Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 13:01, доклад
Біз қарастыратын мәселеде «евангелизация (евангелизм)», «миссионерлік», «прозелитизм» деген терминдер көп қолданылады. Конфессионалдық әдебиеттерде евангелизм сөзінің астарында Евангелияны уағыздау, қоғам ішінде христиандық сенімді тарату деген мағына беріледі. Ал зайырлы ғалымдар болса, «евангелизация» терминін көбінесе халықтарды және жеке адамдарды христиандыққа кіргізу мақсатын ұстанған діни бірлестіктердің қызметтерін атап келеді. Сонымен қатар, секуляризацияға ұшыраған қоғам ішінде өздерінің позицияларын ңығайтуға тырысқан жұмыстарды көрсету мағынасында қолданылады. Әртүрлі авторлардың берген анықтамалырының негізгі ортақ мағынасы бір болып табылады. Ол халықтардың арасында христиан сенімін тарату.
Діни фактор әрқашанда халықаралық саясатта пайдаланып отырды. 1998-ші жылы қараша айында АҚШ Конгресінде қабылданған «Халықаралық ар-ождан бостандығы» Актке сәйкес АҚШ-тың көзқарасына сәйкес азаматардың ар-ождан бостандығын бұзған мемлекеттерге қарсы АҚШ тарапынан дипломатиялық, экономикалық және т.б. шектеулерді пайдалануға мүмкіндік берді. 1998 жылы күзде ХХІ-ші ғасырға бағытталған АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қатысты «Жаңа жүзжылдықтағы АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік стратегиясы» атты құжат жарияланған. Осы құжатта АҚШ-тың стратегиялық жоспары әлемдегі өзінің көшбасшылығын мойындату болып табылады. Осы құжатта «Біз халықаралық қатынастарда белгілі бір мемлекеттердің іс-әрекетіне әсер ету мақсатында ұлттық қуатымыздың барлық құралдарын қолдануға дайын болуы керек... Біздің ұлттық мүддемізді қорғау мақсатындағы әлемдегі істерге араласуымыз халқымыздың және конгрестың ақшалай және күш-жігерімізді аямауымыз керек» деп айтылған. Осы құжатта дін мәселесіде өзінің орнын тапты. Дәлірек айтатын болсақ «Біз жеке мемлекеттерде, мысалы Қытай мен Ресейде діни сенім бойынша құдалаушылыққа жол бермеуіміз керек» деп атап өтілген.
Сонымен бірге, АҚШ-тың стратегиялық барлау қызметіне «АҚШ-тың ұлттық мүддесі бар мемлекеттердің халқы, діні, білімі, ұлттық дәстүрі және халықтың моральдық рухы» жайлы мәліметтер жинау міндеттелген.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының ар-ождан бостандығы жөніндегі саясат діни факторды геосаясат аспектісі ретінде қабылдамайды. Жоғарыда айтып өткенімізге сүйене отырып геосаясат категориясын қолдана отырып діни бірлестіктер мен миссиялардың жұмыс стратегиясы мен әдістерін жаңадан қарастырып, қоғамға ұзақ уақыт бойы әсерін бағалау қажет.
Осылайша, миссионерлік адамзат тарихында екі мың жыл бойы және қазіргі күнге дейін қоғамдағы маңызды өзгерістерді жасайтын құралдардың бірі болып табылады.
На основании вышеприведенного
можно сделать вывод, что геополитические
концепции до последнего времени
практически не принимали в расчет
массовое религиозное сознание людей,
состояние духовной среды, в которой
формируется и существует определенное
религиозное мировоззрение, доминирование
конфессий или религиозных
На особую роль религии
в современных процессах
Таким образом, исследование подтверждает: религия относится к числу особенностей, определяющих, точнее, моделирующих облик той или иной цивилизации, а следовательно — геополитическую карту мира.
Следовательно, концептуально современная геополитика может быть определена не только как объективная подчиненность политики государства ее географическому положению, но также как способность нации, в зависимости от совокупности объективных и субъективных материальных и духовных факторов, осуществлять контроль над пространством своих жизненных интересов, чаще всего не совпадающим с границами данного (национального) государства.
Такое определение геополитики является важным, поскольку намечает общие рамки, в которых взаимодействуют миссионерская деятельность и геополитика.
Информация о работе Миссионерлік қызмет мәні және саясатпен сабақтастығы