Калашников автоматы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 16:54, реферат

Описание работы

1947 жылы Калашников автоматының жасалуы қару-жарақ саласында үлкен оқиғаға айналды. Бұл қару бүгінге дейін 60-70 млн данамен шықты деген жорамал бар. Өнертапқыш Михаил Тимофеевичтің автоматы дүниенің о шеті мен бұ шетіне түгел тараған десек қателеспейміз. 1945 жылы Жеңістен кейін де әлемде 60-тан аса соғыстар болған, ірі қақтығыстар кездескен. Олардың 40-ында Калашников автоматы қолданылған.Ол керемет өнертапқыш болған. Танкіге қарсы зеңбіректен атылған оқтың нақты санын есептеу үшін, өз екпінімен «Санағыш» аспап ойластырса, ату саңылауының тиімділігі арқылы танкі мұнарасын ату үшін «П» тапаншасына арнайы қолдан жасалған құрал ойлап табады.

Работа содержит 1 файл

калаш.doc

— 37.50 Кб (Скачать)

1947 жылы Калашников  автоматының жасалуы қару-жарақ  саласында үлкен оқиғаға айналды.  Бұл қару бүгінге дейін 60-70 млн данамен шықты деген жорамал  бар. Өнертапқыш Михаил Тимофеевичтің  автоматы дүниенің о шеті мен  бұ шетіне түгел тараған десек  қателеспейміз. 1945 жылы Жеңістен кейін де әлемде 60-тан аса соғыстар болған, ірі қақтығыстар кездескен. Олардың 40-ында Калашников автоматы қолданылған.Ол керемет өнертапқыш болған. Танкіге қарсы зеңбіректен атылған оқтың нақты санын есептеу үшін, өз екпінімен «Санағыш» аспап ойластырса, ату саңылауының тиімділігі арқылы танкі мұнарасын ату үшін «П» тапаншасына арнайы қолдан жасалған құрал ойлап табады. Танк двигателінің мотор ресурсын есептеу құралын құрастырып шығарады.1941 жылдың маусым айында генерал Жуков оның соңғы шығарған өнертапқыштық жаңалығын жоғары бағалап, қару өндірісін жетілдіруге Ленинградқа жібереді. Соғыс басталғанда Калашников майданға аттанып, танк командирі болды. Соғыста жүріп тапанша-пулеметтің жобасын жасауды ойластырады. Сөйтіп жүргенде жарақат алып алты айлық демалысында Матай станциясына оралады. Сонда локомотив депосының қазіргі дайындау цехында Кравченко, Милащус, Құсайын, Медьведь секілді азаматтармен бірге жүріп «АК» автоматының тұңғыш жобасын жасайды. Жаз айында матай станциясынан екі шақырым қашықтықтағы көшпелі қызыл құмды төбелердің бірінде әріптестерімен М. Калашников өзі жасаған автоматты сынақтан өткізді. Алғашқы сынақта автомат оғы 500 метрге, кейнгі сынақта 1-1,5 шақырымға жеткен.Кейіннен автомат жетілдіріп АКМ, АКМС, АК-74 калибрлі 5,45 мм, жиналмалы АКС-74, қысқа ұңғылы АКС-74-У, 5,56 мм, АК-101 және АК-103 т.б. қарулар жасалады.   Қысқасы Калашников автоматының 12, пулеметтің 10 түрі өндіріледі. Бүгінде осы қарулар 16 мемлекетте шығатыны ресми түрде тіркелсе 26 елдің армиясы Калашниковпен қаруланған.Қазақстан Қарулы Күштерінде Калашников автоматы бар. Алайда мұны келешекте жаңа қарулар алмастыратыны сөзсіз. Қалай айтсақ та Михаил Тимофеевич Калашниковтың кезінде Матай станциясында тұрып, әлем мойындаған қуатты қару жасағаны біз үшін мақтаныш. Калашников автоматы және қару болып табылады және қарсыластың адам күшін жоюға арналған. Автоматтан автоматты және жекелей атыс жүргізіледі. Автоматтың автоматты жүргізуі ұңғы каналынан бекітпе жақтауының газ поршеніне бөлінетін оқ-дәрі газдарының энергиясын пайдалануға негізделген. Автоматты ұрыстың қасиеттері кестеде келтірілген мәліметтермен сипатталады.

Автоматтың  негізгі бөліктері мен механизмдері.

1.                Ұңғы қорабымен, көздеу құрылғысымен және дүмбімен қоса ұңғы.

2.                Ұңғы қорабының қақпағы.

3.                Сүңгі-пышақ.

4.                Қайтарма механизм.

5.                Газ поршенімен бекітпе жақтауы.

6.                Ұңғы бастырмасы газ түтігі.

7.                Бекітпе.

8.                Сүмбі .

9.                Шет мойын.                              

10.           Оқжатар.

11.           Керек-жарағымен пенал.

Бір-бірімен  айқасқан екі шеңбердің екі жағына АКМ және АК-74 автоматтарының сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Оқушыларға осы тапсырманы орындатамын.         

 Автоматты  бөлшектеу толық және толық  емес болуы мүмкін.

Автоматты толық емес бөлшектеу реті.      

1.     Оқжатарды бөліп алу.

2.     Керек-жарақпен қоса пеналды шығарып алу.

3.     Сүмбіні алу.

4.     Ұңғы қорабының қақпағын шығарып алу.

5.     Қайтарма механизмді шығарып алу.

6.     Бекітпе мен қоса бекітпе жақтауын алу.

7.     Бекітпені бекітпе жақтауынан алу.

8.     Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін шығарып алу.

Толық емес бөлшектеуден кейін автоматты  жинастырудың реті.

1.     Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін қосу.

2.     Бекітпені бекітпе жақтауына қосу.

3.     Бекітпесімен қоса бекітпе жақтауын ұңғы қорабына қосу.

4.     Қайтарма механизмді қосу.

5.     Ұңғы қорабының қақпағын қосу.

6.     Сүмбіні қосу.

7.     Пеналды дүмбі ұясына салу.

8.     Оқжатарды автоматқа қосу. 

 

Автоматты толық  емес бөлшектеу мен жинастырудың нормативі төмендегідей:

Толық емес бөлшектеу                   Жинастыру         

18 секунд –  «5»                               30 секунд -  «5»

20 секунд –  «4»                               35 секунд -  «4»

25 секунд –  «3»     

 

 

 

 

№8 жалпы орта білім беретін  мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Калашников автоматы

 

 

 

Дайындаған:Толықбаева Нәзира

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2013 жыл


Информация о работе Калашников автоматы