Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 20:46, реферат
Гупттар дәуірінен кейін, VI ғасырда үнді мәдениетінің дамуында жаңа кезең басталады. Осының алдындағы кезеңдегі қалалық және сарайлық мәдениетке барған сайын мейлінше дінге сүйенетін, елдегі ұсақ та ірі әкімдер күштеп енгізген мәдениет түрлері қарсы қойыла бастағаны атап көрсетіліп жүр. Олар өз биліктерін діни нышандармен байланыстырып отырған. Үнді мемлекеттеріндегі басты рольді енді діни қызметкерлер атқаратын болып алады, бұл кезде ескі дін — буддизм бірте-бірте ығыстырылып,индуизм жетекші дінге айналады. Маурьялар мен Гупттар әулеттерінен шыққан әкімдерге тән Үндістанды бірыңғай мемлекетке біріктіруге деген ұмтылыс ұмыт бола бастайды.