Әдепсіздерден «әдеп» үйрену

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 21:14, реферат

Описание работы

О баста журналистік маман-дықты таңдаған өзі. Енді міне табанынан тоздырып сұқбат алу үшін бүгін де бір кісіге баруы керек. Атағы дардай бұл өнер адамын бірнеше рет хабарласып жүріп әрең көндірген. Онсыз да танымалмын, атағым жер жарып тұр дей ме, жоқ көкірегіне нан пісіп дандайси бастағандікі ме, әйтеуір, сұқбат алу үшін хабарласа қалса, уақыты жоқтығын айтып бастарын алып-қашатын осындай кісімсымақтарға іштей зығырданы қайнайды.

Работа содержит 1 файл

Әдепсіздерден.docx

— 26.05 Кб (Скачать)

Не қаласа соны істейтін адамды «құл» деуге келмейді.

Туған жеріңнің ғимараттарын емес, азаматтарын биіктетсең –  сол сенің ең үлкен жақсылығың. Биік үйлерде ойы аласа адамдар  өмір сүргенше, аласа үйлерде адамгершілігі  биік тұлғалардың өмір сүргені әлдеқайда  артық.

Ақылды өз құмарлығымен күреседі, ақымақ соның айтқанына жығыла береді.

Егер елдің сен жайлы  жақсы айтқанын қаласаң, өзің ешкімді  жамандаушы болма.

Атақ-даңқ, ақша, құмарлықты жақсы көрген адам халықты жақсы  көре алмайды. Жақсылықсүйгіш адам ғана халықты жақсы көреді.

Піл сүйегінен жасалған, алтындалған қымбат бір сандықшада улы жылан мен улы шаянның  жатқанын білсең, сен ол сандыққа аса  құмартпас едің, оны алғың да келмес еді. Қайта алыстан оған абайлап, сақтықпен қарайтын едің. Ендеше, барынша үлде мен бүлдеге оранып былқ-сылқ еткендерді көре қалсаң, олардың да сыртқы көрінісіне сен қызықпа. Бойыңды аулақ салып, қайта сақтықпен қара.

Түстік асыңды ішіп отырғанда, сен мына екі қонақты: жан мен  тәнді сыйлап отырғаныңды ұқ. Бірақ  сенің тәнге бергенің кейін жоқ  болады да, жанға бергенің мәңгі  өзіңмен қалатынын біл.

Біреумен сөз таластыру  аса жағымсыз жайт. Ол бір маспен әңгімелесу сияқты. Айтқаныңа не масты  көндіре алмайсың, сау болғандықтан не өзің мастың айтқанына көнбейсің.

Біреумен әңгімелесе қалсаң, мына үш көзқарасты ұстан: ақыл жағынан  ол сенен артық па, тең бе, төмен  бе?! Егер ол сенен ақылдырақ болса, онда оның айтқандарын тыңда. Егер ол ақымақтау болса, онда оған өзің ақыл айт. Егер ол сенімен тең болса, онда оны құптай отырып әңгімелес. Егер осыны  үш нәрсені есіңде ұстасаң, ешкіммен дауласпауға өзіңді үйретесің.

Бақытты болудың бір ғана жолы бар – біздің еркімізге бағынбайтын  нәрселерден аулақ бол.

Істеуге тыйым салынған нәрсені  ойша істеуден де аулақ бол!

Сенің ісің – саған берілген міндетті жақсы орындау ғана, ал саған міндетті таңдап беру – басқаның ісі.

Жақсы сөйлей білу өнер болса, сонымен қатар, құлақ қойып жақсы  тыңдай білу, түсіне білу де өнер.

Театрда бір жас жігіт: «Мен өте ақылдымын, өйткені көптеген философтармен әңгімелескем», –  деп мақтаныпты, сонда Эпиктет  оған: «Менің де бай таныс-тарым көп-ақ, бірақ мен бәрібір кедеймін ғой», – деген екен.

Эпиктеттен: «Бай адам қандай адам?» деп сұрағанда, «Ешкімнен  тіленбейтін, өз-өзіне көңілі тоқ  адам», – деп жауап берген.


Информация о работе Әдепсіздерден «әдеп» үйрену