Девиантты мінез-құлықтардың адам өміріне әсері

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 19:36, реферат

Описание работы

Социологиялық зерттеулер барысында заңды тыңдайтын азаматтардың құқықтық мінез құлығының себептері мен мақсаттарын, сондай-ақ заңгерлер «құқық бұзушы» деп танитын тұлғалардың құқықтық сана сезімінің деңгейі зерттеледі, социологтар «құқық бұзушыны» девиантты(ауытқыған) не делинквентті(қылмыстық) мінез-құлығы бар тұлға деп таниды.
Девиантты мінез құлықтың мәнің түсінудің басты шарты ретінде «норма» ұғымы енгізіледі. Әлеуметтік норма-нақты қоғамда тарихи қалыптасқан жеке адамның, әлеуметтік топтың не ұйымдардың рұқсат етілен мінез-құлық шаралары. Әлеуметтік нормалардың негізі құқықтық заңдарда, мораль мен этикетте жатыр.

Работа содержит 1 файл

девиация.docx

— 26.45 Кб (Скачать)

                                  Тақырыбы: Девиантты мінез-құлықтардың адам өміріне әсері 

Социологиялық зерттеулер барысында заңды тыңдайтын азаматтардың құқықтық мінез құлығының себептері  мен мақсаттарын, сондай-ақ заңгерлер  «құқық бұзушы» деп танитын тұлғалардың  құқықтық сана сезімінің деңгейі  зерттеледі, социологтар «құқық бұзушыны»  девиантты(ауытқыған) не делинквентті(қылмыстық) мінез-құлығы бар тұлға деп таниды.  
Девиантты мінез құлықтың мәнің түсінудің басты шарты ретінде «норма» ұғымы енгізіледі. Әлеуметтік норма-нақты қоғамда тарихи қалыптасқан жеке адамның, әлеуметтік топтың не ұйымдардың рұқсат етілен мінез-құлық шаралары. Әлеуметтік нормалардың негізі құқықтық заңдарда, мораль мен этикетте жатыр.  
Көптеген жағдайларда ауытқыған мінез-құлық әлеуметттік санкцияға жатқызылады. Тәртіп бұзуға, адамдар арасынадағы қатынасқа(өтірік, дөрекілік) байланысты түзетулер девиацияның әлсіз және кездейсоқ формаларын қоғамдық пікір тіркейді және қатысушыларлың өз арасында жағдайға байланысты түзетулер енгізіледі. Девиацияның тұрақты формаларын жазалау әдістері мен құралдары ауытқулардың қауіптілік деңгейіне байланысты анықталады. Мұнда евиация дегеніміз кең мағынадағы әлеуметтік құбылыс екендігі ескеріледі(қоғамдық орын мен отбасындағы дөрекіліктен бастап, адам өлтіруге дейінгі) Сондықтан мінез құлықты кең және шағын мағынада алып қарастырады.  
Тар мағынада алғандағы  
девиантты мінез-құлық қылмыстық жазалауға жатпайтын,яғни құқық бұзушылық болып есептелмейтіе ауытқулар ретінде түсініледі.  
Кең мағынада алғанда девиантты мінез-құлық құлыққа қарсы барлық формалар ретінде түсініледі. Осылайша, адамның өзін-өзі өлтіру-девиация, ал біреуді өлтіру қылмыс болып есептеледі. Құқыққа қарсы әрекеттердің жиынтығы немесе қылмыстар делинквентті мінез құлық деген атқа ие болады. Бұл екі мән де социологияда да, құқық социологиясында да қолданылады. Маңызды қылмыстардың барлығы саналы түрде жасалған-жасалмағанына қарамастан, құқыққа қарсы әрекет санатына жататын болса, делинквентті мінез-құлыққа жатады. Мұндай мінез құлыққа ұрлық, алаяқтық, тонау,пара, құжаттарды қолдан жасау, өндірістік шпионаж жатады.  
Заңды социологияда халықтың мінез-құлыққа жақын санатын, яғни қатерлі тобы бөліп көрсете алады. Оларға, мысалы қаңғыбастар, маргиналды топтасулар жатады.  
Потология-әлеуметтік ауытқулардың келеңсіз формалары болып саналады, оған: қылмыс, маскүнемдік,нашақорлық, жезөкшелік жатады. Бұл формалар дисфункционалды, оларға қоғамға бүтіндей және нақты жеке тұлғаға зиян әкеледі.  
Құқық бұзу мен оның неғұрлым ауыр формасы-қылмыс өзінің әркелкілігімен, сондай-ақ қоғамдағы келеңсіз көрінісімен тіпті қауіптілімен ерекшеленеді. Бұл құбылыстарға социологиялық тұрғыда қарау дегеніміз олардың табиғатын,себебің және қайта өндіру мен қызмет ету механизмін, тарихи шарттасқан қоғамдық құбылыстармен байланысын, сондай-ақ оларды жеңу жодарын айқындау  
Девиантты мінез-құлықтың себебі, негізгі көзі неде? Бұл сұраққа әр қаладағы ғалымдар, соның ішінде социологтар мен заңгерлер басын қатырды.  
Кеңестік тұжырымдамада таптық тамырдың мәнін ашуға басты назар аударылды: таптық қоғамда қылмыс қоғамдық қатынастардың өз құрылысынан туындап жатты. Таптық себептерге ерекше мән беру социализмде қылмыс жасауға арнайы себептер жоқ деген тұжырым жасауға итермеледі.  
Идеологияның жалаң қағидаларын жеңе отырып, біздің ғалымдар аймақтық, жастық, кәсіптік, әлеуметтік-таптық т.б сияқты әр түрлі заңдылықтарды ашып берді. Бүгінде мәселені зерттеушілердің көпшілігі әлеуметтік бастама кез-келген саналы мінез-құлыққа басым болатынына,оның жеке тұлға құрылымындағы биологиялық элементтермен терең өріліп жатқанына келіседі.  
Әлеуметтік терең қайшылықтар қылмыс, нашақорлық, маскүнемдік, жезөкшелік сияқты келеңсіз құбылыстарға әкелмеуі мүмкін емес. Мысалы, қылмыстың сондай әлеуметтік факторына кедейшілік жатады.БҰҰ-ың эксперттерінің 1998 жылғы есебіне қарағанда, планетада  
миллиардтан астам өте кедейшілікте,1,3 миллиард адам суға жарымай, 1 миллиард адам тұрғын үйсіз,880 миллион адам тиісті медициналық көмек ала алмай, сонша адам сауатсыз өмір сүріп жатыр. Африка мен Оңтүстік Азияның көптеген елдері кедейшіліктен шыға алмай отыр. Тұтынудағы  
айырмашылық та өсіп келеді:ең бай деген елдерде тұратын халықтың 20 проценті ең кедей деген елдегі 20 процент халықпен салыстырғанда 16 есе көп. Мысалы, Индияда халықтың 19 проценті жұмыссыз.  
ТМД елдерінде қылмысқа нарықтық қатынастарға өтуі және бәсекелестік, инфляция, жұмыссыздық сияқты феномендердің көрінісі әсер етеді. Статистика 1996 жылдың аяғына қарай Қазақстандағы ресми тіркелген еңбекте жарамды халықтың деңгейін-4,2 процент деп белгілейді, бірақ ресми емес мәліметтер еңбекке жарамды халықтың 10 процентін құрады.  
Қылмыс жасаған он адамның жетеуі-жұмыссыздар.  
Қазақстан нашамен жабдықтанушы елге айналды. Сондықтан Интерполдың мүшесі ретінде ерекше айып төлейді. ҚР мүшелік жарнаға үш бірлік төлейді. Әр бірлік 17 мың 100 швейцар франкі мен нашамен жабдықтаушы ел ретінде «қара» базарға тағы соманың 20 процентін төлейді.  
Қазақстанның басқа мұндай айыпты Ауғанстан, Пәкістан, Колумбия, Венесуэла төлейді.  
Ұзақ жылдар бойы нашақорлық біздің елемізде тек батыстық өмірге жататын құбылыс ретінде есептелді. Қазір нашақорлық құбылыс ретінде қалыптасқанын ешкім жоққа шығара алмайды және оның жеке адамдар мен бүтіндей қоғамға қаншалықты зардап әкелетінін түсінеді. Әлеуметтік зерттеулер нәтижелері нашақорлардың көп бөлігі белгілі бір дәрежеде өздеріне төнген қауіпті сезініп, өз құмарлығына сындарлы көзбен қарайтындығын көрсетті: сұралғандардың 12 проценті оның өлтіретін күшін сезінсе, 66,5 проценті оған қарсы қарайды. Наша қолданғаннан ешқандай жамандық көрмеймін деп есептейтіндер,негізінен, гашишті жаңадан бастаушылар. Наша қабылдағаннан кейін болатын қозуды, көніл-күйдің көтерілуін тәжірибесіздіктен және надандықтан бұл зат өз денсаулығына игілікті әсер етті деп қабыдайды.Бірақ белгілі бір кезеңде денсаулығы мен психикасы бұзыла бастағанда, көптеген нашақорлар оны алда не күтіп тұрғанын саналы түрде сезіне бастағанымен, бұл әдеттен бас тартуға күші жетпейді.  
Нашақорлықпен күреске  
әлеуметтік, экономикалық, мәдени сипаттағы шаралар, соның ішінде маскүнемдікке қарсы шаралар қолданылады. Бірақ нашақорлықтың даму ерекшелігін ескере отырып, бұл мінез-құлықтың ауытқуына байланысты әр түрлі шаралар қолданылады: медициналық, құқықтық,т.б  
ҚР-да нашақорлықпен күресуге байланысты 2000 жылдың 17 ақпанында Президент жарлығымен «Нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес агенттігі» құрылды.  
ҚР Президентінің 2000 жылғы 19 сәуірде қылмыс пен коррупцияға қарсы күрес мәселелеріне арналған мәжілісінде сөйлеген сөзінде көрсетілгендей, елде қылмыстың өсуін тоқтатып, криминалды жағдайды тұрақтандыруға қол жеткізілді. «Ең бастысы,- деп атап көрсетті елбасы,-біздің еліміз діни негіздегі кикілжіңдер мен ұлттық қақтығыстарға жол бермеді»Елдегі жағдай қылмыстық әрекеттердің шиеленісуіне қарсы іс-қимыл белсенділігін арттырып,қатал да тегеурінді шаралар қабылдау қажеттігін көрсетеді. Қылмыс деңгейі әлі де жоғары: Тәулік сайын республикада 400 шамалы қылмыс жасалады.  
1999 жылы 497 кісі өлтіруші (20процент),873 қарақшылық шабуыл жасаушы, 4250 тонаушылар мен 22 мыңға жуық ұры жазалаусыз қалды. Барлық жерде қылмыстық дәстүр мен салт,қылмыс әлемінің шеберлігін арттыру мен мамандануы жандана түсті.  
Көптеген азаматтар үшін кірістің негізгі көзі қылмыстық бизнеске айналды.  
Қазақстанда «заңды ұрылар» деген ұғым пайда болыд, олар қылмыстық топтар арасындағы қарым-қатынастарды реттейді, Наркобизнес, спирт контрабандасы, ұрланған машинаны сату өркендеп, жезөкшелік қалыпты құбылысқа айналды.  
Қылмыс бұзудың арта түсуіне маскүнемдік әсерін тигізуде. Статистика көрсеткендей, ауыр жағдайдағы бұзақылық, зорлаудың 90 проценті, басқа қылмыстардың 40 проценті маскүнемдікке байланысты болып отыр. Кісі өлтіру,ұрлық,қарақшылық шабуыл жасау, ауыр зақым тигізудің 70 процентін адамдар мас күйінде жасаса, ажырасудың 50 процентке жуығы маскүнемдікке байланысты. 
Мінез құлықтың ауытқуы девиацияның әр түрлі формалары арасындағы байланыстың заңдылығы сияқты қаралады.Мысалы, суицидті- мінез-құлық пен әлеуметтік ауытқулардың басқа формаларымен, мысалы, маскүнемдікпен байланысына сөз жоқ. Сот экспертизасы көрсеткендей, 68 процент ерлер мен 31 процент әйелдер алкогольді масаю салдарына өз өмірлерін қиған. Асқынған маскүнем ретінде есепте тұрған ерлердің 12 проценті өмірің  
қиса, 20,2 проценті өз өміріне қауіп төндірген.  
Девиацияның барлық формаларының көрінуі экономикалық, демографиялық, мәдени және де басқа да көптеген факторларға да байланысты болады. Бүгінде бұл мәселе ТМД елдерінде аса шиеленісіп тұр, өйткені мұнда қоғамдық өмірдің барлық салаларында айтарлықтай өзгерістер болып, бұрынғы мінез-құлық нормалары құнсызданып отыр. Әрекеттің бұрынғы тәсілдері тиісті нәтиже бермеуде. Күтілетің нәтиже мен шын нәтиженің арасындағы айырмашылық қоғамда шиеленіс туғызып, адамдардың өз мінез-құлқының моделін өзгертуге дайын болуын, сөйтіп қалыптасқан нормадан шығуына иетрмелеп отыр.Әлеуметтік экономикалық шиеленіскен жағдайда нормалардың өзі де өзгеріске түсуде. Кейде мәдени шектеулер іске аспай, әлеуметтік бақылаудың жүйесі бәсеңдеуде.  
Осылайша, құқық бұзушылық-бұл қоғамдық өмір туғызып отырған өмірлік кикілжіңдер, сәтсіздіктер, әлеуметтік драмалар мен таргедиялардың бейнесі. Қылмыс- адам кеселінің бейнесі. Оны бүгінге дейін бір де бір қоғам құрта алмай келеді.  
Жеке тұлға аймағына жататын делинквентті мінез-құлықтың себептеріне, оны қалыптастырып, қылмысқа итермелейтін сыртқы жағдайлар сияқты, аз көңіл бөлініп отырған жоқ.  
Заң бұзушының ішкі әлемі қандай? Қылмыскердің ішкі әлемінде «қажеттілік қысым» сипатындағы өзіндік психологиялық жүйе іске асады. Осы қажеттілік қылмыскердің белгілі бір мақсатқа бағытталған мінезің қалыптастырады. Ғалымдар қажеттіліктердің түрткісі ретінде қажеттіліктердің тізімін анықтайды:  
• Доминанттық(басқаларға баұылау жасауға және олардың мінез құлығын басқаруға ұмтылу)  
• Агрессия (қарсыласты қорлау, төмендету құрту үрдісі)  
• Басқаларды жоққа шығару, сыртқа тебу  
• Автономия(барлық шектеуден қашу)  
• Бейімделу ырыққа көну  
• Ойын қажеттілігі(шындықтан бас тарту)  
• Эгоизм,нарциссизм( өзін өзі жақсы көру,өз мүддесін басқалардан жоғары қою)  
• Қамқоршы іздеу  
• Жазадан қашу( қоғамды, үлкендерді айыптау)  
Социологиялық аспектіде алғанда қылмыскерлердің негізгі 3 түрі бар:  
1. жүйелі қылмыскер тип  
2. кездейсоқ типтер  
3. жағдайға байланысты қылмыскер(қылмысқа дейінгі адамгершілігінің бұзылуы)  
Ал екі типтің біріншісіне есейген рецидивистер(75) ал екіншісіне –ұзақ уақыт бойы оқымағандар мен жұмыс істемейтіндер, маскүнемдер жатады.  
Ғалымдар қылмыстық-құқықтық жауапкершілік неғұрлым тиімді болып есептелетін жағдайларды көрсетеді:  
1) жазалауды қолдану сәті жақындаған сайын, оның мәні қарқындырақ  
2) субъект жазадан құтылмайтындай болған сайын,жазалаудың ескерту ролі күштірек  
3)жазалаудың ынталандыру күші, қылмыскерлерге оны қолданғанда, көп нәрседен айырылса, жоғарырақ болады  
4) Жазалаудың превентивті себебінің табысты болуы мінез-құлықтың жасырын формаларының таралу дәрежесі мен тұрақтылығына байланыста болады.  
5)превентивті себептердің бабыстылығы тыйым салынған жазалау санкциясының сыйымдылығына байланысты болады  
6)жазалаудың себепті әсерінің дәрежесі субъектінің тиым салынған, әрекеті мен қаншалықты өзіне сай, қалаулы және қажетті деп есептеуіне байланысты болады.  
Соңында, мінез-құлыққа құқықтық бақылау жасау  
жүйесінің мәні әлеуметтік ауытқуды бейтараптауға не жоюға байланысты. Бірақ әлеуметтік ауытқулардың алдын алудың әлеуметтік мүмкіндігі көп жағдайларға байланысты. Жекелей алғанда, девиантты мінез-құлыққа не жататыны, не жатпайтындығы сан рет өзгеріске түсіп, азамзат тарихында әр түрлі бағаланып келеді.  
 
 


Информация о работе Девиантты мінез-құлықтардың адам өміріне әсері