Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 16:09, реферат
Қоғамның өтпелі кезінде, қоғамдық өмірдің көптеген салалары дағдарыс жағдайында болғанда, әлеуметтік процестердің динамикасы асоциальдық және антисоциалдық сипатындағы- зорлау мен дүниеқорлық арқылы жасалатын қылмыстар, маскүнемдік, нашақорлық және таксикомания, жезөкшелік, аморализм сияқты мінез-құлық реакциясының өршуін туғызуы өзінен-өзі түсінікті. Мұндай құбылыстар жастар ортасында кең тараған.
Девиантты қылықтың келесі топтамасын ұсынуға болады:
Психикалық денсаулық
нормасынан ауытқушылық, яғни адамда анық
немесе тұйық түрдегі
Әлеуметтік патологияның әртүрлі формаларында көрінетін – ішімдікке салыну, есірткі қабылдау, жезөкшелік және т.б. адамгершілік нормалардан ауытқушылық кейде қылмыс формасында да көрінеді. Жеткіншектерді құрметтеу, оларға көмектесу, өзін – өзі бағалау сезімін дамыту және қажетті деңгейде пайдалы кеңестер беру – жас тұлғасының жақсы адам қатарына қосылуына көмектесер еді. Жеткіншектерден жақсы қылық талап ететін болсақ, ол онымен жақсы болмайды. Керісінше оған жақсы жағдай, адал қарым – қатынас жасайтын болсақ, онда ол жағымсыз әсерге қарсы тұра алады.
Жасөспірімдер арасындағы девиантты мінез-құлық соңғы жылдары жалпылық сипат алып, мемлекеттік құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аулап отыр. Қазақстан жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсау көрсеткіші бойынша (адам басына шаққында, 100 мың адамға 57) әлемде бірінші орында тұр. Бұны шетелдік баспасөз, халықаралық қоғамдық ұйымдар былтырдан бері айғайлап жазып жатыр. Біздің билік Қазақстанда қалыптасқан бұл жағдайды жасырып келген болатын. Бүкіл әлем Қазақстандағы осы жан түршігерлік жағдайды жазып дүрлігіп жатқасын, енді соңғы бір-екі айда ғана бұл жағдайға назар аудара бастады. Қазақстан жеткіншек балалардың (ұлдар мен қыздардың) өзіне қол жұмсауы бойынша әлемде бірінші орында тұр. Қазақстанның көрші Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Қытай, Монғолия сияқты елдерден қандай айырмасы бар. Бұл елдерде балалардың өзін-өзі өлтіру көрсеткіші неге Қазақстаннан бірнеше есе төмен. Осы мәселе туралы жауап іздеп көрсек, сұрақтың жауабы қоғамдағы девианты мінез-құлықтың жалпылық сипатына әкеліп саяды.
Жасөспірімдердің әумесерлік проблемасын талқылау, «қиын балалармен» жұмыс тәржірибелерімен бөлісу, оның алдын алудың тиімді әдістерін анықтау мақсатында 2011 жылғы 14 қарашада «ВСПЛЕСК» Белсенді Жастар Одағы» жастар қоғамдық бірлестігі «ШҚО арнайы жеткіншектер үйі» ММ бірлесіп «Девианттық мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында конференция ұйымдастырды.Конференция жұмысына ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен ШҚО Білім басқармасының өкілдері, облыстың жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернатты ұйымдардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, тәрбиешілері, педагогтары мен психологтары, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері қатысты.
Психолог мамандар мәселені теориялық тұрғыдан талқыласа, интернатты ұйымдардың педагогтары мен психологтары жұмыс тәжірибелерін ортаға салды.Статистика көрсеткендей, облыстың жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернатты ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан 1499 баланың 12-сі ішкі істер органдарыда есепте тұр, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге азайғанын атап өту қажет.
Мамандардың айтуынша, балалардың
девиантты мінез-құлықты
«Қиын балалармен» жұмыстың түрлері мен әдістері әр алуан. Интернатты ұйымдардың қызметкерлері аталған бағыттағы жұмысты ұйымдастыруда құқық қорғау, қарулы күштер органдарының өкілдерін, үкіметтік емес ұйымдарды тартады, балалар арасындағы өзін-өзі басқару, балаларды стрестік күйден арылту, рухани-адамгершілік тәрбие беру сияқты тәсілдер де қолданылады.
Девиантты мінез-құлықты жастармен әлеуметтік жұмыстың технологиялары мен әдістеріне талдау жасау
Қоғамның басқа топтарына қарағанда девианттық мінез-құлық жасөспірімдерде көбірек байқалады. Оның обьективті себебі, жасөспірімдерде құқықтық әлеуметтену процесі және деликвенттік мінез-құлық бір мезгілде жүреді. Девианттық мінез-құлыққа психологиялық, құқық, мәдениет немесе мораль нормалары сияқты жалпы қабылданған немесе оған негізделген нормалардан ауытқыған қылықтар жүйесін жатқызамыз. Біріншіден, психогармоналды процестерден басталып, Мен концепциясының бетбұрысымен аяқталатын өтпелі кезеңдегі ішкі қиыншылықтар әсер етеді. Екіншіден, жасөспірімнің әлеуметтік жағдайының тұрақсыз болуы. Үшіншіден, әлеуметтік бақылаудың механизмдерінің қайта құрылуына байланысты туындаған қарама-қайшылықтар: бақылаудың балалық формалары, сыртқы нормалар мен үлкендерге бағынушылықты ұстану ықпал ете алмайды, ал ересектік әдістері қалыптасып үлгермеген.
Жүргізілген зерттеулер бойынша жасөсіпірдерде девиантты мінез- құлықпен (әділетсіздік, қылмысты топтарға тәуелділік, заңсыз істерді жасау, есірткіні қолдану, ішімдік, басқыншылық мінез-құлқы, суицидті мінез-құлық) және басқа психикалық күйзелістермен байланысты. Бұл байланыс немен түсіндіріледі.
Ғылыми әдебиеттерде осыған байланысты 4 басты гипотеза бар:
1. Девиантты мінез-құлық өзін-өзі сыйлаудың төмендеуіне септігін тигізеді. Себебі, соған қатысты индивид еріксіз өзінің әрекеттеріне қарсы қоғамның ойларын бөледі, сонымен қоса өзін де.
2. Өзін құрметтеудің төмен болуы қалыпты емес мінез-құлықтардың өсуіне әсер етеді: әлеуметтік ұйымдарды шетке ысырып, әлеуметтік емес ұйымдардың әрекеттеріне қатысу арқылы жасөспірім өзінің психологиялық деңгейін құрдастары арасында жоғарлатқысы, мектепте немесе үйде болмаған өзіндік қабылдау әдістерін тапқысы келеді.
3. Кейбір топтар бойынша, әсіресе, төменгі бастамалы өзін құрметтеу девиантты мінез-құлықтың жоғарлануына, өзін сыйлау деңгейінің өсуіне әсе етеді.
4. Деликвенттіліктен басқа да мінез-құлықтар, жас келген сайын өзгеретін әсерін береді.
Статистикалық зерттеулерге
қарағанда жасы толмаған құқық бұзушылардың
44 пайызы сәтсіз отбасында тәрбиеленгендер.
Ғалым
А.Е. Личко отбасының сәтті дәрежесін талдай келіп, жиі кездесетін төрт
жағдайды бөліп көрсетеді:
1.Отбасындағы қамқорлықты
күшейту (гиперопека) баланың
ішкі өмірінің көріністерінен (оның
ойлануына, сезіміне, мінез-құлқына)
отбасындағы қаталдыққа дейін
әр түрлі дәрежеде қатысу
2. Немқұрайлық (гипоопека), балалардың жиі, шамадан тыс бақылаусыз қалуы.
Ресейлік ғалым Я. Гилинский девиацияның шығу көзі деп-қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті атайды. Девиация сондай-ақ экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, мәдени және т.б. факторларға байланысты келеді.
Бұл проблема, әсіресе, өтпелі
кезеңдерде күшейе түседі, себебі, бұл
кезде қоғам өмірінің барлық салалары
түбегейлі өзгерістерге түсіп, бұрынғы
мінез-құлық ережелері қайта
Жасөспірімдердің қылмыс жасауының себептерін анықтаған кезде олардың сана-сезімінің қалыптасуына әсер ететін екі бағыттағы факторларды байқаймыз, яғни, объективтік және субъективтік факторлар. Объективті себептерге тұрмыстық жағдайлардағы қайшылықтар және қылмыстық мінез-құлық жатады. Объективті немесе сыртқы себептер жас адамның девианттық мінез-құлықының қалыптасуына әсер етеді. Төмендегі сандар жиынтығынан девианттық іс-әрекеттердің бір қырынан динамикасын көруге болады:
3. Бейнесіне жасалуы,
барлық уақытта баланың
4. Отбасында «күл қызының»
пайда болуы-бұл ата-ананың
Деликвенттік жасөспірімнің психологиялық құқықтық нысанасында қызуқандылық міндетті түрде болады.
Зерттеулерге сүйенсек, қызуқанды мінез-құлық отбасы қатынастарында қалыптасады. Осы жағдайлармен қатар қызуқандылықтың дамуына алып келетін мына жағдайларды көрсетуге болады:
-жиі болатын ата-аналар арасындағы ұрыс-жан-жалдар;
-ата-аналардың бірін-бірі және балаларын сыйламауы;
-балаларға қарау мен бақылаудың болмауы;
-жасөспірімдердің пікірін елемеу;
-ата-аналардың тиісті жылаулықты бере алмауы;
-балалардың ар- намысына тию;
-тәрбие жүйесінің сапасыздығы.
Қорыта келгенде, болашағыңды болжау үшін ұрпағыңның денсаулығы мен тәрбиесіне көңіл бөлу керек екендігін естен шырмай, әрбір отбасы бала дүниеге келгеннен кейін емес, баланы дүниеге әкеле алдында тәрбиеге мән берсе дұрыс болар еді.
Девиантты мінез-құлықты
көрсеткен жасөспірім өсе келе, басқа
да заң жүзінде айыпталатын
Қорыта айтқанды, девиантты мінез-құлықты балалармен тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: «әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып, әрбір жеке тұлға , тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптасып дамуына, әлеуметтенуіне сай әрекеттенуі керек.. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла отырып жүзеге асырылады.
Біздің елімізде жеке тұлға бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына , әлеуметтендіруге барыгша мүмкіндік жасалынып отыр.Айтып кетер болсақ:салауатты өмір салты, әлемдік білім кеңістігіндегі жаңалықтармен сусындау, елдің тұрақты дамыған экономикалық әлеуметтік жағдайы, (мысалы:студенттердің қаржы табуына, дұрыс таңдау жасауына ) жасалынып отырған мемлекет тарапынан қамқорлықтар.
Соңғы кездерде « Ел арна»
телеарнасынан көрсетіліп жүрген «Мүмкін
емес» көрсетілімі еліміздегі девианттық
мінез-құлық иелерін әшкерелеп,
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Современные западные исследования социологической классики. - М.: Наука, 1992
2. Ядов В.А. Методология и методика социологического исследования. - М.: Наука. 2002.
3. Добреньков В. И., Кравченко А. И. Социология. В 3-х томах. - М.: Наука, 2000.
4. Аитов Н.А., Биекенов К.У. Социология. Алматы: Қазақ университеті, 2002
5. Тажин М., Аяган Б.Социология негіздері. Алматы, 1992.
6.Габдуллина К.Г. и др., Социология. Учебник для студентов высших технических учебных заведений.- Алматы: Санат, 1997.
7. Әбсаттаров
Р.Б., Дакенов Н. Әлеуметтану.
8.Конт О. Дух позитивной философии: Слово о положительном мышлении. СПб, 1910.
9. Дюркгейм Э. О разделении общественного труда. Метод социологии. – М-, 1991.
10. Арон Р. Этапы развития социологической мысли. – М., 1992.
11. Сорокин П.Человек. Цивилизация. Общество. – М., 1992.
12. Вебер М. Избранные произведения. – М, 1990.
13. Структурно-функциональный анализ в современной социологии. – М., 1968.
14. Большой толковый социологический словарь. Дэвид Джери, Джулия Джери. Т. 1,2.,1999.
15. Габдуллина К.Г. Общества прогресс и регресс. А., 2003.
16. Аженов М.С., Садырова М.С. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. А.: Қазақ университеті, 2004.
17. Биекенов К.У., Жаназарова З.Ж., Нурбекова Ж.А. Социология общественного мнения. – Алматы, 2001.
11. Гуревич Л.Я. Системные реформы высшего образования в Казахстане. – Алматы, 1999.
Информация о работе Девианттық мінез-құлық түсінігі мен теріс мінез-құлықтың дамуы