Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 18:49, курсовая работа
Зерттеу көкейтестілігі: 20-шы ғасырдың ортасынан бастап отбасы институты елеулі және қайталанбас өзгерістерге ұшырады. Отбасында болған өзгерістер барлық авторлармен әдеттегі отбасы тірегінің дағдарысы ретінде суреттеледі. Ғұмырлық некеге тұрақтылықтан бас тарту, айырылысу мен некенің бұзылуы, ұрпақты тәрбиелеудегі риясыз қарым-қатынастан бас тарту, толық емес отбасы мен өгей ата-аналы отбасы санының артуы, баланы алдырып тастау мен некесіз бала туу үдеп бара жатқаны байқалады. Міне, осындай келеңсіз мәселерді қарастыру менің курстық жұмысымның мақсаты болып таюбылады.
Зерттеудің мақсаты: Қазіргі кезде отбасы өмірінің барлық кезеңі, отбасының құрылуынан бастап бүтін отбасы ретінде өмір сүруі аяқталғанға дейін: некеге дейінгі кезеңі, бүкіл отбасылық өмір кезеңі, отбасының ажырауы кезеңі өзгеріске ұшырағанын атап өтуге болады.
Кіріспе
І. Отбасы негізі ата-ана және олардың беретін тәрбиесі
1.1 Отбасы және тәрбие
1.2. Отбасындағы баланың іс-әрекетін ұйымдастыру
ІІ. Отбасы алғашқы - әлеуметтік институттың негізі
2.1 Отбасыдағы әлеуметтік ахуал және оның әсері
2.2. Отбасыдағы бала тәрбиесі - әлеуметтік ахуалдың басты көзі
ІІ. Қазіргі кездегі отбасыдағы әлеуметтік жағдайлар және оны дамыту жолдары
3.1. Отбасыдағы психологиялық және материалдық жағдайдың деңгейлері
3.2. Әлеуметтік жағдайларды шешу және оны дамыту жолдары
3.1. Отбасыдағы психологиялық және әлеуметтік жағдайлар
3.2. Әлеуметтік жағдайларды шешу жолдары
Пайданылған әдебиеттер
Отбасын құруда табысқа жету, отбасының ыдырауына жол бермеу – бұл маңызды әлеуметтік мәселе. Отбасының береке-бірлігі әр уақытта ішкі және сыртқы күштер ықпалымен қалыптасады. Ішкі күштерге жататындар: балаларға қамқорлық жасау, отбасында еңбекті бөлісу, некені тұлғаның талабын іске асырудың құралы ретінде пайдалану, отбасы мүшелерінің өзара сыйластығы, т.б.
Сыртқы күштер: қоғамдық пікірдің қысымы, экономикалық жағдайлардың қысымы, қоғамдық ортаның баланы қамқорлыққа алуға талап-тілегі, отбасының өзінің әлеуметтік қызметінің орындалу деңгейі, т.б.
Сондықтан некедегі жетістік деп, тұлғалар серіктестігінің, яғни ерлі-зайыптылардың бейімділікке ептілігі, шеберлігі, іскерлігі, ішкі және сыртқы қысымдарды жоюдағы жеңіске жетуі және оның жемісі, т.б. айтамыз. Алуан түрлі адамдар бірлігінде қоғамда некенің мәнін түсінуге байланысты әр түрлі негіздер бар:
жеке бақытқа жетуде некедегі адамдардың бір-біріне толық бейімделуі ерлі-зайыптылардың алдына қойған, тұлғаның жан-жақты дамуына ұласып, ерлі-зайыптылардың алдына қойған мақсатты іске асыруға ұмтылыс басты орын алады;
некелік міндеттерді орындау, яғни балалардың болуы, оларды өз елін сүйетін азаматы етіп тәрбиелеу, экономикалық табысқа жету, мүлік жинау.
Неке өлшемі (критериі): беріктік,төзімділік,
субъектитік сезімге
Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көптеген отбасы толық бақытты бола бермейді. Отбасында ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды, бірақ, ерлі-зайыптылардың аоасындағы түсінбеушіліктер біржола жоғалып та кетпейді немесе бейбіт түрде толық шешіліп те қоймайды. Отбасы қатынастарындағы дау –жанжалдардың күшеюі – бұл тұрақтылығымен қатерлі сипат алған, толық шешілмейтін дау-жанжал. Ал, тұрақты шиеленістің арты-ұрыс – керіс жинақтала келе отбасында агрессиялық көңіл күй қалыптастырып – ақыры отбасын ыдыратуға әкеп соғады.
Дау- жанжалдар, олардың күшеюі ата-аналар
арасында ғана емес, олардың балаларымен
қарым-қатынастарында да болып отырады,
бұлардың көшілігі, әсіресе, мәдени, өркениет
жетістіктерін пайдалану
Отбасының даму циклдері(кезеңдер). Бұл отбасының өзгеру серпінін-оның пайда болуы мен ыдырауының арасындағы уақытты қамтиды.
Бірінші кезең – некеге тіркелуден және бірігіп өмір сүруден бірінші бала туғанға дейінгі уақыт.
Екінші кезең – ең соңғы баланың мектепке баруымен, ал, үшінші кезең баланың әлеуметтік ер жетуі (бой жетуі), табыс табуы мен оның экономикалық тәуелсіздігі, дербестігі, өз бетінше күн көруі арқылы анықталады. Отбасының тіршілік кезеңдері оның ең басты функциясын орындаумен, яғни адам санын көбейтумен байланысты болмақ.
Отбасының бұдан да басқа өмірлік
кезеңдері бар, бірақ, осы жоғарыда
көрсетілгендер негізгі кезеңдерін
құрайтындықтан осылармен шектелеміз.
Кейінгі уақытта жас отбасын
зерттеуге жете назар аударылуда.
Көпшіліктің ұйғаруымен жас отбасы
мынандай белгілен\рмен сипатталады: некеге
отырғандардың жасы 30-дан аспайды,
бірігіп өмір сүруі 5 жылдан артық
емес. Ерлі –зайыпты адамдар бірінші
рет некеге отырған. Бұл сипаттама
жас отбасын басқалардан
Индустриялық құрылымының
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Тұрғынбаев Ә. Х. Социология. – Алматы,
2001.
2. Шәмшәтұлы И., Дәкенов М., Дәуіт Д., Күнхожаев
Н. Әлеуметтану. – Алматы, 1999.
3. Қарабаев Ш. К. Әлеуметтану негіздері:
Оқу құрал. – Алматы: Экономика баспасы,
2007.
4. Р. Әбсаттаров, М. Дәкенов. Әлеуметтану
негіздері: Оқу құрал. – Алматы, 2007.
5. ҚазҰУ хабаршысы. Психология және сициология
сериясы №2(29)
Г. О. Абдикерова мақаласы.
6. ҚазҰУ хабаршысы. Психология және сициология
сериясы №3(22)
А. Л. Нурмаханбетов мақаласы.
Информация о работе Қазіргі кездегі отбасыдағы әлеуметтік жағдайлар және оны дамыту жолдары