Әлеуметтік ойдың даму тарихы

Автор: b*********@yandex.ru, 24 Ноября 2011 в 19:37, реферат

Описание работы

Тарихтың ішіне саяхат. Әлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау мен топтастырып жіктеудің алғашқы әрекетгері біз үшін Платонның "Республикасы" мен "Заңдарында" және Аристотельдің "Саясатында" сақталып қалды, бірақ олардың бәрі тек алғашқы талпыныстар болған еді.Алайда, осынау шығармаларда тұтас алғанда коғам азаматтық қауымға немесе мемлекетке ұйымдасу ретінде қарастырылады, ал Рим империясы заманында, орта ғасырларда және Ағартушылық ғасырларында әлеуметтік құбылыстарды барлық ғылыми зерттеулер тым узік-узік болды.

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
1. Әлеуметтанушылар туралы қысқаша мәліметтер.
2. Әлеуметтану идеясы
3. Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңдері
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

алеуметтану.doc

— 220.00 Кб (Скачать)

     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

     Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық  институты 
 
 
 
 
 
 

 
 

Тақырыбы:

     Әлеуметтік  ойдың даму тарихы  

                Орындаған: Омарбек А.

                                   

                Тексерген: Аймағамбетұлы Р. 
                 
                 
                 
                 
                 

Арқалық – 2011ж. 

    ЖОСПАР: 

    КІРІСПЕ

    НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

        1. Әлеуметтанушылар туралы қысқаша  мәліметтер.

        2. Әлеуметтану идеясы

        3. Әлеуметтік ой дамуының негізгі  тарихи кезеңдері

    ҚОРЫТЫНДЫ

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

     КІРІСПЕ 

    Тарихтың  ішіне саяхат. Әлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау мен топтастырып жіктеудің алғашқы әрекетгері біз үшін Платонның "Республикасы" мен "Заңдарында" және Аристотельдің "Саясатында" сақталып қалды, бірақ олардың бәрі тек алғашқы талпыныстар болған еді.Алайда, осынау шығармаларда тұтас алғанда коғам азаматтық қауымға немесе мемлекетке ұйымдасу ретінде қарастырылады, ал Рим империясы заманында, орта ғасырларда және Ағартушылық ғасырларында әлеуметтік құбылыстарды барлық ғылыми зерттеулер тым узік-узік болды. Бұл зерттеулердің кебіреулері экономикалық, енді біреулері - заңгерлік, үшіншілері - шіркеулік, төр-тіншілері - саяси сипатта болды. Ешкім де ассоциация мен әлеуметік ұйымды толық күйінде сипаттауға талпынған жоқ; ешкім де нақты емір тұтастығын түсінуге ми қатырған жоқ. Тек ағымдағы ғасырда ғана ғылыми әдістер бұл ауқымды міндетті шешуге жуйелі қолданыла бастады, және де ол колданылғанан кейін зерттеуде басқа салаларындағы секілді, қоғамды зерттеуде, ол әдістер өзін білімнің ортақ жиынтығына елеулі үлесімен молынан марапаттады.Қазіргі кезде біздің қолымызда әлеуметтік қатынастар жөнінде сыннан өткен және ой елегінен өткен, тез ұлғайып келе жатқан білім қоры бар. Енді біздің қолымызда тұтас күйінде қарастырылған қоғамды суреттеу және түсіндіру деп анықтама беруге болатын әлеуметтану бар деп кесіп айту тым қауіпті емес. Ол әлеуметтік құбылыстар туралы ортақ ғылым.

          "Әлеуметтану"  сөзін тұнғыш рет Огюст Конт  озінің "Позитивтік философия курсында" позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ретінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін көлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да кажетті элементтерді бір уғымға біріктірді. Платон мен Аристотель саясатты этикадан немесе саясат ғылы-мын саясат өнеріен ешқашан ажыратқан емес. XVIII ғасырда саясат ғылымы революциялық рухпен біржола бытыстырылып жіберілді. Гоббс та, Монтескье де, экономистер де қоғамды оның барлык түрлерінде зерттеген жоқ, жэне, Конт: барышна қарыздар Юмның ықпалына қарамастан, оның себептілік уғымындағы ақиқат атаулы әлеуметтік түсіндірмелері әлі едәуір дәрежеде теологиялық және метафизикалық болып қала берді.

          Сонымен, Конт бірінші  болып осынау кемшіліктегре ұтымдылық  сәүлесін септі, қоғам тұтас организм ретінде қарастырылуға тиіс деп кесіп айтып, және барлық байланыстарындағы әлеуметтікк құбылыстар туралы ғылымның фактыларды кеңінен байқап-бақылауға негізделген және саяси өнер мен революциялық мақсаттардан біржола арылған позитивтік ғылымның негізін қалауға тырысты. Әлеуметтану, Конт түсінігінде, әлеуметтік физикаға әбден сәйкес болуға тиіс, өйткені, әлеуметтанудың міндеті коғамның жаратылыстық себептреі мен жаратылыстық заңдарын ашу және тарихтан, саясат пен экономикадан метафизикалық және жаратылыстан тыс іздерді олар астрономия мен химиядан қалай қуылса, солай қуып тастау болуға тиіс. Конт, позитивтік әдіске сүйене отырып, әлеуметтану жеткілікті дәрежеде болашақты болжап, прогресс барысын көрсете алатын ғылым бола алады деп білді.

          Конттан кейін әлеуметтану негізіен ғылыми ой барысын күрт өзгерткен ілімнің бүкіл қуатын әбден сезіне білген кісілер еңбегінің арқасында дамыды. Жаратылыстық дүниені эволюциялық түсіндіру білімінің барлық салаларына бойлады. Жаратылыстық сұрыптау заңы және өмірді организмнің қоршаған ортаға бейімделу процесі ретінде түсіну осы заманғы биология мен психологияның өзегіне айналды. Эволюциялық философия сөзсіз кеңейіп, адам омірінің әлеу-меттік құбылыстарын да қамтуға тиіс болатын. Тіршілікті протоплазмадан адамға дейін ізерлеп шыққан ғылым оның ішкі құрылысын тусіндірумен шектеле алмайтын еді. Ол оның толып жатқан сыртқы қатынастарымен, этностық топтармен, адамдардың жаратылыстық қоғамдарымен және оларда байқалатын барлық қубылыстармен танысып, сондайақ соның бәрі бүкіләлемдік эволюцияның нетижесі емес не деген мәселелерін зерттеуге тиіс болатын. Сондықтан әлеуметтік қатынастарды эволюция ықпалымен түсіндіруге ишараны біз тек Герберт Спенсердің алғашқы шығармаларынан ғана емес, Дарвин мен Геккель туындыларынан да табамыз. Бұл ишаралардың өздері әлі әлеуметтануды құрамайтын, өйткені ол үшін тікелей әлеуметтік қубылыстардан индукциялық жолмен алынған өзге факторлар кажет еді. Бірақ мұндай ишаралар жаңа ғылымның туғырлары қайда жатқанын жеткілікті көрсететін; сонымен бірге олар әлеуметтанудың негізгі ұғымдарының кейббіреулерін жеткілікті айқындап, әлеуметтанушы тек тарихшы, экономист, статист қана емес, биолог және психолог болуға тиіс екендігін дәлелдеп берді. Осылайша, эволюциялық негізде және эволюцияшыл ойшылдар еңбектерінің арқасында осы заманғы әлеуметтану қалыптасты. Ол адамдар қоғамын жаратылыстық себептілік арқылы тәпсірлеу болып табылады. Ол адамзатты ғарыштық процестерден тыс тұқрған және өзі үшін өзінің ерекше заңына ие тіршілік иесі деп қараудан бас тартады. Әлеуметтану коғамның пайда болуын, өсуін, құрылысы мен кызметін эволюция процесінде қосыла карекет жасайтын тәндәк, өмірлік және психикалық себептердің карекеті деп түсіндіру болып табылады.

    Осының  бәрі тек әлеуметтік пошымдар мен  метамарфозалардың физикалық түсіндірмелері екендігі айдан анық. Спенсердің өзі немесе оның ықпалымен басқа жазушылар тұжырымдаса да бәрібір,тұтас күйінде алғанда спенсерлік әлеуметтану, биологиялық және психологиялық деректер кеңінен пайдаланылғанына қарамастан, белгілі бір дәрежеге дейін қоғамның физикалық философиясы болып табылады.

    Дегенмен, мұндай физикалық тәпсір әлі бүкіл  эволюциялық әлеуметтануды құрамайды. Шынында да, әлеуметтану арнайы әлеуметтану  ғылымдары зерттейтін әрқилы қоғамдардың  негізінде жатқан бірлікті мойындауды талап етіп қана қоймайды, сондай-ақ ол әлеуметтік құбылыстарды түсіндірудің объективті немесе физикалық, субъективті немесе ырықтық негіздерінде бір негізгі қисын жатуға тиіс дегенді кесіп айтады. Осынау екі түсіндірме де бірнеше ғасырлар бойы экономикалық және саяси философия саласында бір бірімен күресіп келді. Аристотельдің "Саясатынан" бастап Боден, Монтескье және физиократтар нәсілдің, топырақтың, климаттың, тұқым қуалаудың және тарихи жағдайлардың объективті тәпсірленуін дамытты. Гроций, Гоббс, Локк, Юм, Бентам, Беркли, Кант және Гегель адам табиғатының, пайдалылықтың, этикалық императивтер мен мұраттардың субъективті тәпсірлерін жасады. Бірақ, осы екі тәпсір әлі ешқашан бетпе-бет қақтығысқан емес. Ой шектері ешқашан қоғамның өзінің бірлігін зерттеу әрекеттерімен де, тәпсір бірлігіне жету жөніндегі шын ғылыми әрекетпен де ой көкжиегін бұзған емес. Борк өзінің саяси шығармаларында, арнайы болмаса да, шынында да осы бірлікке бәрінен көбірек жақындады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

    1. Әлеуметтанушылар туралы қысқаша мәліметтер. 
 
 

    Огюст Конт (1798-1857) франция әлеуметтанушысы және философ. "Әлеуметтану" сөзін тұнғыш рет Огюст Конт өзінің "Позитивтік философия курсында" позитивтік философияның бір бөлігін қурайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ретінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін қөлденең  материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да кажетті элементтерді бір уғымға біріктірді.  

         Герберт Спенсер (1820-1903) англиялық философ және әлеуметтанушы. Әлеуметтік қатынастарды эволюция ықпалымен түсіндіруге ишараны біз тек Герберт Спенсердің алғашқы шығармаларынанғана емес,Дарвин мен Геккель туындыларынан да табамыз. Бұл ишаралардың өздері әлі әлеуметтануды құрамайтын, өйткені ол ушін тіклей әлеуметтік құбылыстардан индукциялық жолмен алынған өзге факторлар қажет еді. Бірақ мұндай ишаралар жаңа ғылымның туғырлары қайда жатқанын жеткілікті көрсететін; сонымен бірге олар әлеуметтанудың негізгі ұғымдарының кейбіреулерін жеткілікті айқындап, әлеуметтанушы тек тарихшы, экономист, статист қана емес, биолог жене психолог болуға тиіс екендігін дәлелдеп берді Осылайша, эволюциялық негізде және эволюцияшыл ойшылдар еңбегінің арқасында осы заманғы әлеуметтану қалыптасты. Ол адамдар коғамын жаратылыстык себептілік арқылы тәпсірлеу болып табылады. Ол адамзатты ғарыштык процестерден тыс турған және өзі  үшін өзінің ерекше заңына ие тіршілік иесі деп қараудан бас тартады. Әлеуметтану қоғамның пайда болуын, өсуін, құрылысы мен кызметін эволюция процесінде қосыла карекет жасайтын тәндік,, омірлік және психикалық себептердің карекеті деп түсіндіру әрекеті болып табылады. 
 
 

    Франклин  Гиддингс (1855- 1931-) американ әлеуметтанушысы. Герберт Спенсердің эволюииялық идеяларын салыатырмалы және тарихи талдау саласында колданған алгашқы американ әлеумет-танушыларының бірі. Оның бастсапқы еңбектері психоло-гиялық эволюционизм мәселелеріне арналған болатын. Он тоғызыншы ғасырдың соңы мен жиырмасыншы ғасырдың алғашқы ширегінде жазылған оның еңбектері американ әлеуметтануының дамуындағы бірнеше сипатты бағытты, соның ішінде психология саласындағы теорияларға ынта қойғанын көрсетеді.

    Кеиінгі еңбектерін-де бихевиоризм  мәселелерін құлшына  зерттеп, бұл жұмыс  американ неопозитивизмін  дамыту ушін елеулі турткі болды. 
 

    2. Әлеуметтану идеясы 

    Тіршілік  иелерінің географиялық орналасу деген  атаумен белгілі ауқымды топтасуының  шегінде жануарларды табындарға немесе уйірлерге, ал адамдарды - ордаларға, руларға, тайпалар мен улттарға біріктіретін топтар бар. Саналы жандардың бул табиғи топтасуы әлеуметтік құбылыс-тардың табиғи туғыры болып табылады. Коғам, сөздің бастапкы мағынасында, серіктестік, ортақ омір, ассоциация, өзінің табиғаты жағынан психикалық болып табылатын барлық шынайы әлеуметтік фактылар деген сөз. Бірақ әлеуметтік ықпалдастық пен өзара ұмтылыстар халықтың физикалық топтасуына қаншалық тәуелді болса, индивидтердегі психикалық өмір ми мен жүйке жасушаларының физикалық құрылысына соншалық байланысты болады. Сондықтан әр нәрсенің табиғатына сәйкес "қоғам" деген сөз сондай-ақ қандай да бір ортақ мақсат ушін біріккен немесе уйымдасқан, аралас-құраластықта және ынтымастықта өмір суретін индивидтердің жиналысын білдіреді. Ақыр соңында, осынау нақты идеялардан біз бірккен индивидтерді бірге байланыстыратын одақ, ұйым, сыртқы қатынастар жиынтығы ретінде ортақтың туралы абстрактты уғымды шығарамыз.

    Осынау  идеяларды әрқилы тоғыстыра отырып, біздің "қоғам" деген уғымымыз едәуір курделі екенін ыңғарамыз. Алайда, ол біз ассоциацияның уақытша және тұрақты пошымдарының арасындағы; қысқа мерзімді одақ пен берік ұйым арасындағы, еркін келісім мен өкіметке міндетті мойынсуну арасындағы, жасанды түрде қуралған одақтар мен ішінде ассоциациялардың туынды құбылыстары болып жататын табиғи түрде қалыптасқан қауымдар, тайпалар және ұлттар арасындағы айырмашылықты ескермесек, жартыкеш болып Қала берер еді.

    "Жаратылыстық" және "саяси" қоғамдар арасындағы  айырмашылықты саясаттану ғылымы  ушін маңызы зор. Бентамың «Fragment on Government» атты еңбегінде біз  табатын осынау пошымдардың анықтамалары өз тұрғысынан мінсіз. "Кісілердің біршама саны (оларды біз бодандар деп атай аламыз) бір кісіге немесе әйгілі де белгілі бір тектегі кісілердің жиынына (біз оларды билеуші немесе билеушілер деп атай аламыз) бағынатын кезде, бірге алынған (бодандар мен билеушілер) олар саяси қоғам ахуалында тур деуге болады. "Кісілердің біршама саны жоғарыда айтылған мойынсұнушылыксыз-ақ аралас-қуралас болса, олар туралы олар жаратылыстық қоғам ахуалында тұр деуге болады". Алайда бұл айырмашылық, Бентамның өзі көрсеткендей, тек дәрежесінде ғана. "Бұл екі қоғамды жарықпен және тунекпен салыстыруға болады: бұл атаулар туындататын идеялар қаншалықты әрқилы болғанымен, сол заттардьң өзінде олардың арасын бөліп турған ешқандай белгілі бір шекара жок". Ерте ме, кеш не қарапайым аралас-қураластықтың өзі басқару мен мойынсұну пошымдарын өз бойынан өсіріп шығарады. Ассоциация біртіндеп және елеусіз ғана белгілі бір және берік қатынастарға ұласады. Өз кезегінде ұйым әлеуметтік топқа бұрынғыдан да беріктік және анықтық береді; психикалық өмір және оның табиғи тұғыры бірге дамиды.

    Осылайша, біздің қоғам жөніндегі идеямыз  кең де күрделі табиғи құбылыс  идеясына, ғажайып, керемет те ғаламат  ғарыштық ұғым фактысына айналады. Енді 6із тек тар мағынасында ғана "коғам" сөзінің жай агрегат немесе қандай да бір мақсат үшін біріккен индивидтердің жай жиыны деп санауға болатынын көріп отырмын. Неғұрлым кең де ғылыми тұрғыда және неғұрлым маңызды мағынасында қоғам деп саналы тіршілік иелерінің табиғи дамитын тобын түсіну керек. Онда агрегат уақыт өте келе күрделі де берік ұйымға айналатын белгілі 6ір қатынастарға кошеді.

    Осылайша  түсінілетін қоғамды дәл білуіміз біздің ең соңғы жетістіктеріміздің санатына жатады. Табиғатта, өмір құпиясының өзін қоспасақ, қоғамнан басқа ештеңе адам қиялын соншалық қызықтырған емес, және сол қиял өмірдің өзінен басқа ештеңемен соншалық еркін айналысқан емес. Қоғамның суреттелуі мен философиясына ену үшін ешқандай бейне соншалық фантастикалық, ешқандай пайым - соншалық мистикалық, ешқандай ой - соншалык қисынсыз болмағанды.

    Спенсер өзінің "Синтетикалық философиясында" жасағанын еске салу аса қажет  бола қоймас. Осынау ұлы туындыда әлеуметтану принциптері психология мен биология принциптерінің шығарылған болатын. Әлеуметтік даму органикадан жоғары тұрған эволюция ретінде қарастырылады. Ол адам өмірінің барлық органикалық және психикалық құбылыстары ең ауқымды пошымдарда шым-шытырақ, бірақ дұрыс байланысқан процестерден тұрады. Спенсерде қоғам уғымы Конттікінен неғұрлым айқынырақ. Спенсердің пікірі бойынша, қоғам Гоббс

    «Левифанындағы» жай ғана фантастикалық ұқсастыру  түріндегі организм емес, нақты болмыста бар, тек инсанияттық кана емес, физиологиялық  турғыдағы организм, өйткені қоғамның құрылысында жекелеген кісілерден сол кісілердің топтары мен ұйымдарына берілетін еңбек бөлінісі байқалады. Онда өнеркәсіп топтарынан тұратын қоректендіруші жүйе; сауда операцияларынан тұратын бөліну жуйе; саяси жэне діни қызметтен тұратын реттеуші жүйе бар. Спенсер адамзаттың этикалық прогресі мен бақыты қоғамның осынау кызметтік ұйымдасуына тәуелді екенін көрсетуге көп күш жұмсайды, бірақ ол Платонның еңбегін әлеуметтік бөлінісінен этикалық өмірдің тұғыры мен шынайы тұрпатын тапкан, сөйтіп қоғамды адамның кісілік жетілінуінің құралы деп уғынуға жол ашқан ойын, біз қалай алатын дәрежеде, әрі қарай соншалық толық дамытпайды.

    Спенсер бұл тұрғыдан оншалық қанағаттандыра қоймаса да, оның әлеуметтік ұйымды бүкіләлемдік физикалық процеспен  біріктірудегі толық айқыидылығы  жөнінде біз қояр кінә мардымсыз. Спенсердің әлеуметтік доктриналарына өз үкімдерін шығарған жазушылардың көпшілігі оның байламдары шығарылған принциптерге көңіл аудармады. Олар оның әлеуметтанушылык жуйесін әлеуметтанушылық атауы бар кітаптарынан іздеді, ал шындығында оның әлеуметтанушылық ойларының негізгі теоремалары «First Principles» деп аталатын еңбегінің бүкіл екінші бөлігінде шашырап жатыр және бұл ойларды бір жерге жинақтау ушін оқырманның біраз тер төгуіне тура келеді. Жинап алынған бұл теоремалар қозғалыстың кұші, бағыты мен ырғағы, тұрақтылығы материяның кірігуі мен пошымнын жіктелуі заңдары арқылы әлеуметтік өзгерістердің түсудірілуіне қызмет етеді олардың барлығы бірігіп Спенсердің бүкіл әлемдік эволюция туралы жақсы таныс формуласын құрайды. Материалдық дүние мен тірі организм сияқты қоғам да кірігу мен жіктелуге бейім. Ол ұйымдаспаған ахуалдың біртекттілігі мен бұлдырлығынан ұйымдасқан ахуалдың көп тектілігі мен айқындығына көшеді. Осынау барлық өзгерістердің түпуі себебі - қуаттың бүкіләлемділік тепетеңдігі. Конт таза риторикалық мәнінде "әлеуметтік статика" терминін әлеуметтік реттіліктің атауы ретінде, ал "әлеуметтік динамика" терминін прогресс атауы ретінде қолданды. Неғұрлым ғылыми негізден айнымайтын Спенсер неғұрлым дәл физикалық уғымдарды ұстанады. Әлеуметтік статика оның ойынша, әлеуметтік күштерді тепетеңдік калпында зерттеу. Нақты болмыста, қоғам мен оның ортасының арасындағы қуат тепе-теңдігінің салдары болып табылатын өзгерістер салдарынан мінсіз тепе-теңкке ешқашан қол жеткен емес. Алайда, нақты болмыста статикалық және кинетикалық ұмтылыстар  өзінен-өзі теңеседі және соньң нәтижесі Күн жүйесіндегі немесе тірі тәндегі сияқты, қоғамдағы орнықсыз тепе-теңдік болып табылады. 
 

Информация о работе Әлеуметтік ойдың даму тарихы