени методтарын пайдаланды. Олардың жетістігіне макротарихи құрылымдар мен оқиғаларды емес, ал «күнделікті тарихтарды»-өмір салттарын, дәстүрлерді, әлем суреттемелерін, ментальдық формаларын зерттеу жатады, этнографтардан ерекше, олар шаруа мәдениетін емес, ал қалық тұрғындар мәдениетін зерттейді. Соңғы уақытта «Анналар мектебі» әлеуметтік ғылымдар әдістеріне көбірек сүйеніп келеді. 
Мәдениетті зерттеудің ерекше ұстындары социологиялық мектеп шектерінде қалыптасты. Оның негізін қалаушы деп, отандық ғылым, 1923 жылдан АҚШ-та тұрған қоғам мен мәдениетті олардың тығыз бірлігінде (осыдан «әлеуметтік-мәдени» термині) қарастырған және де адамдық әрекеттің барлық жақтарын, осы тұрғыдан қарастыру керек деп есептеген, Питирим Сорокин (1889-1968) саналады. 
Мәдениетті талдаудың социологиялық үлгілері американ социологі әлеуметтік антропология негізін қалаушылардың бірі, Толкотт Парсонстың (1902-1974) еңбектерінде кездеседі. Онымен, онда мәщдениет адамдық әрекеттің организмдік (әрекеттің биологиялық құрастырушысы) тұлғалық (жеке-дара психикалық қасиеттер, мұқтаждықтар, эмоциялар, жігер), әлеуметтік (әлеуметтік ролдер, функциялар, қылықтық күтімдер) бөліктерімен қатар төрт жүйелігінің бірінің орнын алатын, әлеуметтік әрекет ілімі жасалды. Мәдениет бұл жүйеде құндылықтарда, ұнатымдарда, мәдени тәжірибемен тұжырымдалған түсініктерде көрініс табады. Бағыныңқы жүйелердің әрқайсысы өздерінің функцияларына ие: биологиялық-икемделуге, тұлғалық-өмірлік мақсаттарды қоюға, әлеуметтік-қауымдастықпен бірегейленіге бағытталған, ал мәдени мәдени үлгіні сақтап тұруға «жауап береді». Оның үстіне бұл функциялардың жүзеге асуы тарихи қалыптасқан әлеуметтік институттар: экономикалық, саяси, құқықтық, діни т.б. арқылы болады. Әрине, бұл, қашан ол әлеуметтік жүценің бір бөлігі ретінде түсінігіне жатады, бірақ осында мәдениетке деген құрылымдық – функционалдық көзқарастың мәнісі тұр.Сонда да,Т.Парсонстың идеялары жаңа эволюционизмге мәнді ықпал етті және зерттеушілермен мәдениетті макродинамикалық зерттеулердің әдістемелік негізгі сапасында пайдаланды. 
Социологялық мектеп өкілдерінің қатарында неміс социологтары Макс Вебердің (1864-1920) және олардың інісі Альфред Вебердің (1868-1958) есімдерін атап өткен жөн. Макс Вебер «түсінуші социология» деп аталатынның негізін қалады, оның мәнісі-адамдардың әлеуметтік әрекетінің мәдени мағыналарын айқындау. Мәдениеттану үшін оның ең құнды еңбегіне «Прогрестанттық этикалық және капитализм рухы» жатады, онда М.Вебер, белгілі бір діни жүйелер шектерінде қалыптасқан, мәдени нормалар шаруашылық мәдениетіне, әлеуметтік экономикалық дамудың сол немесе басқа бағытын таңдауға енгізетін әсерін талдайды. 
Веберлік мұраның тағы бір құнды жағына идеялды тип ілімі жатады. Бұл ұғымды бірінші болып неміс заңгері Г.Еллинек енгізгенімен, осы идеяның толық дамуын М.Веберден таба аламыз. Зерттеушіле бұл әдістемені әлі күнге дейін мәдени әлеуметтік өмір құбылыстарын талдауда пайдаланып келеді, өткені ол, онымен әрбір ғалым істес болатын, орасан зор тарихи – мәдени және басқа да материалды ретке келтіруге, типтендіруге себебін тигізетін, ұғымдық құрылымдарды жасауға мүмкіндік береді, Осында «біздің биліктеріміздің берілген деңгейіне және ретсіз ұғымдар жиынтығына, оларды біз өзіміздің ғылыми мүдделерімізге енгізгендіктен, тәртіп орнықтыру қажет»1 дегеннің, мағанасы осында.  
Атап айтқанда идеалды типтесол немесе басқа құбылыстың «мәдени мағнасы»шоғырланады, және зерттеуші, сонымен одан қарастырылатын объектінің алыс және жақындығы анықталатын, критерийге қолы жетеді. Солай, М. Вебер үстемдіктің «таза» үш типін бөліп көрсетті. Біріншісі үстемдік етушілердің және бағынушыларың рационалды мүдделерімен себептелген, екіншісі – типтің негізінде дәстүрлер жатар, үшіншісі билікті сезімдік тұрғыдан қабылдауға негізделген. Осыған сай, үстемдіктің рационалды типіне құқықтық мемлекет сәйкес келеді, онда ең бастысы-заң; үстемдіктің дәстүрлі типі дәстүрлердің мызғымайтындығына негізделген (патриархалдық қоғам); үшінші тип – харизматикалық («харизма»-сый), онда үстемдік етушілер бағынушыларды өздеріне иландыруға және толық бақылауға ұмтылады. Мысалы ретінде М.Вебер дүниежүзілік діндердің негізін қалаушылардың есімдерін (Будда, Иисус, Мұхаммед), ұлы қолбасшыларды (Македонский, Цехарь, Напалон), көрнекті саяхатшыларды (Линьольн, І Петр, Ленин) келтіреді. Бір қызығы М.Вебер осылай табиғи ғылымилыққа тура қарама-қарсы әдістемені ұсынды. Егер табиғаттанулық ғылымдарда білім эмперикалық деректерді талдау нәтижесінде алынатын, болса, онда идеялды типтердің ілімі бұл әлеуметтік өмірде абсолютті баламасы жоқ, таза ой құрылымы. Ол зерттеу мақсаттарына сай шындық белгілерін бөліп көрсету және күшейту негізінде және логикалық қайшылықсыз идеялды ой құрылымын жасау арқылы құрастырылады. 
А.Вебердің мәдени-социологиялық ілімі қазіргі жалпы дағдарыс идеяның төңірегінде құрастырылады. Оның жұмыстарында, бір жағынан О.Шпенглердің идеяларының, ал сонымен қоса экзистенциялистер М.Хайдггер мен К.Ясперстің ықпалдары, бірақ, басқа жағынан – үлкен ағасына оппозиция анық байқалады. Ол, ода тарих үш өзара байланысты бірақ сонда да еркешеленетін заңдарға ие процестерден: әлеуметтік (олардың шектерінде әлеуметтік институттар қалыптасады және әрекет етеді), өркениеттік (әмбебапты сипатқа ие, ғылым мен техниканың дамуы) және мәдени (шығармашылық, дін, өнер, философия) тұратын, төл тума ілімі ұсынылды. Бұл процесстердің динамикасы бір мемлекет шеңдерінде де түрлі бағытта жүре алады, немесе түрлі үрдіске ие болады. Ол көп сатылы эволюция түрінде болатын, әрі әрбір кейінгі сатысы алғашқысымен байланыста болатын, әлемдік тарихтың тұтас көрсету талпынысы, оны эсхатологиялық тұжырымдарға жеткізеді. Шындықты мәдениеттанулық түсіну үшін, әрине, оның «мәдениет» және «өркениет» ұғымдарының ара қатынасы туралы пайымдары да пайдалы. Оларды А.Вебер мәдениет эволюциясының екі фаза ретінде де емес (О.Шпенглер мен Н.Бердияев бойынша), өркениет, оның ойынша, мәдениеттің өлімі емес, олар адамдық болмыстың екі түрлі бітімдері болып табылады.  
Соңғы онжылдықтардың интенсивті дамып келе жатқан құрылымдық рәміздік ұстының көптеген тармақтарымен қолданушылары бар. Алайда олардың бәрі тіл мәселесі төңірегінде шоғырланады, және бұл әбден кездейсоқ емес өйткені міне осы тілде және тіл арқылы мәдени тәжірибе іске асады. Бұл бағыт Шведцар тіл танушысы Ф.Де Соссюрдың (1857-1913) еңбектерінде алғаш рет көрініс тапты, ол бірінші болып тілді, оны кез келген басқа таңбалық жүйелерге теңдестіре отырып, таңбалық жүйе деп анықтады және оны ерекше ғылым-социология шектерінде зерттеуді ұсынды. Соссюрдің тіл мәселесін тек лингвистика шектерімен қалдырмауы оның психология және социологиямен қызығушылығымен де байланысты болды, ал сонымен қоса бұл оның тіл тануда кең тараған бұлыңғыр, анық емес методтардың үстемділігіне наразылығы және тілді зерттеуде дәл ғылымдардың тәсілдерін қолдануға деген ұмтылысы мен де байланысты болды. 
50-60-ы жылдарында антропологияның француздық тармағында ол осыған дейін алдыңғы бағыттармен: құрылымдық лингвистика және әдебиеттелумен байланысты (жеке алғанда, Проптың таң ғажайып ертегілерді талдауы), психоанализбен (З.Фрейд пен К.Юнгтың адам іс-әрекетінің әмбебапты реттеушісі ретіндегі бейсаналық бейсаналық ұғым) және неопозитивизммен (ғылыми таным мен ғылымның метатілінің логикалқы мәселелерін зерттеу) байланысты қалыптасқан әдістемені қолдана бастады. 
Құрылымдық – рәміздік бағытты дамытуда үлкен үлес қосқан бес есімдерді атап өтейік: 
- неміс философы Эрист Кассирер (1874-1945), ол мәдениеттің бастауы-бұл адамның жасанды әлемді рәміздік формалар («рәміз әлемі») арқылы жасап шығару қабілеттілігі екендігін көрсетті; 
- француз этнографы, антрополог Клод Леви – Стросе (1908ж.т.), структурализмнік көш басшысы, оның көзқарастарының эволюциясы семотиканың бөлігі ретінде, ал мифті тіл феномені ретінде қарастыруға жеткізеді; 
- француз әдебиеттанушысы ролан Барт (1915-1980), Ливи Стросс  
идеяларын дамыта отырып, құрылымдық талдаудың шексіз қолданбалығы жөнінде қорытындыға келеді. Оның пікірінше, мәдениеттің кез келген көріністерінде: бұқаралық коммуникацияларда, модада, қала құрамында-«социологияны» байқауға болады; 
- француз зерттеушісі Жак Лакан (1901-1981), құрылымдық немесе лингвистмкалық, психоанализдің негізін қалаушы, ол, бесаналық тіл ретінде құрылымданған, ал сондықтан ол рационалдауға, мәдениеттендіруге, өнер туындылары мен мәдениеттің басқа да құрыстарына айналдыруға көнеді деген, қағиғадан шығады;  
- отандық әдебиеттанушы, мәдениеттанушы, өнертанушы, тартус – мәскеулік мектептің басшысы Юрий Михайлович Лотман (1922-1993), ол мәдениетінің сан алуан феномендерін, өзінің таңбалық – рәміздік табиғатына ие, «мәдениет мәтіндері»ретінде қарастырды және талдады.  
Сонымен, тіл мәселесі ХХ ғасырда, тіл бұрын – мәдениеттің басқа да көптеген феномендерді сияқты, адамның ақылымен жасалған, онымен бақылатын қатардағы құбылыс, - деп ұйғарылып келгеннен, мүлдем басқа көптген феномендері сияқты, адамның ақылымен жасалған, онымен бақыланатын қатардағы құбылыс, - деп ұйғарылып келгеннен, мүлдем басқа мағанаға ие бола бастады. Жаңа түсінікте тіл – бұл, ол адамды әлеуметтік – мәдени жан ретінде қалыптастыратын, оның санасы мен әрекетін анықтайтын, таңбалық- рәзімдік жүйе.  
Ондаған көрнекті ғалымдардың зерттеу нәтижелерін қайсыбір бағыттарға топтау талпынысы күрделі қиындықтардан аса алмайды. Жиі төлтума ілімдер қайсыбір критерийлермен бөленген сыныптарға сыймайды, басқа жағдайларда сол бір есімді әр түрлі ойлау бағыттарынан кездестіре аламыз (мысалы, ғылымның шығармашылық өміріндегі көзқарастары мен ұсынымдарының өзгеруі себебінен де осылай болды). Сондықтан қайсыбір жіктемені әлсіреу дұрыс емес, және сондықтан, олардың әрқайсысы )әсіресе, оқу әдебиетінде кездесетіндері) салыстырмалы болатындығын, есте ұстаған жөн.

 

 
3. Дәстүрлер мен жаңашылдық динамикасы.

Мұрагерлік жаңа қоғамның мақсаттарымен байланысты жүзеге асады. Бұл мақсаттарға жету процессі мұрагерлікті меңгеру және осының негізінде жаңа  
феномендер мен процестерді жасауды көздейді.  Сондықтан «мәдени мұра» ұғым ретінде, «дәстүр» және «жаңашылдық» ұғымдарынсыз анықталмайды.        

Дәстүрлер мен  жаңашылдықтың өзара байланысына, оларда көрініс алған рухани іс-әрекеттің түрлі саласындағы тарихи мирасқорлықтың мәніне, дәстүрлердің категориялық ерекшеліктеріне Еуропалық философ-теоретиктер де (ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ. бастап И.К.Гардеродан, Т.Адорно, Х.Ортеги-Гассетаға дейін), ТМД және Қазақстан философ-теоретиктері де (А.Г.Спирин, И.В.Суханов, О.Г.Дробинцкий, Сарсенбаев және т.б.) мақсатты түрде назар аударып отыр.

Қазіргі әдебиеттерде дәстүрлердің мәніне қатысты көлемді  үш теориялық көзқарас көрініс алады.

Бірінші көзқарасты шартты түрде жалпыфилософиялық деп атауға болады. Мұнда ғалымдардың дәстүрлер жайындағы философиялық-дүниетанымдық көзқарастары жинақталып, көлемді ілім ретінде ұсынылады.

Екінші көзқараста, дәстүр ұғымы және оның жаңашылдыққа қатысы жалпы әлеуметтік тұрғыда түсіндіріледі. Бұл жағдайда ол тарихи мирасқорлықтың объективтік және қажетті жағдайы ретінде қоғамдық дамудың өткен кезеңінің прогрессивтік мазмұнын келесі кезеңге ендіру процесі тұрғысында қарастырылады. Дегенмен, мұнда мәдениеттің мәні қоғамдық адамның шығармашылық әрекеті болатыны және дәстүр мен жаңашылдық проблемасын талдауда мирасқорлықтың қоғам дамуында ерекше көрініс беретіні туралы деректеме сараланып көрсетіледі.

Үшінші көзқараста нақты-әлеуметік деп атауға болады. Бұл жағдайда дәстүр мәдени мирасқорлықты жүзеге асыру механизмі ретінде әлеуметтік жүйенің белгілі бір элементтері, көбінесе қоғамдық сананың әлеуметтік психологиялық днңгейіне сәйкес қарастырылады. Мұнда дәстүрді, ең алдымен, тарихи-мәдени процестің жалпы заңдылықтарымен емес, сақтаудың қажетті жағдайы және мирасқорлықты қамтамасыз ету факторы ретінде әлеуметтік жүйенің қызметін жасау проблемасымен байланыстырады. Осыған орай, дәстүр, бұл жағдайда басқа да өмір сүретін салттар, нормалар, мінез-құлық ережелері, әлеуметтік дағдылар, принциптер секілді әлеуметтік-реттеушіліктің бір түрі ретінде түсіндіріледі.

Осы жоғарыда айтылғандарды  негізге ала отырып, біз «дәстүр» мен «жаңашылдық» ұғымдарына өзіміздің ұлттық тұжырымдамалық көзқарасымызды береміз. Біздің пайымдауымызша, дәстүр – қазақ халқының мәдени құндылықтарды жасаудағы тәсілі және соның нәтижесі. Онда олардың құрылымы мен элементтері толықтай сақталады. Дәстүрдің негізгі әлеуметтік мәдени қызметі: қоғамдық қатынастардың маңызды нормаларын тұрақтандыру, қазақ халқының мәдени құндылықтарын сақтау және бір ұрпақтың жинақтаған рухани-адамгершілік тәжірибесін келесі ұрпаққа жеткізу.

Жаңашылдық – қазақ халқының мәдени құндылықтарын қайта жандандырудың және жасаудың механизмі. Онда әлеуметтік қажеттіліктерді нәтижелі қанағаттандыру үшін рухани өндірістің өткен кезендерімен салыстырғанда ен жетілген, мазмұны бай мәдениет нысаналарының формаларын құру саналы түрде мақсат етіп қойылады. Бұл механизм мәдениет динамикасына тән және қоғамның рухани өмірінің өзгерісін әлеуметтік қайта жанарумен бірдей қамтамасыздандырады.

Дәстүр мен жанашылдықтың  өзара қарым-қатынасындағы бысты  мәселе - өзара қарым-қатынаста үйлесімділікке қалай қол жеткізуге болады және мәдениеттің дамуында осы үйлесімділікті қалай қаматамасыздандыруға болады деген сұрақтардын шешімін іздестіру.

Бір-біріне қарама-қарсы  осы екі ұғымдарды біріктіретін мәдени мұра қазақ халқының мәдени құндылықтарының кешені, оларды сақтау, қоғамдық прогрестің нақты-тарихи мақсатына сәйкес өткен ұрпақтын тәжірибесін қазіргі ұрпаққа жеткізу және қайта жандандыру тәсілдері.

Қазақ халқының мәдени мұрасын  қайта жандандыру мен тәрбиелік  мүмкіндіктерін бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде  пайдалану мйселесіне Қазақстан  егеменді ел болып, тәуелсіздікті қолына алғаннан бастап (1991) аса назар аударылып  келеді. Оған сол жылдардан бастап басылым көрген тұжырымдамалар («Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім  беру» (1993), «Этномәдени білім беру тұжырымдамасы» (1992), «Жоғары мектеп студентеріне этнопедагогикалық білім  беру тұжырымдамасы» (1998) және т.б.), бағдарламалар, оқулықтар мен оқу құралдары (Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Ұзақбаева, М.Балтабаев, Қ.Бөлеев, Қ.Шалғынбаева, Р.Дүйсенбінова және т.б.) басылым көрді. Бірқатар іргелі және қолданбалы зерттеу жұмыстары қорғалды.

        Қазақ  халқының мәдени мұрасы көпшіліктің  мақұлдауы бойынша материалдық (өндірістік, үй, ауыл-шаруашылығы, еңбек құралдары, қолданбалы өнер, баспана, тұрмысқа қажетті заттар), рухани (тіл, дін, ауызекі поэтикалық шығармашылық, сәндік-қолданбалы өнер, халық білімі, салт-дәстүрлер, наным-сенімдер, әдет-ғұрыптар, ұлттық ойындар, мерекелер) деп бөліп қарастырылады.

Тарихи-этнографиялық деректерді, салт-дәстүрлер мен халықтың ауызекі  шығармашылығын зерттеу, осы бағытта  басылым көрген зерттеулермен танысу қазақ халқы балалар мен жастардың  рухани-адамгершілік тәрбиесіне, моральдық-этикалық, мінез-құлық әдебіне, жүріс-тұрыс, киім-кию  мәдениетіне, сөйлеу, қарым-қатынас  мәдениетіне, эстетикалық талғам, көзқарасына, түр-келбеті мен ішкі жан дүниесінің үйлесімділігіне аса назар аударған, осындай адами қасиеттерді бала жастан бойына сіңісті ете білген деп қорытынды жасауға мүмкіндік  береді.

Информация о работе Мәдениеттану пәні. Мәдениет ұғымы және оның мәні