Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 16:54, реферат
1947 жылы Калашников автоматының жасалуы қару-жарақ саласында үлкен оқиғаға айналды. Бұл қару бүгінге дейін 60-70 млн данамен шықты деген жорамал бар. Өнертапқыш Михаил Тимофеевичтің автоматы дүниенің о шеті мен бұ шетіне түгел тараған десек қателеспейміз. 1945 жылы Жеңістен кейін де әлемде 60-тан аса соғыстар болған, ірі қақтығыстар кездескен. Олардың 40-ында Калашников автоматы қолданылған.Ол керемет өнертапқыш болған. Танкіге қарсы зеңбіректен атылған оқтың нақты санын есептеу үшін, өз екпінімен «Санағыш» аспап ойластырса, ату саңылауының тиімділігі арқылы танкі мұнарасын ату үшін «П» тапаншасына арнайы қолдан жасалған құрал ойлап табады.