Қазіргі кездегі отбасыдағы әлеуметтік жағдайлар және оны дамыту жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 18:49, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу көкейтестілігі: 20-шы ғасырдың ортасынан бастап отбасы институты елеулі және қайталанбас өзгерістерге ұшырады. Отбасында болған өзгерістер барлық авторлармен әдеттегі отбасы тірегінің дағдарысы ретінде суреттеледі. Ғұмырлық некеге тұрақтылықтан бас тарту, айырылысу мен некенің бұзылуы, ұрпақты тәрбиелеудегі риясыз қарым-қатынастан бас тарту, толық емес отбасы мен өгей ата-аналы отбасы санының артуы, баланы алдырып тастау мен некесіз бала туу үдеп бара жатқаны байқалады. Міне, осындай келеңсіз мәселерді қарастыру менің курстық жұмысымның мақсаты болып таюбылады.

Зерттеудің мақсаты: Қазіргі кезде отбасы өмірінің барлық кезеңі, отбасының құрылуынан бастап бүтін отбасы ретінде өмір сүруі аяқталғанға дейін: некеге дейінгі кезеңі, бүкіл отбасылық өмір кезеңі, отбасының ажырауы кезеңі өзгеріске ұшырағанын атап өтуге болады.

Содержание

Кіріспе
І. Отбасы негізі ата-ана және олардың беретін тәрбиесі

1.1 Отбасы және тәрбие

1.2. Отбасындағы баланың іс-әрекетін ұйымдастыру

ІІ. Отбасы алғашқы - әлеуметтік институттың негізі

2.1 Отбасыдағы әлеуметтік ахуал және оның әсері

2.2. Отбасыдағы бала тәрбиесі - әлеуметтік ахуалдың басты көзі

ІІ. Қазіргі кездегі отбасыдағы әлеуметтік жағдайлар және оны дамыту жолдары

3.1. Отбасыдағы психологиялық және материалдық жағдайдың деңгейлері

3.2. Әлеуметтік жағдайларды шешу және оны дамыту жолдары

3.1. Отбасыдағы психологиялық және әлеуметтік жағдайлар

3.2. Әлеуметтік жағдайларды шешу жолдары


Пайданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

ОТБАСЫ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ.docx

— 33.66 Кб (Скачать)

 

Қазақстан-Республикасы Білім – Ғылым Министрлігі                 

              Қазақстан-Ресей  медицина университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     Тақырыбы: ОТБАСЫ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ

 

                 

                                                                     

 

 

 

 

                                                               

 

 

 

 

                                                               Студенттің аты-жөні:Аманкулова.А.Д

                                                                 Тобы : 201 “Б”

                                                               Тексерген аға-оқытушы:Мошан.С.Ә

 

                                       

 

                                    Алматы.2011

 

  Жоспар 
Кіріспе  
І. Отбасы негізі ата-ана және олардың беретін тәрбиесі  
 
1.1 Отбасы және тәрбие  
 
1.2. Отбасындағы баланың іс-әрекетін ұйымдастыру 
 
ІІ. Отбасы алғашқы - әлеуметтік институттың негізі  
 
2.1 Отбасыдағы әлеуметтік ахуал және оның әсері 
 
2.2. Отбасыдағы бала тәрбиесі - әлеуметтік ахуалдың басты көзі 
 
ІІ. Қазіргі кездегі отбасыдағы әлеуметтік жағдайлар және оны дамыту жолдары 
 
3.1. Отбасыдағы психологиялық және материалдық жағдайдың деңгейлері 
 
3.2. Әлеуметтік жағдайларды шешу және оны дамыту жолдары 
 
3.1. Отбасыдағы психологиялық және әлеуметтік жағдайлар 
 
3.2. Әлеуметтік жағдайларды шешу жолдары 
 
 
Пайданылған әдебиеттер 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе. 
 
Отбасы, әлеуметтік институт болғандықтан, сөзсіз, қоғамның ықпалында болады. Отбасының өзгеруінің заңдылығы жалпы қоғамда болып жатқан өзгерістермен бағыттас. Сондықтан қазіргі кездегі отбасының жағдайын түсіну үшін және оның дамуының болашағын бағалау үшін бүкіл 20-шы ғасыр бойы қоғамдық өмір мен бұқара санасында болған түбегейлі өзгерістерді ескеру керек.  
 
Зерттеу көкейтестілігі: 20-шы ғасырдың ортасынан бастап отбасы институты елеулі және қайталанбас өзгерістерге ұшырады. Отбасында болған өзгерістер барлық авторлармен әдеттегі отбасы тірегінің дағдарысы ретінде суреттеледі. Ғұмырлық некеге тұрақтылықтан бас тарту, айырылысу мен некенің бұзылуы, ұрпақты тәрбиелеудегі риясыз қарым-қатынастан бас тарту, толық емес отбасы мен өгей ата-аналы отбасы санының артуы, баланы алдырып тастау мен некесіз бала туу үдеп бара жатқаны байқалады. Міне, осындай келеңсіз мәселерді қарастыру менің курстық жұмысымның мақсаты болып таюбылады. 
 
Зерттеудің мақсаты: Қазіргі кезде отбасы өмірінің барлық кезеңі, отбасының құрылуынан бастап бүтін отбасы ретінде өмір сүруі аяқталғанға дейін: некеге дейінгі кезеңі, бүкіл отбасылық өмір кезеңі, отбасының ажырауы кезеңі өзгеріске ұшырағанын атап өтуге болады.  
 
Отбасы - адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын - тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.  
 
Ата-ана да өздері жанұя құрған кезде бір-біріне шексіз сүйіспеншілікпен, махабббатық сезімдері табысқан кезде қалыптасады. Әке мен ананың арсындағы сыйластық, өз ара түсінушілік, олардың бір-бірін ұғынысуы, сыйласуы, қандай мәселер болсын, материалдық, әлеуметтік, қоғамдық және әкономикалық мәселерді шешуде пайымды шешімдер тауып жатса, бұл отбасының берекесі мен берері де мол болатны мәлім. осы мәселе қазіргі кезде еуропалық дәстүрге көбірек бой ұрып барады. Яғни қазақ болмыстан айырылып, бала тәрбиесі, отбасы берекесі келесіз жәйттерге бой ұрыа бастады. Ата-аналардың татулығы отбасының күре тамыры болып табылады. Өйткені ол балаға берілетін тәрбие және әлеуметтік мәселелердің тууына әкеп соқтыратын осыдан туындап жатады. Ал олардың атқаратын міндеттері шексіз де шетсіз де.  
 
Ата-аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы, ал балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр.  
 
Зерттеудің міндеттері: бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі «ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» деп көрсетілген Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Балалар ата-анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата-аналар да балаларының күн сайынғы әрекеттерін қадағалап жағдайларын біліп отырады. Отбасының берік негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке бірлігі ең алдымен ата-ана мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешенің бір-біріне, балаларына, олардың достары мен жолдастарына деген қарым-қатынасына байланысты болады. Адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. 
 
Баланың адамдармен қарым-қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады. Сондай-ақ, отбасының баланың дамуы мен қальштасуы процесіндегі ролі де ерекше. Отбасында тұрмыстың белгілі жағдайлары жасалады, мәдени орта қальштасады, сезімдік күйлер орнығады. 
 
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы, ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізі отбасында мектепке дейінгі жаста қаланады. 
 
Зерттеу пәні: - мектепке дейінгі, мектеп жасындағы, жалпы отбасыдағы бала тәрбиесі, халықтық педагогика саласы бойынша, ұлттық талғамда, салт-дәстүрлерді қолдана отырып, зерттеу пәнінің негізі ретінде алынды. Әсіресе, баланы еңбек етуге, жарқын сезімдер мен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйретуге көп көңіл бөліну қажет. Бұл қасиеттердің бәрі негізінен от басы - ошақ қасында қалыптасып нығаяды. Мұнда әсіресе отбасындағы ересек адамдар өздерінің жеке бастарының өнегесі арқылы жас балалардың бойында осындай сезімдерді қалыптастырады. 
 
Өз ата-анасын сыйлап, құрметтеп үйренген бала өзге ата-аналарды да құрметтей біледі, қашан да үлкендер алдында өзін дұрыс ұстап, құрмет пен қамқорлық таныта біледі. 
 
Зерттеудің дереккөздері: Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі Чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский еңбектерінің төрінен орын алған. Ол тәрбие негізі ретінде отбасын бөліп қарастырып, оны білім беру жүйесінің алғашқы сатысы «Ана мектебі» деп көрсетеді. Өйткені, бала адамгершіліктің негізгі түсініктерін отбасында альш, алғашқы адамдық қасиеттерін отбасында қалыптастырады. 
 
Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский баланы дұрыс тәрбиелеу туралы былай деп жазады: "Адамның жеке қара басы біреудің жеке басының қалыптасуына және дамуына әсер ете алады, мінезді қалыптастыру үшін де мінезбен әсер ету керек". 
 
Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес. Ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді. Сондықтан халық өмір есігін енді ғана ашқан бөбек тәрбиесін бесіктен бастаған. 
 
Қазақтың ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-аналар тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруда кеңестер береді. Нақтырақ айтатын болсақ, Абай өзінің 10-сөзінде: «Әуелі балаңды өзің алдайсың: әне, оны берем, міне, мұны берем деп, баста балаңды алдағаныңа мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің?» деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналарды сынайды. 
 
Қазақ ағартушыларынан С. Көбеев те отбасы тәрбиесі мәселелеріне аса үлкен мән берген. Ол өзінің «Баланы семьяда тәрбиелеу» деген еңбегінде ата-аналардың балалары алдындағы беделі отбасындағы тәрбие нәтижесі екендігін атап көрсетеді. 
 
Зерттеудің объектісі: Ұзақ жылдар бойы отбасы тәрбиесі баланы тәрбиелеудің бірден-бір формасы болып келді. Қазіргі қоғамдағы отбасы баланың шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап өмірінің соңына дейін тәрбиелік ықпал жасайтын негізгі ошақ болып отыр. Адамзат тарихындағы отбасы тәрбиесінің тәжірибесі көптеген педагогикалық теориялардың пайда болуына алып келді. 
 
Зерттеу әдісі: курстық жұмысты жазу барысында негізінен педагогика саласындағы ғылыми-пеадгогикалық еңбектерге сүйене оытырп, оларға логикалық болжамдар жасау, көркем шығармаларда пайдалану, отбасының әлеуметтік мәселелері жайлы тың еңбектерді зерделей отырып жаздым. Ол әр бөлімде көрсетілген.  
 
Педагогикадағы отбасы тәрбиесінің дамуына ежелгі Рим философы Квинтилиан, педагогика ғылымының негізін салушы Я.А.Коменский, ағылшын философы Дж.Локк, француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо, Швейцар педагогы И.Г.Песталоций, орыс педагогы К.Д.Ушинский, ұлы жазушы Л.Н.Толстой, қазақ ағартушылары Ы.Алтынсарин және Абай Құнанбаев, кеңес педагогтары Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, қазақ зиялылары М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және көптеген басқа педагогтар өз үлестерін қосты. 
 
Кеңес өкіметінің таралуына және Қазақстан Республикасындағы педагогикалық ойлардың дамуының тәуелсіздік алуына байланысты отбасы тәрбиесін зерттеу үрдісі (әдісі) халық педагогикасы бағытында қолға алынды. 
 
Менің бұл курсық жұмысты жазудағы болжамым - отбасы тәрбиесі бойынша әлеуметтік педагогикалық тұрғыда ата-аналардың мақсат міндеттері туралы баяндай отырып, отбасында қолданылып жүрген салт-дәстүрлер мен ырымдарды, ағартушылардың көзқарастары тәрбие туралы, әлеуметтік мәселерді шешудің қазіргі заманда қалыптасқан тәрбиелік құралдарды қолдана білу ретінде қолданудың мүмкіндігін көрсету болып табылады. 
 
Барлық зерттеу жұмыстары баланы өмірге дайындауда отбасы тәрбиесіне үлкен жауапкершіліктің жүктелетінін көрсетеді. Әділдік пен бауырмашылдық, өзара түсінушілік, ата-анаға және туған туыстарға деген сүйіспеншілік пен сыйластық, Отанға және айналадағы қоршаған табиғатқа деген махаббат, адамдарға және еңбекке деген құрмет тағы сол сияқты қасиеттер баланың кішкентай кезінен отбасында және мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан отбасындағы, мектептегі және айналадағылармен қарым-қатынас жасаудың дұрыстығы өте маңызды.

 

 

 

 

ОТБАСЫ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ.

 

Отбасының  әлеуметтік мәні.

 

Зерттеуші отбасын әлеуметтік тұрғыдан зерттеу кезінде, ең алдымен, отбасындағы адамдардың тәртіп үлгілеріне, ондағы адамдардың атқаратын қызметіне, рөліне баса назар аударады. Осыған сәйкес отбасының қалыптасуы, ондағы ережелрдің, жыныстық тәртіптің, болашақ ерлі-зайыптылар өздерінің туыстарымен қатынасының жиынтығы ретінде қаралады.

 

Ерлі-зайыпты адамдардың арасындағы ұатынастар некелесу (үйлену, тұрмысқа шығу) алуан түрлі тәртіп бұзушыларға қарсы қолданылатын жазалау шараларының жиынтығы арқылы реттеліп отырады. Бұл некелесу ұйымы еркек пен әйелдің арасындағы қарым- қатынастарды реттеп отырудың әлеуметтік ережелерінің, олардың арасындағы міндет пен құқықтың жиынтығын белгілейді. Отбасының топ ретінде дұрыс қызмет атқаруын, өмір сүруін қамтамасыз етеді. Осы ережелер, оның  ішінде міндет пен құқық ережелері құықтық сипатта болады. Ол неке мен отбасы туралы заң мен кодекстер арқылы реттелінеді. Бекітілген құқықтық ережелерге кіретін мәселелер: мүлікке иелік ету, ерлі-зайыпты адамдар балаларын және бір-бірін материалдық қамтамасыз ету, т.б. Осыған сәйкес бұл жерде некені бұзу туралы ережелердің жиынтығы бөлінеді.

 

Неке туралы басқа да ережелер бар, олар моральдық, салт-дәстүр, әдет-ғұрып  түрінде болады. Олардың қатарына: ерлі-зайыптылардың бір-бірінің  көңілін табу, жағыну ережелері, некені және некелік тәртіпті сұрыптап алу, отбасындағы билікті және міндетті бөлісу, баларды тәрбиелеу, отбасындағы  бос уақытты дұрыс пайдалану, т.б. кіреді. Отбасы қатынастарының басқа  да түрлері бар. Мысалы, туыстармен, достармен, т.б. қатынасу.

 

Ережелер мен салт-дәстүрлер  отбасының дамуына, өзгеруіне байланысты әрбір кезеңде әр түрлі сипатта  көрінуі мүмкін. Отбасы қатынастарындағы мәнді құндылықтар мен ережелердің  бөлініп отыруы, сонымен  қатар  ресмилікке жатпайтын ережелерді бұзушылыққа  еліміздің түпкір-түпкірлерінде, әрбір  аймағында кездесіп қалады.  Бұлардың көбі салт-дәстүрлерге, олардың кейбірі, мысалы, діни наным айырмашылықтарына, көзқарастарға байланысты болып  келеді.

 

Неке әлеуметтік институт ретінде  қоғамның дамуы мен өзгеруіне, оның қажеттілігіне, мұң-мұқтажына, талап-тілегіне байланысты өзгеріп отырады.

 

Отбасын әлеуметтік институт ретінде  зерттеудегі талдау оның қандай мәселелеріне көңіл аударуды анықтап береді: қоғамның некелік қатынастарға, тұрмыс –салтына қалай әсер ететінін, әр түрлі әлеуметтік, саяси, экономикалық жағдайларда отбасы ережелрі мен бағалы құндылықтары қалай  ерекшеленіп отырады, отбасындағы  тәртіп, қатынастар әлеуметтік тұрғыдан қалай реттеліп отыратынын, т.б. айтуға болады. Қоғамдық қажеттілік пен талап-тілекке  отбасындағы тәртіп типтерінің (түрлері) қайсысы сәйкес, қайсысы сәйкес еместігі, т.б. жатады.

 

Отбасын әлеуметтік институт ретінде  зерттегенде мынандай жалпы ұғымдар  қолданылады: 1) некелік қатынастардағы қоғамдық қажеттілік, талап-тілекткр, мұқтаждықтар; 2) отбасының әлеуметтік қызметі; 3) отбасы қатынастарындағы ережелер мен бағалық құндылықтар; 4) әр түрлі  типтегі (түрдегі) отбасындағы тәртіп үлгілері, т.б.

 

Отбасын кіші топ ретінде зерттеу - өзінің құрылымы жағынан азғана адамдар  тобының, оның мүшелерінің жалпы  әлеуметтік іс-қызметінде бір-бірімен  тікелей араласуынан, бірыңғай эмоциялық  қарым-қатынастың, топтық   ереже  және топтық процестің қалай пайда  болатынын анықтау.

 

Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу барысында  отбасы кішігірім топ ретінде  қаралады. Мұндай зерттеу,ең алдымен,ерлі-зайыпты  ададамдардың арасындағы қатынастардың  серпінін зерттеуден басталады. Бұл  тәсіл  олардың, туыстардың арасындағы қатынастарды. Некенің бұзылуын және ерлі-зайыптылардың айырылысу себептерін анықтауға көмектеседі. Зерттеу  барысында адамдар арасындағы қарым-қатынастардың  қоғамдақ ережелер мен тәртіп үлгісімен  құнды нәрселермен тығыз байланысты болатынын естен шығармау қажет.

 

Отбасын кішігірім әлеуметтік топ  ретінде зерттегенде 3 негізгі сипаттамалық тұрпатын бөліп қарау қажет. 1) Топты  жалпы сипаттау. Бұған кіретін  мәселелер –отбасы тобының мақсаты  мен міндеті, отбасының құрылымы мен мүшелері, отбасының өзара  іс-әрекетінің сипаттамасы, биліктің құрылымы, т.б.

 

2) Қоғамның әлеуметтік құрылымы  тұрғысынан отбасы тобының басқа  өзінен үлкен топтармен байланыс, қатынас түрлерінің сипаты. Қоғамдық  қатынастардағы отбасының атқаратын  қызметі.

 

3) отбасының жеке мүшелеріне  байланысты мақсаты, міндеті,  атқаратын қызметі, отбасындағы  индивидтердің өзара іс-әрекеті,  қызметі, топтық тәртіп, топтық  бақылау, т.б. Индивидтің топқа  енуі, оның отбасына енуіне қанағаттануы, ондағы тұрақтылық.

 

Отбасын зерттеудегі бағыттардың  әрбіреуінің өзінше ерекшелігі бар. Мысалы, отбасын әлеуметтік институт (ұйым) ретінде қарағанда әңгіме етілсе, ал, отбасының ішкі байланыс-қатынастарында оны кішігірім топ  ретінде  зерттеуге итермелейді. Бірінші  бағыт, яғни отбасын әлеуметтік институт ретінде қарау – бұл әлеуметтанудың мәселелерінде тығыз байланысты, ал, екінше\і бағытта, яғни отбасы кішігірім  топ ретінде қаралғанда, көбінесе оның әлеуметтік –психологиялық мәселелері сөз болады.

 

Жоғарыда көрсетілгендерді қорыта келе отбасына жалпы сипаттама берейік.

 

Ерлі-зайыптылық екі негізгі қарым-қатынасқа  негізделген: 1) ерлі-зайыптылық; 2) бала  туу немесе бала асырап алу.

 

Отбасы мүшелері бір шатырдың астында, яғни бір үйде тұрады, олар отбасының  шаруашылығын жүргізеді. Бұл 2-3 адам ұрпағын  жалғастырады. Отбасының жалпы шаруашылығы  оның өзінен үлкен бірліктерде  болу шеңберіндегі экономикалық іс-қызметпен  анықталады. Бұл отбасының шаруашылық қызметі адамдық тұрақты тәртіп үлгеріне және олардың арасындағы өзара  әрекетке байланысты өрбиді.

 

Отбасы мүшелерінің атқаратын  рөлі тек қана өзара эмоциялық  сезімдерімен ғана емес, сонымен бірге, адамдардың үлкен топтары – мемлекет, мешіт, шіркеу, т.б. институттардың қызметімен байланысты болады.

 

Сонымен, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар олардың сезімімен (махаббат, сыйласу, құрметтеу), салт-ғұрыппен, ұрпақтан – ұрпаққа берілген тәрбие, ереже, т.б. өлшемдер арқылы анықталады. Осы сыртқы бақылау түрлері отбасының  бірлігін сырттан қолдаушы, әрі типі, факторы болып есептеледі. Бірақ, қандай да бір отбасының іштей  даму күштері болады.олар жеке қажеттілік, мұқтаждық, талап-тілек, бейімділік, алға ұмтылу, т.б. негізінде пайда болады. Бұлар, яғни ішкі даму күштері сыртқы қысымдарға айтарлықтай қарсы тұра алмайды.

 

Отбасы өзіне тән жалпы шеңбер (ұлт, мемлекет, мешіт, шіркеу) көлемінде  мәдени ортаны жасайды. Осы орта сәби баланың адамдық тұлғасын қалыптастырады. Мұнымен  бірге отбасы белгілі  бір деңгейде жеке тәртіп тәсілдерін құрып, оған ерекше қасиеттер дарытуы  мүмкін. Отбасы типтері қоғамның және өркениеттің әр түрлі, белгілі бір  тарихи кезеңінде өмір сүріп отырды.

 

Жоғарыда көрсетілгендей, отбасы ерекшеліктері  қоғамның барлық салалрында, әсіресе, саясатта, экономикада, мәдениетте елеулі өзгерістер тудырады.сондықтан отбасы қоғамдағы барлық институттардың тұрақты  назар аударатын мәселесі, мұнсыз, яғни отбасынсыз ешқандай қоғам болуы  мүмкін емес.

 

Отбасының функциясы, яғни атқаратын  қызметі әруақытта оның тіршілік ету тәсілінің көрінісі ретінде  түсіндіріледі. Осы ретте қоғамның отбасына жасайтын қызметін, ал, отбасының  тұлғаға, тұлғаның отбасына жасайтын қызметін бөліп қарауға болады.

 

Отбасының атқаратын қызиеті қоғамның әлеуметтік-экономикалық іс-қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан әрбір  тарихи кезеңдерде отбасы функциясы, оның сатылы қызметі де өзгеріп отырады.

 

Тұлғаның дамуына, әрбір ерлі-зайыпты  адамдардың бақытты өмір сүруіне,балаларды  ізгілікке тәрбиелеуге, ата-аналар мен балалардың арасындағы қатынастарды жақсартуға қажетті жағдай жасау  қажет. Бұл қоғамның әрбір отбасына қойған негізгі талабы мен міндеті. Бұл талап пен міндетті орындау  қоғамға да, отбасына да бірдей тиімді. Бұларды орындау: біріншіден, қоғамдық қажеттілікті, талап- тілекті орындауға, қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады, басқаша айтқанда, отбасы жас ұрпақты  әлеуметтік процеске қатыстыруын іске асырады, бірлесіп өмір сүру ережелерін және қоғамдық өмірдің конформистік (яғни, келісушілік) тетігін енгізеді.отбасы мүшелерінің арасындағы барлық қатынастардың, атап айтқанда, рухани, адамгершілік, билік, бедел (авторитет), т.б. қатынастардың  жиынтығы отбасы құрылымы деп аталады.

 

Отбасы құрылымы және оның іштей  ұйымдастырылуы көптеген факторларға  байланысты. Отбасы құрылымы, ең алдымен, ерлі-зайыптылардың типіне (яғни, үлгілі түріне) байланысты болады. Тарихта  ерлі- зайыптылықтың моногамдық (біркелкілік) және полимамдық (көпнекелік) түрлері  болған.

 

Ерлі – зайыптыларды сұрыптау тұрғысынан қарағанда – некелік эндогендік (яғни, белгілі бір топтың, әсіресе, кастаның ішінен болуы. Бұл алғашқы  қауымдық қоғамға тән. Қазіргі уақытта тек қана өз ұлтында немесе діни қауымда болатын некелік) және экзогомдық (бұл, керісінше, некелікті белгілі бір топ немесе кастаның ішінен сұрыптап алуға тиым салу, мұнда некелік әрбір топтан серіктестік негізіндеқұралады) сияқты категорияларда болды.

 

Отбасындағы билік құрылымы  демократикалық немесе авторитарлық деп екіге бөлінеді. Отбасындағы авторитарлық  билік  әйелдің еркекке қатаң бағынуын, осыдан барып, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар қатаң тәртіп арқылы сипатталады. Отбасындағы  демократикалық билік ерлі-зайыпты адамдардың қабілеттеріне  қарай басшылық рөлдерді бөлуге негізделген. Мұнда әрбір отбасы мүшесі шешім  қабылдауға қатысады, балаларды сендіру, нандыру, көз жеткізу негізінде  тәрбиелейді, мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды. Отбасындағы билікті зерттеу  ондағы адамдардың арасындағы функцияларды белгілеуге, ал, әрбір отбасы мүшесінің  осы рөлдерді қалай орындап жатқанына, сонымен бірге ерлі-зайыпты адамдардың арасындағы түсінбеушілікті анықтауға  әсер етеді.

 

Отбасының рөлдік(атқаратын қызметі) құрылымы деп, ондағы жеке мүшелердің белгілі бір қоғамдағы ереже  – нұсқауларға, әдет-ғұрыптарға, т.б. негізделген өзара іс-әрекет, қатынастардың  жиынтығын айтады.

 

әдет – ғұрып, салт бойынша отбасында  әйел адам үй шаруашылығын жүргізу, бала табу және баланы тәрбиелеу қызметін атқарса, ер адам үй және шаруашылық иесі, отбасының тұрақты тіршілігін экономикалық тұрғыдан қамтамасыз етеді. Сөйтсе де еркек пен әйел функциялары өзгеріп  отыруы мүмкін. Бүгінгі күні көптеген әйел адамдар өндірісте жұмыс  істейді және жалпы отбасылық  шешімді қабылдауға қатынасады. Мұның  өзі отбасының атқартын қызметінің барлық жағына әсерін тигізеді, әсіресе, демографиялық (туу) тәртібіне зор  ықпалын тигізіп, жаңа сәбилердің дүниеге  келуін азайтты, некелік айырылысу  көбейіп кетті.

 

Отбасы идеологиясы деп, әрбір  отбасында қалыптасқан белгілі  бір қарым-қатынастар мен құндылықтар  жүйесінің жиынтығын айтамыз.

 

Неке – бұл қоғам тарапынан  ретке келтірілген әлеуметтік қатынастар, мұнда жеке-дара құштарлық сезім  тұратылыққа, өзара бейімділікке және неке шарттары ерлі-зайыптылардың нақты  әрекетіне айналады. Бейімділік жаңа сәби туғаннан кейін тұрақтылыққа айналады, ол жан-жақты дамыған және толық  ұйымдасқан түрге ауысады. Дау –  жанжал негізінде бейімділік тұрақты  зорлық, күштеу жағдайына да айналуы  мүмкін, Ақыр аяғында ол отбасының  ыдырауына, некенің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.

Информация о работе Қазіргі кездегі отбасыдағы әлеуметтік жағдайлар және оны дамыту жолдары