Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 13:31, доклад
Әлеуметтік сақтандыру –әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі нысандарының бірі;экономикалық тұрғыдан белсенді халықты жұмыстан, еңбек ету қабілетінен және табыстан айырылуға байланысты түрлі тәуекелден зиянды өтеудің ұжымдық ынтымақтастығы негізінде әлеуметтік қорғау нысаны; азаматтарды қартайғанда, сырқат, жазатайым оқиға салдарынан, бала туу себепті, т.б. мән-жайларға байланысты еңбекке уақытша немесе тұрақты жарамсыз болған жағдайда, сондай-ақ олардың денсаулығын сақтау, қорғау мақсатымен материалдық жағынан қамсыздандыру жүйесі
Қазақстан тәуелсіздік алысымен, әлеуметтік саясатты басты бағыттардың бірі етіп таңдады. Бұған 1991 жылы қабылданған Үкімет қаулысы дәлел. Осы қаулы арқылы балалы отбасыларға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек көрсету мәселесі жолға қойылды. Азық-түлік пен балалар киімінің тым қымбаттауына байланысты бұл жәрдемақы жасы кәмелетке толмаған балалары бар отбасылардың бәріне дерлік берілетін. Тек бір жылдан соң, яғни 1992 жылдың 4 ширегінен бастап бұл жәрдемақыны шын мәнінде мұқтаж отбасылар ғана алатын болды.Әлеуметтік саясат азаматтарға лайықты өмір сүруге, еркін дамуға мүмкіндік беру арқылы жүзеге асады. Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың басты бағыты тұрғындардың өмір сүру деңгейін біртіндеп жақсартуды көздейді. Бұл мақсат сапалы білім алу, денсаулықты күту, қарттарға, ана мен балаға қамқорлық, әлеуметтік мұқтаж адамдарға көмек, еңбекпен қамтамасыз ету шаралары арқылы жүзеге асады.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемде әлеуметтік мемлекет құру идеясы кеңінен тарады. Бүгінде әлеуметтік мемлекет дегенде Скандинав елдері, Финляндия, Канада мен Жаңа Зеландия мемлекеттерін үлгі ретінде атауға болар. Батыстық дамыған мемлекеттердегі әлеуметтік қорғау жүйелерін үш топқа бөлуге болады: скандинавиялық, швед және ағылшын. Скандинавиялық жүйе Швеция, Норвегия, Финляндия және Данияда. Бұл мемлекеттерде барлық тұрғын әлеуметтік көмек алу құқығына ие. Жұмыс істейтіндердің бәріне дерлік жеңілдіктер тиесілі, ал мемлекет баршаны жұмыспен қамту жауапкершілігін өз мойнына алады.Ал Германия, Франция, Грекия сияқты елдерде мемлекет адамға лайықты өмір сүруге қажетті табыс табуы үшін оны еңбекпен қамтамасыз етеді. Бұл елдерде жұмыс табу жауапкершілігі жұмыскердің мойнында, ал мемлекет оның табысын қорғау функциясын атқарады.
Англия
мен Ирландияда әрбір
азамат әлеуметтік сақтандыру
жәрдемақына немесе
әлеуметтік көмекке
ие бола алады. Бұл құқықты
өте мәжбүр жағдайда (ауру,
зейнеткерлік, өлім-жітім,
бала туу, т.б.) пайдалануға
болады. Ал мемлекет
табыстың ең төменгі
деңгейіне кепіл болуды
мойнына алған. Әлемдік
тәжірибеде әлеуметтік сақтандыру жүйесінде
төлемдерді беру шарттары, олардың мөлшері
мен мерзімі сақтандыру жарналарының
жүйесімен тығыз байланысты, бұл сақтандырылушылардың
сақтандыру жарналарын төлеуге деген
қызығушылығын тудырады және сонымен
сақтандырылғандардың жеке салымын есепке
алу мәселесін шешеді.
Осылайша әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік
қорғаудың басқа түрлерінен едәуір ерекшеленеді:
1. сақтандырылғандар алатын табыстарын
жоғалтудан қорғалады, ол сақтандыру тәуекелі
туған жағдайда кедейлікті болдырмаудан
кепілдендіреді;
2. сақтандыру төлемдерін алушылар тек
қана сақтандырылғандар мен олардың отбасы
мүшелері болуы мүмкін.
Нарықтық экономикада әлеуметтік-бағдарланған
мемлекет үшін негізгі принциптердің
бірі болып :
- құқықты басшылыққа алу принципі;
- әлеуметтік әділеттілік принципі;
- еңбекке қабілетті халықты толықтай
жұмыспен қамту принципі;
- әлеуметтік серіктестік принципі (мемлекет,
жұмыс беруші және қызметкер);
- азаматтардың өзінің экономикалық тиімділігіне,
сондай-ақ жалпы қызметі үшін жеке жауапкершілік
принципі.
Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыруды
дамыту әлеуметтік тәуекелдердің түрлеріне
қарай:
2005 жылдан бастап – еңбек ету қабілетінен
айрылуы бойынша, асыраушысынан айрылуы
бойынша, жұмысынан айрылуы бойынша;
2008 жылдан бастап – жүктілігі және босануы,
жаңа туған баланы асырап алған жағдайда
және бала бір жасқа толғанға дейінгі
оның күтіміне байланысты табысынан айрылуы
жағдайына әлеуметтік тәуекелдердің түрі
бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
қорынан (МӘСҚ) әлеуметтік төлемдерді
біртіндеп арттыру жолымен кезең-кезеңімен
жүзеге асырылып келеді Allianz
Group туралы – Allianz
Allianz – сақтандыру нарығында және қаржы нарығында қызмет көрсететін әлемдік ең ірі концерн. Компания Мюнхенде (Германия) 1890 жылы ашылған. Allianz Бренді тұтастық, қаржы күші мен клиенттерге жоғары сапалы қызмет көрсетуді білдіреді. Allianz компаниясы дәстүрлі түрде сақтандырудың үш негізгі бағытына бөлінеді:
Мүлік пен жауапкершілікті сақтандыру
Мүлік пен жауапкершілікті
сақтандыру Allianz қызметінің басты бағыттарының
бірі болып саналады. Бүкіл әлем бойынша
жинақталған сақтандыру сыйақысының 55%-дан
аса сомасы сақтандырудың осы түрлерінен
түседі. Allianz дәстүрлі түрде өндірістік
тәуекелдерді сақтандыруда көшбасшы болып
отыр. Бүгінгі таңда FORTUNE журналының TOP-500
халықаралық компанияларының құрамына
кіретін компанияларының жартысына жуығы
мүлік пен жауапкершілікті сақтандыру
бойынша Allianzтың клиенттері болып отыр.
Өмір мен денсаулықты сақтандыру
Өмір мен денсаулықты
сақтандыру – бұл Allianz Германияның
сақтандыру нарығында бірінші орын
алатын, сондай-ақ ірі еуропалық сақтандыру
компанияларының ішінде алдыңғы қатарда
тұрған бағыт. Өмір мен денсаулықты сақтандыру
бойынша Allianz қызмет көсетуде бүкіл әлем
бойынша үнемі ашылып отырған филиалдардың
қаржы тұрақтылығы мен жоғары деңгейін
қамтамасыз етеді.
Активтерді басқару
Активтерді басқару – бұл 1998 жылы жеке компания (Allianz Asset Management Group, AAM Group) болып бөлініп шыққан Allianz қызметінің үшінші бағыты. Компания басқа компанияларға қаржы салу қызметін басқару бойынша бірнеше ондаған жыл бойы жұмыс істеп келеді. Allianz жүз жылдан аса уақыт ішінде сақтандыру компанияларының активтерін басқару бағытында мамандандырылған. Қазіргі уақытта компания саны күннен-күнге артып келе жатқан 300-ден аса инвестициялық қордың активтерін басқарады.
Еншілес компаниялар
Allianzтың бүкіл
әлем бойынша еншілес
Қазақстанда қызмет ету
Қазақстан Allianz
Group үшін келешекті дамып келе жатқан
нарығы бар әрі әлеуетті елдің
бірі болып саналады.
2007 жылдың қыркүйек айында Allianz қазақстандық
«АТФ полис» сақтандыру компаниясының
100% акция пакетін сатып алды. Allianz тобы
клиенттерге компанияның бұл күнде бүкіл
әлемде өз-өзін таныта білген өнімдері, еуропалық
деңгейдегі қызмет көрсету дәрежесін
қолдану мүмкіндігін көрсету үшін, біртұтас
платформа құру мақсатында, өз қызметін барлық
негізгі бизнес-бағыттар бойынша Қазақстанда жалғастыруға
әрі кеңейтуге ниет білдіріп отыр.
Қуатты бренд пен ТМД елдеріндегі жұмыс
істеу тәжірибесі компанияның аса қарқындап
өсуіне және өмір мен мүліктік мүддені
сақтандыру, сондай-ақ активтерді басқару
нарығында көшбасшы болуына мол мүмкіндік
береді. Орта және Шығыс Еуропа нарығында,
сегіз елде ондаған компаниясымен танылған Allianz
алдыңғы қатарлы орыннан көрінуге ұмтылады.
Бұған қоса, Allianz өз қатынасын Қазақстан
мен ТМД елдерінде кеңейтуді жоспарлау
үстінде. Батыс елдерінде кез-келген азаматта
медициналық сақтандыру полисі болса,
Қазақстанда ерікті медициналық сақтандыру
дамымаған. Неге сақтандырудың осы түрі
кенжелеп отыр? Медициналық сақтандырудың
қандай түрі тиімді, ерікті сақтандыру
немесе міндетті сақтандыру ма? Жалпы
медициналық сақтандыру дегеніміз не?
Қазақстанға міндетті медициналылық сақтандыруды
енгізу туралы заң жобасы да қызу талқыға
түскен еді.
Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, бір-бірінен
ерекшеленетін негізгі 3 денсаулық сақтау
жүйесін қарастыруға болады. Бұл толықтай
мемлекет қаржыландыратын денсаулық сақтау
жүйесі; міндетті сақтандыру жүйесі арқылы
жүзеге асатын денсаулық сақтау; жеке
яғни ақылы медициналық жүйе. Дамыған
мемлекеттердің еш қайсында бұл жүйелер
тәжірибе жүзінде таза күйінде жұмыс істемейді.
Бір мемлекетте денсаулық сақтау жүйесінің
2 түрі де пайдаланып кете береді. АҚШ-та
ерікті медициналық сақтандыру мен ақылы
медициналық көмек ерекше дамыған. АҚШ-тық
ден-саулық сақтау моделі басқа ешбір
елде таза түрінде пайдаланылады деп айту
қиынға соғады. Көптеген елдерде денсаулық
сақтау саласын мемлекет қаржыландырса
да, халық ерікті және жеке медициналық
сақтандыру қолданады. Медициналық сақтандыру
– денсаулық сақтаудағы халықтың мүддесін
әлеуметтік қорғаудың түрі, медициналық
көмек қажет еткенде сақтандырылған жағдай
бойынша науқасқа жинаған қаржы кепілдік
болады. Негізінде медициналық сақтандырудың
2 түрі бар. Бұл міндетті медициналық сақтандыру
және ерікті медициналық сақтандыру. Міндетті
медициналық сақтандыру медициналық жәрдемнің
сапасын бақылауды қарастырады, оның мақсаты
- міндетті медициналық сақтандырудың
базалық бағдарламасымен және медициналық
жәрдемнің қолданыстағы стандарттарымен
кепілденілген көлемде, сапада және шарттарда
медициналық жәрдем алуға азаматтардың
(сақтандырылған) құқықтарын қамтамасыз
ету. Міндетті медициналық сақтандыру
дамыған елдердің көпшілігінде бар және
азаматтардың денсаулығын қорғауға арналған
конституциялық құқығын іске асыруға
бағытталған. Ал ерікті сақтандыру адамның
қалауы бойынша ғана жүзеге асырылады.
Міндетті медициналық сақтандыру мәселесі
жөнінде талай қызу пікір таластар да
болған. Біреулер міндетті медициналық
сақтандыруға қарса болса, біреулер қолдады.
Қолдағандар қатарында Парламенттің төменгі
палатасының депутаты Владимир Нехорошев
те болған. Мәжіліс депутаты Владимир
Нехорошев міндетті медициналық сақтандыру
бізге керек екенін және сақтандырудың
осы түрі медицина саласындағы қызмет
көрсету мәдениетін көтереді деп те пікір
білдіріп, әлемдік тәжірибеде міндетті
медициналық сақтандыру жақсы нәтиже
бергенін айт-қан болатын.
Қазақстанда 90-жылдары міндетті медициналық
сақтандыруды жүзеге асыру жолдары да
қарастырылып, осы мақсатта (ФОМС) Міндетті
медициналық сақтандыру фонды құрылған.
Алайда фондтың басшысы өзінің қызмет
дәрежесін пайдаланып, фонд қаражатын
жымқырып,шетел асып кеткені белгілі.
Нәтижесінде міндетті медициналық сақтандыру
фонды жұмысын тоқтатады, ал халық медициналық
сақтандырусыз қалады. Әрине, осындай
жағдайлардан кейін бүгінгі күні халықтың
міндетті медициналық сақтандыруға күмәнмен
қарауын түсінуге болады.
«Қазақстан медициналық сақтандыру жүйесін
енгізуге 2014-2015 жылдарға қарай дайын болады»
деген пікірді Денсаулық сақтау вице-министрі
Ерік Байжүнісов айтқан болатын. Оның
пікіріне сүйенсек, сақтандырудың бұл
түрі экономиканың тұрақты дамуына ықпал
етеді