Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 20:46, реферат
Гупттар дәуірінен кейін, VI ғасырда үнді мәдениетінің дамуында жаңа кезең басталады. Осының алдындағы кезеңдегі қалалық және сарайлық мәдениетке барған сайын мейлінше дінге сүйенетін, елдегі ұсақ та ірі әкімдер күштеп енгізген мәдениет түрлері қарсы қойыла бастағаны атап көрсетіліп жүр. Олар өз биліктерін діни нышандармен байланыстырып отырған. Үнді мемлекеттеріндегі басты рольді енді діни қызметкерлер атқаратын болып алады, бұл кезде ескі дін — буддизм бірте-бірте ығыстырылып,индуизм жетекші дінге айналады. Маурьялар мен Гупттар әулеттерінен шыққан әкімдерге тән Үндістанды бірыңғай мемлекетке біріктіруге деген ұмтылыс ұмыт бола бастайды.
Гупттар
дәуірінен кейін, VI ғасырда үнді
мәдениетінің дамуында жаңа кезең басталады.
Осының алдындағы кезеңдегі қалалық және
сарайлық мәдениетке барған сайын мейлінше дінге сүйенетін, елдегі ұсақ та ірі
әкімдер күштеп енгізген мәдениет түрлері
қарсы қойыла бастағаны атап көрсетіліп
жүр. Олар өз биліктерін діни нышандармен
байланыстырып отырған. Үнді мемлекеттеріндегі
басты рольді енді діни
қызметкерлер атқаратын болып алады, бұл
кезде ескі дін — буддизм бірте-бірте
ығыстырылып,индуизм жетекші дінге айналады. Маурьялар мен Гуптта
Храмдық сәулет соңғы орта ғасырларда Оңтүстік Үндістанда біршама дербес дамыды. Оның бас кезін Паллавтар дәуіріне жатқызуға болады; олар билікке ие бола бастағаннан кейін көп кешікпей-ақ Канчипурамда зор храмдар салынды. Оңтүстік үнділік құдіретті Чолдар мен Пандьялар әулеттері күшейе бастаған тұста олардың астаналарында алып храмдық комплекстер дүниеге келеді. Мысал ретінде I Раджараджа тұсында Танджурда салынған Брихадешвара храмын, XI ғасыр басында тұрғызылған Раджарадешвара храмын, Гангаикондачолапурамдағы Брихадешвара храмын, сол сияқты Тируваннамалаидағы, Чидамбарамдағы, Тируккаликкунрамдағы храмдарды (XI және XII ғасырлар) алуға болады.
Бұл сияқты ортағасырлық индуистік
храм құрылысы бүкіл Үндістан жерінде
кең өріс алған. Осы елдің тек
бір ғана ауданында —Гуджаратта джайндік діни қауымдар күш алып, өздерінен
кейін назар аударуға тұрарлықтай көптеген джайндік құрылыстар қалдырған. Бұл дәүір индуистік өнердің Үндістанға мұсылман жаулаушыла