Әлеуметтану

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 11:39, реферат

Описание работы

Әлеуметтік — қазақ халқының дәстүрлі Түсінігінде жамағат, қауым, жұртшылық мағынасында қолданылған ұғым. Ол отбасынан, ағайын, туыс, жекжат-жұраттан бастап, ел-жұрт мағынасына дейін қамтиды. Мысалы, халық ауыз әдебиетінде жиі кездесетін “Алқалаған, әлеумет, Сөзіме құлақ салыңыз” дегенде әлеумет ұғымы ағайын мәніне жақын болса, “Әлеумет, көрдің, міне, жаңа заңды” (К. Әзірбаев) деген өлең жолында — бұқара, жұртшылық мәніне ие болып тұр. Әлеумет ұғымының қазіргі заманғы мағынасы қоғам, қауым, қауымдастық сөздерінің ғылыми ұғымдарымен мәндес.

Работа содержит 1 файл

ӘЛЕУМЕТТАНУ ӨЖ№1.doc

— 107.00 Кб (Скачать)

Коммуникация коммуникативтік  актілерден кұралады, пікір айтушылар, оны түсіндірушілер коммуниканттар деп аталады. Коммуникация үшін тілдік катысымнан басқа , бет-қол кимылы, семиотика жүйесіне жататын музыка ноталары, ойын ережелері, Морзе әліппесі, ЭЕМ багдарламалары, математика, техника саласына катысты кибернетика, компьютер жүйесі пайдаланылады.

Тобыр – белгілі бір ортақ мүддемен уақытша топтасқан адамдар жиыны. Тобырдың әлеуметтік құрылымы қарапайым: көсемінен және өзгелерінен тұрады. Дегенмен, тобыр жекелеген тұлғалардың жай ғана жиынтығы да емес. Зерттеушілердің пікірінше Тобырға тән жалпы сипаттамалар:

  1. әсершілдік тобырдың ішіндегі адам одан басқа адамға қарағанда әлдеқайда әсершіл. Олар көпшіліктің пікірін, сезімін, әрекетін неғұрлым тез қабылдап, ортақтасады;
  2. анонимділік – жеке тұлға өзін көптің ішінде танылмайтындай сезінеді. Тобыр біртұтас топ ретінде әрекетке барып, оның жекелеген мүшелері өзін жеке тұлға деп санамайды;
  3. тұтқиылдық тобыр құрамындағы адамдар болжамсыз мінез-құлыққа, эмоцияға бейім, олар көптің ішіндегі өз әрекеттері жайлы ойланып, сарапқа салмайды;
  4. қамсыздық тобыр құрамындағы адам топпен біртұтас қимылдайтын танылмайтын көптің бірі болғандықтан өздерін әлеум. бақылаудан, жауапкершілік пен жазадан тыс сезінеді.

Драматургия (гр. dramaturgіa) — қандай да бір халықтың немесе жазушының белгілі бір дәуір мен кезеңдегі драмалық шығармаларының жиынтығы. Драматургия шығармалардың алғашқы үлгілері Ежелгі Грекияда діни дәстүрлерден (Дионис құдайға табынудан) басталған. Олардың сюжетінің негізін құдайлар мен мифтік кейіпкерлер құрады. Ежелгі гректер драматургиясы құдайлардың әділеттілігі мен әлемдік тәртіп туралы ой толғады (Эсхил), адамның құқығы мен оны қайғы-қасіретке душар ететін жағдайларға қарсы наразылықты бейнелеп көрсетті (Софокл, Еврипид), адамдардың кемшіліктері мен кемістіктеріне, олардың бір-бірімен қарым-қатынастарына күліп, діни табынушылықтарына күмәнмен қарады (Аристофан, б.з.б. 445 — 385). Осылайша драматургияның комедия және трагедия жанрлары туды.


Информация о работе Әлеуметтану