Оқу орындарында Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырудың тиімділігін арттыру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2014 в 14:46, дипломная работа

Описание работы

Жастарды әскери қызметке жақсы дайындау мақсатында Бастапқы әскери дайындық туралы ҚР Үкімет қаулысына сәйкес бастапқы әскери дайындық бағдарламасы бойынша барлық оқу орындарында оқу материалдық базалары болуы керек. Бастапқы әскери даярлық жалпы орта білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік (арнаулыдан басқа), орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізіледі

Содержание

Кіріспе .........................................................................................................................3
1. Оқу орындарында бастапқы әскери дайындықты жоспарлау және ұйымдастыру
1.1 Бастапқы әскери дайындықты жүйелі жоспарлау және оқыту түрлері................................................................................................................6
1.2 Бастапқы әскери дайындықты оқытуда қолданылатын әдістемелік тәсілдер.............................................................................................................11

2. Оқу орындарында, мектептерде бастапқы әскери дайындықты ұйымдастырудың тиімділігін арттыру жолдары
2.1 Оқу орындарында, мектептерде бастапқы әскери дайындықты ұйымдастыру және өткізудің тиімділігін арттыру......................................22
2.2 Әскери патриоттық тәрбие беру – Бастапқы әскери дайындықты ұйымдастырудың маңызды бөлігі.................................................................30
2.3 Бастапқы әскери дайындықты жоспарлау мен ұйымдастыру бойынша оқу орындарындағы қарастырылатын мәселелер.......................................32

Қорытынды .............................................................................................................66
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................68

Работа содержит 1 файл

док.doc

— 476.50 Кб (Скачать)

Практикалық сабақтарды өткізгенде оқыту кезіндегі көрнекі  құралдар үлкен рөл атқарады. Сондықтан да сабақтың тиімділігін арттыру үшін алдын ала дайындық, содан кейін қажетті сызбалар, плакаттар, суреттер, маркерлер мен басқа да көрнекіліктер пайдалануға ұсынылады. Сонымен бірге диафильмдерді, диапозитивтерді, оқу кинофильмдерінен(телефильмдерден) фрагменттер көрсетуге болады. Мұның бәрі оқу материалын көзбен қабылдауға ықпал етеді. Практикалық сабақтың сапасын арттыру үшін және әр түрлі түсіндірулерге уақыт шығынын барынша азайту үшін  мұғалім тапсырманы өңдеп, оны сабақ қарсаңында оқушыларға беруі керек. Онда сабақ тақырыбы, оқу сұрақтары, қандай лауазымды адамдардың  міндеттерін орындауға оқушылардың дайын болу керектігі, сабақта оларда қандай құралдар болуы тиістігі, сондай-ақ бос уақыттарында оқитын әдебиеттер көрсетіледі.

Егер оқушылар алған тапсырмаларға сай болса, онда олар мұғалімнің жетекшілік етуімен  дайындала бастайды. Оқу тобының  барлық оқушылары жұмыспен қамтылған  болса, онда практикалық сабақтар мейлінше тиімді өтеді. Ол үшін бірнеше сабақ  өткізу орындары жасалуы мүмкін. Практикалық сабақтарды оқушылар білімін тексеруден бастауға болады. Уақытты үнемдеу және оқушыларды барынша қамту мақсатында тексеруді алдын ала дайындалған жауаптарға арналған бланкілерді пайдалана отырып жаппай сұрақ қою(ауызша немесе жазбаша) тәсілі арқылы өткізген дұрыс. Оқушылардың практикалық іс-әрекеті ойының басталуы жағдайын хабарлаудан және оларды белгілі бір лауазымға тағайындаудан басталады. Оқушылардан белгілі бір дағдылар мен іскерлікті талап ететін күрделі  оқу сұрағы оқытылып үйретілген  кезде ол ең алдымен мүмкіндігінше баяу қарқынмен игертіледі. Егер оқушылар іс-әрекеттерінде айқын қателіктер байқалса, онда оларды тоқтатып, қателіктерге сәйкес ескертулер жасалынады, мұғалімнің өзі сол немесе басқа лауазымдық қызметтегі рөлдің әрекетін орындап көрсетеді. Алғашқы сабақтар оқушылардың практикалық іс-әрекеттерін көбісіне көрсетумен, қысқа түсіндірулермен қоса байланыстыра жүргізілсе, келесі сабақтарда практикалық жұмыстар үшін оларға көбірек өз беттерінше жұмыс істеу ұсынылады.

Әрбір  оқу сұрағын өңдеудің дұрыс қортынды шығарумен аяқтау керек. Бұл кезде оқушылардың іс-әрекетін бағалауға ерекше мұқият болған жөн. Сабақ барысыда бір оқушы бірнеше ойын эпизодтарына қатысуы мүмкін, міне, оның осы жалпы дағдысын дұрыс бағалау қажет. Тараудың оқып-үйрену үрдісінде оқушылар түрлі дайындық деңгейінен өтеді, соның нәтижесінде олар мынаны білуі тиіс:

    • Қазақстан Респуликасы Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғыларының тағайындалуын және оның басты талабын;
    • Тәртіптік жарғы (ТЖ) талаптарының жалпы мазмұны мен ерекшелігін;
    • Қазақстан Респуликасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің әскери атақтары;
    • әскери қызметшілердің мінез-құлқы және  әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынаста әскери әдептілікті;
    • әскери тәртіпті анықтауды;
    • тәртіптік жазаларды анықтауды;
    • рота бойынша тәуліктік кезекшінің міндеттерін;
    • қарауылдық қызметті ұйымдастыру ережелерін;
    • сақшының міндеттерін;
    • сақшының қаруды қолдану ретін.

Сонымен бірге  істей алулары тиіс:

– әскери қызметшілердің әскери атақтарын нақты және дұрыс айыра білуді;

    • жарғы ережелерде көрсетілген адамгершілік мінез-құлық ережесін оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынаста дұрыс құрастыра білуді;
    • рота бойынша тәуліктік кезекшінің қызметін атқаруды.

Ынталандыруды күшейту, оқытылатын материалға және пәнге қызығушылығын арттыру үшін мақсатқа сәйкес тұтастай алғанда оқушылар таныстырылды:

    • тәртіптік ықпал ету шараларымен:
    • әскери қызметшілердің жалпы міндеттерімен;
    • командирлер мен бағыныштылар, үлкендер мен кішілер арасындағы қарым-қатынас анықтайтын жарғы ережелерімен;
    • сарбаздар(матростарға) мен сержанттарға қолданылатын тәртіптік жазаларымен;
    • рота бойынша тәуліктік кезекшінің тағайындалуы, құрамы мен қарулануымен;
    • қарулық қызметтегі тағайындау және оның міндеттерімен;
    • объектілерді қоршау және постыларды жабдықтаумен;
    • постыдағы сақшы қаруының жағдайымен.

Тактикалық дайындық «Алғашқы әскери дайындық» пәнін кешенді оқып-үйретуді қамтамасыз етеді. «Тактикалық дайындық» тарауын оқып-үйренудің мақсаты - оқушыларды Қарулы Күштердің, әскери өнердің дамуымен, қазіргі жағдайдағы ұрыс ерекшеліктерімен, мотоатқыш бөлімшелерінің ұрыстағы әрекеттерімен, әр түрлі жағдайдағы бөлімшелердің атысты басқару тәсілдерімен таныстыру. Сарбазды (бөлімше командирін) жергілікті жердегі бөгеттерді (кедергілерді) өту кезінде практикалық қимылдарға, графикалық ұрыс құжаттарын дайындауға, бақылау және ату үшін орын тандауға, «Радиациялық қауіп», «Химиялық дабыл» пәрмендері бойынша іс-әрекеттер жасауға үйрету. Одан басқа, оқушыларға қазіргі заманғы ұрыс сипаты, ұрыс түрлері, мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуымен атыс жүргізу жүйесі, сарбаздың ұрыстағы іс-әрекеттері, сондай-ақ миналардың бүркенішті ашу белгілері туралы теориялық білім беру. Тактикалық дайындықтың міндеттері-жалпы әскери ұрыстың теориялық негіздерін, ұрыстағы бөлімше мен сарбаздың іс-әрекеттерінің әдіс-тәсілдерін оқып-үйрету, оқушыларды ұрыс қимылдарын ұйымдастыруға, қамтамассыз етуге және ұрыста бөлімшені үзілісіз басқаруға дағдыландыру, оқушыларды ұрыс жағдайында, кез келген жергілікті жерде, күндіз және түнде атыс қаруын қолдануға үйрету; моральдық, техникалық және дене қасиеттерін қалыптастыру.

 

1.2 Бастапқы әскери дайындықты оқытуда қолданылатын әдістемелік тәсілдер

Бастапқы әскери дайындық азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқаруға дайындық жүйесінің бір бөлігі болып табылатындықтан, қазіргі кезеңде «Бастапқы әскери дайындық» пәнін оқыту Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Қорғанысы туралы» және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкестікте жүзеге асып отыр.

Бастапқы әскери дайындық – Қазақстан Республикасы азаматтарын Қарулы Күштерде, басқа да әскер және әскери құрамаларда қызмет етуге дайындайтын мемлекеттiк жүйенiң негiзгi құрамы болып табылады.

Бастапқы әскери дайындық меншік түрі мен ведомствалық бағыныштылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде), кәсіптік-техникалық мектептерде (кәсіптік мектеп) әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады.

Әскери–патриоттық тәрбие алғашқы әскери дайындықпен  тығыз ұштастырыла отырылып, жастардың  әскери iстi жақсы меңгеруiне, төтенше жағдайларда қорғанудың тәсiлдерi мен құралдарын дұрыс пайдалана бiлуiне ықпал ете алуы қажет.

Оқу пәнінің жалпы мақсаттары.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы түсінігін және әскери іс негіздері  бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру; оқушылардың өмірлік қабілеттері мен дағдыларының дамуын қалыптастыруға ықпал ету.

Жастардың алғашқы  әскери дайындығы мынандай мақсатта өткiзiледі:

  • Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерiн, мемлекет қорғанысының негiзiн жастардың оқып үйренуi;
  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң тағайындалуын, оның сипаты мен ерекшелiктерiн, Қазақстан Республикасы азаматтарының қасиеттi борышы ретiндегi әскери қызмет мәнiн, әскери анттың негiзгi талаптарын, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерiнiң Жарғыларын жете түсiнуi;
  • әскери бөлiмдердегi ұрыстық техника және қару-жарақпен, жеке құрамның тұрмыс-тiршiлiгi және олардың орналастырылуымен танысуы;
  • қажеттi әскери бiлiм мен практикалық дағдыларға ие болуы;
  • төтенше жағдайларда адамның тiршiлiк әрекетiнiң қауiпсiздiк негiздерiн менгеруi.

 

 «Бастапқы әскери дайындық» оқу пәнінің міндеттері:

  • оқушыларды Қазақстан Республикасы  Қарулы Күштерінде қызмет ету үшін алғашқы әскери дайындықтың теориялық тиянақты білімдері негізінде, Қазақстан Рсепубликасы Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар қысқа уақыт ішінде  мерзімді әскери қызмет өтеу шарттарына бейімделіп, сеніп тапсырылған әскери техника мен қару-жарақты меңгере алатындай жағдайда даярлау;
  • оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметі туралы біртұтас түсінігінің өзара үйлесімді жүйесін қалыптастыру;
  • оқушыларды қарулы қорғаныс ролі нақты түрде өсіп отырған Қазақстан Республикасындағы өмірге даярлау.

Бастапқы әскери дайындыққа үйретудің басты міндеттері негізінде нақты дидактикалық тапсырмалар қарастырылады, оның ішінде аса маңыздысы оқушылардың сенімділігін, саналы түрде Қазақстан Республикасы егемендігін қорғау қажеттілігін, әскери қызметке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру болып табылады.

 Жалпы орта білім беру деңгейі бойынша «Бастапқы әскери дайындық» пәнінің мазмұны пәннің мақсат, міндеттеріне және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес айқындалады.

 Пән бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын іріктеуде жалпы дидактикалық ұстанымдар: табиғи үйлесімділік, практикаға бағыт ұстану, сабақтастық, саналылық, көрнекілік, белсенділік, жүйелілік пен бірізділк принциптері басшылыққа алынды. Үздіксіздік ұстанымы оқытудың барлық сатылары арасында әдіснамалық, мазмұндық, оқытудың әдістемесі мен технологиясы деңгейінде сабақтастықты қамтамасыз етеді.

Көрнекілік  ұстанымы нақты жағдайда қарым-қатынастың «болуын» көрсететін барлық көрнекілік құралдарын (вербалды, иллюстрациялық, сонымен қатар мұғалім сабақ барысында қолданатын қимыл-қозғалыстар) пайдалану қарастырылады. 

Белсенділік ұстанымы мұнда ұстанымның 3 түрі қолданылады: тұлғалық-бағдарланған, мәдени-бағдарланған, ісәрекеттік бағдарланған ұстанымдары.

Тұлғалық  бағдарланған ұстанымына: адекваттық ұстанымы, даму ұстанымы, психологиялық жайлылық ұстанымы кіреді.

Мәдени  бағдарланған ұстанымының құрамына келесі ұстанымдар кіреді: әлем картинасы ұстанымы, білім беру мазмұнының біртұтастығы ұстанымы, жүйелілік ұстанымы, әлемге деген мағыналық қарым-қатынас ұстанымы, білімнің бағдарланған қызметі ұстанымы, дүниетаным және мәдени стереотип ретінде мәдениетке сүйену ұстанымы.

Әрекетке  бағытталған ұстанымдар тобына оқушының оқу әрекетін реттейтін ережелер кіреді: оқытудың  әрекетшілдік ұстанымы, іс-әрекеттен оқу жағдаятына, іс-әрекеттен өмірлік жағдаяттарға басқару арқылы ауысу ұстанымы, оқу-танымдық іс-әрекеттен оқушының өздік іс-әрекетіне (өзіне жақын аймақта) ауысу ұстанымы, алдағы (спонтанды) дамуға сүйену ұстанымы, креативті ұстаным немесе шығармашылыққа мұқтаждықты және шығармашылық біліктерін қалыптастырушы ұстаным.

Жүйелілік және сабақтастық ұстанымдары қайталау, қорыту жолдары және сабақ, тақырып, бірнеше тақырып, тоқсан және т.б. үдерісінде қажетті материалды жүйелендіру арқылы, сонымен қатар келесі дидактикалық ережелерді сақтау арқылы жүзеге асырылады: белгіліден белгісізге, қарапайымнан күрделіге, үйлестіктен өзектіліктікке.

Пән бойынша оқу жүктемесі.

ҚР ЖМБС типтік жоспарына сәйкес 10 сыныпта - аптасына 2 сағат және 4 сағат практикалық жаттығулар мен нормативтерді тапсыруға арналған, барлығы оқу жылында 72 сағат. 11 сыныпта - аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

Қыздармен өткiзiлетiн  алғашқы әскери дайындық сабағы жекеленген сабақтарды қоспағанда ер балалармен бiрге өткiзiледi. Ер балалар мен қыздарға жекеленген және бiрiктiрiлiп өткiзiлетiн сабақтар №1 кестеде көрсетiлген.

Үйренушiлердiң  практикалық дағдылары мен біліктілiктерін қалыптастыру мақсатында нормативтер  мен жаттығуларды орындауын тексеру  үшiн бақылау жұмыстарына 4 сағат  көлемiнде уақыт қарастырылған.

Бақылау сабағының  материалдары №2 кестеде алғашқы әскери дайындық бойынша нормативтер және жаттығулар тiзбесімен ұсынылған.

 Оқу пәні  мазмұнының вариативтік  бөлігі негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде қосымша оқу бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған.

Мектептің мүмкіндігін  және білім алушылар  мен ата-аналардың  талап-тілектерін ескере отырып, мұғалімдер таңдау сабақтарын құрастырады. Мысалы, «Қауіпсіздік әр күні», «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері – Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігінің негізі», «Білім және салауатты өмір салты» және т.б.

Оқушыларды  үйретудегі қолданылатын әдістемелік  тәсілдер оқылатын материалдарды  меңгеруге жол ашып, оқушылар белсенділігін қамтамассыз ету тиіс. Ұрысты жүргізу теориясы мен практикасының мәселелерін терең меңгеру үшін барлық сабақтарда көрнекіліктерді, кино мен диафильмдерді, сызбалар мен плакаттар, есептер мен кестелерді кеңінен пайдалану керек. «Тактикалық дайындық» тарауындағы оқу мақсаттарын нақты белгілеу үшін жоспарлауда, практикалық және теориялық сабақтарды дайындап жүргізуде, сондай-ақ нормативтерді бекіту және бақылау жаттығуларын өткізуде мұғалім жетекшілікке алатындай деңгейлік білімді ұсынамыз. Тактикалық дайындықты оқып-үйрену нәтижесінде оқушылар мынаны білу керек:

    • қазіргі заманғы ұрыс сипатын ;
    • ұрыс түрлері және олардың сипаттамасын;
    • мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы және оның қарулануы;
    • бөлімшенің атыс жүйесін ұйымдастыру;
    • сарбаздың ұрыстағы іс-әрекетің;
    • минаның бүркеніштің ашу белгілерін;
    • сарбаздың шабуылындағы, қорғаныстағы іс-әрекеттерін;
    • бөлімшенің қорғаныстағы іс-әрекетің.

Информация о работе Оқу орындарында Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырудың тиімділігін арттыру жолдары