Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 16:09, реферат
Қоғамның өтпелі кезінде, қоғамдық өмірдің көптеген салалары дағдарыс жағдайында болғанда, әлеуметтік процестердің динамикасы асоциальдық және антисоциалдық сипатындағы- зорлау мен дүниеқорлық арқылы жасалатын қылмыстар, маскүнемдік, нашақорлық және таксикомания, жезөкшелік, аморализм сияқты мінез-құлық реакциясының өршуін туғызуы өзінен-өзі түсінікті. Мұндай құбылыстар жастар ортасында кең тараған.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Жастардың арасындағы девианттық мінез-құлық бүкіл дүние жүзінде басты мәселелердің бірі болып отыр. Біздің дамушы елімізде де осы мәселе орын алуда. Ауытқушылық мінез- құлық жастарымыздың тәрбие, білім алуына кедергі болғандықтан осы мәселені қарастыру маңызды.
Жастардың ауытқитын мінез-құлыққа жасайтын социологиялық
зерттеулердің маңызы қазіргі кезде өте
зор, себебі, бір жағынан алғанда қоғамдық
тәртіпті бұзушылардың ішінен жас ұрпақтың,
әсіресе біздің қазіргі кездегі жастарымыздың
үлесі мол, ол халықтың басқа да топтарының
арасынан салыстырғанда, екінші жағынан
алғанда, бағыттылықтың құрылуы (қажеттіліктердің,
қызығушылықтардың, мотивтердің, бағалы
құндылықтардың) осы жастық кезеңде өтеді.
Осыдан барып жастардың девианттық мінез-
құлықты бастан кешіруі жастардың ортасындағы
негативті құбылыстардың болуымен байланысты
болып келеді. Қоғамның өтпелі кезінде,
қоғамдық өмірдің көптеген салалары дағдарыс
жағдайында болғанда, әлеуметтік процестердің
динамикасы асоциальдық және антисоциалдық
сипатындағы- зорлау мен дүниеқорлық арқылы
жасалатын қылмыстар, маскүнемдік, нашақорлық
және таксикомания, жезөкшелік, аморализм
сияқты мінез-құлық реакциясының өршуін
туғызуы өзінен-өзі түсінікті. Мұндай
құбылыстар жастар ортасында кең тараған.
Жастардың арасындағы девианттық мінез-құлықтың
көбеюі мен жастардың теріс қылықтарға
баруы әр елдің басты мәселелерінің бірі.
Өйткені жас жеткіншектер ертеңгі еліміздің
болашағы болғандықтан әр мемлекеттің
осы мәселені басты орынға қою маңызды.
Қазіргі Қазақстан қоғамында жастардың
көп бөлігі батыс елдеріне еліктеп отырғаны
және сол батыс елдерінің жақсы жағын
емес жаман жақтарын өз бойларына сіңіруі
осындай теріс қылықтарды жасауға итермелеп
отыр. Жастардың батыс елдеріне еліктеуіне
де біздің қателіктеріміз бар, яғни бұқаралық
ақпарат құралдары және тағыда басқа жастар
көп еліктейтін жарнамалар арқылы өз бойына
сіңіріп алады. Жас жеткіншектердің басқа
елдерге еліктеуі мен еліміздегі басты
құндылықтарды жоғалтуымыз, яғни салт-дәстүр
мен мәдениетімізге балта шаппақ. Қазақстандағы
жасы кәмілетке толмаған құқық бұзушылардың
әлеуметтік жағдайы мынаны көрсетеді.
Олардың жарты пайызының отбасында келіспеушіліктер
мен жайсыз отбасылар болып отыр. Девиантты
мінез-құлықтың күшеюунің маңызды факторларының
біріне құқықтық нигилизм, заңға, құқық
қорғау органдарына және оның өкілдеріне
селсоқ қарау жатады.
Жастар – болашақтың іргесін қалайтын тұлғалар болғандықтан, жастардың әлеуметтенуіне жағдай мен мүмкіндіктер жасауымыз қажет. Жастар көптеген: социология, психология, педагогика, юриспруденция және тағы басқа ғылымдардың танымдық объектісіне айналып отыр. Олардың әрқайсысы жастарға қатысты өз пікірі мен көзқарастары бар. Жастармен жұмыс жасағанда әлеуметтік қызметкердің атқаратын қызметтері де маңызды.
Жастар кез-келген қоғамда үлкен немесе кіші деңгейде кемсітілетін топ болып табылады. Қазіргі кезде жасөспірімдерді, бозбалалар мен бойжеткендерді, жастарды қорғау проблемалары, жастар мен жасөспірімдерді қызметте және өнеркәсіп орындарында кемсіту мәселелері белгілі болып отыр. Халықтың белгілі-бір жасына байланысты бөлінетін тобына жататындықтан да жастар қазіргі таңда әлеуметтік жұмыстың негізіне айналып отыр.
«Девиантты мінез-құлық және жастар» тақырыбы жастар ортасында қарқын алып келе жатқан өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселе тек біздің елімізді ғана емес, сонымен қоса дүние жүзін алаңдатып отырған мәселелердің бірі деп білеміз. Теріс мінез-құлықты жастардың көбеюі мен дамуы мемлекеттің құлдырауына алып келеді. Жастардың арасында девианттық мінез-құлықтың алдын алу мақсатында көптеген шет ел мемлекеттері бірқатар жұмыстар атқаруда. Бұл тек мемлекеттімізде туындап жатқан мәселе емес, бүкіл дүниежүзіндегі басты мәселердің бірі. Мен сол себепті жастардың ортасындағы өзекті мәселе ретінде девианттық мінез-құлық деп есептеймін.
Жастардың ортасындағы девианттық мінез-құлықты алдын алу мен азайту мақсатында шет елдерде көптеген орталықтар мен бірлестіктер ашылған. Жапонияда теріс мінез-құлықты жастармен жұмыс жасайтын мыңға жуық бірлестік жұмыс жасайды екен. Бірлестіктер әртүрлі бағытта жұмыс жасап жатыр. Бүкіл елді алаңдатып отырған мәселе болып отырғандықтан, біз де осы мәселеге көңіл бөліп, шешу жолдарын қарастыруымыз қажет деп есептеймін.
Теріс мінез-құлықты көрсеткен жас жеткіншек өсе келе, басқа да заң жүзінде айыпталатын қылмыстарды жасауы мүмкін. Жасалынып жатқан жұмыстар да аз емес, сол жасалынып жатқан жұмыстарды жүйелендіру арқылы тағы да жастар арасында жаңа саясаттар мен жаңа ойлар керек.
Тақырыптың
зерттелу деңгейі. Девиантты мінез-құлықтыларды зерттеушілер
көне заманнан бастау алып қазіргі кезеңге
дейін зерттеліп келеді. Девиантты мінез-құлықты
зерттеушілердің қатары батыс елдерінен
бастау алды – Э. Дюркгейм, Р. Мертон, Ч.
Ламброзо, П. Брока, У. Шелдон, Г. Беккер,
К. Эриксон. Ресей зерттеушілері ары қарай
дамуына өз үлестерін қосты. Олардың қатарында
– М. Попов, И. Гилинский, В. Афанасьев,
В. Кудрявцев. Біздің елімізде социология
ғылымдары кейінен бастап дами бастағандықтан
зерттеушілердің қатары да біршама аз.
Отандық зерттеушілердің қатарынан –
Ш. Жаманбалаева, Д. Қазымбетованың еңбектерін
қарастыруға болады. Девиантты мінез-құлықтыларды
зерттеушілердің қатары өсіп келуде. Алғаш
рет «Аномия» түсінігін қолданған социолог
– Э. Дюркгейм болды, кейінен Р. Мертон
«Аномия» теориясын қолдана отырып, девианттық
мінез-құлық теориясын мәдениеттің жасайтын
мақсаттарымен әлеуметтік-ұйымдасқан
оларға жету жолдарының құралдары арасындағы
пайда болған келіспеушіліктер деп түсіндіреді.
Тақырыптың нысаны - жастардың ортасындағы девианттық мінез-құлық.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Девиантты мінез-құлықты жастармен әлеуметтік
жұмыс жүргізу технологияларына талдау
жасау тақырыптың мақсаты болып табылады.
Қойылған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттер кешені анықталады:
-девиантты мінез-құлық
түсінігі мен теріс мінез- құлық мәселесін теориялық- әдістемелік
зерттеу негіздерін көрсету;
- жастардың арасында кеңінен таралған
мәселелерді анықтау мен девианттық мінез-құлықты
өзекті мәселе ретінде көрсету;
- девиантты мінез- құлықтың пайда болуына
себепші негізгі факторларды көрсету;
- Қазақстандағы жастардың ортасындағы
девиантты мінез-құлықтың деңгейін анықтау;
- жастардың арасындағы
девианттық мінез-құлықтың
Тақырыптың құрылымы мен көлемі. Тақырып кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Девианттық мінез-құлық түсінігі мен
теріс мінез-құлықтың дамуы
Қоғаммыздың кеселіне айналып отырған девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы. Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді. Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндай девиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол конформизмге қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлықтың әлеуметтік себептері Р.Мертонның айтуынша- қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жеткізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта ,ал Э.Дюркгейм әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-қайшылықтығында деп түсінеді. Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды.Девианттық мінез-құлық әлеуметтенудегі «девиантты мінез-құлық» тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді. Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлеріне де өз ықпалын тигізеді:
Қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт-дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.); Біздің елімізде әлеуметтік орта әсері ретінде қарастырылатын қоғамдық үрдістер туралы айта кетсек, мемлекеттік саясатымыз жарқын өмірді күтетін арманшыл жастар үшін бар жағдайды жасап отырған болса, Елбасы жолдауы 50 елдің қатарына кіру мақсаты ұстанылған әлеуметік экономикалық өрлеу жағдайында, ал салт-дәстүріміз ұлттық ділімізбен дінімізді өміршеңдігімізді дәріптейтіні белгілі.
Өз ықпалын тигізетін жеке, пайда табуды көздеген кейбір ақпарттық басылымдар мен интернет желісін мақсатсыз, орынсыз пайдалану деп есептеймін.
Тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,);
Микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзара қарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).
Жастардың арасындағы девианттық мінез-құлықтың деңгейін азайту мақсатында жасалынып жатқан әрекеттер
Жастар мен балалар
арасындағы ауытқып кеткен мінез-құлық
проблемасы- қазіргі замандағы ғылымның
негізгі психолого-
Жастар мен балалар
әлеуметтік-психологиялық
2009 жылғы 28 мамырда
Қарағанды облысының Топар
Девиантты қылық жеткіншек кезінде кең таралады және бұл 18 жастан кейін төмендейді. Девиантты қылықты топтастыруда 3 негізгі бағытты қарастыруға болады: педагогикалық, психологиялық, медициналық.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдердегі девиантты қылықтың нақты себептері төмендегідей сипатта топтасады:
- өзін бақылаудың төмен деңгейі немесе оның мүлдем жоқтығы;
- отбасындағы жағымсыз жағдай;
- ересектердің бала проблемасын дұрыс түсінбеуі;
- баланың өз – өзіне сенімділігінің жетіспеуі;
- көшенің, ортаның және құрдастарының жағымсыз әсері;
- өзіне назар аударту тілегі;
- ата – аналардың үнемі қолының бос болмауы;
- баланың интеллектуалды дамуының әлсіздігі;
- қарапайым әлеуметтік дағдылардың жоқтығы (мысалы, құрдастарымен қарым – қатынасқа түсе алмауы);
- бос уақыттың көп болуы, баланың әлеуметтік өмірге араласпауы, отбасының тұрақсыздығы және төмен материалдық жағдай.
Мінез-құлықтағы бұзылулар тұлғаның ерекшеліктерімен тығыз байланыста қарастырылады.Абрумова А.Г., Жезлова Л.Я. девиантты мінез-құлық түрлерінің, әлеуметтік психологиялық тәсілге негізделген, тұжырымын ұсынды.Олар балалар мен жасөспірімдегі девиантты мінез-құлықтың негізгі төрт түрін бөліп көрсетеді:
1.Тәртіпке қарсы мінез-құлық;
2.Антиәлеуметтік (қоғамға қарсы)
3.Делинквентті (құқыққа қайшы келетін)
4.Аутоагрессивті мінез-құлық.
Девиантты қылығы бар жеткіншек келесі ерекшеліктерге ие:
Информация о работе Девианттық мінез-құлық түсінігі мен теріс мінез-құлықтың дамуы