Әлеуметтік қызметтер жүйесінің тарихи негізі.

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 17:44, лекция

Описание работы

Дәріс мақсаты: Халықтың тұрмысы нашар тобына әлеуметтік қолдау көрсету мәселелерін қарастыру; адам қажеттіліктерін өтейтін факторлар туралы айту; қазіргі кездегі адамның тұрмысы нашарлығының себебін ашу; кедейшілікті жою жолдарын іздестірудегі тарихи кезеңдерге тоқталу.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Қайырымдылық қызметтері мен тарихи қалыптасу негіздері.
2. Әлеуметтік көмектердің түрлері.
3. Қоғамдық қайырымдылық көмектер.
4. Қазіргі кездегі қайырымдылық көмектер.
5. Әлеуметтік саяси жүйе.

Работа содержит 1 файл

Дәрістің тақырыбы 1--2.docx

— 26.79 Кб (Скачать)

ХӘҚ жүйесі оның ғылыми негізін  құрайтын принцптерде құралады. Принцптер- бұл адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша оның құрылымы, формалары  және әдістеріне қойылатын талаптарды білдіретін ғылыми негізделген жағдайлар  болып табылады. ХӘҚ жүйесі өз принцптерінесүйене отырып, өз функцияларынтолық және тиімді жүзеге асыра алады.

Гуманизм мен әлеуметтік әділеттілік әлеуметтік қорғаудың  маңызды принцптеріболып табылады.

Әлеуметтік қорғауды жүзеге асыруда әділ және ащдами қасиеттерге  ие болу – бұл адамзат тұлғасының өзіндік бағасын, еркіндікке құқығын, өзіндік қабілеттерін дамыту, ұлттық, таптық, діни және басқа да жеке немесе әлеуметтік ерекшеліктеріне тәуелсіз бақытты өмірлерін мойындау болып  табылады.

Әлеуметтік қорғаудағы ұйымдастыру  мен құрылымның жүйесімен кешендік тығыз байланысты, яғни экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және әлеуметтік қорғаудың минималды деңгейдегі мемлекеттік кепілдендірілгенді қамтамасыз ету бойынша басқа да сипаттардағы шаралардың барлық кешендердің тығыз  бірлігін қамтамасыз ету.

Кешенділік қамтамасыз етеді:

- Іс-әрекеттердің бағытын, принцптерін және мақсаттарының бірлігін;

- Адамға жәрдем етуде қазіргі заман тәжірибесімен тарихи тәжірибе және дәстүрлердің үйлесуін;

- әлеуметтік қорғау обьектілерінің жан-жақты зерттелуін (индивидумның, әлеуметтік топтың, аумақтық қауымдастықтың, еңбек ұжымының);

- әлеуметтік қорғау субьектілерінің үйлесуі мен әрекет сәйкестілігін;

- адамдарды қолдау және көмек көрсету бойынша шараларды жүзеге асыруда бақылауды;

Әлеуметтік қорғауда ескерту  шаралар принцп үлкен маңызға  ие, ол әлеуметтік сәтсіздік себептерін түсіндіреді, оның құрылуының бастапқы кезеңін ашады және оны жояды.

Дәріске әдістемелік  нұсқаулар мен ұсыныстар:

   Дәріс материалын  меңгеру үшін әлеуметтік жұмыс  теориясының негізгі ұғымдарын,  мақсатын, пәнін, құрылымын пайымдай  білуге көбірек мән беруі қажет. Дәріс кезінде айтылған ғалымдардың ойлары  мен пікірлерін есте сақтап қалуға, оны талдауға тырысу керек. Алғашқы дәрісті толық меңгеру барасында курсты толық игеруге, қарастырылатын мәселелерге бағдар жасауға мүмкіндік алады.

 

2. Семинар  сабақтарының жоспары

Әлеуметтік қызметтердің экономикалық негіздері.

 

Талқылауға арналған сұрақтар:

• Әлеуметтік қызметтердің экономикалық негіздері.

• Әлеуметтік қызметтерді қаржыландыру көздері.

            • Әлеуметтік қызметтердің клиенттерінің категориялары.

 

СӨЖ тапсырмасы: Әлеуметтік қызметтер жүйесінің қызметтеріне баяндама жасау. 

 

Студент білуі  керек:

-ғылыми бағыттар мен  қағидаларды салыстыра алуды;

-өз бетінше шешімге  келуді, шығармашылық ойлауды және  өзінің позициясын 

  көрсетуді;

-өзінің танымдық,ұйымдастырғыштық  және артистік қабілеттерін көрсетуді; 

 

Әдебиеттер:

  1. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы. Жумагулов Ғ.Б., Ахметов А., Ахметова Г. Алматы 2005
  2. Оценка эффективности учреждений социальной поддержки населения. П.В.Романова и Е.Р.Ярской-Смирновой. Москва 2007 год.
  3. Критерии оценки эффективности функционирования системы социальной защиты населения. Стрижёва Е. С. Москва 2006 год.

 

 


Информация о работе Әлеуметтік қызметтер жүйесінің тарихи негізі.