Оқу орындарында Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырудың тиімділігін арттыру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2014 в 14:46, дипломная работа

Описание работы

Жастарды әскери қызметке жақсы дайындау мақсатында Бастапқы әскери дайындық туралы ҚР Үкімет қаулысына сәйкес бастапқы әскери дайындық бағдарламасы бойынша барлық оқу орындарында оқу материалдық базалары болуы керек. Бастапқы әскери даярлық жалпы орта білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік (арнаулыдан басқа), орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізіледі

Содержание

Кіріспе .........................................................................................................................3
1. Оқу орындарында бастапқы әскери дайындықты жоспарлау және ұйымдастыру
1.1 Бастапқы әскери дайындықты жүйелі жоспарлау және оқыту түрлері................................................................................................................6
1.2 Бастапқы әскери дайындықты оқытуда қолданылатын әдістемелік тәсілдер.............................................................................................................11

2. Оқу орындарында, мектептерде бастапқы әскери дайындықты ұйымдастырудың тиімділігін арттыру жолдары
2.1 Оқу орындарында, мектептерде бастапқы әскери дайындықты ұйымдастыру және өткізудің тиімділігін арттыру......................................22
2.2 Әскери патриоттық тәрбие беру – Бастапқы әскери дайындықты ұйымдастырудың маңызды бөлігі.................................................................30
2.3 Бастапқы әскери дайындықты жоспарлау мен ұйымдастыру бойынша оқу орындарындағы қарастырылатын мәселелер.......................................32

Қорытынды .............................................................................................................66
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................68

Работа содержит 1 файл

док.doc

— 476.50 Кб (Скачать)

 МАЗМҰНЫ

Кіріспе .........................................................................................................................3

 

1. Оқу орындарында бастапқы әскери дайындықты жоспарлау және ұйымдастыру

1.1 Бастапқы әскери дайындықты жүйелі жоспарлау және оқыту түрлері................................................................................................................6

1.2 Бастапқы әскери дайындықты оқытуда қолданылатын әдістемелік тәсілдер.............................................................................................................11

 

 

2. Оқу орындарында, мектептерде бастапқы әскери дайындықты ұйымдастырудың тиімділігін арттыру жолдары

2.1 Оқу орындарында, мектептерде бастапқы әскери дайындықты ұйымдастыру және өткізудің тиімділігін арттыру......................................22

2.2 Әскери патриоттық тәрбие беру – Бастапқы әскери дайындықты ұйымдастырудың маңызды бөлігі.................................................................30

2.3 Бастапқы әскери дайындықты жоспарлау мен ұйымдастыру бойынша оқу орындарындағы қарастырылатын мәселелер.......................................32

 

     

Қорытынды .............................................................................................................66

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................68

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

    Әскери қауіпсіздік – елдің аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігіне соғыс сипатындағы нақты және мүмкін болатын қол сұғу мен қауіп-қатерден еліміздің ұлттық мүддесінің қорғану жайы. Қазіргі кезде Қарулы Күштерді қайта құруға бағытталған белсенді жұмыстар атқарылуда. Мұнда біздің еліміз өз қауіпсіздігі мүддесін, қорғаныс одақтастығы, біртұтас әскери – стратегиялық кеңістігі сақтау мен дамытудың қажеттілігі аясында достас мемлекеттердің қорғаныс мүддесін де басшылыққа алады. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Біздің аса маңызды идеологиялық міндетіміз - әрбір адамның өзін-өзі айқын билеу. Олай болса осы міндетті орындау жолында тәрбие мәселесін қолға алып ұрпақтарды аздырмай-тоздырмай болашақ өркениеттті алға бастыратын адам етіп тәрбиелеуіміз керек» деп айтқан еді, сондықтан қазіргі жастардың бойында ұлтжандылықты қалыптастыруда бастапқы әскери даярлық пәнінің маңызы зор. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі әскери қауіпсіздік болып саналады, ал оны қарулы күштерсіз қару да, ұйымдастыру да мүмкін емес. Жастарды әскери қызметке дайындау  оқу материалдық базасыз мүмкін емес. Ол бірінші ретте әскери оқытудың көппәнді екендігін аңғартады.

  Жастарды әскери қызметке жақсы дайындау мақсатында Бастапқы әскери дайындық туралы ҚР Үкімет қаулысына сәйкес бастапқы әскери дайындық бағдарламасы бойынша барлық оқу орындарында оқу материалдық базалары болуы керек. Бастапқы әскери даярлық жалпы орта білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік (арнаулыдан басқа), орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізіледі. Оқытудың тиімділігін арттыру барысында жаңа оқыту технологиясының  әдіс-тәсілдері арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушының даралығын сақтап, білім сапасын жетілдіру.

       Алғашқы әскери дайындық – ҚР азаматтарын Қарулы Күштерде, басқа да әскер және әскери құрамаларда қызмет етуге дайындайтын мемлекеттiк жүйенiң негiзгi құрамы болып табылады. Алғашқы әскери дайындық меншік түрі мен ведомствалық бағыныштылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде), кәсіптік-техникалық мектептерде (кәсіптік мектеп) әскерге шақырылуға  дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады. Әскери–патриоттық тәрбие алғашқы әскери дайындықпен тығыз ұштастырыла отырылып, жастардың әскери iстi жақсы меңгеруiне, төтенше жағдайларда қорғанудың тәсiлдерi мен құралдарын дұрыс пайдалана бiлуiне ықпал ете алуы қажет. Өкінішке орай қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептердің іс-тәжірибесі де бастапқы әскери дайындық    пәнінің оқу-материалдық базасының қандай болу керектігі женінде нақты жүйенің жоқтығын көрсетіп отыр. Ғылыми әдебиеттерге және мектептерде оқытылатын әскери оқулықтарға, оқу бағдарламаларына, оқулықтарына жасалған талдаулар мен тәжірибелі мұғалімдердің пікір-көзқарастары зерттеу проблемасының педагогика ғылымында күні бүгінге дейін шешімін таппай отырғанын айғақтайды. Демек,  оқу орындарындағы бастапқы әскери дайындық пәнінің оқу-материалдық базасын әскери-патриоттық тәрбиелік іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру және олардың әскерге икемділігін жоғарылату жолдарында орта мектептің оқу-тәрбие үрдісінде жеткіліксіз пайдалануы және БӘД пәнінің оқу-материалдық базасының заман талабына сай жабдықталмауы қайшылықтар тудырады. Бұл зерттеу проблемасының көкейтестілігін көрсетіп, зерттеу тақырыбын «Оқу орындарында Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырудың тиімділігін арттыру жолдары» деп таңдауымызға себепші болды.

 Зерттеу  жұмысының мақсаттары.

  • Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерiн, мемлекет қорғанысының негiзiн жастардың оқып үйренуi;
  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң тағайындалуын, оның сипаты мен ерекшелiктерiн, Қазақстан Республикасы азаматтарының қасиеттi борышы ретiндегi әскери қызмет мәнiн, әскери анттың негiзгi талаптарын, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерiнiң Жарғыларын жете түсiнуi;
  • әскери бөлiмдердегi ұрыстық техника және қару-жарақпен, жеке құрамның тұрмыс-тiршiлiгi және олардың орналастырылуымен танысуы;
  • қажеттi әскери бiлiм мен практикалық дағдыларға ие болуы;
  • төтенше жағдайларда адамның тiршiлiк әрекетiнiң қауiпсiздiк негiздерiн менгеруi.
  • Оқу орындарында әскери даярлықты ұйымдастырудың міндеттерін айқындау;
  • БӘД пәнін оқытуды ұйымдастыра отырып оған қойылатын талаптарды көрсету.

Зерттеу жұмысының  міндеттері:

  • Студенттерді Қазақстан Республикасы  Қарулы Күштерінде қызмет ету үшін алғашқы әскери дайындықтың теориялық тиянақты білімдері негізінде, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар қысқа уақыт ішінде  мерзімді әскери қызмет өтеу шарттарына бейімделіп, сеніп тапсырылған әскери техника мен қару-жарақты меңгере алатындай жағдайда даярлау;
  • жастарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметі туралы біртұтас түсінігінің өзара үйлесімді жүйесін қалыптастыру;
  • студенттерді қарулы қорғаныс ролі нақты түрде өсіп отырған Қазақстан Республикасындағы өмірге даярлау.

Алғашқы әскери дайындыққа үйретудің басты міндеттері негізінде нақты дидактикалық тапсырмалар  қарастырылады, оның ішінде аса  маңыздысы студенттердің сенімділігін, саналы түрде Қазақстан Республикасы егемендігін қорғау қажеттілігін, әскери  қызметке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру болып табылады.

Зерттеудің  теориялық негіздері:

  Пән бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын іріктеуде жалпы дидактикалық ұстанымдар: табиғи үйлесімділік, практикаға бағыт ұстану, сабақтастық, саналылық, көрнекілік, белсенділік, жүйелілік пен бірізділк принциптері басшылыққа алынды.

Үздіксіздік ұстанымы оқытудың барлық сатылары арасында әдіснамалық, мазмұндық, оқытудың әдістемесі мен технологиясы деңгейінде сабақтастықты қамтамасыз етеді. Көрнекілік ұстанымы нақты жағдайда қарым-қатынастың «болуын» көрсететін барлық көрнекілік құралдарын (вербалды, иллюстрациялық, сонымен қатар мұғалім сабақ барысында қолданатын қимыл-қозғалыстар) пайдалану қарастырылады.  Белсенділік ұстанымы мұнда ұстанымның 3 түрі қолданылады: тұлғалық-бағдарланған, мәдени-бағдарланған, ісәрекеттік бағдарланған ұстанымдары. Тұлғалық бағдарланған ұстанымына: адекваттық ұстанымы, даму ұстанымы, психологиялық жайлылық ұстанымы кіреді. Мәдени бағдарланған ұстанымының құрамына келесі ұстанымдар кіреді: әлем картинасы ұстанымы, білім беру мазмұнының біртұтастығы ұстанымы, жүйелілік ұстанымы, әлемге деген мағыналық қарым-қатынас ұстанымы, білімнің бағдарланған қызметі ұстанымы, дүниетаным және мәдени стереотип ретінде мәдениетке сүйену ұстанымы. Әрекетке бағытталған ұстанымдар тобына оқушының оқу әрекетін реттейтін ережелер кіреді: оқытудың  әрекетшілдік ұстанымы, іс-әрекеттен оқу жағдаятына, іс-әрекеттен өмірлік жағдаяттарға басқару арқылы ауысу ұстанымы, оқу-танымдық іс-әрекеттен оқушының өздік іс-әрекетіне (өзіне жақын аймақта) ауысу ұстанымы, алдағы (спонтанды) дамуға сүйену ұстанымы, креативті ұстаным немесе шығармашылыққа мұқтаждықты және шығармашылық біліктерін қалыптастырушы ұстаным. Жүйелілік және сабақтастық ұстанымдары қайталау, қорыту жолдары және сабақ, тақырып, бірнеше тақырып, тоқсан және т.б. үдерісінде қажетті материалды жүйелендіру арқылы, сонымен қатар келесі дидактикалық ережелерді сақтау арқылы жүзеге асырылады: белгіліден белгісізге, қарапайымнан күрделіге, үйлестіктен өзектіліктікке.

Зерттеудің  ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

    1. БӘД оқытуды ұйымдастыру жолдары қарастырылды
    2. Оқу орындарында БӘД оқытудың әдістемелік жолдары ұсынылды.
    3. БӘД ұйымдастыруға қойылатын талаптар айқындалды.
    4. БӘД ұйымдастырудың тиімділігін арттыру жолдары көрсетілді.

Зерттеу жұмысы  кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

1. Оқу орындарында бастапқы әскери дайындықты жоспарлау және ұйымдастыру

1.1 Бастапқы әскери дайындықты жүйелі жоспарлау  және оқыту түрлері

Алғашқы әскери дайындық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 қаулысымен қолданысқа енгізілген және оқу орындарында  олардың меншік формалары, типтері мен түрлеріне қарамастан орта, жалпы, бастапқы және орта кәсіптік білім беру бағдарламасын іске асыратын міндетті пән болып табылады. Қаулы талаптарына сәйкес 10-11 сыныптарға арналған АӘД бағдарламасы әзірленді.

Әскери іс негіздері әскерге шақырылатын жасөспірімдерді әскери қызметті өткеруге міндетті дайындаудың маңызды элементтерін іске асыруды жүзеге асыруға, қауіпсіз типтегі тұлғаны қалыптастыруға, сондай-ақ  патриоттық, оның ішінде әскери білім саласында тәрбиелеуге ықпал етуге арналған. Пәндік білім беру жүйесі басқа компоненттерден басқа білім сапасын бақы-лаудың кіші жүйесін қамтитыны белгілі, онсыз білімнің кез келген саласын тиімді игеру мүмкін емес. Оқитындардың білім сапасын бақылау жүзеге асырылуы білім беру стандарты айқындаған бағдарламалық оқу материалын оқушылардың меңгеру деңгейін белгілеуге мүмкіндік беретін іс-шаралар жүйесін білдіреді.

Әдістемелік нұсқаудың мақсаты  – АӘД пәні бойынша оқушыларды оқытуда  мұғалімдерге көмек көрсету. «Алғашқы әскери дайындық» оқулығындағы оқу материалдарының ұсынылып отырған  көлемі деңгейлік оқып-үйренуді қарастырады. Әдістемелік нұсқауда ол оқулық тарауына сәйкес тұтастай анықталған. Мұғалім сабаққа дайындалу кезінде оқып-үйрену деңгейіне сүйенеді және тақырыптың білімділік және тәрбиелік мақсаттырын өз бетінше құрастырады. Оқушылардың деңгейлік оқып-үйренуі мұғалімге оқу материалын, анықтамалық мәліметтерді, практикалық жұмыстың бағыттарын таңдауда жоғары сынып оқушыларының алдына нақты білімділік және тәрбиелік мақсаттарды қоя білуге, сондай-ақ мектептің оқу материалдық базасын даярлау мен оны одан әрі  жетілдіру мүмкіндігін береді. Әдістемелік  нұсқауда әрбір тараудағы кестелерде бағдарламамен анықталған тақырыптар, тапсырмалар мен сұрақтар, сағаттар саны, оқытудың әдістері мен құралдары, оқу материалы  ұсынылады. Мұғалім жергілікті жер жағдайының ерекшелігіне, сабақ өткізу кезіңдегі жыл мезгіліне, материалдық-техникалық базаға және т.б. жағдайларға байланысты оқушылардың оқу материалынтолығымен меңгерулері мен оқу тақырыбының мақсатына жету үшін басқа да әдіс тәсілдерді пайдалануына болады.

 

Тарау оқушылардың әскери патриоттық тәрбиесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, әскери доктринаны, Қарулы Күштердің жалпыәскери жарғыларының талаптарын, «Жалпыға ортақ әскери міндеттер мен әскери қызмет туралы» , «Аумақтық қорғаныс туралы» және т.б. заңдарды оқып-үйренуге бағытталған. Оқушылардың заңдарды білу олардың Қазақстан Республикасының егемендігін қорғаудағы  міндеттері мен құқықтарын жете түсінуін айқындайды. Ол Отанына шынайы берілген азаматтың жеке басын қалыптастырады, әрбір адамның өмірлік көзқарасын таңдауды алдын ала анықтайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы белсенді, мағыналы, салауатты өмір сүруі тиіс деген түсінікке алып келеді. Сабақтарды өткізу әдісі оқыту бағдарламасы талаптары мен басқа да орта білім беру туралы жетекші құжаттарға сәйкес бағытталу тиіс. Мұғалімге көмек ретінде 1 кестені ұсынамыз. Онда оқытылатын тақырыптардың атаулары мен үлгі тізімдері, АӘД бағдарламасына сәйкес оқу сұрақтарынының мазмұны келтірілген, сағаттар саны, оқыту әдісі және ұсынылған оқу материалдары көрсетілген. Оқушыларды тәрбиелеу мен оқыту негіздерінде «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғылары» тарауының айтарлықтай маңызы бар. Оны оқып-үйрену барысында оқушылар әскери қызметке дайындық үшін қажетті аса маңызды практикалық дағдылар мен теориялық білімдерді алады. Жарғылар талабын практикалық түрде орындай алушылық пен түсіну, атап айтқандай, білім оқушылар бойында ерік-жігер, азаматтық борышын абыроймен орындау, адамгершілік, тәртіптілік, ұйымшылдық, мінез-құлық мәдениеті сияқты қасиеттердің қалыптасуын қамтамассыз етеді. Оларда әскери қызмет туралы дұрыс және нақты түсінік қалыптасады. Сонымен бірге, оқушылар Қарулы Күштерде қызмет ету үшін өмірде, оқуда және тұрмыста ішкі және қарауыл қызметін атқаруда қажетті дағдыларға ие болады. Қарулы Күштеріндегі жинақталған тәжірбие көрсеткендей , жалпы әскери жарғылар бөлімдер(кемелер), бөлімшелер қызметі мен өміріне заңдылық пен ұйымшылдықты енгізеді. Әрине онсыз тиісті әскери тәртіпті, тәртіптілікті қамтамассыз етуге, оқу-тәрбие үрдісін келтіруге, тұтастай алғанда, Қазақстан Респуликасы Қарулы Куштерінің ұрысқа әзірлігін қажетті деңгейде ұстап тұру мүмкін емес. Сондықтан да жалпы білім беретін мектеп мұғалімі өзінің оқу-тәрбие жұмысында әрбір оқушы «Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша оқып-үйрену уақытында мына мәселені түсінуіне ықпал етуі тиіс. Яғни әскери қызметтегі табыстың негізі - әскери тәртіптілікті нығайту мен күнделікті өмірде жарғы талаптарын қатаң сақтау болып табылады. Тарауды оқып-үйренудің негізгі мақсаты - оқушылардың Қазақстан Респуликасы Қарулы Күштері жалпы әскери жарғыларының құқықтық негізін білуі, олардың әскери антты, жарғы баптарының талаптары мен ережелерін жете түсінуі, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын мүлтіксіз орындауы. Жалпы әскери жарғыларды оқыту үрдісінде оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты мынада болмақшы, яғни болашақ сарбазды жалпы әскери жарғы білімдерімен қаруландыру үшін, бұл білім оның сенімінен шығуы, белсенді әскери қызмет дәлелі тудыратын қорғаушы күш болуымен қортындыланады. Жалпы әскери жарғы талаптары аса маңызды бұйрық сипатында болады. Ол кейбір іс-әрекеттерге рұқсат ете отырып, басқа да іс –қимылдарға тиым салынады. Басқаша айтқанда, бұл талаптар іс-әрекеттер мен әдеп қылықтарға тікелей басшылық жасайды, әскери қызметшілердің өз қызмет жағдайы мен әскери атағына байланысты-бастық пен бағынушы, үлкен және кіші тәртібіне қатысы бар. Жалпы әскери жарғыларды меңгерудің күрделілігінің бірі мынадан көрінеді, көптеген мұғалімдер меңгеруді жарғының өзінен және оның баптарынан көрінеді. Бірақ, бұл мүлде дұрыс емес және қате, өйткені жалпы әскери жарғылар - бұл негізін әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынасты құрайтын әскери практиканың жалпы қортындысы болып табылады. Осыдан келіп мынадай  тұжырым жасауға болады,  алдымен жарғы мәтіні емес, өзара қарым қатынас жүйесі меңгерілуі тиіс. Бұл жағдайда жарғы мәтіні меңгеру объектісі  болып табылады. Меңгеру тақырыбы әскери қызметшілердің өз міндеттерін орындау үрдісіндегі шынайы қарым-қатынас жүйесі болып табылады. Пәнді меңгерудің меңгеру объектісінмен шатасып кетуі іс-әрекет пен білім алу арасындағы  алшақтыққа әкеліп соқтырады. Бұл кез келген білім меніскерлік тек әрекет арқылы ғана меңгерілетінін бекітетін психология ғылымының негізгі принциптерінің біріне қайшы келеді. Осы мақсаттарға қол жеткізуде жалпы әскери жарғылардың басқа тарауларымен бірге оқып-үйренудің кешенді жоспарлануы  бағытталуы тиіс. Мысалы, оқушылар жалпы әскери жарғылардың оқып-үйренуі алдында бірінші тараудан бастап жарғы талаптарын жете және терең меңгеруді қамтамассыз етуші конституциялық заңдылық пен дара басышлық принципін меңгерулері қажет. Сабақ өткізу үшін дұрыс орын таңдаудың да ерекше маңызы бар. Ең дұрысы сабақты арнайы жабдықталған оқу жаттығу орындарында, мысалы, рота бойынша кезекшінің немесе қызмет атқарушылардың міндеттерін орындау кезінде өкізген дұрыс. Ол үшін лауазымды адамдарды  алмастырудың қажетті санын, оларды ауыстыру ретін анықтауды, оқушылардың оқу нысанында көрнекі құралдарды орналастыруды алдынала ойластырып алған дұрыс. Тапсырма берілген немесе басқа оқушы қандай міндеттерді атқарып жатқандығын анық көріп отыру үшін лауазымды адамдарға сәйкес көрсетулері бар байлаушылар болу керек.

Информация о работе Оқу орындарында Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырудың тиімділігін арттыру жолдары