Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 10:06, курсовая работа
Мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 пайыз. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойынша салық төлейді.
Салық мәлімдемесі төлеушілердің өз табыстарының мөлшері туралы хабары, ал жалдамалы еңбек адамдарынан салық жалақы төлегенде ұсталады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы»1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар еңгізіледі.
Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Барлық өркениетті
елдерде салықтардың бүкіл
Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.
Әр бір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту,тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады.
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін,олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.
Салықтар негізгі мынадай қызметтері (функциялары) бар:
Жоғарыда көрсетілген негізгі функциялармен қатар салықтардың ынталандыру, бақылау функцияларын атап кетуге болады.
Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтар реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері,салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады.
Жоғарыда көрсетілген салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине, салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктермен тығыз байланыста болуы қажет. Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық жеңілдіктерінің алатын орыны ерекше. Себебі ғылыми негізделмеген, шектен тыс жоғары қойылған стафкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азайуына әкеліп соқтырады. Осы сияқты салық жеңілдіктерінің де теңсіз жағы және бар. Дамыған елдердің тарихынан салық ставкалары жөнінде мынаны байқауға болады:
а-егер төленетін салық мөлшері салық төлеуші табысының 50 процентінен асып кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына соқтырады;
ә-егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50 проценті аралығында болса, онда жай, ұдайы өндіріске әкеледі;
б-егер салық мөлшері, салық төлеуші табысының 35-40 проценті мөлшері аралығында болса, онда ұлғамайлы ұдайы өндіріске әкеледі.
Салықтардың екінші қызметі – фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызметі (функциясы) арқылы мемлекеттік бюджеттік кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери – қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді. Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс - әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының ішкі өнімдегі салықтардың үлес салмағы 40 проценттен көбірек болып отыр. Бұл экономикасы дамыған басқа елдерден әлдеқайда жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін қаржы көздерін орталықтандырудың бір айғағы осы. Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін (функциясын) пайдалана отырып еліміздің салық жүйесін анықтайды. Салық механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып салық саясатын анықтайды.
Қазахстан Республикасы Конституциясының 35 – бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің бұрышы әрі міндеті болып табылады, - жазылған.
Салықтардың әлеуметтік – экономикалық мәнімен мазмұны олар қарайтын функциалрда толық ашыла түседі. Кәзіргі кезде салықтар фескалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функияны орындайды. Олардың әр қайсысы – осы қаржы категориясының ішкі қасиетін, белгілерімен ерекшеліктерін білдіреді.
Фискалдық функция барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады. Мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік – мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Салықтардың реттеуші
Қайта болу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады. Соңғы жылдары Қазахстанда ішкі жалпы өнімдегі салықтар үлесінің төмендеу тенденциясы орын алып отыр. Егер 1997 жылы ішкі жалпы өнімдегі олардың үлесі 19,7пайыз болса, 1998 жылы ол 16,6 пайызға,2000 жылы-22,6 пайыз,2001 жылы - 22,2 пайыз болды (салыстыру үшін: Украинада – 29 пайыз, Ресейде – 33,3 пайыз).
Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастырлык, салық төлеушінің декларациясы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.
Мемлекеттік салық салу саясаты- салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік- экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық жүйесі - өзінің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын күрделі модель.
Салық жүйесі компоненттерінің құрамы мынадай : қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыру, салық салудың негізгі принциптері және т.б-лар салық механизміне жатады. Салық жүйесінің жақсыда, тиімді қызмет істеуіне салық салу механизмінің тигізер ықпалы өте зор.
Енді осы салық жүйесінің құрамы мен салық салу механизміне кеңірек тоқталайық.
Қандай да бір механизмінің құрамында бірнеше тетіктер және элементтер болады. Салық салу механизмі де сол сияқты белгілі бір салық элементтерінен құралады.
Салық салу элементтері мыналар:
Субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері, - салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.
Енді осы
әрбір элементке қысқаша
Салық субъекті (салық төлеуші) дегеніміз – заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар.
Салық объектісі – табыс, мүлік, еңбек ету түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналым және т.б.
*Салық көзі – салық салынатын табыс.
*Салық ставкасы немесе бәсі өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.
*Ставкалар тұрақты немесе процентпен белгіленеді.
*Тұрақты ставкалар
салық объектісінен түсетін
*Проценттік ставкалар үш түрге бөлінеді: үдемелі немесе прогрессивті; регрессивті және пропорционалды.
Үдемелі немесе прогрессивтік ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұдайы үдеп, өсіп отырады.
Регрессивтік ставкалар, керісінше, салық салынатын табыстың төмендеуіне сәйкес, азайып отырады.
Пропорционалдық ставкалар салық салу объектісінің мөлшеріне байланыссыз, тұрақты бір процентпен тағайындалады.
Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы.
Салық жеңілдіктері дегеніміз, заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту жатады.
Салық төлеу мерзімі – салық төленетін уақыт.
Салық төлеу тәртібі – белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде белгілі бір дәйектілікті белгілейді.
Салық қызметінің негізгі міндеттері мыналар:
салық заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, оның тиімділігін зерделеу;
заңдардың, салық салу мәселелері жөнінде басқа мемлекеттермен жасалатын шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;
салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық заңдары мен салық салу жөніндегі нормативті актілердегі өзгерістер туралы салық төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру.
Салық төлеушілер өз тарапынан мынадай міндеттерді атқарулары тиіс: уақытылы салық инспекциясына тіркеліп, тіркеу нөмірін алуға; мемлекеттік салық комитетінің актілеріне сәйкес есеп құжаттамаларды жүргізуге, осы есеп құжаттамаларды бес жыл бойы сақтауға; белгіленген мерзімде салық декларациясын тапсыру; атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге асыратын салық, төлеуші салық қызметінің талабы бойынша атқарушыға төленген соммалар туралы ақпарат беруге; салық заңдарын, салық төлеу тәртібін, салық төлеу мерзімін қатаң сақтауға;
Салық механизмінің элементтері
3.3 Қазақстанның салық жүйесіндегі мәселелер және оны шешу жолдары
Қандай да болмасын мемлекеттің салық жүйесі негізінен екі қызметті атқарады. Біріншісі фискалды қызмет болса, екіншісі реттеуші қызметі. Фискалды қызмет ешкімді де алаңдата қоймайды, себебі кез келген мемлекеттің өмір сүруі үшін қаражаттың қажеттілігі өте маңызды нәрсе. Реттеуші қызмет әркімнің, мейлің мемлекеттің немесе кәсіпкерлердің болсын, аса қызықтыратын мәселесі болып табылады.
Қазақстандағы салықтардың атқаратын реттеуші қызметіне кеңінен тоқталсақ, оның оншалықты өз атына сәйкес келе бермейтін жақтарын байқауымызға болады. Салықтардың реттеуші ролі негізінен мынадай шараларға жауап беруі қажет: мемлекеттік бюджетке түсетін кіріс мөлшерінің белгілі бір деңгейін ұстап отыру және кәсіпорындар мен жеке тұлғаларға салынатын салықтардың ауыртпалығын реттестіру.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында болашақтағы мемлекетіміздің негізгі байлық көзі шикізатты, соның ішінде ең біріншіден мұнайды экспорттау болып табылады. Осыған сәйкес, салық жүйесінің алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі шикізатты экспорттаушыларға салынатын салықтардың тиімділігін арттыру болып табылады.
Үкімет басшысының хабарлағанындай,
1999 жылдың қорытындысы бойынша, мұнайды
экспорттаудан тек салық
Осындай көлеңкелі экономиканың келеңсіз әрекеттерінен еліміздегі күнделікті тұрмыстық қажеттіліктерге аса зәру болып отырған тұрғындардың бөлігі көп зардаптар шегуде. Екінші жағынан, салық салынатын базаның кемуінен, экспорттаушы емес экономиканың басқа салаларында қызмет атқарып отырған кәсіпорындарға жүктелетін салық ауыртпалығы арта түсуде.