Әлеуметтану

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 11:39, реферат

Описание работы

Әлеуметтік — қазақ халқының дәстүрлі Түсінігінде жамағат, қауым, жұртшылық мағынасында қолданылған ұғым. Ол отбасынан, ағайын, туыс, жекжат-жұраттан бастап, ел-жұрт мағынасына дейін қамтиды. Мысалы, халық ауыз әдебиетінде жиі кездесетін “Алқалаған, әлеумет, Сөзіме құлақ салыңыз” дегенде әлеумет ұғымы ағайын мәніне жақын болса, “Әлеумет, көрдің, міне, жаңа заңды” (К. Әзірбаев) деген өлең жолында — бұқара, жұртшылық мәніне ие болып тұр. Әлеумет ұғымының қазіргі заманғы мағынасы қоғам, қауым, қауымдастық сөздерінің ғылыми ұғымдарымен мәндес.

Работа содержит 1 файл

ӘЛЕУМЕТТАНУ ӨЖ№1.doc

— 107.00 Кб (Скачать)

1. Тапсырма

Әлеуметтік — қазақ халқының дәстүрлі Түсінігінде жамағат, қауым, жұртшылық мағынасында қолданылған ұғым. Ол отбасынан, ағайын, туыс, жекжат-жұраттан бастап, ел-жұрт мағынасына дейін қамтиды. Мысалы, халық ауыз әдебиетінде жиі кездесетін “Алқалаған, әлеумет, Сөзіме құлақ салыңыз” дегенде әлеумет ұғымы ағайын мәніне жақын болса, “Әлеумет, көрдің, міне, жаңа заңды” (К. Әзірбаев) деген өлең жолында — бұқара, жұртшылық мәніне ие болып тұр. Әлеумет ұғымының қазіргі заманғы мағынасы қоғам, қауым, қауымдастық сөздерінің ғылыми ұғымдарымен мәндес.

Әлеуметтік орта - адамдар тартылған қоғамдық қарым-қатынастармен тұрақты байланыста болатын олардың қалыптасуы, тіршілік етуі, дамуы және іс-әрекеттерініңқоғамдық (материалдың және рухани) жағдайларын қамтитын адамның қоршаған әлеуметтік әлемі (социум).

Қоғамдық қатынастар - белгілі қоғам немесе қоғам қалыптасу қатынастарының барлық түрлерінін жиынтығы. Қоғамдық қатынастар саяси, экономикалық қатынастармен бірреттік болмай, олармен тек пен түр ретінде қатынасады. Осындай қатынастардың жалпы жүйесінде өзіне белгіленген ролін ойнайды. Қатынастар жүйесінде қоғамдық экономикалық қатынастар, басқа қоғамдық қатынастардың сипаты мен мазмұнына қарай басым роль атқарады. Экономикалық қатынастармен қатар әлеуметтік, идеологиялық, саяси қатынастар да бар.

Әлеуметтік  іс-әрекет - әлемді және өз-өзін саналы түрде өзгертетін процесте адамның немесе топтың әлеммен жасайтын өзара әрекеті.

Іс-әрекет – адамның  дүниемен қарым-қатынас тәсілі. Іс-әрекет барысында адам табиғатты, қоршаған айналаны игеріп, шығармашылық тұрғыда өзгертеді. Сөйтіп, өзініскер, жасампаз субъект ретінде қалыптастырады, ал өзі игерген табиғи ортаны Іс-әрекет объектісі етеді. Адам іс-әрекет үстінде кез келген затқа жат пиғылмен қарамайды. Керісінше осы заттың табиғаты мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, игереді, сондай-ақ өз іскерлігінің өлшемі мен мәні етеді.

Іс-әрекет барысында адам табиғатпен өзара әрекетте болып қана қоймайды, оны бірте-бірте өзінің материалдық  және рухани мәдениетінің құрамына кіргізеді. Сыртқы дүниені өзгерту адамның өзін дамытуы үшін қажетті жағдай және алғышарт болып табылады.

Іс-әрекет тұтас процесс қарым-қатынаспен тығыз байланыста және болашақ ұрпаққа бағытталған әлеуметтік сабақтас белсенді құбылыс болып табылады. Адамдардың Іс-әрекеті әрдайым бұрын жасалған дәлелді алғышарттар мен белгілі бір қоғамдық қатынастардың негізінде жүзеге асады. Сол себепті ол нақты тарихи сипатта, нақ осы әлеуметтік шындықтың өмір сүру тәсілі болып табылады.

Іс-әрекеттің философиялық ұғымының барлық әлеуметтік ғылымдар, әсіресе, психология, социология, педагогика, т.б. үшін маңызды дүниетанымдық және методологиялық мәні бар.

Азаматтардың еркімен пайда болатын заңды фактілер, былайша айтқанда еркін қалауын білдіру. Құқыққа сәйкес келушілікке байланысты іс-әрекет (құқық бұзушылықтар ретінде) заңды және заңсыз болып бөлінед.

Әлеуметтік институт (лат. Құрылым) – қоғамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандырып, қоғамдық құндылықтар мен процедураларды біріктіретін байланыстар мен әлеуметтік нормалардың ұйымдасқан жүйесі.

Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр.

Әлеуметтік жүйе – бейөндірістік аяны білдіретін салалар жүйесі. Әлеуметтік жүйе салаларының құрамы осы ая салалары жіктелімінің өзгеруіне сәйкес ауысып отырады. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің жіктеліміне сәйкес бейөндірістік ая салалардың 2 тобын қамтиды:

  • ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыратын салаларды (геология және жер қойнауын барлау; су шауашылығы; басқару, ғылым және ғылыми қызмет көрсету, несиелендіру, т.б.)
  • қызмет көрсетуі халықтың мәдени-тұрмыстық және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыратын салаларды (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, білім беру, мәдениет пен өнер, жолаушы көлігі мен байланыс, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру, т.б)

Әлеуметтік  қауымдастық - қандай да бір ортақ белгілері, ортақ мүдделері, ортақ мақсаты, ортақ мінез-құлық түрі бар адамдар жиынтығы; бірқатар нақтылы әлеуметтікқауымдастықтардың жалпы атауы ретінде қолданылатын ұғым. Ұлттық, этникалық, таптық, діни, кәсіби, аумақтық, әлеуметтік-мәдени, дәрежелік, демократиялық және басқа да әлеуметтік қауымдастық түрлері белгілі. "Әлеуметтік қауымдастық" ұғымы саясаттануда кеңінен қолданылады. Егер олар өзінің ерекше мүддесін сезініп, оны жүзеге асыру мақсатымен ұйымдасатын болса, онда әлеуметтік қауымдастықтар саяси қатынастардың субъектісіне айналады

Әлеуметтік  ұйым - бір мақсатқа жету үшін құрылатын күрделі, өзара байланысқан, өзара иерархиялық әлеуметтік жүйелер, екінші қатардағы ірі әлеуметтік топтар. әлеуметтік ұйым қоғамның әлеуметтік құрылымдық элементі ретінде, қандай да бір топтың іс әрекетінің түрі ретінде, әлеуметтік жүйенің элементтерін қалыптастыруға ішкі тәртіп, келісімділік ретінде сипаталады.

2. Тапсырма

 

Позитивтік сатыда адам құбылыс, процестердің, заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартты. Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырды.   О.Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақтылы фактілерді оқып, үйрену қажет.

  О.Конт өз шығармаларында өзіне белгілі ғылымдарды нағыз және жалған ғылымдарға бөлген. Жалған ғылымдар қатарына: теология, мистицизм, спиритуализм, алхимия, утопизм, сонымен қатар метафизика, яғни философияны жатқызған. Ол нағыз шынайы ғылымдар деп позитивтік ғылымды атаған. Позитивтік ғылымдар саны алтау: математика, астрономия, физика, химия, биология, әлеуметтану.

  Әлеуметтанудың дамуына ХIХғ. соңы мен ХХғ. басында маңызды үлес қосқан неміс ойшылы Макс Вебер (1864-1920 ж.ж.) болды. Оның дайындаған әлеуметтік таным методологиясы, түсіну тұжырымдамасы, идеалдық типтер тұжырымдамасы, мәдениет, этика мен дін әлеуметтануы туралы ілімдері өмірде қолданылып отыр.

М.Вебер көзқарасы  бойынша әлеуметтану ең алдымен  адамның немесе адамдар топтарының мінез-құлқын және әлеуметтік қызметін зерттеуі тиіс.       Әлеуметтік әрекетті М.Вебер типтерге бөледі: 1) ұтымды-мақсатты әрекет. Бұл әрекет субъектінің саналы түрде алдына қойған мақсатына жетуге ұмтылуымен сипатталады; 2) құнды-ұтымды әрекет – белгілі бір абсолюттік құндылыққа ( этикалық, эстетикалық, діни т.б.) саналы түрде жетуге бағытталған әрекет; 3) аффектілі әрекет, ол субъектінің көңіл-күйі мен сезімінен туындайды ; 4) дәстүрлі әрекет, бұл қалыптасқан әдет-дағдымен іске асатын әрекеттің түрі.

.Социологиялық талдаудың  «функционалдық бірлігі» әлеуметтік  деректердің шексіз тереңдігінде жатады. Олардың міндетті қызмет етуінің анықтығы әлеуметтік өмірді тұтастыққа біріктіріп қосатын күшке ие болады. Қоғам бірыңғай жабық жүйе болғандықтан, оның барлық бөліктері еклісілген түрде жүктелген міндетті істерін атқарады. 2. «Функционализмнің әмбаптылығын » өмір сүретін мәдениеттің барлық тұрпаттарына қызмет етудің қасиеттері тән екенін көрсетеді. Сол уақытта әлеуметтік құрылымның әр бөлшегі пайдалы қызметін біртұтас жүйенің шеңберінде ғана атқарады. 3. «Ықтиярсыздық » немесе «қажеттілік» қағидасы белгілі міндетті қызметтердің еркіне қоймай істелетіндігін, болмай қалмайтындығын көрсетеді. Ал бұл барлық қоғамдық институттардың функционалдық шарттылығына әкеледі. Бірақ олардың баламалары, онын алмастырушылары болуы мүмкін. Қажетті бөлшектердің болуы әлеуметік жүйенің үздіксіз өмір сүруін қамтамасыз етеді. Тұтас алғанда, функционалды талдауды тұрақты және бір үлгіде келтірілген объектілерге қолданады.

Әлеуметтік ғылымдағы  қарастыратын кезеңнің доминанттылығында құрылымдық функционализм теориясындағы жыныстар арасындағы қатынас мысалы, отбасындағы жыныстық рөлдің бөліну концепциясы арқылы анықталды. Т.Парсонс жеке және ашық өмір сферасының өзара қатынасы жайындағы сұраққа ерекше мән берді. Осы дәл ашық сфера саяси әлемді, заң құқықтарын және міндеттерін, нарықтық инстиуттарды қоса «шынайы» билікті, беделді, құдыретті сфера болып мойындайды. Келесі әйелдер «билейтін» жекелік өмір сферасы қоғамдық сананың ұстанымынша аз мәнді және беделді емес, қосымша екіншілік болып табылады.

3. Тапсырма

Спенсердің әлеуметтік қағидасы функционализм және құрылымдық функционализм сияқты батыс мектептердің қалыптасуына елеулі әсерін тигізді.

Әлеуметтануда натуралистік бағытқа жаратылыстану ғылымдарының таным құралдары мен әдістеріне сүйенетін, концепциялар жатады. 19ғ. мен 20ғ. басында батыс әлеуметтануда натурализімнің екі негізгі түрі қалыптасты: социал-биологизм және әлеуметтік механицизм. Механицизм жақтастары қоғамдық өмір мен адам тәртібін физика ғылымдарында таралған заңдылықтар негізінде түсіндіруге тырысты.

Бірінші кезекке қандай да табиғи факторлар немесе әлеуметтік дамудың қозғаушы күштерін, кейде  белгілі жаратылыстану ғылымдарының әдістемелік үлгілерін белгілеуі  натуралистік мектептердің жіктелуіне негіз болды. Осылай биорганикалық мектеп әлеуметтік тұтастық құрылымына назар аударса, нәсілдік-антропологиялық – адамның биологиялық табиғатының, оның нәсілдік қасиеттері мен генотипінің қоғамдық өмірге ықпалын, ал социал-дарвинизм – өмір сүру үшін күрес пен тұқым қуалаушылық, географиялық мектеп – географиялық сала мен кеңістігінде адамдардың орналасуы.

Әлеуметтік қүбылыстарды зерттеу тәсілін “социометрия”  – әлеуметтік өлшеу – деп атайды. Бұл тәсілдің негізін салушы

психолог Дж. Морено. Бұл  әдіс арқылы топтағы адамдардың өзара қатынасындағы наразылығын не татулығын тиісті әдістерге сүйене отырып өлшеуге болады. Мұндай қатынасты зерттеу үшін топтағы адамдарға сұрақ-жауап анкетасы даярланады. Анкетадағы қалауға байланысты мазмұн екі түрге бөлінеді: біреуі – сол кісі өзге кісімен қаншалықты дос, оны шынайы ұната ма, ұнатпай ма, соған байланысты келеді. Екінші түрі – өзге адамның жеке басының қасиеттерін қалайды.

Феноменология – алғашқы түйсіну нәтижесін, сана танымын пайымдап ашудың тәжірибесі, батыс философиясына ерекше ықпал еткен субъективтік идеалистік бағыт. Қазіргі философиялық ойдың жетекші бағыттарының бірі ретіндегі Феноменология ұғымы 20 ғасырда қалыптасты. Феноменологиялық философияның негізін салушылардың бірі Эдмунд Гусерль (1859 – 1938) болды. Гусерль өзінің шығармашылық эволюциясында Декарттың, Лейбництің, Юмнің, Канттың, т.б. ықпалында болды. Феноменология бағытын одан әрі дамытқандар Л.Ландгребе, Э.Финк, т.б. Феноменологияның негізгі ұғымы “интенционалдық деп аталады”. Бұл ұғым сананың объектіге қатынасын көрсетеді. Феноменологиялық ұғым бойынша “объект болмаса, субъекті те болмайды”. Феноменологиялық тәсілдің негізгі талаптары:

  1. субъективтік тәжірибеден тыс тұратын, яғни санадан тыс тұратын объективтік шындық туралы пікірден бас тарту;
  2. танымдық субъектіні (белгілі бір жанды) сезімі бар психофизиол. нәрсе емес, сананың “таза” нәтижесі деп түсіндіру.

Оны Феноменология “транцендеталдық редукция” деп атайды. Бұл бағытты  қолдаушылар философияны ғылым ретінде тек қана эйдетика деп аталатын “таза мағыналарды” зерттейді, ал оның реалды шындыққа қатынасы жоқ деп білді. Феноменология идеялары экзистенционализмге (Хайдегер, Сартр), герменевтикаға (Гадамер, Шелер), т.б. батыс философиясындағы ағымдардың қалыптасуына ықпал етті.

 

Психоанализ — XX ғ. мәдениетіне зор әсер еткен австриялық ғалым З. Фрейд қалыптастырған психологиялық ілім. Фрейд адам психикасының үш құрылымнан: Ол, Мен,Жоғарғы Меннен тұратыны туралы идеяны ұсынды. Көмескі сана өткеннен мұраланған психиканың терең қабаты ретінде көрініс табады. Оның қойнауларында адамның жасырын жан сезімдері, құмарлықтары мен ынта-назары ұялаған. Бұл құрылым «ләззаттану принципін» басшылыққа алады. Фрейд оларды «қайнаған құмарлықтардың қазаны» деп атайды. Адамның саналы Мені — Ол мен (көмескі сана) қоршаған дүние арасындағы делдал. Бұл құрылым «шындық принципін» басшылыққа алады, оның мақсаты — адамның көмескі санасына ықпал ету. Адам Мені Оны (көмескі сананы) өзіне бағындыруға тырысады, алайда кейде өзі Оның (к.с.) ықпалында болады. Жоғарғы Мен орындалуды, мәдени тиым салуларды бейнелейді. Жоғарғы Мен ұят ретінде, немесе көмескі кінә сезімі ретінде адам Меніне үстемдік етуі мүмкін. Көмескі санада белгілі бір жағдайларда сана аймағына шығып кететін әлементтер болады. 

Структурализм (лат. structura — құрылым, байланыс, рет)– мәдениеттің көптеген құбылыстарының негізінде шын мәнінде бар логикалық құрылымды іздестірумен байланысты 20 ғасырда пайда болған социогуманитаристикадағы бірнеше бағыттың жалпы аты. Ғылым бағыт ретінде дамуына бірнеше гуманитарлық ғылымның баяндаушылық эмпирик. методтан зерттеудің абстрактілі теоретик. деңгейіне көшуі негізгі себеп болды. Структурализм құрылымдық методтың, моделдеудің, формализациялаудың, математизацияның элементтерін қолдануға негізделген. Құрылымдық метод алғаш рет лингвистикада пайдаланылған, содан соң әдебиеттануда, этнографияда, т.б. гуманитарлық ғылымдарда қолданылды. Ал тар ауқымда структурализм – 20 ғасырдың 60-жылдарында Францияда тараған, құрылымдық методты пайдалануға байланысты пайда болған ғылыми және философиялық идеялардың жиынтығы. Оның негізгі өкілдері – Клод Леви-Стросс, Мишель Фуко, Жак Лакан, Роллан Барт, Л. Альтюссер.

оммуникация (лат. communication байланысамын, катынасамын) (катысым) — адамдардын танымдык-енбек проиесінде катынас жасау, пікір алысу, ой бөлісу — олардың бір-бірімен әрекет жасауынын айрыкша формасы болып табылады. Адамзаттык Коммуникациянын хайуанаттар Коммуникациянан басты ерекшелігі — онын тіл аркылы жүзеге асатындығында.

Информация о работе Әлеуметтану