Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 21:14, реферат
О баста журналистік маман-дықты таңдаған өзі. Енді міне табанынан тоздырып сұқбат алу үшін бүгін де бір кісіге баруы керек. Атағы дардай бұл өнер адамын бірнеше рет хабарласып жүріп әрең көндірген. Онсыз да танымалмын, атағым жер жарып тұр дей ме, жоқ көкірегіне нан пісіп дандайси бастағандікі ме, әйтеуір, сұқбат алу үшін хабарласа қалса, уақыты жоқтығын айтып бастарын алып-қашатын осындай кісімсымақтарға іштей зығырданы қайнайды.
Әдепсіздерден «әдеп» үйрену
О баста журналистік маман-дықты
таңдаған өзі. Енді міне табанынан тоздырып
сұқбат алу үшін бүгін де бір кісіге
баруы керек. Атағы дардай бұл
өнер адамын бірнеше рет хабарласып
жүріп әрең көндірген. Онсыз да танымалмын,
атағым жер жарып тұр дей ме,
жоқ көкірегіне нан пісіп дандайси
бастағандікі ме, әйтеуір, сұқбат алу
үшін хабарласа қалса, уақыты жоқтығын
айтып бастарын алып-қашатын осындай
кісімсымақтарға іштей
Бүгін өзінің аса көңіл-күйі де жоқ. Кешегі үйдегі ұрыстан кейін басы мең-зең болып жабырқау қабағы әлі ашылар емес. Кешелі бері әйелінің де ашуы тарқай қоймаған сыңайлы. Таңғы шайын зілдене отырып берді. Қайынатасының қалаға емделем деп келіп, үйде біраз жатып қалғанын жақтырмаған әйелі бүйректен сирақ шығарып, болмашы нәрседен ұрыс шығарып отырғаны. Кеше кешкісін балабақшаға барып жүрген баласына қарадан қарап тиісіп, бұлқан-талқан болып, демде шу шығарды. «Қаршадай баланың не жазығы бар?» – деп, немересін қорғаштамақ болып араға түскен атасына да ауыр-ауыр сөздер айтты. «Әрі-беріден кейін сақалыңызды сапситып неғып жатырсыз?! Ауырсаңыз, менің үйім емхана ма екен, ауруханаға барыңыз!» – деп дүңк еткені. Бұл – үй менікі, балаңыз келіп қолыма кірген дегенді бетке басқаны ма, жоқ әлде енді жетпегені әкесі келіп жатып алды дегені ме, әйтеуір, атасы келсе болды, бір қонғаннан-ақ келіннің арқа терісі құрысып, шеке-басы тырысып, алакөзденіп, мазасы қаша бастайтын әдеті. Емханада орын болмаған соң, қарт байғұс жалғыз ұлының үйін жағалай тұрмағанда, басқа қай жерден пана тапсын? Әйтпесе, науқасынан онсыз да ас-суға тәбеті жоқ адам олардың қайбір ырысын кемітіп жатыр дейсің?..
– Әй, сен оңбайсың, шалдың сақалын сыйласаң қайтеді, денсаулығы сәл жақсарса өзім-ақ ауылға апарып тастаймын, кешегідей шайпау мінезіңді қой! – деген ертеңгі шай үстіндегі күйеуінің ызғарлы сөзіне де бетбақтырар емес. Демде түтігіп шыға келді. «Мен ешкімді шақыртып алғаным жоқ. Тегі, қонақ күткен дегенді суқаным сүймейді. Өз әкем болса да бір күннен кейін шығарып салғанша асығам. Олардың онсыз да келмейтінін білесің. Маған келмегені жақсы. Әкеңе анық жаның ашыса, инесі мен дәрі-дәрмегін алып ауылға неге апарып тастамайсың, кемпірі бар ғой қарайтын». Күйеуін қоса өзі тапқандай долданып отырған бұл бетпақпен ұрысып береке таппайсың, «Дауылға жолыққанда да бір, долыға жолыққанда бір» деген рас. Бұл ұрысса бір адамды емес, мың адамды жеңеді, бір үй емес бір ауыл түгел торығады деп іштей күйінген күйеуі сағатына қарап, одан да әлгі жұмысымды бітіріп қайтайын деп үйден шығуға ыңғайланды. Келін болып түскелі, бері әдеп-иба дегеннен жұрдай, шаш-тырнағын жасатумен алысып, телесериал көргеннен басқаны білмейтін осының несіне қызықтым екен деп іштей кіжінген күйі киініп үйден шықты.
Күн сәл бұлыңғырлау. Байқамаса, көктемнің ызғары бойдан өтіп кетеді. Әнебір қыздардың жаз түскендей ашық-шашық киінгені несі екен, ей?! Ышқырынан іш киімдері көрініп барады. Денесі жалаңаштанған сайын жан дүниесінің де соншалықты жалаңаш, жұтаң екендігін байқатып алатындықтарын өздері сезбейді-ау, шамасы?! Ешкімнен қысылып-қымтырылу деген жоқ, әй, бірақ біздің мектептерде де қазір тәрбие төмендеп кетті ғой!
Аялдамаға жетті. Бір топ адам тұр. Сонадай жерде құшақтасып, бір-біріне өліп-өшкен бір жас жігіт пен қызды көрді. Санына жабыстырып қысқа шалбар киген, жалбыр шашты қыз бояуды бетіне аямай жаққан екен. Қолдарында бір-бір бөтелке сыра. Арасында қарқылдай күлісіп, шалқалаған күйі сары шөлмектен ұрттап-ұрттап қояды. Сырттай бір топ адамның өздеріне көз салып тұрғанын елер емес. Махаббат деген осы деп ұғады-ау, шамасы?!
Автобусы келді. Ел бірдеңеден
қалыс қалғандай жапа-тармағай жүгіріп,
түсетіндерге де жол берместен, бірін-бірі
кимелеп кіріп барады. Сөмке-сөмке
заттары бар қалт-құлт еткен әжейге
көз салмастан бәрі қағып-соғып
мініп жатыр. Ішке кіргенде қарт әже
орын іздеп алақтап қалды. Жастар
ұйықтап отырған болып әдейі-ақ
көз қырын салар емес. Қалт-құлт
етіп тұрып, бүгіліп заттарын ыңғайлап
қоям деп жатып, автобус бір ырғалғанда
ұшып түсе жаздады. Әбүйір болғанда, бұл
сүйеп үлгерді. Орын беретін ешкім
жоқ па дегендей әжей маңайына бүгежектей
қарағыштап, тағы да құлап кетпейін
дегендей тұтқадан мықтап ұстауға әрекет
жасап жатыр. Мына бір екі студент
жас құлақтарын тығындап алып музыка
тыңдап отыр. Мынадай даңғыраған дыбыстан
құлақтан-құлақ қалмайтын
Кондуктор: «Дереу жолақысын
төлейміз!» – деп, құлақ түбінен
қатты дауыстап қайта-қайта ескерткен
соң, қолын қалтасына сұқты. Қайта
майда ақшасы бар екен. Әйтпесе
өткен жолы майда ақшасы болмай,
ірісін берген біреумен кондуктор қыз
елдің көзінше салғыласып, қос
бүйірін таянып тұрып қатты ұрсысып
еді. «Майда жоқ деп ірі ақшаны
әдейі беріп тұрсың. Төлемей кетуге
жасаған қулығың ғой, шамасы! Тоқта,
мынаны түсіріп кетейік!» – деп
ит терісін басына қаптаған. Ақыр аяғында
бәрібір қоймай майдалап, әлгінің
екі уысын майда тиындарға
толтырған. Содан бері автобусқа
отырарда қалтасындағы майда ақшасын
бір түгендеп алуды өзіне әдетке
айналдырды. Ол осыны ойлап тұрғанда,
кенет қатты шайқатылған
Қоятын сұрақтарын көкейіне
түйіп, әне-міне дегенше әлгі кісінің
қызмет орнына да келіп жетті. Хатшы
қызға телефон шалдыртып, келіскен
уақытта келіп, кіруді күтіп отырғанын
білдіртті. Көп кідірместен ішке
кірді. Көк түтіннің ортасында креслода
шайқатылып отырған, галстук таққан
бұжыр бет кісінің ымдауымен
қарсы алдындағы үстелді
Көшеге шықты. Ішін тартып, құшырланып тұрып терең тыныс алды да, «уф» деп демін шығарды. Әлгі жерден тезірек кеткені дұрыс болды. Әйтпесе тым тынысы тарылып кетті. Таза ауада көше бойын жағалап, қалың ойға беріліп келеді. Бүгінгі азаннан бері надандық исі мүңкіген бірнеше қылыққа куә болғанына қатты қынжылды. Апыр-ай, әдеп қайда кеткен? Ұят қайда? Кісілік қайда?!
Жұмысқа көше бойымен жүріп
баруды қалады. Жолай есіне биыл
танысының үйіне ауызашарға барғандағы
әңгімелер түсті. Иә, сол жолы танысы
біраз қонақтардың басын
Тағы бір әңгімесінде Жәләладдин Руми атты әулиенің мына сөзін келтіріп еді. Жүрек ақылдан «Иман деген не?» – деп сұрағанда, ол «Әдептілік» деп сыбырлапты. Әдепсіз жан өзіне ғана кесірін тигізбей, әдепсіздігімен жүрген жерін түгел ластайды екен.
Сол жолы әлгі жігіт құлақ құрышын қандырып, біраз жайттардан хабардар етті. Аят-хадистерді талдады. Айтқандары сол күйі есінде. Даусы да тым әуезді екен.
«Аллаһ тағала әдепті құлдарын жақсы көреді. Ұятты құлдарын сүйеді. «Әр діннің бір мінезі болады, Исламның мінезі – ұяттылықта» деген Мұхаммед пайғамбарымыздың әдептілігінде мін болмаған. Ол өте көркем мінезді жан болған. «Мені Жаратушы ием өзі тәрбиеледі. Ең тамаша тәрбиемен», – дейтін. Ар-ұяттылықтың үлгі-өнегесін паш етті. Бөгде әйелге көз салмайтын. Ешкімге қатты сөз айтпайтын. Сахабалардың айтуынша, ол әлі ұзатыла қоймаған жас қыздан бетер ұятты еді. Серіктерін де әдептілікке тәрбиелеп: «Ұят – иманнан келеді», «Ұят тек абыройға бөлейді», «Үлкендеріне құрмет, кішілеріне ізет көрсетпеген – бізден емес», «Ата-анасын сыйлап, жүзіне мейірлене қараған кісіге, Аллаһ тағала да мейіріммен қарайды», – деп отыратын», – деді.
...Сыйласаңдар кәріңді, жарылқармын бәріңді...
Көнекөздердің тәрбиесі деп бұл да соның айтқаны.
...Сахабалардан хазірет Османның да өте бір әдепті әрі ұятты кісі болғандығына тоқталған. Тіпті Яссауи мен Ғұмар Қараштың өлеңдері деп тебірене отырып бір-бір шумақ өлең оқығаны есінде қалыпты.
«Үлкен-кіші адамдардан әдеп кетті,
Қыз-келіншек, нәзік жаннан ұят кетті.
«Ұят барда - иман бар» деп Расул айтты,
Арсыз қауым бүлдіріп кетті, достар!»
...«Жігіттер, жаның жаста әдеп үйрен,
Қаш жырақ, әдебі жоқ істен жирен.
Сүйкімді әдеп тұтпай бола алмассың,
Әдепсіз, жоқ мінезі Тәңірі сүйген!»
Шынында да, әдепсіз адамда Тәңірі сүйетін қандай жақсы қылық болсын?!
Ғұламалардан Абдуллаһ ибн Мүбәрак деген кісі айтқан екен деп мына бір мағыналы сөзді де қосқаны бар: «Біз көп білімдіден гөрі, аз да болса, әдептіге зәруміз!» Рас-ау, аз да болса әдептіге, тәрбиелі кісілерге зәруміз. Әдеп…тәрбие…
Ол ойға беріліп келе жатып, бір мезет күннің салқындай түскенін сезді. Денесі аздап тоңазып қалған секілді. Кішкене бой жылытқысы келіп қиылыстағы кафелердің біріне бас сұқты. «Қош келдіңіз!» деп күлімдей қарсы алып, жылы шырай білдіре ішке бастаған даяшы қыздың ибасын көргенде, іштей сүйсініп қалды. Атын, затын сұрағысы келіп кетті, бірақ «Қой, әдептен озбайын» деп өзін тез тежеді. Орындыққа жайғасқанда, қасына ізетпен жақындаған даяшы қызға «Кофе әкеліңізші!», – деді жай ғана
Эпиктеттің тәлімді кеңестері
Эпиктет – миләди есеппен 55-135 жылдар аралығында Кіндік Азияда (Фригада) туылып, кейіннен Римде өмір сүрген ойшыл. Көп уақыт құлдықта жүрді. «Эпиктет» – оның аты емес, басыбайлы құл, жалшы деген мағынаны білдіретін лақабы. Ол уақыт Римде стоицизмге қарқынды бетбұрған кез. Оқымыстылардың көпшілігі стоик Мусони Руфтың сабақтарын тыңдайтын. Бұлардың қатарында Эпиктеттің қожайыны Эпафродит те бар еді. Оны Эпиктет алып жүретін. Бірақ Мусони Руфтың сабақтарын қожайынға қарағанда Эпиктет тез қағып алып жүрді. Эпиктеттің пәлсапа саласына түсуінде осы ғалымның ықпалы көп болды. Эпиктет – нағыз құл бола білген, құлша өмір сүрген жан. Мынадай бір аңыз айтылады. Бірде Эпофродит құлының шыдамын тексермек болды. Қос қолдап дереу оның аяғын бұрай бастады. Эпиктет: «Аяғымды сындырасыз ғой», – дейді жай ғана. Қатты ашуланғанын көрмек болған қожайыны оны барынша қинай түсті. Эпиктет бәрібір сыр бермеді. Бар болғаны: «Аяғымды сындырасыз деп мен бағана айттым ғой» деді. Осы жағдайдан кейін Эпиктет өмір бойы ақсап өтті. Нерон патша қайтыс болып, оның орнына Доминициан келген кезде ғана Эпиктет құлдықтан құтылды. Жаңа келген патша Эпафродитті Неронмен ымы-жымы бір болғандығы үшін өлтірткен-ді. Доминициан көптеген ойшылдар мен шешендерді Римнен қуғанда (шамамен миләди 90 ж.) Эпиктет те солармен бірге Никопольге келді. Бұл жерде Эпиктет өзінің пәлсапалық-тәрбие мектебін ашты. Эпиктет кедейшілікте, жұпыны ғана тірлік кешті. Оның жиған-терген бар дүние-мүлкі: сабаннан жасалған төсек, ағаш орындық пен май шам ғана болды. Ол қайтыс болғанда, көне мұра ретінде бұл дүниелері аукционға салынып, шамамен 13 кг-дай күміске тең келетін қымбат ақшаға сатылды. Эпиктет өзі ешқашан да қолына қалам алып ештеңе жазбады. Шәкірттері бәрін жазып алып отырды. «Эпиктет жетекшілігі», «Эпиктет әңгімелері», «Эпиктет талқылаулары» атты кітаптарын да солар жинақтады. Өз пәлсапасында Құдайға сенуді, тағдырға толықтай бағынуды, жақсылықсүйгіштікті, жанашырлықты, сыпайылық сынды моральдық құндылықтарды барынша жақтап өткен. Ол насихат айтқан сайын, өлімді еске алып отырған: «Өлім үнемі есіңде тұратын болса, қажетсіз нәрселерге өлермендік жасамайсың», – дейді. Барынша кішіпейілікке шақырады. Кімнің болса да пікірін сыйлай білуді жақтайды. «Біреу сен жайлы жаман айтса, сен оған бола ашуланба, одан да былай де: «Бұны айтқан кісі қайта менің басқа да жамандықтарымды білмейді екен. Білсе, бұны ғана айтпас еді». Елге бір нәрсе айту үшін алдымен іспен көрсету керек екенін мына сөзінде білдіреді: «Надандардың алдында салиқалы нәрселер айтып өзіңді жақсы көрсетуге тырыспа. Одан да сол жақсы нәрселерді өзің істе. Мәселен, қонақта өзіңді қалай ұстау керектігін айтып білгішсінбе. Одан да өзіңді солай ұста». Эпикеттің айтып кеткен тағы да мынадай көптеген ойлы сөздері бар: