Әлеуметтік қызметтер жүйесінің тарихи негізі.

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 17:44, лекция

Описание работы

Дәріс мақсаты: Халықтың тұрмысы нашар тобына әлеуметтік қолдау көрсету мәселелерін қарастыру; адам қажеттіліктерін өтейтін факторлар туралы айту; қазіргі кездегі адамның тұрмысы нашарлығының себебін ашу; кедейшілікті жою жолдарын іздестірудегі тарихи кезеңдерге тоқталу.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Қайырымдылық қызметтері мен тарихи қалыптасу негіздері.
2. Әлеуметтік көмектердің түрлері.
3. Қоғамдық қайырымдылық көмектер.
4. Қазіргі кездегі қайырымдылық көмектер.
5. Әлеуметтік саяси жүйе.

Работа содержит 1 файл

Дәрістің тақырыбы 1--2.docx

— 26.79 Кб (Скачать)
  1. Дәрістің тақырыбы: Әлеуметтік қызметтер жүйесінің тарихи негізі.

 

Дәріс мақсаты: Халықтың тұрмысы нашар тобына әлеуметтік қолдау көрсету мәселелерін қарастыру; адам қажеттіліктерін өтейтін факторлар туралы айту; қазіргі кездегі адамның тұрмысы нашарлығының себебін ашу; кедейшілікті жою жолдарын іздестірудегі тарихи кезеңдерге тоқталу.

 

Қарастырылатын  мәселелер:

1. Қайырымдылық қызметтері мен тарихи қалыптасу негіздері.

2. Әлеуметтік көмектердің түрлері.

3. Қоғамдық қайырымдылық  көмектер.

4. Қазіргі кездегі қайырымдылық көмектер.

5. Әлеуметтік саяси жүйе.

 

Тақырыптың негізгі  ұғымдары: нашар тұрмыс, материалдық қажеттілік, «өмір деңгейі», «тұтынушы бюджеті», индексация, компенсация, қайырымдылық;

 

Қайырымдылық әлеуметтік феномен ретінде ең алдымен субъективті  немесе объективті себептерге байланысты өзін тұрмыстық шарттармен қамтамасыз ете алмайтын адамдарға мақсатты түрде көңіл бөлу, олардың өмірлік  қызметін сақтау мен ұйымдастыруға  көмек көрсету, оларды материалдық  және рухани қолдаумен  сипатталады.

Өзінің тарихи дамуында қайырымдылық қайыр-садақадан бастап қоғамдық көмекке  дейін, қоғамдық және жеке меншік қайырымдылық қызметтерімен үйлесетін әлеуметтік қорғаудың ұйымдастырылған жүйесіне дейін әр түрлі формаларда көрініс  тапты. Қайыр-садақа – бұл ақша немесе басқа материалдық қаражат түріндегі  көмекті қажет ететін азаматтарға  берілетін көмек. Ол кейін шіркеумен  діни міндетке айналдырылған және кедей-кепшіктерге  көмек көрсетудің түрі ретінде бүгінгі  күнге дейін жеткен адамдарға  тән ертедегі гуманистік қасиеттердің бірі. Қайырымдылықтың басқа түрлеріне  қарағанда қайыр-садақа ұйымдастырылуға  жатпайды. Ол қол созған адамға беріледі және қайыр-садақа берген индивидтің жеке қасиеттерімен анықталады. Қайыр-садақаның  мақсаты – қайыршыға мүмкіндігінше  көмек тигізу. Бірақ отандық және шетелдік тәжірибе көрсеткендей, аяусыз берілген көмек мамандандырылған қайыршылықтың  дамуына әкелуі мүмкін.   

Қоғамдық көмек – қайыр-садақамен  салыстырғанда мемлекетпен, шіркеумен, қоғаммен, жеке тұлғалармен жүзеге асырылатын, ең алдымен мұқтаж адамдарға  тұрғылықты жер мен тамақ өнімдерін  ұсынумен сипатталатын қайырымдылықтың  өкениетті түрлерінің бірі. Өзінің алғашқы формасы – қайыр-садақадан  қоғамдық көмек өзінің ұйымдастырылушылығымен және мақсаттылығымен ерекшеленеді. Ол көмекті шынымен де қажет ететін тұлғаларға көрсетіледі. Қоғамдық көмектің негізгі себебі азаматтық ынтымақтастық  пен мұқтаж азаматтардың игілігіне  қолдау көрсету болып табылады. 

Қазіргі уақытта “қайырымдылық” түсінігінің түрлі анықтамалары мен жолдары бар. Бірқатар ғалымдар қайырымдылықты қоғамның, ұйымның, жеке адамның гуманитарлық іс-әрекетінің жиынтығын қосатын жалпы адамдық  қозғалыс ретінде қарастырады. Олардың  негізінде – тек жақын адамға ғана емес, сонымен қатар бөтен  адамға, әлеуметтік жағынан қорғалмаған  азаматтарға және көмек қажет  ететіндерге тегін материалдық-қаржылық көмек көрсетуге талпыныс жатыр. Басқа зерттеушілердің ойынша бүгінгі  күнде қайырымдылықтың екі жақты  түсінігі бар. Негізі қайырымдылық түсінігі көмек қажет ететіндердің нақты  жағдайына байланысты көмек көрсетуді  білдіреді. Әлеуметтік жұмыстың анықтама-сөздігінде қайырымдылық 1-ден, пайдалы жақсылықтың  іс-әрекеті мен қасиеті ретінде, яғни басқаларға жақсылық жасау, кедейлерге көмектесу; 2-ден, жеке меншіктің және ұйымдардың (өнеркәсіптердің, фирмалардың, қорлардың және т.б.) қайырымлықтағы кедейлерге материалдық көмек көрсету; 3-ден, өмір деңгейі күн көріс деңгейінен төмен адамдарға мемлекеттік көмек көрсетумен анықталады. Дегенмен, барлық анықтамалардың мәні қайырымдылықты әлеуметтік феномен ретінде ең алдымен, еңбекке деген қабілеттіліктері жоқ адамдардың субъективті және объективті себептерге байланысты өздерін тұрмыстық шарттармен қамтамасыз ете алмағандығымен сипатталады.

Қазіргі кездегі қайырымдылық мағынасы адамдар мен ұймдарға көмек  көрсету, қуатсыз, өмірден түңілген кедейлердің өмірін жақсартуға қатысуды білдіреді. Кең мағынада қайырымдылықты іс-әрекеттің негізгі формалар бағдарламаларын  қолдау (қауіпті аурулармен күрес, қоршаған ортаны қорғау,ғылым, білім, денсаулықтың дамуы және т.б.) ретінде қарастырады.

Қоғамның қозғаушы мотивтері  мейірімділіктің, ниет білдірудің адамзаттық сезімінде көрінеді. Қайырымдылықтың  негізінде адамдардың қайғысына  ортақтасу, және көмек пен қолдаудың  өзара қажеттіктері мотивациясы  көрінеді. Бұл мотивация коммерциялық қызығушылықпен, кірістің алуымен және т.б. сай келмейді. Қайырымдылық мемлекеттің  адамдар туралы қамқорлық қатынасында  күш салуын толықтыруға және дамытуға шақырады.

Қайырымдылық іс-әрекеті  азаматтардың, ұйымдардың мүлікті тегін  немесе жеңілдік көмегінде беру, сонымен  бірге, ақшалай құралдың, қызметтің  риясыз ұсынылуы, және басқа да қолдау көрсетудіінің ерікті іс-әрекет ретінде  қарастырылады. Қайырымдылық іс-әрекет бағытының мақсаттары: - халықтың әлеуметтік осал категорияларына, әлеуметтік және басқа да қақтығыстардан зардап шеккен адамдарға көмек көрсету; - ана  мен баланы қорғауға көмектесу; - қоғамда  отббасының рөлін нығайту. Қайырымдылық іс-әрекетін жүзеге асыруға осы әрекеттің  мақсаттары мен формаларын дұрыс  таңдай алатын азаматтар мен заңды  тұлғалар құқылы.

Әлеуметтік саясат өзінің тар мағынасында әлеуметтік басқару  және институттандыруға қатысты  әрі әлеуметтік мемлекет халықты  еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау, денсаулық, білім беру салалары негізінде  қарастырады. Кең мағынасында әлеуметтік саясат механизмдер мен тәсілдердің  бірігуіне атқарушы үкімет, орталық  және аймақтық үкімет, сол сияқты жергіліктіүкімет әлеуметтік тұрақтылық пен  тепе- теңдік арқылы мүмкіндік туғызуға ұмтылады. Әлеуметтік мықты мемлекет адамды экономикалық саясатқа емес, экономиканы адамға байланыстыра дамытады. Әлеуметтік саясаттың  басым бағыты- адам, оның еңбектегі  мүмкіндіктері, қызығушылықтары және еркін дамуы, лайықты дәрежесі.

Өркениетті қоғамның айнымас  қызметі болып әлеуметтік қорғау жүйесінің құрылуы және әр бағыттылығы  мен тиімділігін өркендету болып  табылады, негізгі мақсаты- өмірде қиындылық  жағдайға тап болған жеке адамға жан- жақты көмек көрсету, өзін- өзі  толық игере алатын жағдайға жеткізу.Азаматтық  құқықтың әдістемесі.

Қоғамдық көмек – қайыр-садақамен  салыстырғанда мемлекетпен, шіркеумен, қоғаммен, жеке тұлғалармен жүзеге асырылатын, ең алдымен мұқтаж адамдарға  тұрғылықты жер мен тамақ өнімдерін  ұсынумен сипатталатын қайырымдылықтың  өкениетті түрлерінің бірі. Өзінің алғашқы формасы – қайыр-садақадан - қоғамдық көмек өзінің ұйымдастырылушылы-ғымен  және мақсаттылығымен ерекшеленеді. Ол көмекті шынымен де қажет ететін тұлғаларға көрсетіледі. Қоғамдық көмектің негізгі себебі азаматтық ынтымақтастық  пен мұқтаж азаматтардың игілігіне  қолдау көрсету болып табылады. 

Қоғамдық дамудың қазіргі  деңгейінде қайырымдылық қызметінің бұл  формасы көптеген елдерде олардың  әлеуметтік-экономикалық және мәдени деңгейіне байланыты халыққа  әлеуметтік көмек көрсетудің мемлекеттік, қоғамдық және жеке-меншік кешенді  жүйесіне айналды.

Қоғамдық даму қайырымдылық түсінігін түсіндіру мен мазмұнында өзінің толықтыруларын енгізді.  Ол қоғамдық тәжірибелердің өзгертілген  формаларымен ауысты. Тәжірибенің формалары  мен масштабтары өзгерген сияқты, ол тарихи жағынан ауысты. Сондықтан  көмек қажет ететіндерге міндетті түрде қайыр-садақа, жағдайлары барлардың (материалды және рухани жағынан) қайырымдылықты ерікті түрде қолдау көрсету қажет. Филантропия (грек тілінен аударғанда – адамды сүю) қайырымдылықтың синанимы болып табылады. Негізі Батыс елдерде  оны caritas – жақын адамға деген  махаббат деп атайды.

Дәріске әдістемелік  нұсқаулар мен ұсыныстар:

 Дәріс барысында «қайырымдылық» немесе «тұрмысы нашар» деген ұғымдарға көбірек мән беру керек, осының негізінде адамзат қоғамындағы тұрмыстық жағдай, өмір сүру формасы, тіршілік үшін күрес ұғымдарының мағынасын түсінуге болады. Материалды жете меңгеру үшін қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы мерзімдік баспалардан мәліметтер жинау қажет.

 

1. Семинар сабақтарының жоспары.

Әлеуметтік қызметтердің міндеттері.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Халықтың тұрмысы нашар  тобымен жүргізілетін  әлеуметтік  жұмыстың 

   формасы мен тәсілдері.

2. Халықтың тұрмысы нашар  тобын әлеуметтік қорғау. Қайырымдылық.

3. Әлеуметтік қызметтердің  басты міндеттері.

4. Халыққа әлеуметтік  қызметтер көрсету жүйесінің  пайда болу тұстары.

5. Қайырымдылық түсінігі.

6. Әлеуметтік саясат әлеуметтік  қызметтер жүйесі ретінде.

 

СӨЖ тапсырмасы:

 Әлеуметтік қызметтер жүйесінің алғы шарттары. Шет елдік әлеуметтік қызметтерді зерттеу тәжірбиелері. Әдіснамалық шолу жасау.

 

Студент білуі  керек:

-берілген әдебиеттерді  қолдана;

-тақырып бойынша негізгі  ұғымдарды;

-ғылыми бағыттар мен  қағидаларды салыстыра алуды;

-өз бетінше шешімге  келуді, шығармашылық ойлауды және  өзінің позициясын 

  көрсетуді;

-өзінің танымдық,ұйымдастырғыштық  және артистік қабілеттерін көрсетуді; 

 

Әдебиеттер:

  1. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы. Жумагулов Ғ.Б., Ахметов. Алматы 2005 жыл.
  2. Социальные технологии как инновационная сфера социальной работы. Марченко Т.А., Солнышкина М.Г.М. 2001.
  3. Управление – это наука и искусство/Файоль А,, Эмирсон Г,, Тейлор Ф., Фордт. – М.,1992.

 

  1. Дәрістің тақырыбы: Әлеуметтік қызметтердің әлеуметтік - экономикалық мәні.

 

Дәріс мақсаты: Әлеуметтік қызметтер мәні, мағынасын, оқытылу   мақсатын, қоғамдағы әлеуметтік - экономикалық орнын баяндау.

 

Қарастырылатын  мәселелер:

1.Әлеуметтік қызметтердің  өзекті мәселелері.

2.Әлеуметтік қызметтердің  субьектісі мен обьектісі.

3.Экономикалық кеңістіктегі  әлеуметтік қызметтер.

 

Тақырыптың негізгі  ұғымдары: «әлеуметтік қорғау» түсінігі, гуманизм, бюджет, әлеуметтік сақтандыру т.б.

 

«Әлеуметтік қорғау» түсінігі әлеуметтік саясат аумағында кең  таралған және халықтың барлық категорияларына  атап айтқанда оның жұмысқа қабілетті  бөлігіне кең таралды. Әлеуметтік қорғау аясындағы контексте жұмысқа  қабілетті азаматтардың тең шарттағы жеке еңбек қорының экономикалық өзіндігінің және кәсіпшілдігінің  арқасында өзінің жағдайын көтеруді көрсететін заң шығарушы, экономикалық, әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық  кепілдіктер жүйесі түсіндіріледі. Сонымен бірге мемлекет әйелдер, балалар және жастар сияқты әлеуметтік-демографиялық  топтарға олардың әлеуметтік психологиялық  ерекшеліктерін есепке ала отырып олардың  әлеуметтік теңдігі мен әлеуметтік қорғауын қамтамасыз ететін кепілдіктер  жүйесінің заңдарын шығарып бекітеді. Бұл жерде әлеуметтік қорғаудың  атаулығы мен жүйелігі ерекше маңызды  болып табылады. 

Ғылыми әдебиеттерде «Әлеуметтік  қорғау» кең және тар мағынада қарастырылады. Әлеуметтік қорғаудың  кең мағынасында индивид өзін қамтамасыз ету және балаларының  өмір сүруіне жағдай жасай алушылық қабілеті сияқты әлеуметтік қатынас  жүйесі түсіндіріледі. Бұл мағынада әлеуметтік қорғау адам құқығының кепілдік жүйесімен сәйкес келеді. Тар мағынада әлеуметтік қорғау басқалардың көмегінсіз өмір сүре алмайтын ерекше қиын жағдайдағы халықтың бір тобын қанағаттандыралық  өмір сүруін әкімшілік шара арқылы қамтамасыз ететін мемлекеттің әлеуметтік саясаты астарына түсіндіріледі. Бұлардың санына кәрі адамдарды, мүгедектерді, жетімдерді және т.б. жатқызуға болады.

Әлеуметтік қорғау жүйесін  аумақтыө-экономикалық жүйесі бойынша  үшке бөледі: а) жалпы мемлекеттік; б) аймақтық (облыстық, қалалық); бастапқы шаруашылық топ деңгейі (кәсіпорын, фирмалар және т.б.). Республикалық деңгейге кірістің анықталған деңгейінің кепілдігін қоса (жалақы, зейнетақы минимумы) қоғамның барлық мүшелерінің әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз ету және бақылау жатады. Аймақтық деңгейде аймақтық, әлеуметтік-мәдени, демографиялық ерекшеліктерін есепке алған әлеуметтік қорғау жүйесінің  дәлелденуін қамтамасыз ету жатады. Ал бастапқы шаруашылық топ деңгейінде өзіндік құралдарға сүйене еңбекақы қоры және әлеуметтік даму немесе өсу  құралады.

Ерекше әлеуметтік институт ретіндегі халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің құрылуы. Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделдерінің құрылуы және дамуы. Республиканың  халқының әлеуметтік қорғау жүйесі дамуның  негізгі бағыттары.Халықты әлеуметтік қорғаудың түрлері. Халықты әлеуметтік қорғаудың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары (әлеуметтік сақтандыру; әлеуметтік көмек; мемлекеттік қамсыздандыру; міндетті қорлау); бұл формалардың  перспективті дамуы. Қазіргі заман  жағдайында халықты әлеуметтік қорғау мәселелеріне теориялық талдау жасау.Халықты  әлеуметтік қорғау принцптері, оларға сипаттама гуманизм, әлеуметтік әділеттілік, жүйелілік, әлеуметтік қорғау бойынша  ескерту шаралары.

Қазіргі заманда ХӘҚ жүйесі әлеуметтік тәртіптің тұрақты формалары  мен адамдардың іс-әрекетін анықтайтын және ұйымдармен мекемелердің әлеуметтік нормалары мен принцптерінің  мәнін сипаттайтын әлеуметтік институт ретінде қалыптасады.

Біз әлеуметтік қорғау институтын халықтың әртүрлі топтарына әлеуметтік көмек қажеттілігі негізіндегі  көп санды, бір-бірімен тығыз байланысты әлеуметтік мәселелерді 

Біз әлеуметтік қорғау институтын халықтың әртүрлі топтарына әлеуметтік көмек қажеттілігі негізіндегі 

Информация о работе Әлеуметтік қызметтер жүйесінің тарихи негізі.