Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2012 в 18:07, лекция
Ғылымда діннің мәні қалай бағаланып түсіндірілгенімен, социология қоғамның дінге әсер ету жәйтін мойындамай алмайды, жоқ дегенде теологияға қарағанда ол діннің мазмұнының және оны ұйымдастыру формаларының өзгерісін табиғи, эмпирикалық белгіленіп отыратын күштердің, бірінші кезекте әлеуметтік күштер әрекетінің нәтижесі ретінде түсінеді. Бұл дінді психология, философия немесе тарих қалай көріп, бейнелейтінінен ерекшеленеді.
Шіркеу мен сектаны айыра отырып, баға беру өшемі емес, таза социологиялық өлшемді басшылыққа алу керек, себебі сектаға кіру саналы түрде қабылданатын шешім болап табылады; секта шіркеуге қарағанда көп нәрсеге міндеттемейді, бұл жерде секта мүшелерінің оның белсенді әрекетіне белсенді қатысуы айтылып отыр. Секта өз мүшелері үшін жауапты болады және оған кіру кезінде өз еркімен мойнына алынған міндеттерін орындамай жүргендерін шығарып тастайды. Сондықтан діни ағымға тиістілік адамның діни байсалды түрінің кепілі, онымен іс жүргізу болатындығының куәсі ретінде қызмет етуі мүмкін.
Жоғарыда келтірілгенен түрлендірудің біршама басқаша түрі бар, оның авторы Трельг болды. Ол ұйымның үш типін бөліп көрсетті - шіркеулік, сектанттық және мистикалық. Шіркеу әлеуметтік конформизмді таныта отырып, “христос үшін бүкіл әлемді жаулап алуға” тырысады және қоғамды қандай күйде болса, сол күйінде қабылдайды. Секталар керісінше, олар қоғамды құтқару емес, христостық этикалық өсиеттеріне қатаң бағына отырып, өмірді құтқаруға тырысады, сондықтан оларға “дүниені” қабылдамау, оның “жалғандығына” қарсы қарсылық көрсету тән. Шіркеуден сектаны бөліп алу - ол, әділеттілік пен теңдік жайындағы қамқорлықты орнына қайта келтіру үшін талпыныс, бұл қоғамға ықпалын сақтап қалу үшін шіркеуге келіп түсіп жатыр. Мистиктер дүниеден одан әрі артта қалуда және құдаймен бірігу сезіміне жетуге тырысады. Оларда, этикалық кемелденудің үлгісі болуға тырысқаннан гөрі, басқа істер маңызды. Трельгте діни ұйымдардың типтерін айырмау өлшемі олардың әлеуметтік нақтылыққа көзқарасы болады. Шіркеу мемлекеттілікке, мемлекеттік шіркеуге, кертартпалыққа жақын. Секта - ол діни оппозиция, дүниені жатсынғандықтың, оны қабылдамаудың діни көрініс беруі. Бұл мемлекетке, қоғамға өшпенді сенушілер қауымы. Шіркеу құдайы өмірге бар нәрселерге ризашылығын білдіреді, секта құдайы айыптайды, қарғайды. Діни ағымның қайнар көзі - әлеуметтік әділетсіздік, азап, қорлық көргендердің қарсылығы. Ертеректе христиандық империяға қарсы бишаралардың сектасы болды, кейінірек ол Рим империясының мемлекеттік шіркеуіне айналды. Міне оның бірте-бірте дамуынан шіркеулік діндарлық пен сектанттық діндарлық өздерінің әлеуметтік және саяси ұстанымдары бойынша әжептәуір айырмашылығы бар екенін көреміз.
Діни ұйымдарды типке бөлудегі келесі бір қадам өткен ғасырдың 20-шы жылдарында Р.Нибур тарапынан жасалды. Ол секта мен шіркеуді діни ұйымның даму кезеңдері ретінде көрді: секта шіркеуге айналуы мүмкін, ал шіркеу секта болып кетуі мүмкін. Нибур, әзірге қалыптасу, эволюция, ұйымдастырушылық дайындық кезеңінде тұрған діни бірлестіктерді атау үшін деноминациялар деген түсінік енгізді. Ол шіркеу мен секта арасындағы айқын шекараларының жоқтығына, бұрынғы оппозициялығын жоғалтқанына назар аударды. “Дүниені” жоққа шығару оны мойындаумен ауысуда, секталар өзінің дүниеге деген көзқарасы бойынша шіркеуден ерекшеленуін қойды, алайда олар бірқатар басқа қатынастарда “шіркеу” деген түсінікке сәйкес келмейді.
Осындай барлық ұйымдар деноминация деген атқа ие болады, ұзақ уақыт бойы өмір сүруші секталар соңына келгенде дін ұстануға айналады, мысалы методизм. Ол тағы бір түсінік - табынушылық түсінігін ұсынды. Бұл әдетте қоғамда өмір сүруші құндылықтарды, ресми көзқарастарды, т.б. қабылдамаушы адамдар бірлестігі әлеміне қатысты сектаны еске салушы ретінде көрінеді. Бұл қандай да бір діни, харизмалық типтегі жетекшінің айналасында шоғырланатын, өте көп ізбасарлары бар айтарлықтай аморфты бірлестік. Қазіргі кездегі діндердің мысалына спиритуализмді, трансценденталды медитация қозғалысын, астрологияға сенуді, т.б. жатқызуға болады. Кейде бұл ұғым Христостың мыңжылдық патшылығының орнығуы үшін милленаристік (мыңжылдықты) қозғалыстарды атау үшін қолданылуда.
Бұл ұғымдардың барлығы христиандықты талдауға негізделген, діни ұймның өзіне тән ерекшеліктерін көрсетеді. Алайда кейбір ірі діндерде дамыған бюрократиялық иерархия жоқ, мысалы индуизмге, исламға қатысты секталарды айтуға болады. Және басқа да әлемдік діндерде осы сияқты топтасқан топтар болады. Бірақ олар “секта-шіркеу” деген міндетті дихатомияға енгізілмеген.
“Шіркеу”, “секта”, “деноминация”, “дін ұстану”, “табынушылық” түсініктерін біршама шартты түсініктер деп санауға болады. Сонда олар діни өмірдің жағдайы мен формаларын сипаттаушы маңызды тенденцияларды талдау үшін пайдалы болады. Қазіргі кезде әлемде түрлендіру проблемасы, шіркеуден тыс діндарлықтың дамуына байланысты қажетті деңгейдегі мәнге ие болуда, зерттеушілердің назары индивидтің ішкі діншілдігі мен қатаң тәртібі, салты, ұйымы бар шіркеулік институциалданған діншілдіктің ара қатынасына қарай ауып отыр. Типке бөлуді жасау діни топтарды эмпирикалық зерттеудің дамуындағы маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Сондықтан қорытынды ретінде,
дінді жалпы социологиялық
Егер дін зерттеудің категориясы ретінде жекелеген тұлғаларға діни сенімдердің, әрекеттердің және қатынастардың субъектісі ретінде тікелей көңіл бөлмейтін болса, онда діншілдік ортақ сенім мен дін бойынша біріктірілген және топқа кіретін жекелеген адамдардың санасында және жүріс-тұрысында діннің жалпы әлеуметтік табиғаты қалай іске асырылып жатқанын анықтауға негізделген нақтылы әлеуметтік қауымдастықтар мен индивидтерді зерттеуді талап етеді.
“Діншілдік” түсінігі социологиялық зерттеудің тікелей объектісі - тұлғааралық белгілі бір жиынтығымен ара қатынаста болуы мүмкін және осы қатыстылықты теориялық талдау негізінде зерттеліп отырған жиынтықтың діншілдік белгілерін зерттеу рәсімі жасалынады. “Діншілдік” түсінігін талдау, оның эмпирикалық түсіндірілуі, оны зерттеудегі нақтылы ғылыми социологиялық бағдарламасын жасаудағы басты әдістемелік алғышарты болады.
Социологиялық тұрғыдан зерттеуде бір-бірінен мазмұны өзгеше және діншілдіктің эмпирикалық толысуын толық мөлшерде ашу үшін айырып алуды және анықтауды талап ететін бірқатар басқа да ұғымдар қолданылады. Діннің жеке адамға әсер ету деңгейін белгілеп алу бізге былайша айтқанда діншілдену дәрежесін береді. Ол діншілдіктің эмпирикалық белгілерін саптау және тиісті шаманы құру негізінде анықталады. Ол діншілдік дәрежесі бойынша ерекшеленетін тұлғаның мүмкін болатын бірнеше типтерін қамтиды. Сонымен қатар бірқатар социологтардың дінді кеңейтілген күйінде түсінуге бейімдігін есепке ала отырып, бұл белгіні қандай да бір діни бағыттың жолын ұстанушылық дәрежесі деп түсіндірме беруге болады, себебі адам жалған діни ортада немесе топта, айталық онда сенім объективті қасиетсіздендірілген және о дүниелік әлемде болмайтын азаматтық дінде және сенім жағдайында, табынушылық тәжірибеде, жүріс-тұрыста болуы мүмкін.
Белгілі бір адамдар тобының, аймақ тұрғындарының, демографиялық немесе әлеуметтік топтың белгілі бір дінге көзқарасы діншілдік дәрежесін білдіреді. Ол діншіл адамдарды топтың жалпы санынан бөліп алу және олардың пайыздық ара қатынасын анықтау негізінде анықталады. Сол қауымдастығы немесе аймақтағы типологиялық топтардың ара қатынасын анықтауда мүмкін екендігі айтылуда.
Діншілдік сипаты деген түсінік түрлі діндердің немесе дін өкілдерінің діншілдігіндегі сапалы айырмашылығын анықтайды. Мысалы, буддистердің діншілдігі христиандардың діншілдігінен ерекшеленеді. Бір діннің ішіндегі әр түрлі бағыттар мен ағымдар өкілдерінің, мысалы протестанттар мен католиктер, шейіттер мен суниттер арасындағы діншілдігінің айырмасы әрқалай болуы мүмкін. Онымен қоса, бір-біріне сәйкес келмейтін діни және діни емес жүйелердің, сектанттардың, адептердің жолын ұстанушылардың діншілдік сипатын толықтай ұқсас болуы мүмкін.
Сондықтан дінді және діншілдікті нәтижелі социологиялық тұрғыдан зерттеудің маңызды әдістемелік алғышарты дінді объективті түсіну және анықтау болады. Кеңестік социологиялық тәжірибеде дінге және діншілдікке кеңейтілген түсіндірме беру біршама кері ысырылған еді. Дін қоғамдық сана-сезім шеңберінде оның бір формасы ретінде мойындалған еді, бірақ оның басқа түрлеріне, өтірік, жалған сана-сезім, индивидтің дүниені тануына кері әсер етуші ретінде қарама-қарсы қойылды. Көптеген ғалымдар ойынша табиғаттан тыс нәрсеге сену - нормалардың, құндылықтардың белгілі бір жүйесін дін деп санауға мүмкін беретін ерекшелендіріп тұрушы белгісі. Қоғамдық сананың басқа түрлері мен формаларының барлығы ғылыми білімнің, жұмысшы тап жеңіске жетіп, қоғамды дінсіздікке қозғайтын түпкілікті шындық коммунистік идеологияның қол астында қалды. Алайда коммунизмді құрудағы коммунистік идеология мен тәжірибе қызметтерінің, салттары мен табынушылығының діннен өзгешелігі азғантай ғана болады. Бір айырмашылығы табыну объектісі былайша айтқанда, осы дүниелік ғылыми дәлелденген сипатта болды.
Сондықтан діншілдіктің деңгейін зерттеуде көбіне діншілдіктің деңгейін фанатизмнен бастап деферентті формалары, шыдамдылық арқылы атейзмге дейін тізбелейтін шама қолданылды. Әрине, мүндай тұрғыдан келуде діншілдіктің деңгейі, дәрежесі, сипаты, зерттеулерде бара-барлылық көрініске ие бола алмады. Діншілдіктің жан-жақты белгілерін қалыптастыруда және оны теориялық-әдістемелік зерттеуде, эмпирикалық зерттеуде, діннің кеңейтілген түсіндірмелердің түрлі элементтерін қолдану қажеттілігін мойындауға тура келеді. Олар табиғаттан тыс нәрсеге сенуден емес, өмірлік мәнді жүйелерге және әлеуметтік құндылықтарға, діни-мистикалық тәжірибедегі қатынасынан, сенушілер арасындағы қатынастар мен жүріс-тұрыс жүйелерінен күш алу керек. Содан кейін барып дүниетанымдық индикаторлар түрінде, бірақ сыртқы әлеуметтік және мәдени көріністерінде қолданылуы керек.
Информация о работе Дін социологиясының қалыптасуы мен дамуы