Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 13:31, доклад
Әлеуметтік сақтандыру –әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі нысандарының бірі;экономикалық тұрғыдан белсенді халықты жұмыстан, еңбек ету қабілетінен және табыстан айырылуға байланысты түрлі тәуекелден зиянды өтеудің ұжымдық ынтымақтастығы негізінде әлеуметтік қорғау нысаны; азаматтарды қартайғанда, сырқат, жазатайым оқиға салдарынан, бала туу себепті, т.б. мән-жайларға байланысты еңбекке уақытша немесе тұрақты жарамсыз болған жағдайда, сондай-ақ олардың денсаулығын сақтау, қорғау мақсатымен материалдық жағынан қамсыздандыру жүйесі
Әлеуметтік сақтандыру –әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі нысандарының бірі;экономикалық тұрғыдан белсенді халықты жұмыстан, еңбек ету қабілетінен және табыстан айырылуға байланысты түрлі тәуекелден зиянды өтеудің ұжымдық ынтымақтастығы негізінде әлеуметтік қорғау нысаны; азаматтарды қартайғанда, сырқат, жазатайым оқиға салдарынан, бала туу себепті, т.б. мән-жайларға байланысты еңбекке уақытша немесе тұрақты жарамсыз болған жағдайда, сондай-ақ олардың денсаулығын сақтау, қорғау мақсатымен материалдық жағынан қамсыздандыру жүйесі.Әлеуметтік сақтандырудың ерекшелігі – жұмыс берушілердің және мемлекеттің қолдауымен жұмыскерлердің мақсатты жарналарынан құралатын мамандандырылған қорлардан қаржыландыру, яғни әлеуметтік сақтандыру кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың міндетті жарналарынан құралатын ерекше қорлардың есебінен жүзеге асырылады. Халықты әлеуметтік қорғаудың қазіргі жүйесі мынадай негізгі элементтерді қамтиды:
мемлекеттік көмек берудің дәстүрлі нысаны (әлеуметтік көмек);
әлеуметтік жеңілдіктерді қоса халықтың жекелеген санаттарына берілетін мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктер жиынтығы;
Әлеуметтік сақтандырудың екі нысаны бар, олар: міндетті әлеуметтік сақтандыру және ерікті әлеуметтік сақтандыру. Міндетті әлеуметтік сақтандыру бюджеттен тыс мақсатты (мемлекеттік немесе қоғамдық) қорлар арқылы қамтамасыз етілетін мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктердің бір түрі. Бұл қорлардың тапшылығы жағдайында мемлекет оларға мемлекеттік бюджет қаражатынан көмек көрсетеді. Сөйтіп, ол осы қорлардың қаржылық орнықтылығының және міндетті Әлеуметтік сақтандыру бағдарламасының іске асырылуының кепілі болып табылады.
Екі түрі бар, олар: міндетті жалпы сақтандыру және міндетті кәсіптік сақтандыру. Міндетті жалпы сақтандыру еңбек шартымен немесе келісімшартпен жұмыс істейтін барлық тұлғаларға қолданылады. Міндеті кәсіптік сақтандыру жарақаттану қауіпі жоғары, ерекше қауіпті және еңбек етуге жағдай қолайсыз жұмыстарда істейтін тұлғаларға қолданылады. Ерікті әлеуметтік сақтандыру мемлекеттің (мемлекеттік бюджеттің) сақтандыруды қолдауы жоқ болғанда ұжымдық ынтымақ және өзара көмек қағидаты негізінде құрылады. Адам және бүкіл қоғам үшін барынша мәнді қажеттіліктерді қанағаттандырудың мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктері халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесінің негізі болып табылады.[1][2]Әлеуметтік сақтандыру деп әдетте еңбек ету қабілетін жоғалтқан және (немесе) жұмысынан айырылған жағдайларда азаматтарды материалдық қолдау және олардың денсаулығын қорғау үшін қоғамдық өнім құнын қайта бөлу жөніндегі экономикалық қатынастардың жүйесін айтады.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы №886 қаулысымен мақұлдаған Қазақстан Республикасында Халықты әлеуметтік қорғаудың тұжырымдамасы мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың мүмкін болатын әлеуметтік қатер туған жағдайда халықты әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесін қалыптастырудағы бағыттарын айқындап берді. Рыноктық экономика жағдайында әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмектен басқа халықты әлеуметтік қорғаудың басым түрлерінің бірі әлеуметтік сақтандыру болып табылады.Қазақстанда 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің енгізілуіне 2004 жылдың 27 ақпанында мамандандырылған институт - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының құрылуы себеп болды.Әлеуметтік сақтандыру қоғамдық игілік туралы қамқорлық идеясына негізделген және мемлекеттік әлеуметтік саясаттың бір бөлігін құрады. Ол, бір жағынан, осы саясатты іске асыру механизмі ретінде, халықты әлеуметтік қорғауды ұйымдастырудың негізі ретінде; басқа жағынан, объекті жалпы бүкіл халық, сол сияқты әлеуметтік тәуекелдердің болу критерийлері бойынша бөлінген жекелеген әлеуметтік топтар болып табылатын қартайған, денсаулықты, мүліктік мүдделерді қорғау жағдайында азаматтарды материалдық қамтамасыз ету жүйесі ретінде болып келеді. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың қаржылық механизмі әлеуметтік салықтар мен сақтық жарналары есебінен сақтық қорларын қалыптастыруға негізделген.Әлеуметтік сақтандыру тым жалпы жүйе - әлеуметтік қамсыздандыру нысандарының бірі болып табылады. Алайда бұл екі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек қызметіне қатысты және еңбекке жарамсыздар үшін қорларды қалыптастыру әдістерімен қаланған.Әлеуметтік сақтандыру еңбек ету қабілеттігін уақытша немесе үнемі жоғалтқан азаматтар үшін сақтық әдісін қолданумен қорды қалыптастыруға және пайдалануға байланысты пайда болатын қатынастарды білдіреді. Бұл ретте жұмыс істеген немесе уақытша ауру себепті жұмыс істемейтін азаматтардың контингенттерін ойға алу; сөйтіп, әлеуметтік сақтандырудың маңызды ерекшелігі сол, оның бүгінгі немесе бұрынғы жұмыскерлердің еңбек қызметімен тікелей байланысты болып табылатындығы.Әлеуметтік қамсыздандыру еңбек ету қабілеттігін немесе оған иелік етуден айырылған азаматтарды қолдау үшін, яғни барлық азаматтар үшін еңбек қызметіне олардың қатысуына қарамастан қорлар қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қатынастарды білдіреді, бұл үшін айтылған қорларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі пайдаланылады.Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру категорияларының іс-әрекетінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісінің, атап айтқанда, оның құрамды бөліктері бірінің - жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуының талаптарынан туындайды. Ұдайы өндірістің бұл түрі үшін қаражаттардың негізгі көзімен - еңбекақы, басқа жекеше табыстардың қорымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру қорлары жұмыс істейді.
Әлеуметтік арналым қорларын қалыптастырудың екі қағидаты бар:
1) ұрпақтар ынтымақтастығының негізінде; жұмыс істейтін ұрпақ жұмыс істемейтіндерді қамтамасыз етеді, ал, өз кезегінде, еңбекке жарамдылықтан айырылуына қарай оларды еңбек қызметіне кірген жаңа ұрпақ ауыстырады. Бұл қағидатқа негізделген жүйе Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылды;
2) әлеуметтік қорларға, көбінесе әлеуметтік қорға азаматтардың дербес аударымдарының негізінде; бұл қағидаттың іс-әрекеті кезінде төлемақылардың мөлшері нақты тұлғаның бүкіл жұмыс істеген кезіндегі салған сомасына байланысты болады. Бұл қағидаттың іс-әрекетіне негізделген жүйе Қазақстандағы зейнетақы реформасының негізіне қойылған.
Бірінші қағидатқа негізделген және Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылған жүйе мынадай ерекшеліктермен сипатталады:
1) зейнетақымен қамсыздандыруга мемлекеттік монополия;
2) әлеуметтік қамсыздандыру қорларына түсетін міндетті зейнетақы жарналарының топтастырылуы;
3) жүйе ішінде қаражаттарды қайта бөлу.
Мұндай жүйе жоспарлы директивалық экономика, еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен толық қамтылуы, мемлекет тарапынан жан-жақты бақылау, зейнеткерлерге жұмыс істейтін халықтың жоғары ара қатынасы жағдайында тиімді болды. Өмір сүрген жүйе азаматтардың түрлі кәсіптік және әлеуметтік санаттарына арналған жеңілдіктердің көптеген түрлерінің болуымен сипатталады.90-жылдардың басы мен ортасындағы экономиканың дағдарысы әлеуметтік сақтандыру жүйесінің де дағдарысына қозғау салды, бұл жарналарды төлеудің базалық көрсеткіштерінің құлдырауына да, сондай-ақ әлеуметтік қорларға оларды толық және уақтылы аударып отыруға төлеушілер мүдделігінің болмауы да әлеуметтік сақтандыруға төленетін жарналардың жиналымдылығының төмен деңгейінде көрінетін еді; бұл зейнеткер мен жәрдемақылар алатындар алдында берешектің үлкен көлеміне жеткізді; әлеуметтік қорлар қаражаттарының инфляциялық құнсыздануы зейнеткерлердің күнкөрістің ең төменгі деңгейіндегі қажеттіліктерін қамтамасыз етпеді және қорлар қаражаттарының аса шектеулілігі жағдайында әлеуметтік төлемақыларды өнбойы индекстеп отыру қажеттігін тудырады.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан зейнетақы реформасының негізіне қойылған екінші қағидаттьің іс-әрекетіне негізделген жүйе мыналармен сипатталады.
1) зейнетақымен қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;
2) зейнетақы қорын қалыптастыруға қатысқан 30 жастан төмен емес азаматтар үшін күнкөрістің ең төменгі денгейін сақтау жөніндегі мемлекеттің кепілдіктері;
3) зейнетақы жинақақшасын және әлеуметтік қамсыздандырудың басқа нысандарын межелеу;
4) зейнетақы қорланымдарын қалыптастыруға еңбек етуге қабілетті жастағы барлық азаматтардың міндетті қатысуы;
5) еңбек етуге қабілетті азаматтардың қартайғанда өзін зейнетақымен қамсыздандыруы үшін жеке жауапкершілігі;
6) инвестициялаудың тиімділігін және зейнетақы жинақақшасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
7) жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қорланымдарға азаматтардың мұралану құқығын белгілеу;
8) қосымша ерікті зейнетақымен қамсыздандыруға азаматтарға құқық беру;
9) зейнетақы жинақақшасын экономикаға инвестициялау, бұл оның дамуына жәрдемдеседі.
Міндетті мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудан басқа мемлекеттік емес зейнетақылық сақтандыру - зейнетақылық келісімшартқа сәйкес жұмыскерлердің және (немесе) олардың жұмыс берушілерінің ерікті жарналары есебінен қосымша зейнетақы қалыптастыру арқылы және мамандандырылған мемлекеттік емес зейнетақы қорлары арқылы зейнетақылар төлеу жолымен азаматтарды әлеуметтік қорғау қатынастары қолданылады.Қорланымдардың ынтымақтастық негізіндегі жүйесінен дербес қорланымдар жүйесіне өтпелі кезең зейнеткерлердің еңбек сіңірген зейнетақыларын алу құқықтарын сақтау қажеттігімен, сонымен бірге зейнеткерлік алдындағы жасы келген азаматтардың көбінің мемлекеттік емес зейнетақы жүйесінде жеткілікті зейнетақылық жинақтаудың мүмкін еместігімен сипатты болып отыр. Сондықтан зейнеткерлер болғандарға мемлекеттік зейнетақы қорларынан алатын зейнетақылары мөлшерінің сақталуын мемлекет кепілдендіреді. Зейнетақы реформасы басталғаннан кейін зейнеткерлікке шыққан азаматтардың мемлекеттік зейнетақылырының мөлшері олардың мемлекеттік емес зейнетақы жүйесінде мүмкін болған қатысуының жылдар санына үйлесімді түрде қысқартылады.
Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің мынадай негізгі ерекшеліктерін атап өтуге болады.
1. Қазақстандағы әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың міндетті сипаты.Әлеуметтік аударымдарды әлеуметтік салық төлейтін жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар төлейді. Сонымен қатар төленген әлеуметтік аударымдар сомасына төлеушілер әлеуметтік салық сомасын азайтатындықтан әлеуметтік сақтандыруды енгізу салық ауыртпалығын түсірмейді. Бұл жағдайда әлеуметтік салық қаражаты мақсатты түрде әлеуметтік қажеттіліктерге бағытталады. Сонымен бірге әлеуметтік аударымдар міндетті сипат алатынын атап өткен жөн. Бұл ретте әлеуметтік қатер туған жағдайда әлеуметтік төлемдерді жүйеге қатысушылар, яғни әлеуметтік аударымдар төленген тұлғалар ғана алады және әлеуметтік төлемдердің мөлшері төленген әлеуметтік аударымдар көлеміне байланысты болады.
2. Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің келесі бір маңызды ерекшелігі - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының құрылуы болып табылады.
Қор әлеуметтік аударымдарды шоғырландыра отырып акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған. Қордың акционерлік қоғам нысанында құрылуы бірнеше мақсатты алға қойды. Ең бастысы заңи тұлға мәртебесінің болуы Қорға мемлекеттік бюджетке салмақ салмай әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерге жауаптылық жүктейді. Бұл ретте әлеуметтік аударымдардың әлеуметтік төлемдерге төленуі, Қордың қызметін бақылау және қадағалау, оның қызметінің коммерциялық емес сипатын, жеке бухгалтерлік есепті жүргізуін, инвестициялық қызметтердегі және басқа шектеулерді ескере отырып Қордағы қаражаттың сақталуын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік кепілдіктер заңнамалық шаралар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар тиісінше қаржылық және басқа есептеме Қордың акционерлік қоғам нысанында жұмыс істеуі әлеуметтік төлемдер алушылар алдындағы кез келген міндеттемелерді ескермеуге мүмкіндік бермейді. Соңғы жағдай сондай-ақ әлеуметтік сақтандырудың отандық моделінің қаржылық ерекшеліктерімен өзара байланысты.
3. Резервтерді қалыптастыру - әлеуметтік сақтандыруды қаржыландыру әдісі.
Әлемдік тәжірибеде әлеуметтік сақтандыруды қаржыландырудың екі негізгі әдісі қалыптасқан. Ынтымақтастық қаржыландыру («pay-as-you-go» немесе «бірден төле» деген мағынаны білдіреді) - бұл жүйеге төленетін ағымдағы жарналар ағымдағы жәрдемақыны төлеу үшін пайдаланылатын қаржыландыру әдісі.Қолданыстағы жүйенің бастапқы кезеңіндегі жарна мөлшері жоғары болмайды, одан әрі әлеуметтік төлемдер алушылар санының біртіндеп өсуі себебінен жарналар жылдам қарқынмен көбейеді. Сонымен бірге, алғашқы кезеңде, әсіресе, экономиканы көтеру кезеңінде осы тәсілмен қаржыландырылатын әлеуметтік сақтандыру «арзан» болып көрінуі мүмкін. Ұзақ мерзімді әлеуметтік төлемдерді алушылар (мысалы, мүгедектігі, асыраушысынан айрылуы бойынша жәрдемақылар) санының өсуіне қарай экономикалық құлдырау кезеңдерінде ағымдағы жарналардың азаюы себебінен және әлеуметтік төлемдер бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелердің болуынан жүйенің қаржылық тұрақтылығына байланысты мәселелер туындайды. Бұл әдіс әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылады, бірақ жоғарыда айтылған мәселелер қатар жүреді.Резервтік әдіс - бұл ағымдағы жарналардан активтер қалыптастыру үшін қолданылатын қаржыландыру әдісі, бұдан болашақта алушыларға әлеуметтік төлемдер төленеді. Бұл әдістің ерекше сипаттрына жарналардың тұрақты деңгейін, жүйенің қаржылық тұрақтылығының бұзылу тәуекелділіктерін уақытында бағалау мүмкіндігін жатқызуға болады. Халықаралық тәжірибелерге жасалған талдауларды ескере отырып, Қазақстанның әлеуметтік сақтандыру жүйесін қаржыландырудың моделін жасағанда басымдық резервтік әдіске беріледі.Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қызметінің тәжірибесінде бұл әдіс былайша жүзеге асырылады:Еңбек ету қабілетінен айрылу, асыраушысынан айрылу бойынша Қордың алушылардың алдындағы міндеттемесі ұзақ мерзімді сипатта болады. Мысалы, еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайында төленетін әлеуметтік төлемдер алушы зейнеттік жасқа толғанша төленуі мүмкін; өз кезегінде асыраушысынан айрылу жағдайында төленетін әлеуметтік төлемдер асырауында болған балалар кәмелеттік жасқа толғанша төленеді, не олар оқу орындарының күндізгі бөлімінде (колледждерде, ЖОО-ларда) оқуларын жалғастырған жағдайда сол оқу орнын бітіргенше төленеді.Қордың актуарлары алушылардың болашақ әлеуметтік төлемдерінің келтірілген құнын көрсететін провизиялардың есебін үнемі жүргізіп отырады. Қордың қаржылық тұрақтылығынын жағдайын сипаттайтын көрсеткіш Қордың активтері мен провизияларының айырмасы ретінде айқындалатын Қор резервінің мөлшері болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылгы 11 маусымдағы №654 қаулысымен қаржы жылының басында есептелетін резервтің ең төменгі мөлшері Қор провизиясының 10 пайызынан кем емес деңгейде айқындалады. Бұл көрсеткіш өзінше «қорғанды» білдіреді, яғни оның мағынасына қарап Қордың қаржылық тұрактылығы туралы саралауға болады. Егер резервтің мөлшері рұқсат етілетін ең төменгі мөлшерлерден төмен болса, бұл жүйеге ағымдағы аударымдар есебінен әлеуметтік төлемдер алушылардың алдындағы Қордың міндеттемесін орындауға байланысты алда тұрған мәселелер туралы алдын ала (екі-үш жыл бұрын) берілген белгі болып табылады. Сондай-ақ Қорда, уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде, Қазақстан Республикасының Үкіметінде әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесін арттыру, не уақытша қаржылық көмек және т.б. алдын алу шараларын қабылдау үшін уақыт жеткілікті болады.
4. Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің тағы бір ерекшелігі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары арасындағы қызметтерді бөлу болып табылады.Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Қордың қызметіне бақылау және қадағалау жұмыстары бекітілген.Қорға - әлеуметтік аударымдарды шоғырландыру, әлеуметтік төлемдерді қаржыландыруға Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың (ЗТМО) өтінішін уақытында орындау, әлеуметтік аударымдарға, әлеуметтік төлемдерге мониторинг, Ұлттық банк арқылы инвестициялық қызмет бекітілген.
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа - әлеуметтік аударымдарды дербес есепке алу, жүйедегі төлемдер трансферттері, аудандық бөлімшелер жүйесі арқылы әлеуметтік төлем алушыларға тікелей қызмет көрсету бекітілген. Бүл жерде Ресей Федерациясының Әлеуметтік сақтандыру қоры (ӘСҚ) қызметінен айырмашылық бар, оларда әлеуметтік сақтандыру жүйесінен төленетін әлеуметтік төлемдерді жұмыс берушілер төлейді де соған сәйкес сақтық жарналарын азайтады, яғни «есеп беру әдісін» қолданады. Сондай-ақ сақтық жарналарын жинау бойынша ӘСҚ- ға бақылау қызметтері жұмыс берушілерден бөлінген.Қазақстан Республикасында әлеуметтік аударымдардың уақтылы және толық төленуін бақылау қызметтері Қаржы министрлігінің салық органдарына жүктелген.Қордың активтерін сенімді басқару оларды қаржылық құралдарға инвестициялау жолымен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде жүргізіледі.Қазіргі уақытта Қордың және әлеуметтік сақтандыру жүйесінің барлық қатысушыларының арасында Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік қорғапу деңгейін арттыру және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында әлеуметтік сақтандыру жүйесінің барлық мушелерімен бірігіп жүйені жетілдірудің жаңа міндеттері тұр.[3]АҚШ-тағы зейнетақы жүйесінің үлгісі бәрінен де бұрын халықтың жеке зейнетақыларын сақтандыруына негізделеді. Құрама Штаттарда мемлекеттік және жекеменшік зейнетақы жүйелері жұмыс істейді. Мемлекеттік зейнетақы алуға (бөліп таратушы принцип бойынша төленеді) 65 жастан асқан және еңбек өтілі 10 жылдан төмен болмайтын тұлғалар құқылы. Егде тартқан американдықтардың үштен екі бөлігі үшін мемлекттік зейнетақылар олардың кірістерінің жартысынан көбін құрайды.
Бөліп
тарату жүйесінде
зейнеткерлер өз ақшаларын
алмайды, олар қазіргі
жұмыс істеп және
салық төлеп жатқан
американдықтардың
ақшаларын алады.
Ал, қазіргі зейнеткерлердің
ақшаларын өз кезегінде
зейнеткерлердің бұған
дейінгі ұрпағы алып
отырған. Осылайша, бөліп
тарату жүйесі “ұрпақтар
арасындағы ақша айырбасы”
болып табылады. Бұл
“айырбастың” принципі
экономикалық емес әлеуметтік
болып табылады, ол міндетті
түрде (заңды жолмен)
жүзеге асырылады және
тек мемлекеттік деңгейде
ғана жұмыс істей алады.Зейнетақылық
қорына әлеуметтік сақтандыру
түрінде келіп түсетін
ақша қаражаттары, зейнетақылық
шоттарында кідірместен
ай сайынғы зейнетақылық
төлемдері түрінде зейнеткерлердің
қолдарына тиеді. Мемлекеттік
бөліп таратушы жүйе
инвестициялар үшін
емес, зейнеткерлерге
белгіленген мерзімдер
мен көлемдерде кепілденген
түрде зейнетақы төлеу
үшін құрылған. Тұтастай
алғанда мемлекеттік
зейнетақы жүйесі инвестициялық
емес, әлеуметтік қызмет
атқарады.
АҚШ-та ерікті зейнетақымен
қамтамасыз ету нарығы
зейнетақы қорлар мен
өзара инвестициялық
қорларды, аннуитеттерді,
сондай-ақ жеке инвестициялық
өнімдерді (есептер
мен жоспарларды) түзеді.
Американдық зейнетақылық
қорларының жиынтық
активтері $3,5 трлн-ға
жуық мөлшерді құрайды.
Жеке тұлғаларға жеке
зейнетақы өнімдері,
ал компания қызметкерлеріне
– зейнетақы жоспарлары
ұсынылады. Жеке зейнетақы
өнімдері әкімшілік
ету құны, салық жеңілдіктері
және үлгілерінің қарапайымдылығы
бойынша ерекшеленеді.
Әрбір адам өз кірісінің
деңгейіне, жасына, жанұялық
жағдайына қарай өзіне
тиісті бағдараламаны
таңдап ала алады.Жұмыс
берушілердің жинақтау
жоспарлары негізгі
екі баламадан – белгіленген
жарналары мен төлемдері
бар үлгінің айналасында
қалыптасады. Алайда,
құлдыраған қор индекстері
жағдайында белгіленген
төлемдері бар үлгілер
проблемалы болып табылады,
өйткені инвестициялаудан
түсетін кірістілік
үнемі төмендеп отырады.
Мысалы, 1995 жылы ол 28,7%-ға
теңелді, ал 2011 жылдың
тоғыз айында 16%-ды құрады.
Міндеттемелердің өсуін
ескере отырып "қордың
тапшылығы" арта бастады.
Олардың көпшілігінде
соңына дейін қаржыландырылмау
проблемасы туындаған,
оны, америка заңдарына
сәйкес, компаниялар
өз қаражаттарының есебінен
шешуге тиісті.Дамыған
мемлекеттердің көпшілігі
денсаулық сақтау саласында
міндетті сақтандыру
жүйесін қолданады.
Қазақстанға міндетті
медициналылық сақтандыруды
енгізу туралы заң жобасы
да қызу талқыға түскен
еді. Біреулер міндетті
медициналық сақтандыру
қажет десе, біреулер
«Қазақстан әлі дайын
емес» деген пікір білдірген.
Алайда әлемдік тәжірибеге
сүйенсек, міндетті
медициналық сақтандырудың
жақсы жақтары көп байқалады.
Әлем бойынша міндетті
медициналық сақтандыруды
тиімді пайдаланған
мемлкеттердегі жағдайға
қысқаша тоқталғанды
ұйғардық.
Қазіргі кезде әлем
бойынша негізгі үш
денсаулық сақтау жүйесі
жұмыс жасайтыны белгілі.
Мемлекеттік басқару
басымырақ, медициналық
сақтандыру жүйесі басымырақ
және ақылы медициналық
жүйе басымырақ болады.
Дамыған мемлкеттеррдің
ешқайсында осы аталған
жүйелердің бірі таза
күйінде жүрмейді. Кейбір
елдерде 2 жүйе бірдей
жұмыс істеп, біреуі
басымырақ келеді. АҚШ-тан
бас-қа ақылы медицина
мен жеке ерікті сақтандыру
жүйесі басым келетін
мемлкет жоқ. Мысалы,
мемлкеттік денсаулық
сақтау жүйесі бар елдердің
өзінде жеке ерікті
сақтандырумен айналысатын
ұйымдар жұмыс істейді.
Денсау-лық сақтаудағы
мемлкеттік басқару
жүйесі мемлкеттік әлеуметтік
саясатын күшейту барысында
жүзеге асқан. Нәтижесінде,
мемлекет тарапынан
медициналық мекемелер
әрекетін қадағалау
күшейді. Әлемде ең үздік
мемлекет қадағалайтын
денсаулық сақтау жүйесі
Ұлыбританияда. Ұлыбританияда
мемлекет басқаратын
денсаулық сақтау жүйесі
басқа елдерден ерекшеленеді.
Денсаулық сақтау саласын
мемлекетпен басқару
жүйесіндегі Ұлыбритания
тәжірибесі тиімділігі
мен қолжетімділікті
көрсетті. Мемлекеттік
басқару жүйесінде денсаулық
сақтау саласына қаражат
мемлекет бюджетінен
түседі. Қаржыландырудың
орталықтан жүргізілуі
емдеу ақысын өсуіне
тосқауыл болады. Денсаулық
сақтау саласын бюджеттен
қаржыландыру жүйесінің
өзіндік кемшіліктері
бар екені белгілі.
Медициналық сақтандыру
ұғымы он тоғызыншы
ғасырдың аяғында пайда
болған.
1883 жылы Германияда
алғаш рет міндетті
медициналық сақтандыру
туралы заң («Бисмарк
заңы»)қабылданған.
Бұл заң қазіргі танымал
«кассалық медицинаның»
бастауы болды. Белгілі
бір салады еңбек ететін
жұмысшылар заңда белгіленгендей
өздерін ауру жағдайына
сақтандыруға міндетті
болатын. Сақтандыру
фондтарында қаржы жұмысшылардың
және олардың жұмыс
берушілердің міндетті
сақтандыру салымдары
арқылы жиналатын. Сол
уақытта Бисмарк үкіметі
қабылдаған бірнеше
заңнамалар сақтандыру
тарихында әлеуметтік
сақтандыру жүйесін,
оның ішінде медициналық
сақтандыруды қалыптастыруға
ерекше үлес қосты. Міндетті
медициналық сақтандыру
жүйесі мемлкеттік билік
органдарымен қадағаланып,
үш түрлі қайнар көзден
қаржыланады:
1.Мемлекет субсидиясы
2.Жұмысберушілердің
мақсатты салымдары
3.Жұмысшылардың салымдары
Әлеуметтік сақтандыру
фондтары мен салымдары
салық жүйесінің бір
бөлігі болып есептеліп,
мемлекеттің қадағалауында
болады. Сақтандыру
фондтары мақсатты негізде
қалыптасып, белгілі
бір тұлғалардың қатысатын
сақтандыру бағдарламасында
жүзеге асады. Бұндай
жүйенің өзіндік ерекшеліктері
бар. Басты ерекшелігі
мақсатты қаржыландыру
денсаулық сақтау саласын
саламақты позицияға
орнықтырады. Мақсатты
салымдар ортақ бюджетке
бармай тікелей денсаулық
сақтау саласының қажеттілігіне
кетеді және салым төлеушілерге
қаражатының өзіне қайтарымы
болатына кепілдік береді.
Қаржыландырудың мақсатты
түрі медициналық көмектегі
қажеттіліктерге шапшаң
әрекет еткізеді. Мақсатты
салымдар табысы бар
барлық азаматтарға
міндетті және еңбек
ақының белгілі бір
пайызы төленеді. Мысалы
Францияда міндетті
медициналық салымдар
жалақының 16% құраса,
Италияда 13%, Нидерландыда 9%
және Жапонияда -7% екен.
Медициналық қызметтердің
көлемі материалдық
жағдай мен сақтандыру
фондтардың салымдарына
байланысты болады.
Нәтижесінде, бай адам
кедей үшін, жас кәрі
үшін, дені сау адам
–науқас үшін ақша төлейді,
яғни әлеуметтік ынтымақтастық
принципі жұмыс жасайды.
Дамыған мемлкеттердің
барлығында дерлік медициналық
сақтандыру жүйесі халықтың 70 %-дан 100%
-ға дейін қамтиды. Демек,
бұл жүйе жалдамалы
жұмысшыларды, зейнеткерлерді,
студенттерді, шағын
кәсіпкерлерді қамтиды.
Халықтың қалталы бөлігі
ғана сақтандыруға емес,
өз қаражатына емделеді.
Қазіргі уақытта Германияда
міндетті медициналық
сақтандыру жүйесі халықтың 90%-ын
қамтиды, 8% жеке медициналық
сақтандыруды қаласа,
қалған 2 % кедей халыққа
мемлекет төлейді. Бұл
жүйе науқастанған жағдайда
барлық сақтандырылған
азаматтарға медициналық
көмек көрсетілуін қамтамасыз
етеді. Германиядағы
міндетті медициналық
сақтандыру жүйесі коммерциялық
емес ұйымдар –ауруханалар
кассасы арқылы жүзеге
асады. Бұл тәуелсіз
өзін-өзі басқаратын
ұйымдар құрылымы заң
жүзінде бекітілген.
Кассалардың бірнеше
түрлері бар, олар: жергілікті (жұмысы
жоқ, сақтандырылған
азаматтардың жақындары);
тұрғылықты мекен жайы
бойынша; өнді-рістік (жұмыс
орны бойынша); теңіздік,таулық,
ауылшаруашылық және
эрзац кассалары. Бұл
кассалардың әрекетін
қадағалау және басқару
үкіметтік агенттіктер
жүзеге асырады. Германия
азаматтарының көпшілігі
мемлкеттік сақтандыру
кассаларында сақтандырылуға
міндетті. Еңбекақысы 48600
евро құрайтын жалдамалы
жұмысшылар , студенттер,
жұмыссыздық туралы
жәрдемақы алатындар,
зейнеткерлер мемлкеттік
медициналық сақтандыру
жүйесінде сақтануға
міндетті. Мемлкеттік
сақтандыруда бір отбасы
мүшелеріне бір адамның
сақтандыруын қолдануға
болады. Ал жеке сақтандыруда
әр тұлға өзі үшін ғана
төлейді.
Дүниежүзілік Денсаулық
сақтау Ұйымы 191 елдің
денсаулық сақтау саласын
жете зерттеп, ең үздік
деп Францияны атады.
Міндетті медициналық
сақтандырудың француздық
моделі әлеуметтік сақтандыру
жүйесіндегі тиімді
интеграциямен сипатталады.
Әлеуметтік сақтандыру
жүйесінде жиырмадан
астам сақтандыру түрлері
бар, оның ішінде медициналық
–ауыру жағдайында,
уақытша жұмысқа жарамсыздық,
жазатайым оқиға, жүктілік
және босану жағдайында
қарастырылады. Францияда
заңнама бойынша сақтандырудың
біріңғай тәртібі белгіленген.
Француз халқының 80%
міндетті сақтандырумен
қамтылған. Құрамына 90
сақтандыру компаниясы
кіретін сақтандыру
жүйесі ортақ ұлттық
ұйыммен қадағаланады.
Әлеуметтік сақтандыру
қорлары ұлттық деңгейде
құрылып, денсаулықты
сақтандыру бағдарламаларын
міндетті қаржыландыру
жүзеге асырады. Қаржы
сақтандыру салықтары
арқылы толтырылады,
бұд қор көлемінің 90%
құрайды. Сонымен қатар
Францияда міндетті
мемлкеттік сақтандыру
мен қатар қосымша сақтандыру
мен жергілікті сақтандыру
қорлары да бар. Жергілікті
сақтандыру қорлары
арқылы медициналық
көмекті сақтандырылмаған
азаматтар алады.Францияда
ондай азаматтар халықтың
бар-жоғы 2%-ын ғана құрайды
Ал тағы да бір европа
елі Бельгия медициналық
сақтандыру жүйесінде
жалпыұлттық алты сақтандыру
қорларының одағы жұмыс
істейді. Олар: католиктік (халықтың 45%),
социалисттік (халықтың 26%),
либеральды (халықтың 7%),
кәсіби (15%), тәуелсіз(халықтың 4%)
және көмекші (халықтың 1%).
Сонымен, міндетті медициналық
сақтандыру белгиялықтардың
98%-ын қамтыса, халықтың
тек 1% ғана жеке медициналық
сақтандыруды пайдаланады.
Медициналық сақтандыру
жүйесін Аурулар мен
мүгедектік Ұлттық институты
басқарады. Комерциялық
сақтандыру компаниялары
медициналық сақтандыру
жүйесінде беделді орны
жоқ. Әлеуметтік қорғаудың
жоғарғы деңгейі, мемлкеттік
медициналық сақтандырудың
барлық халықты қамтуы,
медициналық қызметтің
сапалығы салдарынан
жеке сақтандыруға деген
сұраныс аса дамымаған.
Бүгінгі уақытта Жапониядағы
қоғам денсаулығы өте
жоғары өмір сүру көрсеткіштерімен
айқындалады. Жапонияда
бір адам орта есеппен 80
жас жасайды.Бұл дамыған
елдердегі ең жоғары
көрсеткіш болса, сәбилер
өлімі өте аз. Бұл жағдайлар
міндетті медициналық
сақтандыруға негізделген
Жапониядағы медициналық
сақтандырудың дұрыс
ұйымдастыруымен байланыстырылады.
Жапон азаматтарының
өмір сүру ұзақтығы
елдегі Денсаулық сақтау
министрлігіне қарт
адамдарға ерекше көңіл
бөле бастады. Қарт адамдарға
үй жағдайында көмек
және күтім көрсету
мәселесі қолға алынды.
Ерекше атап өтетін
жағдай, Жапонияда табысына
қарамастан халықтың
барлығы бірдей медициналық
көмек алады. Дәрігерлер
науқастарға дәрілерді
жазып қана қоймай, дәрілермен
өзі қамтамасыз етеді.
Сол себептен, Жапония
әлем бойынша дәріні
пайдалану жағынан бірінші
орында тұр.
Медициналық сақтандыру
жүйесі денсаулық сақтау
саласындағы кемшіліктерді
шешуге ықпал тигізетінін
әлемдік тәжірибе дәлелдеді.
Алдағы уақытта да медициналық
сақтандыру жүйесі тиімді
әсер еткен елдердің
тәжірибесінен мысал
келтіреміз. Сол елдердегі
жалпы денсаулық сақтау
саласындағы ерекшеліктерге
тоқталамыз.