Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 19:36, реферат
Социологиялық зерттеулер барысында заңды тыңдайтын азаматтардың құқықтық мінез құлығының себептері мен мақсаттарын, сондай-ақ заңгерлер «құқық бұзушы» деп танитын тұлғалардың құқықтық сана сезімінің деңгейі зерттеледі, социологтар «құқық бұзушыны» девиантты(ауытқыған) не делинквентті(қылмыстық) мінез-құлығы бар тұлға деп таниды.
Девиантты мінез құлықтың мәнің түсінудің басты шарты ретінде «норма» ұғымы енгізіледі. Әлеуметтік норма-нақты қоғамда тарихи қалыптасқан жеке адамның, әлеуметтік топтың не ұйымдардың рұқсат етілен мінез-құлық шаралары. Әлеуметтік нормалардың негізі құқықтық заңдарда, мораль мен этикетте жатыр.