Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2012 в 18:07, лекция
Ғылымда діннің мәні қалай бағаланып түсіндірілгенімен, социология қоғамның дінге әсер ету жәйтін мойындамай алмайды, жоқ дегенде теологияға қарағанда ол діннің мазмұнының және оны ұйымдастыру формаларының өзгерісін табиғи, эмпирикалық белгіленіп отыратын күштердің, бірінші кезекте әлеуметтік күштер әрекетінің нәтижесі ретінде түсінеді. Бұл дінді психология, философия немесе тарих қалай көріп, бейнелейтінінен ерекшеленеді.
Басқаша түрдегі мысалдарды келтіруге болады. Алайда діни тұрақтылық көбінесе бүкіл қоғам үшін сөзсіз өте үлкен игілік бола отырып, радикалды саяси қозғалыстарға өзін балама ретінде көрсетті, ал белгілі бір жағдайда функционалды түрде қоғам үшін пайдалы болатын тұрақтылықты қиратуға бағытталған қозғалысқа қосылуы мүмкін. АҚШ-тағы Мартин Лютер Кинг бастаған негрлердің азаматтық құқық үшін күш көрсетусіз түрде болған қарсылығы, апартеидке қарсы болған діни қозғалыспен байланысты болды. Егер діни идеология, барлық адамдар құдай алдында тең деп айтқанымен де, сонда да әлеуметтік, ұлттық теңсіздік құқығын шектеушілік болатын болса, онда жапа шегуші топ өкілдері үшін, құдай алдында адамдардың бәрі тең дегені жайындағы діни оқылымдар, теңдік үшін, бостандық үшін күрестің рухани себепкері ретінде қызмет етуі мүмкін.
Сонымен, егер фукнционалды теория діннің тұрақтылықты ұстап тұратын факторы ретіндегі рөліне назарын шоғырландыратын болса, жанжалдар теориясы - оның өзгерістердің шығатын көзі ретіндегі рөліне назарын шоғырландырады. Жанжалдар теориясы діннің рөлін өзінше түсінуін, салмақты тарихи мәліметтермен дәлелдеу мүмкіндігіне ие. Ол қоғамды әлеуметтік статикаға бағыт алушы, тек функционалды байланыстарды анықтауға ғана көңіл бөліп, жанжалдарды елемеуге бейім деген түсініктерге маңызды түзетулер енгізеді. Діни жанжалдар әлеуметтік өзгерістерге жол ашуы мүмкін және өз кезегінде әлеуметтік өзгерістер мен әлеуметтік жанжалдар діни салада өзгерістерге алып келуі мүмкін немесе алып келеді.
Сонда да жанжалдар теориясы өз назарын қарама-қарсылық пен күреске шоғырландыра отырып, оларсыз қоғам өмір сүруге қауқарсыз деп ынтымақтастық пен кооперацияны түсіндіруде айтарлықтай қиыншылыққа тап болады. Әлеуметтік өмір теориясы екі сәтті де - үйлесім мен диссонансты есепке алуға міндетті, - алайда олардың сәйкестенуі, тепе-теңдігі нақты материалды таңдауда бірде басқасына, екіншісінде басқасына екпін салуға мүмкіндік бере отырып, айтарлықтай кең шектерде құбылып отырады. Соңына келе бұл екі тұрғы өзара жоққа шығарушы емес, өзара бірін-бірі толықтырушы болады. Діннің қоғамдағы рөлі тек фунционалдыққа немесе тек дисфункционалдыққа келіп тірелуі мүмкін еместігі анық. Діннің кері интеграцияның, қиратудың, жанжалдың факторы ретінде көрініп жататын жағдайлары, оны әлеуметтік патология қатарына қосу үшін негіз болмауы керек.
Діннің жіктелу мен теңсіздікке көзқарасын біз, бірқатар жағдайларда шындығында әлеуметтік бөлінудің діни заңдастыруы бар екендігінен көреміз. Бұған мысал ретінде көбінесе Үндістандағы касталық жүйе келтіріледі. Онымен бірге дін құлдық пен нәсілшілдікті тікелей ақтап алуға пайдаланғаны белгілі. Алайда дін әлеуметтік теңсіздіктің түрлі көріністерін қатаң түрде айыптап, сөккені жайлы мысалдар келтіруге болады. Діни сенім түрлі әлеуметтік жағдайлар мен қатынастарды ақтап алатыны, нақты бишаралықтың да оған қарсы наразылықтың көрінуі ретінде қызмет ету мүмкіндігі айқын. (Маркстің сөзімен айтқанда). Бұл діннің әлеуметтік негізі бар екендігін және оның қызметтерінің әлеуметтік айқындалғанын тағы да дәлелдейді.
Қарастырылып отырған ара қатынастың маңызды жағы - белгілі бір әлеуметтік топтар, қоғамдық стратификация мен наным-сенімдердің белгілі бір жүйелер арасындағы байланыс. “Сословие, таптар, дін” мәселесі Вебер тарапынан “әлемдік діндердің шаруашылық этикасы” атты жұмысында өте тамаша қарастырылған. Ол қандай да бір топтардың өмірлік жүріс-тұрыстары тиісті діндердің іс жүзіндегі этносына күшті әсер еткенін және оларға бір-бірінен ерекшеленіп тұратын өзіндік ерекшелігі бар белгілер бергенін көрсетуге тырысты. Айталық, конфуцишілдік, пайда болған ақсүйектік рационалдық бюрократияның сословелік этикасы болды. Ерте индуизм иеленушелрі, әдеби тұрғыдан ойдан ойластырылған мұрагері касталардың өкілдері болды; керісінше, ешқандай қызмет орындарында болмаған, тек ведалық білімі бар брахмандар діни дәстүрлерді иеленуші шынайы діни сословие ретінде болды. Буддизм болса, ойға шомуға берілген және дүниеден безіп қаңғырып, ел аралап жүрген монахтар тарапынан көпшілікке таратылды. Ислам алғашында дін үшін күресуші жауынгерлердің, басқыншылардың, рыцарьлық орденнің діні болған. Иудаизм вавилондық тұтқыннан кейін - “пария - халық” діні болды; ал христиандық әуел баста ел аралап жүрген қол өнершілердің ілімі, сипаты бойынша өзіндік ерекшелігі бар қалалық дін болды.
Тағы бір естен шығармау қажет жағдай; ол діни тиістілік кез келген топтардың өздерінің “сәйкестенуі” арқылы топтасу құралы ретінде, мысалы ескі дәстүршілер ресми- провославиелік ортада, иудаизмнің жақтастары христиандық ортада, яғни азшылық жағдайда қызмет етуі мүмкін.
Діннің саясатқа қатынасы түрлі аспектілерде зерттелген. Мемлекеттің пайда болуы мәселесі ерте кезеңдерде діни тұрғыдан қарастырылды. Алайда деректі тарихқа жүгінер болсақ, ол жерде дін мен саясат архаикалық мәдениет заманынан бері екі жеке дербес сала ретінде көрінеді. Онымен қоса, саяси билікті заңдастыру қажеттілігі туындайды, бұл қызмет белгілі бір қатынастарда саяси элитамен бәсекелестікке түсе алатын ерекше топтың, діни кәсіпқойлар мен дін басыларының қолына шоғырланды. Алайда мемлекеттік - ұйымдасқан қоғамдардың көбісінде саяси элитаға діни жағынан шынайы қауіп тудыруға өте сирек болды. Атап айтқанда, антикалық Грецияда немесе Римде. Сонда да дін басыларының саяси амбицияларының белгілі бір жағдайда күшейе түсуі (былайша айтқанда “құтқарушы діндерде” олардың нақтылы тарихи күштердің әрекет ететін саласынан тыс жататын бұл әлемдік емес мақсаттары - “құдай патшалығы” деген ұстанымдарымен) әбден мүмкін. Осындай негізде өзін шіркеуге саяси жақындығы бар зайырлы биліктен жоғары қоятын теократиялық идеал түріндегі баламаның қалыптасуы мүмкін. Әсіресе исламда азап шегу мен қарама-қайшылықтарда рухани және зайырлы биліктің тең позицияларының қалыптасуы жүреді, ол жерде о бастан діни шектеулер қасаң қағидалышылық түрінде бекітілген.
Қазіргі қоғамда діни мен саяси институттардың өзара қатынасы келесі екі аспектіде қарастырылады. Біріншісі діннің сол қоғамның құндылықтарын негіздеу мен қолдау қызметін орындауымен байланысты. Бұл құндылықтар заңға және билікке қатысты көзқарасқа әсер ете отырып, саяси әрекетке (қарсы шығу немесе қолдау) тартылған. Екіншісі - діннің саясатпен, қандай да бір әлеуметтік топтардың ықпалының күшеюіне байланысты мүдделерін білдіруші институция ретінде қатыстығын анықтау. Діни ұйымдар, институционалды діни ұйымдарды қоса алғанда, белсенді идеологиялық әрекет арқылы саясатқа араласады, адамдардың ақыл-ойы үшін идеологиялық шайқастарға қатысады. Діни топтар қалай болғанда да түрлі формаларда және түрлі дәрежеде қоғамның саяси өміріне қатысады. Бұл қатысу діни идеологиямен немесе оның қызмет етуінің объективті жағдайларымен анықталады. Қатысу саяси енжарлыққа, қатыспауға бағыт алуда, бұл топтардың қатыстырылмауында көрінуі мүмкін, ол халықтың белгілі бір бөлігінің биліктен жатсынғанын білдіреді.
Қазіргі тарихи кезеңнің ерекшелігі ол этикалық өлшемдермен санасатын саясатқа қажеттілік болып табылады. Моральдық міндеттемелерге тәуелді болмайтын саясат ядролық ғасырда өте қауіпті. Осыған байланысты діннің саясатқа, саяси күштердің күресінде төреші рөлін орындаушы этникалық фактор ретінде әсер етуі ұлғая түседі.
Діннің экономикамен ерекше байланыстары бар. Вебердің шаруашылықтың капиталистік жүйесінің пайда болуында протестанизмнің рөлі туралы зерттеуі дін мен экономика арасындағы әрекеттесуге көңіл бөлуді күшейте түсті. Бұл бағыттағы жұмысты Р.Белла жалғастырды. Ол жапон дінінің белгілі бір белгілері елдің жылдам экономикалық дамуында маңызды рөл атқарғанын көрсетуге ұмтылыс жасады. Ол жапондық самурайлардың діни-этикалық жүйесінде протестантық этиканың баламасы бар екенін көрсетті. Олар Р.Белланың болжауынша Жапонияда капитализмның дамуына жол ашты.
Вебер ұсынған бағытпен қатар экономика саласында сиқыршылық әрекеттердің рөлін де зерттеу жүргізіліп жатыр, этнологтар бұл әрекеттер қажетті түрде тиімді және қоршаған әлемге бейімделуді қамтамасыз ете алушы бола алатынын көрсетті.
Жалпы діннің басқа әлеуметтік институттармен қатынасы проблемасының бүкіл жиынтығы діннің әлеуметтік-мәдени өзгерістердегі рөлі деген басты мәселелермен байланысты. Бұл мәселе, діннің рөлі қоғамда болып жатқан өзгерістерді уақыт бойынша қандай да бір артта қалушылықта болумен шектеліп отырады ма немесе дін осы өзгерістердің қозғаушы күші “моторы” болып табылама деген мәселе жөнінде. Қазіргі уақытта бұл проблеманың тәжірибелік жоспары “үшінші әлем” елдерін жаңарту процесінде пайда болатын өте өткір қарама-қайшылықтар мен қиыншылықтарға байланысты аса мол.
Мысалы, христиандықтың бірте-бірте дамуы қазіргі оразасын жиі “сектанттық” деп атайды. Оны діни плюрализм және дінді жекешелендіру деп сипаттауда. Сенушінің әрекеттеу саласы өзіне-өзі жауап бола отырып, еңбек етіп, өмір сүретін секуляризацияланған қоғам болып табылады. Қазіргі кездегі христиандықтың негізгі проблемасы - бұл дәстүрлі христиандық этиканы қазіргі замандағы қоғамның күрделі проблемаларын түсінуге сәйкестендіре алатын, қоғамда христиандық құндылықтарды тереңірек түрде іске асыруға жол ашатын жаңа “өмірлік құндылықтар” жүйесін жасап шығару болып отыр.
Осыған байланысты қазіргі дін социологиясында, діннің қоғамға әсер етудің екі тұтас процесі және діннің әлеуметтік факторлардың әсерімен өзгеруі қоғамның тарихи даму барысында өзгеруі ретінде діннің эволюциясы тұжырымдамасы жасалуда.
Дін социологиясы дінді дамушы құбылыс ретінде оны талдауға көңіл бөле отырып, қазіргі уақытта шынайы тарихи контекстіде, ислам дінінің зайырлы мәдениетпен және дінсізденген қоғаммен әрекеттесуі, қазіргі әлеуметтік-саяси процестерге, сонымен қоса Еуразия кеңістігіндегі посткоммунистік қоғамдар жағдайында исламның ықпалының мүмкіндіктері мен сипаты сияқты, қазіргі кезеңнің маңызды проблемаларын қоюда.
Діни ұйымдар мен діни индивид типологиясы
Дін зайырлы институттармен әрекеттесе отырып, “әлемде” өмір сүру үшін қандай да бір әлеуметтік ұйымдасқан формаға айналу керек. Әрине, бұл проблема әлеуметтік жіктелудің дамуының айтарлықтай жоғары кезеңінде пайда болады. Ерте кезеңдерде діни топтар құпиялы қоғамдар түрінде пайда болды, олардың оны құрғандағы және іс әрекетінің мақсаттары тек діни мақсаттар ғана болған жоқ. Жоғары деңгейде дамыған мәдениеттерде жаңа феномен пайда болуда, ол - әлеуметтік топтардың діни негізі бойынша қалыптасуы.
Ежелгі Шығыс қоғамдарында діни құрылыс мемлекеттік құрылыспен сәйкес келді. Оларды межелеп бөлудің алғашқы қадамы заң, құқық саласының дінге табынушылықтан бөлінуі болды. Рухани биліктің зайырлы биліктен, діни міндеттердің азаматтық міндеттерден, діни ұйымдардың саяси немесе корпоративті ұйымдардан әрі қарай жекелене түсуі христиандықпен байланысты.
Діни қауым о баста - діннің негізін қалаушы, оқытушы мен оның оқушыларын біріктіруші топ. Бұл ешқандай тұрғыдан ресми бекітілмеген жеке байланыс. Тек кейінірек христиандықта діни иерархия қалыптасады, ол шіркеуге айналады.
Өзіндік ерекшелігі бар діни топтың ұйымдастырушылық бекітілуі оның “әлемнің” белгілі бір сипаттарына ие болуымен және олармен ымыраға келе алу міндетімен байланысты. Діни ұйымдардың түрлерін социологиялық талдау кезінде діни ұйымдардың қоғамға көзқарасы жөніндегі мәселе негізгі мәселелердің бірі болады және “шіркеу” мен “секта” арасындағы қатынастарды анықтайды.
Діни топ әрекетінің ұйымшылдығы басшылықпен, рухани жетекшінің іс әрекетімен анықталады. Социология үшін маңызы зор рухани басшылардың бірнеше түрлері болады. Ең маңызды түрінің бірі - “пайғамбар”, діни оқылымдарды немесе құдайды мадақтаушы, жеке дара харизманың иегері. Пайғамбар осы ертеректегі ашылымдарды мадақтай алады және сол кезде ол жаңа дін құрмайды, бірақ ескі дінді жаңа арнаға салады, яғни діни реформалар ретінде алға шығады. Егер пайғамбар дүниеге тіпті жаңа ашылым алып келсе, онда ол діннің негізін қалаушы болады.
Пайғамбарларға қарағанда дін қызметкерлері өз қызметінің міндетіне сәйкес құтқару, аман-саулық береді, олардың беделі жеке ашылымға немесе харизмаға емес дәстүрге негізделген; олар ұйымды білдіреді. Олар “өзінен шыққан” оқылымдарды емес, мазмұны бар қатаң белгіленген және бақылаушы оқылымдарды мадақтайды.
Рухты шақыра алатын және о дүниемен сөйлесе алатын сиқыршы мен дуалаушының ісі индивидтің харизмалылығы арқасында іске асады. Сиқыршының дін қызметкерлерінен айырмашылығы бар. Оның “ісі” - оқылымда емес, парызда емес; ол көбіне анық болған нәрселерді түсіндіреді. Бұл кезеңде ашылым ғайыптан келген кітапты немесе транс сезімін мадақтаушы формасында көрінеді. Пайғамбар көбінесе “кәсіби түрде” болжам жасауды, емдеуді, кеңестер беруді тәжірибеден өткізеді. Мұндай жағдайларда олар болжағыш, түс көргіш, ғажайып іс жасаушы, құтқарушы ретінде алға шығады. Тағы бір түрі - әулие, оның мәртебесі жеке жетістіктері мен дін саласындағы ерліктеріне байланысты. Діни қайраткерлерінің қызметін бұлайша талдау, Вебер үшін пайғамбар жолын жеке ұстанушылық, қауым ішінде оның оқылымдарын орындаудың қарапайым процесі, ол арқылы оқылым бірлестіктің арнайы діни мақсаттарға қызмет етуі үшін дайындалған қандай да бір үнемі жұмыс істеуші мекеме шеңберінде күнделікті өмірге енеді деген маңызды тұжырымын негіздеуге мүмкіндік береді. Алдымен бұл миряндардың ерікті бірлестігі, қауымдастығы еді. Қозғалыстар көбінесе діни реформалар кезінде үнемі әрекет ететін қауымдардың ұйымдасуына алып келеді. Бұл ұйымдар саяси билікпен ара қатынасқа түседі. Діни қауымда діни тиістілігі түсінігі қалыптасады; діни қауымдастықтардың бірігуі және басқарушы орталығы пайда болуы шіркеулік ұйымның құрылуына алып келеді.
Вебердің пікірінше “діни ағымдардың” өзгешелігі ол барлық уақытта қауымдастықтардың жабық бірлестігі ретінде қалыптасуында, сондықтан діни ағымға тиістілік барлық уақытта жеке қауымға келісім-шарт негізінде енуге байланысты болады. Шіркеулер болса барлығын құтқару ісін басқарып отырады. Діни ағымдар керісінше олар іріктеп алынғандардың қауымы болғысы келеді.
Информация о работе Дін социологиясының қалыптасуы мен дамуы