Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2012 в 09:43, реферат
Француз әлеументтанушысы Эмиль Дюргейм (1857-1917) әлеументтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазуды, солардың арсында оның негізгі туындыларына «Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы» (1893), «Әлеументтану әдістің ережелері» (1985), «Өзіне-өзі салу» (1897), «Діни өмірдің қарапайым формалары» (1912) жатады.
Негізгі бөлім:
А) Э. Дюркгеймнің ғылыми еңбектері туралы.
Б) Оның «социологизмінің» басты принципі мен ерекшелігі - оның әлеуметтікпен түсіндіруінле еді.
В) Қоғамда болатын Қалыптылық пен патологияның өзгешіліктері туралы.
С) Айқын көрінісінің бірі - оның дін тұжырымдамасы.
Қорытынды:
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі.
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық
университеті.
Реферат
Тақырыбы: «Компьютерлерді вирустардан қорғау»
Орал-2009
Жоспар:
Негізгі бөлім:
А) Э. Дюркгеймнің ғылыми еңбектері туралы.
Б) Оның «социологизмінің» басты принципі мен ерекшелігі - оның әлеуметтікпен түсіндіруінле еді.
В) Қоғамда болатын Қалыптылық пен патологияның өзгешіліктері туралы.
С) Айқын көрінісінің бірі - оның дін тұжырымдамасы.
Қорытынды:
Француз әлеументтанушысы Эмиль Дюргейм (1857-1917) әлеументтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазуды, солардың арсында оның негізгі туындыларына «Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы» (1893), «Әлеументтану әдістің ережелері» (1985), «Өзіне-өзі салу» (1897), «Діни өмірдің қарапайым формалары» (1912) жатады.
Э. Дюркгейм қоғамдық өмірде болатын құбылыстарды индивидуалдық және психологиялық тұрғыдан түсіндіруге қарсы шықты. Бұл көзқарастар бойынша адамның мінез-құлқы мен жалпы тарихи процесті сналы түрде ұғыну, психологиялық факторлар, яғни адамдардың әуестігі, талаптануы және мүдделері негізгі рөл атқарады. Ол өзінің әлеументтік реализм теориясында қоғамдық құбылыстардың табиғатын әлеументтік факторлармен түсіндіру керек деп пайымдап, индивидтердің, әлеументтік топтардың және әлеументтік институттардың өзара әрекет ету жүйесі ретіндегі қоғам адамдардың мінез-құлқына, олардың сан салалы қызметіне талдау жасаудың түп-төркіні, бастауы болады деп санады. Мұнда әлеументтік орта үлкен рөл атқарды. Дюркгеймнің әлеументтік реализм қөзқарасының негізгі ережелері осылар.
Дюркгеймнің «социологизмінің» басты принципі мен ерекшіліктері - оның әлеументтікті әлеументтәкпен түсіндіруде еді. Бұның мәні - құндылықтар мен идеялардың әлеументтік нормаларда жүзеге асуы мен әлеументтік реттеушіліктің тұтқасына айналуында. Қалыпты жағдайда сыртқы әлеументтік детерминация адамның құнды бағдары арқылы іске асады. Нормалар мен құндылықтар әлеументтік құбылыстың, жалпы эмперикалық екі жағына айналды. Әлеументтәк нормалар әлеументтәк факторлар сияқты мәжбүр ету сипатында болады, яғни адамды солардың мазмұнына сәйкес әрекет етуге күштейді. Дюркгеймнің ғылыми айналымға құндылықтар және құнды бағдарлар ұғымдарын енгізуге байланысты рның әлеументтануының жаңа қырлары көрінді: егер де сырттан әсер етілетін мәжбүр етуге сүйенбей, қоғамның адамгершілік беделіне, адамдардың адамгершілік қасиеттерін жетілдіруге көңіл бөлінетін болса, әлеументтік нормалар да соғұрлым тиімді болады.
Э. Дюркгейм әлеументтанудың ғылыми әдістерін дайындауды қолданушылар болды. Мұндай әдіс кезінде байыптылық, яғни қоғамдық өмірдегі құбылыстарды түсіндіруде қатаң логикалық әдіс сақталу керек, дейді ол. Өзіне дейінгілердің негізінен алғанда қоғам дамуы туралы ойша, дерексіз теориялар жасауға көп көңіл бөлінгенін және олардың әлеументтік факторларды зерттейтін ғылыми әдіс әзірлеумен аз айналысқанын айта келіп, әлеументтанудың әдісін дайындауға қолға алады. Оның пікірінше, әлеументтану - әлеументтік факторлар туралы ғылым. бұл дегеніміз - ада мдардың ұжымдық санасы қалыптастырған саяси, құқық, мораль, діни және басқада идеялар, нормалар мен құндылықтар және жекеленген индивидтерді осы идеялар, нормалар мен құндылықтарға сәйкес қалыптастыруға мәжбүр етушілік.
Адамдардың күнделікті өмірде іске асыратын идеялары мен рухани құндылықтарын әлеументтік құбылыстардың оңғы себебтері ретінде қарастырады. Олардан кез – келген әлеументтік эволюцияның қайнар көщін көреді. Әңгіме ұжымдық сананың көріністері ретіндегі идеялар мен рухани құндылықтар туралы болып отыр.
Жеке адамдарға қатысты әлеументтік нормалар, құндылықтар және өзгеде қоғамдық сананың көріністері обьективті өмір сүреді. Әрбір адам қалыптасқан белгілі бір саяси, құқықтық, моральдік және басқада нормаларға, құндылықтарға және әлеументтік нұсқауларға кезігеді. Адам болса олардж меігеруі қажет және күнделікті өмірде іске асыруы тиіс. Осыған байланысты Дюркгейм әлеументтік фактілердің екі негізгі белгілерін көрсетеді: жеке индивидтерге қатысты олардың обьективті өмір сүруі және лардың адамдарға мәжбүр ету ықпалы. Осылар арқылы Дюркгейм адамға әлеументтік тіршілік иесі деп қарайды, оның дамуымен қызметі әлеументтік нормалар мен жарлықтардың ықпалымен жүреді. Әлеументтік фактілердің ортақ рухани табиғаты және мәні бар. Олардың бәрі топтық немесе бұқарлық сананың көрінісі. Олар адамдарға ұйымдасқан саналы ықпал етеді және әлеументтік институттар, соның ішінде құқықтық, діни, тағы басқалар арқылы жүзеге асады.
Дюркгейм қоғамдық болмыс формасы немесе қоғам құрылымы мен жеке «материалдық» бөлімінің формасын қарастыратын әлеументтік морфология деп атлатын фактіні ұжымдық сана немесе түсінікке қарсы қояды.
Марфалогиялық фактілер - «материалдықты» қоғамның сандық аспектісін, оның субстратын, ал ұжымдық сана рухани, сана аспекті болып саналатын «ұжымдық түсінікті» құрайды.
Сөйтіп, Дюркгеймнің әлеументтік фактілер жөніндегі ілімінде қоғам мен тұлғаның өзара әрекетін түсінуге мүмкіндік беретін қажетті, маңызды ережелер қалыптасқан, топтық, ұжымдық сананың рөлі көрсетіледі. Осының бәрі әлеументтанудың ғылым ретіндегі шынайы пәні болып саналады.
Дюркгеймнің қоғамда болатын Қалыптылық пен патологияның өзгешіліктері туралы, әлеументтік аурулар және оларды жоюдың жолдары жөніндегі ілімдер аса маңызды Қалыпты және патология қоғамындағы келеңсіз құбылыстарды, соның ішінде қылмыстарды, дағдарыстарды, тағы басқа интерпретациялауда қолданылған. Дюркгеймнің пікірі бойынша, нормальды - бұл әлеументтік организм ретіндегі қалыпты өмір сүру жағдайынан келіп шығады. Қылмыс және басқа да әлеументтік аурулар қоғамға зиян келтіріп, жат қылыққа да ұшыратсада, қалыпты болып саналады, өйткені олар белгілі бір қоғамдық жағдайда ірге тепкен және пайдалы да қажетті қоғамдық қатынастарды қолдап отырады.
Өзі кең түрде қолданылып келген оның қалыпты түсінігі Дюркгеймді күтпеген қорынды жасауға , кейде релятивизмге әкеп соқтырды. Мысалы кез- келген қоғамда кездесетін қылмысты ол қалыпты құбылыс ретінде қарастырады. Керісінше, XIX ғасырдың соңында өзін-өзі өлтірушілердің санының артуы және экономикалық дағдарыстың кейбір типтері патологиялық деп сипатталды. Қоғамның қалыпты қалпын жоспарлы экономиканың дамуы және еңбек қатынастарын нормативпен реттеуден туады деп түсіндіреді.
Сонымен қатар әлеументтік саулық, Дюркгеймнің пікірі бойынша, индивидтік ұжымның немесе қоғамның өмірлік күштерінің қалыпты дамуына, олардың орта жағдайларына бейімделу қабілеттерінде, оларды өз дамуларына қолдана білуінде. Қоғамның дамуына және адамдардың тұрмыс жағдайын ықпал ететіндердің бәрі пайдалы және қажетті деп танылуы керек. Қоғамның ауруы оның кез келген саласында пайда болуы мүмкін. Егер қоғам тұтастай ауру болса, оны әмбебап емдеу қажет. дюркгейм қоғамның моральдік және саяси сауығуына үлкен маңыз береді.
Қоғамның қалыпты емес қалпына аномия жатады, бұл- индивидтердің мінез-құлқы нақты моральдәк реттеу әдісінің болмауынан қалыптасатын қоғамдық жағдай. Дюркгейм аномияны түсіндіруді әлеументтік функциялардың арасын реттеп отыратын ережелердің әзірленбеуінен іздестірді. Ол реттеуге көнбейтін бесекелестіктің, таптық шиленістердің, ескішіл еңбектің және жұмысшы күштерінің деградациясының болуын өндіріспен еңбек бөлінісінің жедел түрде асқынатын сырқаты ретінде анықтады.
«Қалыпты емес формаларды» жоюда Дюркгейм шиленістерді бейбіт жолмен шешуді, күрес пен бәсекелестікті көңілге сыйымды мөлшерде бәсеңдетуді, таптар қатынастарын қатаң реттеуші ережелер жинағын шығаруды, әділеттілікті және теңдікті енгізуді ұсынды.
Дюркгейм қоғамдық құбылыстарды зерттеуде, әлеументтік фактілерді түсіндіруде себептік және функциональдік талдауды әлеументанулық зерттеудің маңызды әдісі етіп қарастырады.
Себептік т.сіндірудің мәні - әлеументтік құбылыстың әлеументтік ортаға тәуелділігіне талдау жасау.
Функция ұғымын Дюркгейм биологиядан алады, ол бойынша физиологиялық процесс мәліметтерімен организм қажеттілігінің арасында сайса-сай келетін қатынастар бар. Осы ержені ол әлеументтік терминге айналдырып, әлеументтік құбылыстың немесе институттың функцисы - институт пен қоғамның кейбір қажеттіліктерінің арасында сәйкестіктерді жөнге салу деп түсіндіреді.
Дюркгейм социологизмнің айқын көрінісінің бірі - оның дін тұжырымдамасы. Діннің шығу көздерін ол қоғамнан іздеуді ұсынды. Австралия тотемизмін зерттеген ол дінің шығуын алғашқы қауымдық құрлымен, оның әлументтік ұйымымен байланыстырады. «Дін әлеументтік ортаның жемісі» деген тұжырым жасап, қоғамның одан басымдылығын мойындайды. Алғашқы қауымдық дінді зерттеп, одан өазіргі «күрделі» қоғамның бейнесін көрген Дюркгейм тотемизмнің ерекшеліктерін қазіргі діндерге көшірді және діни жұйенің басты элементі құдай идеясын жоққа шығарды. Оның пікірінше, сенушілердің құдайы тек «қоғамның фигуральді көрінісі», ал бұған керісінше құдіретті прицеп - «қоғам басқаларға қарғанда гипостазданған және басқа түрге айналғыш». Осыдан келіп мәдениетке, тұлғаға, сонымен қатар адамзат ойлауының негізгі заңдылықтарына діннің шексіз ықпалы жасалады. Қоғам діни сенім мен догматтардың авторы және пәні, ол дінді жасайды және дінге табынуға итереді, қоғам - бір мезгілде құдай және табынушы. Дюркгейм дінге символдық жүйе ретінде де қарайды. Алғашқы қауымдық тотем лғашқы адамдардың қандай топқа жататынын анықтаушы символ ретінде қарастырылды, солардың көмегімен белгілі бір тарихи дәуірдегі ұжымдық санаға үңілуге мүмкіндік туды. Әлеуметтанулық сараптама бұл жүйенің базисі қызметін атқаратын реалдықты, яғни қоғамды көруге тиісті еді. Дін символдық белгілер жиынтығы ретінде қарастырылды. сол белгілердің көмегімен діннің қоғамдық интеграторлары мәдениетті таратушы қызметтерді жүзеге асырып отырды .
Діннің басты компоненті, Дюркгемнің пікірінше, оның догматттық бөлімі емес, жораларды ақтарудағы ұжымдықтан көрінетін діннің практикалық қызметі. белгілі бір қоғамдық қажеттіліктерді білдіре отырып, дін қажетті қоғамдық міндеттерді атқарады. Дюргейм табыну практикасындағы негізгі әлеуметтік қызметтерді атап көрсетті: тәртіпке шақыру, немесе мәжүр ету және бақылау қызметі, соның негізінде әлеуметтік бірлік нығайып , бекиді ; жаңадан өндіру міндеті, бұл әлеуметтік аман – есендік қуаныш сезімін қалыптаструдан тұрады. Діни ырымдар, ғұрыптар маңызды әлеуметтік міндеттер атқарады, қоғамның әлеуметтік міндеттер атқарады, қоғамның әлеуметтік ынтымақтастығын қолдауға және нығайтуға қызмет етеді, ал индивидуалдық деңгейде адамның өз күшіне сенімін арттырады.
Дюркгейм дін ұғымын діннің басты компоненттерінен , яғни құдай, т.б. айырып, дінді кез келген әлеуметтік обьектіге қатысы бар наным мен ырымдардың жүйесі ретінде кеңірек көлемде түсіндіреді. Түптеп келгенде, дінді уақыттан тыс тұрған, мәңгі сипатталған, кез – келген қоғамдық типте ұқсастығымен көрінетін абстрактілі идеологиямен теңестірді.
Дюркгеймің маңызды зерттулерінің бірі мораль болды. Оның табиғатын, шығуы мен атқаратын қызметтерін баяндауда Дюркгейм әлеументтану тұжырымдамасын басшылыққа алды. Моральді өзінің ерекшелігіне орай, ол әлеуметтік жағдайдан, әлеуметтік ортадан әлеуметтік құрылымнан туындатты.
Дюркгейм моральді мінез-құлықтың обьективтік ережелерінің жүйесі ретінде қарастырып, жеке индивидтің мойындамасқа лажы қалмайтын олардың императивті, мәжбүр ету сияқты айрықша белгілерін де көрсетті. Моральдің басты белгісі ретінде борышты (парыз) атады, оны қолдау адамның моральдық қасиетін арттырады. бұдан кейін Дюркгеймді қызықтырған моральдың еріктілік мәселесі, қажеттік, тартқыштық және моральдік құндылықтарға адамның мүдделі болу белгілері де оны назарынан тыс қалмады.
Моральдің әлуметтәк мәнін атап көрсеткен Дюркгейм, оның дін сияқты «құдіретті сипатын» ашып, индивидтен өзінің күшімен, беделімен асып тұратын қоғам моральдің қайнар көзі және обьектісі екенін баяндады.
Моральді қоғамдық жағдаймен байланыстырса да, Дюркгейм әлуметтік құрылымды түбегейлі өзгенртетін қоғамдық идеялды қажет емес деп санады. Әлеуметтік құрылымдағы өзгерістерге қоғамдық идеялды сәйкестендірсе жеткілікті деп есептеді. Сол кездегі қоғамдағы табиғаты жағынан моральдік саналған дағдарыстың негізіне жалпы адамдар санасының тез өзгерту қоғамда бұрын қалыптасқан тәртіпті жояды, соның салдарынан қоғамды моральдық жүгенсіздікке ( хаосқа) әкеліп соқтырады. Дағдарыстан шығудың жолы - ол моральді ретке келтіруді күшейту.